Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі2,76 Mb.
#1486
1   2   3   4

Жанұядағы

тəрбиенің

ерекшеліктері

Конкурсқа белгіленген тəртіппен тіркелген Қазақстан

Республикасының азаматтары жəне мемлекеттік емес заңды

тұлғалар, сондай-ақ шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ

тұлғалар жəне шетелдік заңды тұлғалар жіберіледі.

Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерін тиімді

жəне жер заңнамаларын талаптарына сəйкес пайдалану мін-

деттеледі. Конкурсқа қатысуға өтінім құжаттары конкурс

өткізу жөніндегі ақпарат хабарламаның баспасөз басылым-

дарында жарияланған  Қарағанды облысы, Қарқаралы

ауданы, А.Бөкейханов көшесі, 40 ғимаратта орналасқан

«Қарқаралы ауданының  жер қатынастары бөлімі» мемле-

кеттік мекемесінде 2014 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 18:30-

ге дейін қабылданады. Өтінім құжаттарын ашу рəсімі 2014

жылғы  18 қыркүйек күні сағат 15.00- де мекен жайда:

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Т.Əубəкіров көшесі,

23 үй, Қарқаралы ауданы əкімдігі ғимаратының мəжіліс залы.

1. Конкурсқа  қатысушы ретінде тіркелу үшін тұлғаны

куəландыратын құжат жəне конкурстық өтінім ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның

конкурстық өтінімінде мынандай мəліметтер болуға тиісті:

1) Конкурсқа қатысуға өтінім (түпнұсқа);

конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушы бір немесе

бірнеше жер учаскелеріне конкурстық өтінім ұсынады;

2) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) ту-

ралы куəліктің нотариалды куəландырылған көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес

төлеу мерзімі ұзартылған жағдайды қоспағанда, конкурстық

өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында

салық жəне жинақтаушы зейнетақы қорларына

міндетті зейнетақы жарналары бойынша үш айдан асатын

мерзімі өткен берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы бі-

рінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның

қолы қойылған, осы салық органының мөрі басылған тиісті

салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының

түпнұсқасы немесе нотариалды куəландырылған көшірмесі.

4) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе жер учас-

кесін пайдаланудың еркін түрде дайындалған бағдарламасы;

5) кəсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының

мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі

көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бі-

рінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы

қойылған, мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;

6) ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті

ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бірінші

басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы

қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың

түпнұсқасы жəне (немесе) оларды сатып алу (жалға алу,

қызмет көрсетуді сатып алу жəне т.б) шартының көшірмесі;

7) қатысушыға, конкурстық  комиссия жеңімпазды

анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді

ақпараттарды ұсынуға болады.

2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаның

конкурстық өтінімінде мынандай мəліметтер болуға тиісті:

1) жеке тұлға куəлігінің (төлқұжат) немесе уақытша

куəлігінің көшірмесі;

2) Конкурсқа қатысуға өтінім (тұпнұсқасы);

конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушы бір немесе бір-

неше жер учаскелеріне өтінім ұсынады;

3) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе

ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті

ауылшаруашылық машиналары көрсетілген ерікті түрде

дайындалған жер учаскесін пайдалану бағдарламасы жəне

(немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді

сатып алу жəне т.б.) шартының көшірмесі;

4) білімі туралы дипломның көшірмесі жəне ауыл

шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі жəне жұмыс

өтілімі туралы мəліметтері бар өмірбаяны;

5) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңімпазды

анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді

ақпараттарды ұсынуға болады.

Конкурсқа байланысты қосымша деректерді Қарағанды

облысы, Қарқаралы ауданы, Ə.Бөкейханов көшесі, 40,

«Қарқаралы ауданының  жер қатынастары бөлімі» мемле-

кеттік мекемесінен алуға болады.

Байланыс тел/факс: 8 (72146) 31404.

ТҮЗЕТУ: Аудандық “Қарқаралы” газетінің 2014 жылғы

16 тамыздағы №65-66 (11292) басылымдағы 8 беттегі

Қарағанды облысы, “Қарқаралы ауданының жер

қатынастары бөлімі” ММ-сі жер учаскелерін жалға беру

жөніндегі конкурс жариялау туралы ақпараттық

хабарламаның техникалық қателіктері бойынша 2014

жылғы тамыздың 23-гі №67-68 (11294) нөміріндегі жер ту-

ралы ақпарат  қосып оқылсын.

АҚПАРАТТЫҚ  ХАБАРЛАМА

Қарағанды облысы, «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі  шаруа

(фермер) қожалықтарын жəне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін, Қарқаралы ауданы

бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөнінде конкурс жариялайды

Қарағанды

қаласында өткен

«Салтанат» əн –би

ансамблінің  мереке-

лік концерті

Қ а р а ғ а н д ы

қаласының 80

жылдығына арналды.

Өткен аптаның жек-

сенбісінде жарты

ғасырлық тарихы бар

«Сал¬танат» əн-би

ансамбілін аса

құрметпен қарсы

алған Қарағандының

ж ұ р т ш ы л ы ғ ы

Қарағандының дема-

лыс саябағында жи-

налды. Əн-күй шашып, би өнерін тарту етіп, жиналған

жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлаған жерлестеріміз үлкен

мерекелік концерт ұйымдастырып қайтты.

Салтанат əн-би ансамблінің бишілер тобының

«Қарқаралы Арқадағы гүлстан», «Шашу», «Шаттық биі»

сияқты билерін тамашалаған  қарағандылықтар өнерлерін

бағалады. Сонымен қатар концерт барысында Хордин

Қанаттың орындауында халық əні «Сарыарқа», вокалдық

топтың орындауында «Қарқаралы вальсі», «Город мой Ка-

ра-

ганда», «Туған жер», «Салтанат» би



ансамблінің əншісі Базанова

Камшаттың орындауында «Туған

жер», «Қарағанды вальсі», Ескен-

дирова Құралайдың орындауында

«Алматы түні», Абилкасимова

Аиданың орындауында «Көктем

əні», «Көңілді күн», Ансамбльдің

орындауында  Қазанғаптың күйі

«Бозжорғаның  бөгелек  қағуы»,

Мейірбек Қарағандының орында-

уында «Даридай» əні, Мұсатаев

Ардақтың орындауында «Көзімнің

қарасы», Уалханов Еркебұланның

орындауында «Гүл, гүл жайна» əндерімен көрермендерді

бір қуантып, өз өнерлерін паш етті. Қарқаралы қасиетті құт

мекенім, қашанда сені аңсап мен жетемін. Келген мына

қонақтарға əдейі арнап, жүректен жыр, көмейден əн

төгемін,- деп арнайы барған жерлестеріміз

қарағандылықтарға шадыман көңіл күй сыйлады.

Нұрсұлу Жақсыбаева.

Т.Хамитов (ФОТО).

Қойны толған құт, байлық,

ҚАРАҒАНДЫМ...

Қ а р қ а р а л ы

қаласының 190 жылдығына

орай апта сайын өтетін кон-

церттік бағдарламалардың

жалғасы Бүркітті ауылына

жəне тыңға 60 жыл толу ме-

рейтойына  «Тыңмен қоса

тербеледі тың дала» атты

мерекелік іс-шарамен

жалғасын тапты.

Армысың,  Сарыарқаның 

асыл елі

Ұл-қызы, өнерлісі, еңбеккері

Торқалы той төрінен 

орын алған 

Бүркіттінің ардагері

тыңгерлері,- деп ізгі ниетпен

келіп отырған ауыл-жерле-

стеріміз аптаның соңында

арнайы мерекелік концерт

ұйымдастырды.

Қасымбек

Нұрсұлтан«Той-

бастар», «Сен-

сіз» əндерімен,

əжелер ансам-

білі «Қарқаралы

вальсы» əнімен,

Бораш Ербол

« А н а ш ы м »

ə н і м е н ,

Қасымбек Ербол

мен Бораш

Ербол дуэты

“Кең дала”

əнімен, Оспан-

бекова Зейнеп

“Шилі өзен” əнімен, Рымбек

Назгүл “Алтын бесігім”

əнімен, Асылбекова Пери-

зат “Қазақ елі” əнімен, Кен-

жина Сара “Гүлдерайым”

əнімен, кештің сəнін кел-

тірді, сондай- ақ  Қанафия

Нияздың орындауында

«Ерке сылқым» күйі

шырқалды.  «Шұғыла» биші-

лер тобы өз өнерлерін

көрсетіп, тамаша əсер

қалдырды.

Қаламыздың мерекесіне

Томар ауылы да үлес қосып,

мерекелік шара

ұйымдастырды. Шараға же-

текшілік еткен клуб

меңгерүшісі Жұмағұлова

Толғанай бастап келген кон-

церт барысында Алпан

Асылжан «Ал, құрбым»,

«Саржайлау» əндерімен,

Рымбай Алтынайым «Туған

жер», «Жібек сезім»

əндерімен, Ақылжан Тоғжан

«Домбыраш», «Балалық

шаққа Саяхат», « Мерекем»

əнімен, Бейсенбай

Гүлжанат сияқты

өнерпаздардың орында-

уында бірталай əн

шырқалды. Сонымен қатар

Қасымбек Нұрсая

«Қазақстан» өлең жолдарын

оқып, жұртты тамсандырды.



Нұрсұлу Өнерханқызы.

ӘНІМ СЕНСІҢ, ТУҒАН ЖЕР



Тəрбие - тал бесіктен

8

23 тамыз  2014 жыл

Соңғы жылдары біздің елде  оң

өзгерістерге байланысты бұрындары

қоғамнан оқшауландырылатын көптеген

жазалар  ізгілендірілді.

Қоғамда  сот үкімімен кінəлі деп танылып,

əр түрлі қылмыс жасаған сотталғандарды

яғни, аяғын шалыс басқандарды

тəрбиелеу, түзу жолға түсіру, өмірде өз

орындарын табуларына игі ықпал ету тек

қана түзеу мекемелердін құзырына жат-

пайды, олар Ішкі Істер Министрлігінің

қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне

қарасты қылмыстық-атқару

инспекцияларының есебіне алынып,

бақылауда болады.

Қазір Қарқаралы аудандық қылмыстық

атқару инспекция есебінде 31 адам  сот-

тар үкіміне сəйкес есепке қойылған. Ин-

спекция олардың отбасында жəне

жұмыс,оқу орындарында мінез-құлықтары

мен жүріс-тұрыстарын жіті бақылап от-

ырады. Заң талабы тым қатал. Биыл

шартты жазаны өтеудің тəртібін бұзып,

сотпен белгіленген міндеттерді орында-

май, тіркеуге келмей, жалтарған  2 шартты

жазаға сотталғанның ісі инспекция

қызметкерлерінің ұсынысымен сотта қайта

қаралып,  мемлекет беріп отырған

мүмкіндікті пайдаланғысы келмегендер

бас еркінен айырылып, түзеу мекемеле-

ріне жіберілді. Былтыр осындай себептер-

мен 3 адам түзеу мекемелеріне қамалған. 

Ал жазасын өтеушілермен түзу жолды

қалап жатса, тəрбиеге көніп, қатарға

қосылам десе инспекция қызметкерлері

олардың іс құжаттарын зерделеп,

қорытындылап, аудандық  соттарға

шартты мерзімінен бұрын жəне мерзімінен

бұрын босату жөнінде ұсыныстар жол-

дайды. Сот отырысында жазасын

өтеушінің қатысуымен  ұсыныс қаралып,

оларды жазадан босату қаулысы шығады.

Осылай жыл басынан  бас бостандығынан

шектеу жазасына сотталған есептегі алты

тұлғаны, ішінде бір кəмелетке толмаған

сот отырысында қаралып,

қорытындысымен шартты мерзімінен

бұрын босатылды, 3 шартты жазаға

сотталған  мерзімінен бұрын босатылды. 

Құқықтық реформалар талабына сəйкес

жəне «Қазақстан -2050 стратегиясы

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

бағыты» атты Президент

Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан халқына

Жолдауындағы - тəртіпсіздікке мүлде

төзбеушілік  принципін еңгізу қазіргі

таңдағы біздің қоғамның барлық

саласындағы басты ұстаным болып отыр.

Қарқаралы аудандық қылмыстық-атқару

инспекциясы өзінің жұмыс бағытында

құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен келіс-

пей, оған қатаң тыйым салу шараларын

жүргізеді.



А.Бабайбекова 

əділет майоры.

Қызмет көрсету



Электр желілеріне

қосуға рұқсат беру

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВ

т-тан

жоғары электрлік қондырғыларын элек



тр желілеріне

қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызме

ті ҚР Үкіметінің

2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қа

улысымен бекі-

тілген. 


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандар

тын


Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа т

ехно-


логиялар министрлігі əзірледі.

Мемлекеттік қызметті Министрліктің М

емлекеттік

энергетикалық қадағалау жəне бақыла

у комитеті

облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының

аумақтық департаменттері көрсетеді.

Аталған қызмет ХҚКО жəне ҚР электрондық

үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүз

еге


асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Құжаттар топтамасы ХҚО-ға тапсырылған сəтт

ен

бастап, сондай-ақ порталға өтініш берг



ен кезден ба-

стап – күнтізбелік 15 (он бес) күннен к

ешіктірмей;

Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі –

тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВ

т-тан


жоғары электрлік қондырғыларын элек

тр желілеріне

қосуға рұқсат беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке жəне заңды

тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімх

ат бо-

йынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлек



еттік

қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тіз

бесі:

1) ХҚО-ға:



1. белгіленген нысандағы өтініш; 2. салыстырып

тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып,

тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия б

е-

руші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосу



дың

техникалық шарттарының көшірмелері; 3. салысты-

рып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына о

тырып,


техникалық шарттар талаптарының орындалуы т

у-

ралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым



қорытындысының көшірмесі; 4. салыстырып т

ексеру


үшін тұпнұсқасын ұсына отырып, коммерциялық

есепке алу, баланстық тиесілікті шект

еу жəне

тараптардың пайдалану жауапкершілігі сх



емасын

қабылдау актілерінің көшірмелері; 5. салыстырып

тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып,

энергетикалық сараптама қорытындысының

көшірмесі.

2) порталға:

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен

куəландырылған электрондық құжат нысанындағы

сұрау; 2. тұтынушылардың электр қондырғыларын

энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның же

ліле-

ріне қосудың техникалық шарттарының көшірме



лері;

3. техникалық шарттар талаптарының орындалуы т

у-

ралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым



қорытындысының көшірмесі; 4. коммерциялық есепк

е

алу, баланстық тиесілікті шектеу жəне т



араптардың

пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылда

у

актілерінің көшірмелері; 5. энергетикалық сарапт



ама

қорытындысының көшірмесі.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылда

у

көрсетілетін қызмет алушының «жеке к



абинетінде»

жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетіле

тін қызметті

алушының ЭЦҚ-мен куəландырылған құжа

ттардың

электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.



Портал арқылы берген кезде – көрсетіле

тін


қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлек

еттік


көрсетілетін қызмет нəтижесін алу күні көрсе

тіле от-


ырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге

 арналған

сұраудың қабылдағаны туралы мəрте

бе көрсетіледі. 



Ж.Мұқашов,

ХҚКО реттеу зал басшысының м.а.                                      

Медиация заңы дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының 28 қаңтар 2011 жылы қабылданған “Медиация” туралы

заңы сот жүйесінде дауды шешудің бір тəсілін көрсетеді. Бұл заң медиацияны

ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің тəсілін, тəртібін

анықтайды. Енді осы «Медиация» туралы заңға қысқаша көз жүгіртейік. Осы заңдағы не-

гізгі ұғымдарына тоқталсақ:

Дауды (дау-жарды) реттеу келісім- тараптардың медиация нəтижесінде қол жеткізген

жазбаша келісімі. Медиатор- осы Заң талаптарына сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес не-

гізде медиация жүргізу үшін тараптар тарататын тəуелсіз жеке тұлға. Медиация-

тараптардың еркін келісімі арқылы жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы келісімге

қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жəрдемдесуімен тараптар

арасындағы дауды реттеу тəсілі. Медиаторлар қауымдастығы (одағы)- медиаторлар

ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында, сондай-ақ олардың құқықтарымен заңды

мүдделерін қорғау үшін құрылатын ұйым. Медиаторлар ұйымы-медиаторлардың ҚР

заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту үшін ортақ мақсаттарға қол жеткізу

үшін олардың ерікті негізде бірігу үшін құрылатын коммерциалық емес ұйымдар.

Медиацияға қатысушылар- медиатор жəне медиация тараптары жəне т.б... Медиацияның

қолданылу саласы Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше белгіленбесе,

жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық ж.т.б. құқықтық

қатынастар туындайтын, онша ауыр емес жəне аурылығы орташа қылмыстық істер бо-

йынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолдану саласы

болып табылады. Айта кететін бір жағдай, медиация рəсіміне қатыспайтын үшінші

тұлғалардың жəне сот əрекет қабілетсіз деп таныған адамдардың мүддесін қозғаған не-

месе қозғауы мүмкін болған жағдайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табы-

латын азаматтық істерде, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекеттік қызмет жəне

мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстық істер бойынша медиация рəсімі

қолданылмайды. Медиацияның мақсаты дауды (дау-шарды) шешудің екі тараптың да

қанағаттануына қол жеткізу, тараптардың дауласу деңгейін төмендету болып табылады.

Медиацияны жүргізу қағидаттары мыналар болып табылады: 1)еріктілік 2)

медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптылығы 3)      медиация рəсіміне араласуға жол

бермеушілік 4)құпиялық; Медиацияны жүргізу осы Заң талаптарына қайшы келмейтін та-

раптар келіскен тəртіп бойынша жүргізіледі. Жоғарыдағы көрсетілген жағдайды ескер-

сек, яғни «Медиация» туралы заң азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы даулы

жағдайды азайтып, шешімнің ерікті түрде орындалу деңгейін көтеруге орасан зор етеді

деген сенімдеміз.

Д.Самекбаев,

Қарқаралы ауданының №2

аудандық сотының бас маманы.       

Жыл сайын шілденің 28-інде Бүкілəлемдік денсаулық

сақтау ұйымы Бүкілəлемдік гепатитке қарсы күрес күнін

өткізеді. Вирусты гепатит-жұқпалы аурулар то-

бына жатады. Оның бірнеше стадиялары бо-

лады: А, В, С, Д жəне Е. Осы аурумен əлем

бойынша миллиондаған халық жапа шегіп келе

жатыр. Жұқпалы вирустар əр түрлі жолдармен

беріледі: А жəне Е гепатиті ластанған тамақ өнімдерінен жəне лас сулар-

дан жұғады. В гепатиті -анадан балаға, баладан балаға, қан құю кезінде,

жыныстық қатынас кезінде жұғады, С гепатиті-негізінен ауру жұқтырылған

қан арқылы, Д-гепатиті В гепатитіне ұқсас болып келеді.

Гепатит А-тек ауру адамнан жұғады. Адам ағзасына вирус түскеннен соң

сары ауру 30-35 күннен басталуы мүмкін.

Аурудың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, əлсіздік, дімкəстік, оң

қабырғаның асты мен асқазан аумағының ауыруы, тəбеттің төмендеуі,

жүректің айнуы, кейде құсу, зəрдің түсінің қоңырлануы, үлкен дəреттің

ағаруы, терінің жəне көзағының сарғаюы.

Аурудың жұғу жолдары : түйісу-күнделікті тіршілік жолымен: лас ыдыс-аяқ

жəне үй керек-жарақтары арқылы жұқтыру, кір қол арқылы, əсіресе

əжетханадан кейін, немесе жеке бас гигиенасының ережесін сақтамаған

жағдайда жұғады.

Су арқылы-гепетит А вирусымен  залалданған суды ішу, шомылған кезде

залалданған суды жұту арқылы жəне жуылмаған көкөністер мен жемістер

арқылы.

Ауруды жұқтыру қаупі төмендегі əдеттері бар адамдарда



жоғары: тамақтарды алмастыру (біреудің ішіп отырған

тамағынан ішу, шайнаған тамақты біреудің ау-

зына салу), тамақ ішкеннен кейін, кітап беттерін

парақтау үшін қолды жалау, қарындаштар мен

қаламдарды сору, тістеу, тырнақтарды тістелеу.

Аурудың алдын алу: тамақ ішер алдында,

дəретханадан кейін, қоғамдық орындардан қайтқаннан кейін қолыңызды

сабындап жууды əдетке айналдыру, қайнатылған немесе шөлмектегі суды

ішу, көкөністер мен жемістерді қолданар алдында мұқият жуу, үйді, ыдыс-

аяқты таза ұстау, əрбір адамның өзінің гигиеналық құралдары-орамал, тіс

щеткасы, бет орамал, сабыны болуы керек. Жыл сайын вирусты гепатит-

пен шашамен 1,4 миллион адам қаза табады екен.

Негізінен В жəне С гепатиті ең  қауіптісі, яғни бұл кезеңдермен ауырған

адамдар цирроз ауруына дейін ұласып, оның 78%-і бауырдың обасына

дейін жеткізеді.

Бүкілəлемдік гепатитке қарсы күрес күні 2014 жылдың шілде айының 28-

күні осы ауруға қатысты үндеу жарияланды.

Сондықтан “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол” іздейік, ағайын!



А.Түсіпов,

“ҚОСЭСО” РМҚК Қарқаралы ауданы бойынша филиалының

дəрігер-бактериологы.

Адам.Қоғам.Заң

ТƏРТІПСІЗДІККЕ ТӨЗУГЕ БОЛМАЙДЫ

ТƏРТІПСІЗДІККЕ ТӨЗУГЕ БОЛМАЙДЫ

Г Е П А Т И Т

Дəрігерлік кеңес


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет