Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінің мазмұны


Білім алушылардың заттық және әлеуметтік дағдыларын дамытуда тиісті мектептік ортаны жасау принципі



бет4/11
Дата29.03.2022
өлшемі0,78 Mb.
#29127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Білім алушылардың заттық және әлеуметтік дағдыларын дамытуда тиісті мектептік ортаны жасау принципі:


1) білімдері мен дағдыларын өздері қолданатын жағдайға мүмкіндігінше жақын қалыптастыру. Бұл білімдері мен дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану қиындық тудырумен байланысты;

2) кеңістікті, әртүрлі өмірлік жағдайлардың көрінісіне, заттық орта мезгілімен білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады;

3) жайлы әлеуметтік-тұрмыстық және заттық-дамытушылық орта мектепте жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жасын және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.

Мектептегі білім алудың күнделікті әрекеттерінің кешенді сипатының принципі оқу жоспарының бірнеше пәндік салаларының интеграциялық мазмұнын қабылдауды қарастырады, бұл мектепте оқу кезеңінде пәнсіз оқыту идеясын іске асырады. Сабақтар бағдарламаның мазмұнын қолдана отырып, білім алушылардың жалпы дамуына бағытталған (қарым-қатынастық, қимылдық, сөйлеу тілдік, сенсорлық).

Оқыту-тәрбиелеу процесіндегі әлеуметтік бағыт принципі. Оқыту және тәрбиелеу ортасы шарасыз шектетілгендіктен, барынша білім алушылардың ерекшелігіне қарай бейімделгендіктен, сонымен қатар қалыпты дамып келе жатқан серіктестерімен араласуға мүмкіндік бермейтіндіктен, баланы күрделі әлеуметтік ортаға қосатын әлеуметтендіру шараларын жүргізу талап етіледі:

1) кезең-кезеңмен және біртіндеп білім алушының мүмкіндігіне сай өмірлік тәжірибесін және әлеуметтік қарым-қатынасын дамыту;

2) қоғамға жанын жараламай енгізу үшін,төзімді және қолайлы орта құру.

Осы мақсатта мектептің жүйелі жұмысы баланың отбасымен және қоғаммен болу қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет