Ғылыми зерттеу күнделігі зерттеу тақырыбы «Желтоқсан алауын жаққан жүректер»


«Сол алаңға жиналған жастар арасында



бет7/10
Дата14.10.2023
өлшемі8,83 Mb.
#114728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Сол алаңға жиналған жастар арасында:

  • Естідіңдер ме?

  • Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

  • Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

  • Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

  • Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. – деген айқайлар естіліп жатты.»

«Бір уақытта алдымыздағы трибунаға Қазақ КСР Прокуроры шығып, «Тараңдар! Партия өзі шешеді!»,- деп жиналған топты тарқатуға тырысты.» «Партия өкілдері халықтың пікір тыңдап санаспақ түгіл, өздерінің принциптеріне жат әрекеттерге барды. Түс ауа әр топтан бір-бір адам келгендердің тізімін жазып алып, ортаға шықсын деген ұсыныс түсірді. Әлі де болса партияға сенетін аңғал халық өз қолдарымен тізімдерін жасап, бір адамды өз өкілдері ретінде үкімет адамдарына жіберді. Қайран ақкөңіл халық, тағыда алданғандарын,өздері жіберген өкілдерінің қолын қайырып алып бара жатқанын көргенде ғана аңғарды. Осылайша бейбіт шерудің, аласапыран айқасқа ұласуына себепші өздері болды» деп еске алады Сабыров Қайрат.
«Аралықта ортаға үлкенірек жаста бір әйел топты жарып шығып «Сол 1937 жылы кесілген қазақ бастары, бүгін міне, қайта өсіп шықты»,-деді, сөзін айтып бітер-бітпестен оны екі қаруланған әскери қос жағынан қолтықтап алып, ары қарай ғимаратқа алып кете берді» дейді ұлы Отан соғысының ардагері Бектемиров ақсақал.
Сол жиналған халықты алдына көптен бері ел үшін игі істер атқарып келе жатқан Д.А.Қонаев шығып сөйлегенде, кім біледі, мүмкін ешбір қантөгіс болмас еді, жазасыз қиылған жас тағдырлар аман қалар еді, соққы көріп, азап шеккен жастар осыншама қиналмас та еді?!
Алаңда Д.А.Қонаеты көреміз деп отырған жастар, Үкімет үйінде не болып жатқанынан бейхабар еді. Оқиға басылғаннан кейін Геннадий Колбин «Орталық Комитетке келгенімен, алаңға жиналғандар алдына шығып сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартты» деп Дінмұхамед Қонаевқа айып таққысы келгені мәлім. Алайда 1990 жылы «Бірлесу» («Единение») газетіне берген сұқбатында Дінмұхамед Қонаев болған жайды басқаша баяндайды:
«Орталық Комитеттің мәжіліс залында үш сағат күтіп отыруға тура келді. Алаңдағы жастар тағдыры Мәскеу мен Геннадий Васильевич Колбиннің кабинетінде шешіліп жатты… Арада үш сағаттан кейін маған Виктор Мирошник келіп, кете беруіме болатынын айтты. Түсіне алмай: «Сонымен мен сөз сөйлемейтін болдым ба?» деп қайта сұрадым. Осы үш сағат ішінде алаңға жиналған жастарға айтар сөзімді жұптап та қойған едім. Олардың әрбірінің жандарына жылы тиетін, бірақ қатаң да шешімді сөз айтпақ болдым. Олармен коммунист және ақсақал ретінде сөйлесейін дегенмін. Бірақ Виктор Михайлович мені өзі үйге жеткізіп салатынын, үйден шықпағаным дұрыс болатынын қайталап айтты. Келгеніме тағы да рахмет айтты. Толқып тұрғанымды байқап қалып, менің бұл іске қатысуымның қажеті жоқтығын қайталап түсіндірумен болды. Сөйтіп, мен шын мәнінде үйқамаққа алынған болып шықтым…» Мұның өзі сол оқиға барысын әдейілеп ушықтырудың дәлелі.
Уақыт өткен сайын жиналған халық саны өсе берді. Сондағы қақаған аязда, суық асфальтқа барлығының бір адамдай отырып, «Елім-ай» әнін айтқаны, алаңдағы атмосфераны күрделендіре түсті. Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» болмаған. Олардың ойы халықтың құқықтары мен көкейтесті мәселелері туралы сөз жүргізу. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай-сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт – шыт болып ұшып жатыр. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын-1986» дейін оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат, аңғал, алаңсыз еді. Ымырт түскенде аяқ асты айғай-шу, аласапыран басталып кетті.
Осы кезде алаңға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Қарулы әскер алаңнан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете бастайды. Осы көріністі Ермухамбетова Салтанат Ешмухаметовна есіне түсіреді:
«Бірнеше минуттар аясында қайдан екені белгісіз үсті-басы жабдықталған әскери адамдар арамызға кіріп, топты жарып бөліп-бөліп қоршап алаңнан күшпен шығаруға тырысты. Өрт сөндіруші көліктер келіп, суық судың қатты сарынымен алаңдағы жастарды құлатып, шайып жатты. Кейбіреуінің қолдарында дубинкалар, ұрып-соғып жатқандары қаншама. Қолында ешбір қаруы жоқ, бейбіт ниеттермен келген жастар қар атып қарсыласты» Бұл қарулы қақтығыс жайында Сартолов Қанат естелігінде: «Аласапыран басталып кеткенде, қыздар соққы алмасын деп, оларды ертіп топтын шетіне шығарып, бөлектеп қойдық та, өзіміз қаруланған адамдарға қарсылық көрсеттік.» Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді:-Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай Қосылыңдар біздің қатарға!
Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі. Міне өмірден тағы бір қыршын жас қыздың көк желкесінен шоқпармен осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды. Тек Ләззат қана емес Алматының барлық жоғарғы оқу орындарындағы жас қыздар қаншама зорлық-зомбылық көрді. Қаншамасы кейін ауру болып қалды.
Бұл шеруді билік басындағылар халыққа радио арқылы былай деп хабарлады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет