Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
үлкеймеген, өте ұсақ екен, сонда да Бекбай бірде –бірін қалдырмай жеді. «Жұлдызқұрт әрі тамақ, әрі 
сусын  екен  ғой»  деп  ойлады.  Сөйтті  де  орнынан  тұрып  Қапидың  қасына  келді.  Қапи  кездігімен 
түйенің табанындағы мүйізгегін жонып отыр екен. 

 
-  Андағыңыздан ауызға саларлық бірдеңе шыға ма? -  деді Бекбай. 
 
-  Май табаны ма екен, -  деп Қапи Бекбайға басын көтеріп күлімсірей қарады, -  азырақ өзек 
жалғайтын бірдеңе шығар. 
 
- Суымыз өте азайып кетті ғой, үнемдегенде ертең әрең бір күнге ғана жетеді, -  деді Бекбай. 
 
-  Әттең құмға бір жетсек, осы тұстағы құмда бір құдық бар еді, таяп қалдық қой, -  деді Қапи 
тамсанып. 
 
Мұхамет пен Мұстапа жаман шақпақты тасқа ұрғылап жүріп бір сағатқа таяу уақытта әрең от 
тамызды. Бұған дейін Қапи шал түйенің қураған табанында күнге шыжып әбден еріп, тек сіресі ғана 
қалған  май  табанының  сыртқы  мүйізгегін  жонын  тастап,  қалдығын  өткір  кездікпен  жұқалап  турап 
саптаяққа  салды.  Ол  ерінбей  түйенің  табанын  сорайған  бақайы  қалғанға  дейін  қырып-жонды.  Бір 
уысқа таяу сап-сары сіңір сияқты нәрсені үстіне азырақ су құйып отқа қойды. 
 
- Түнгі салқында адам шөлдемейді, түнде су үнемдейміз. Алдағы құдыққа жеткенше әлі талай 
жер бар. Балаларым, шыдаңдар, -  деді Қапи. 
 
Бекбай  екі  балаға  екі  ұрттам  су  құйып,  торсықтардың  аузын  жауып  қойды.Өзі  жұлдызқұрт 
жеген  соң  су  ішем  деп  ойлаған  да  жоқ.  Қаншалық  шөлдеп  тілі  құрғап  тұрса  да  шыдады.  Мынау 
түйенің күн қақты  табанынан аужал боларлық бірдеңе шығады деп дәметпеді, Мұхамет пен Мұстапа 
Қапидың  қуанышына  қарап  түйенің  табанынан  дардай  бірдеңе  шыға  ма  екен  деп  дәметкен  еді. 
Саптаяққа қырып түсірілген аз ғана  сірені  көргеннен кейін көңілдері  суып, қоржындарына сүйеніп 
үнсіз  ғана  отырып  қалды.  Бекбайдың  барлық  үміті  жұлдызқұртта.  «Күн  ысыған  сайын  күн  ашық 
болса, жұлдызқұрт көбейеді ғой, жұлдызқұрт көбейсе аштан өлмейміз» деп ойлады.  
 
-    Балаларым,  -    деді  Қапи  Мұхамет  пен  Мұстапаға  қарап,  -  енді  азығымыз  жарты  күнге 
жетеді.  Сондықтан  бүгінше  мына  түйенің  табан  сіресінің  нілін  ішіп  шыдайық.  «Тірі  жан,  тісті 
бақамыз ғой», тағы бір нәрсеге жолығармыз. 
 
Сәби болса да Мұхамет пен Мұстапа да бастарына өлім хаупінің төніп келе жатқанын әбден 
аңғарған еді. Бірақ бәрі де өзінің жігерін мұқалтып, рухын сындыратын, яғни мынау жарық дүниенің 
аз  күнгі  қызығынан  түңілдіретін  мұздай  суық  сөздерді  айтқысы  келмеді.  Тек  іштерінен  ғана  сезіп, 
іштерінен ғана өздерін жұбатып келеді. 
 
Кішкене  қаңылтыр  тоғаның  түбіне  түйенің  табанынан  қырып-жонып  алған  аз  ғана  сірені 
қайнатып қойып, жүргіншілер отты айнала үнсіз мүлгіп ұзақ отырды.  
 
-  Мынаны  екі  балаға  берейік,  -  суынан  екеуміз  екі  ұрттайық,  -    деп  Қапи  Бекбайға  қарады. 
Бекбай  дереу  орнынан  қозғалып  торсықтың  ішінде  неше  күн  жүріп  борсып  кеткен  суға  қайнаған 
түйенің  табанынан  қырып  алған  сірені  саптаяққа  салып,  Қапидың  алдына  қойды.  Қапй  орнынан 
алдына қарай жылжып, көтеріліп отырды. Сіренің үлкендеу бір жапырағын Мұхаметтің саптаяғына 
салды. Осылайша, сірені төрт жапырақтан Мұхамет пен Мұстапаға тең бөлді. 
 
-    Жә,  екеуің  андағыны  жеп  алыңдар,  сендерге  қалайда  ертең  бір  күндік  азық  болады.  Бекей 
екеуіміз суынан бір-бір ұрттасақ болды, -  деп Қапи тоғадағы бар-жоғы бір шыныдай ғана судан өзіне 
үлкен бір қалақ, Бекбайға екі қалақ құйды.  
 
-    Мен  әлгінде  аз  болса  да  жұлдызқұрт  тауып  жедім,  өзіңіз  ішіңізші,  -    деп  Бекбай  Қапидың 
қолын қайтарып еді, оған Қапи ұнамады. 
 
-    Бекбай-ау,  недеген  қайратты  жансың,  тіс  айқастырмағалы  екі  күннен  асып  кетті  ғой, 
мынаны ішпесең ренжимін, -  деді Қапи.  
 
Бекбай еріксіз тағы бір ұрттады. Сорпа сияқы дәмі бар екен. Екі бала жігіт аз ғана сірені жеп, 
судан бір-бір ұрттап отырды. 
 
-  Әлгі түйенің табаны болғанымен, май сияқты жағымды екен, -  деді Мұхамет тамсанып. 
    -  Тамақ болғаны сол, балам, - деп Қапи Бекбайға бұрылды, -  аз да болса балалар жүрек жалғады 
ғой, ертең Алла не кезіктіреді, оны көрерміз, енді ұйықтап дем алайық. 

 
Бекбай жантая салысымен ұйықтап кеткен еді, ұзақ жол жүріп шаршағандікі ме, жоқ кешегі 
жеген  жұлдызқұрттың  пайдасы  ма,  таңертең  Қапидың  сілкілеуімен  әрең  оянды.  Басын  көтеріп 
орнынан  тұрғанда,  кеше  тамаққа  әбден  тойып  жатқан  адам  сияқты,  ерекше  тың  түрегелді.  Бекбай 
өзіне  өзі  қайран  болды.  Бұл  күш-қуаттың  сол  жұлдызқұрттан  келгендігін  әбден  білді.  «Алла  жол 
берсе, бүгінде жұлдызқұрт табылар, аштан өле қалмаспын» деп ойлады.  
 
Айтарға  болмаса,  бүгін  Қапидың  қалтасында  екі  бала  талшық  етерлік  ештеңе  қалмаған  еді. 
Түске  дейін  төрт  рет  дем  алып  тағы  бір  керіш  белге  шықты.  Қырсық  болғанда,  бүгін  Бекбайға 
жұлдызқұрт мүлдем табылмай қойды. Тіпті жол бойында жұлдызқұрт түсетін теріскеннің өзі жоқтың 
қасы екен.             
 
 
 
БОРАНДЫ ТҮН 

 
Шығыстан  батысқа  қарай  көсіліп  жатқан  биік  керіш  белге  шығып,  дем  алып  ұзақ  отырды. 
Қолдарында  тіс  айқастырар  ештеңе  қалмағанын  Қапи  мен  Бекбай  білді.  Ал,  Мұхамет  пен Мұстапа 
аталары  Қапидың  қалтасындағы  әлгі  қазының  аздап  жұрнағы  бар  ма  екен  деп  дәмеленіп  келеді. 
Мүмкін осы үміт ғана екі баланың рухын мұқалтпай, алға жетелеп келе жатса керек. Белде отырып, 
шығысқа  қарай  бұйралана  көсіліп  жатқан  кер  далаға  көз  салды.  Бір  тал  тірлік  иесі  жоқ  құлазыған 
меңіреу  дала,  көз  ұшында  бұлдыраған  қара  шоқыға  тіреліп,  одан  арғы  жағы  көкжиекке  айналып 
көрінбей  жатыр.  Ол  енді  көзін  енді  батысқа  қарай  салбырап,  қат-қабат  болып,  әппақ  мұнар  басып 
көсіліп жатқан шаңқан сар далаға салды. «Ойбай-ау, анау жел екен» деді ішінен. Сөйтті де орнынан 
тұрып батысқа көз салды. Бір керемет дауылдың келе жатқанын сезді. Дәл қәзір батыс жақтан атсыз-
атақсыз бір сұм ажал аранын ашып келе жатқанын, бастарына ажал хаупі төнгенін Бекбай анық білді.  
 
-    Қапи  аға,  қамданайық,  батыс  жақтан  бір  дауыл  келе  жатқан  сияқты.  Шама  бар  қалың 
керішке кіріп ықтасын жер тауып пананайық, -  деді Бекбай. Манадан шалғайға көз салмаған Қапи 
Бекбайдың  сөзімен  орнынан  түрегелді.  Мұхамет  пен  Мұстапа  да  орындарынан  тұрып,  батысқа  көз 
салды. Бұлт па, жел ме, әйтеуір бір мұнар батысты басып келеді екен. 
 
-    Дереу  мына  белден  асып  ағарға  түсейік,  -    деп  Қапи  қоржынын  мойнына  асып  жүруге 
оңтайланды. 
 
 Бекбай  екі  су  торсықты  мойнына  асқанда,  торсық  қолына  жеп-жеңіл  сезілді.  «Суымыз  да 
түгеуге айналған екен ғой» деп ойлады Бекбай. 
 
Жүргіншілер  жүрістерін  тездетіп,  бөлек-бөлек  керіші  бар  ағарға  түсіп,  сәл  шығысқа  қарай 
ойыстай жүрді. Қапидан басқа ешкім жол білмейді. Әйтеуір Қапи меңзеген жаққа тартып келеді. Күн 
кеш  болмай-ақ  алай-дүлей  дауылдың  алғашқы  шаңыты  да  жетті.  Бұл  шақта  төрт  жүргінші  биік 
керіштің шығыс жағындағы терең сексеуілді ағынға түсіп үлгірген еді. Боран құм мен топырақты тең 
ұшырып  жетіп  келгенде,  екі  баланы  қойып,  Қапи  мен  Бекбайдың  да  ес-ақылы  кетіп,  қайтерлерін 
білмей қалды. Қапи Мұхаметтің қолынан, Бекбай Мұстапаның қолынан ұстады. 
 
-  Анау үлкен керіштің ық жағына қарай тартыңдар ! -  деп айғайлады Қапи. Бекбай Қапидың 
дауысын  әрең  естіді.  Лезде  олар  бірін-бірі  көре  алмай,  қап-қараңғы  түнектің  ішінде  қалды.  Бекбай 
бағана  биік  керіш  көрінген  тұсты  межелеп,  Мұстапаны  қолына  мықтап  ұстап,  желге  ықтап  сәл 
қырындай жүрді. Жел өте күшейіп, бұларды тоқтатпауға  айналғанда, Бекбай Мұстапаны бауырына 
қысып бүк түсіп отыра қалды. Ал, жел сәл бәсеңдесе орындарынан тұрып тағы жүреді. Көздеріне бір 
адым жер анық көрінбейді. Әбден аштық қалжыратқан, оның үстіне ұзақ жол діңкелетіп хал-қуаты 
кетііп  әрең  келе  жатқан  бұларды  жел  қаңбақша  ұшырып,  кейде  сексеуілге  соғып  бет-ауыздарын 
жаралап  та  алды.  Мұндай  боранды  Бекбай  бекбай  болғалы  көрмеген  еді,  оған  үлкендер  көп  айта 

беретін заман ақыр жетіп келгендей сезілді. Бұлар бір жығылып, бір тұрып, желмен бірге мал сияқты 
ығып  келеді.  Әйтеуір  ауыздарына  түскені  :  «Алла  сақта  !  Алла  сақта  !»  деген  бір  ауыз  ғана  сөз. 
Бекбай  іштей  әр  бір  ағардан  өткен  шақта,  өздерінің  шығыс  оңтүстікке  қарай  кетіп  бара  жатқанын  
межеледі. 
 
Біраздан соң қараңғы түсіп, боранмен қоса табанның астындағы жерді көрудің өзі бұларға мұң 
болды.  Бірнеше  рет  Қапи  мен  Мұхаметтің  атын  атап  айғайлап  еді,  ештеңе  естілмеді.  Мынау 
сексеуілмен  дөңкіл-дөңкіл  ұрылып  озандаған  қатты  боранның  дауысы,  түнге  айналған  сайын  бір 
алып мақұлықтың өкіргеніне ұқсай ма, жоқ, айдағардың ақырғанына ұқсай ма, әйтеуір, адам пендесі 
естімеген ерекше ғажайып үрейлі дауыс Бекбайдың құлағының дәл түбінен өкірді де тұрды. Бекбай 
тоқтауға немесе шұңқырлау жерге отырға мүлде дәт қыла алмады.  
«Екеуінен  айрылдық,  оларға  тірі  кездесе  аламыз  ба,  жоқ,  өлігіміз  мынау  керішті  далада  құрт-
құмырысқаға жем болып шіріп қалама» деген ой Бекбайдың миынан шықпай-ақ қойды. Жығылып-
сүрініп  жүргенде  Мұстапа  талай  күннен  бері  өзіне  сүйеніш  болып  келе  жатқан  таяғын  сындырып 
алды. Арып-аршап ұзақ жолда келе жатқанда, таяқ болса да сүйеніш  болған  кәдімгі  көліктен орны 
кем  емес  еді.  Әрине,  жаяу  қаңғымаған  пенделер,  мүмкін,  таяқтың  қәдірін  де  білмейтін  болар. 
Мұстапаның  таяғының  сынғанын  Бекбай  білмеген  еді.  Екеуі  ұйтқи  соққан  боран  екбеттерінен 
түсіріп,  едәуір  уақытқа  дейін  орындарынан  тұрғызбай  қойды.  Сәлден  соң  Мұстапаны  қолынан 
тартып орнынан тұрған Бекбай : 
 
-  Таяғыңнан айрылма?-  деді. 
 
-  Таяғым сынып қалған, -  деп Мұстапа жылап жіберді.  
 
Бұл  екеуі  қанша  жүргені  белгісіз,  көзге  түртсе  түрткісіз  қараңғыда  бір  биік  жарға  келіп 
тірелді.  Бекбай  өздерінің  керішке  келгенін  сезе  қойды.  Қараңғыда  керіштің  ық  жағына  қалай  өту 
керек,  мұны  білу  қиын  еді.  Бекбай  не  болса  да  оң  қол  жақтарына  қарай  керішті  жағалау  бекіміне 
келді. Оң қолына Мұстапаны жетелеп  сол қолына таяғын алып керіштің түбін жағалады. Керіштен 
алыстап  кетпеу  үшін  қайта-қайта  таяғын  керіштің  қабырғасына  тіреп  қойып  жылжып  отырды.  Бір 
шақта  Бекбайдың  таяғы  керіштің  қабырғасына  тірелмей  қалды.  «Керіштен  алыстап  кеттік  пе»деп 
ойлаған  Бекбай  керіш  жаққа  аттай  беріп  еді,  екеуі  бірдей  гүп  етіп  жыраға  құлап  түсті.  Жыраның 
тереңдігі белуардан  ғана келетінін Бекбай білді. Жан-жағына таяғын сілтеп, жыраның кеңдігінің екі 
метрге  жетпейтінін  де  межелеп  үлгірді.  «Бұл,  сөз  жоқ,  керіштің  ішінен  түскен  жыра.  Мұның  басы 
керіштің арасына кіреді»  
деп ойлады Бекбай. Сөйтті де Мұстапаны қолынан жетелеп, еңкейген беті жыраны өрледі. Расында 
Бекбайдың ойы дұрыс екен. Жыраны аз өрлеген соң бас көтертпей ұрғылап тұрған боран тына қалды. 
Ықтасынға кірген соң тыныстары кеңіп, едәуір жайланып қалды. Жыраның да екі жағы жайбырлап, 
керіштің дардай бір қуысына кіргенін Бекбай іштей межеледі. 
 
-  Жә, Мұстапа енді қаңғымайық, мынау бір тамаша ықтасын жер екен. Осындағы бір жаттық 
жерге жантайып, әлгілерді таңертең бір-ақ іздейік, - деді. 
   -  Атам мен ағам өлді ғой ! -  деп Мұстапа жылап жіберді. 
 
-  Жылама, -  деп Бекбай Мұстапаны қолынан жетеледі, - олар да осындай бір ықтасын тауып 
жатып алған шығар. Алла амандық берсе, таңертең бұл боран да тоқтар. Бір-бірімізді тауып аламыз. 
Бекбай  Мұстапаны  қолынан  жетелеп  аз  өрлеп  еді,  сол  жақтарынан  қарайып  бір  нәрсе  бұлдырап 
көрінді. Бекбай «жартас па екен» деп ойлап жақындап еді, үлкен үңгір екен. Мына қобы қаншалық 
ықтасын  болғанымен  бұрқыраған  құм,  топырақ  көздерін  аштырмай  келе  жатыр  еді.  Мына  үңгірді 
көріп Бекбай қуанып кетті. «Кең үңгір екен, мүмкін, адамдар қазып пайдаланған шығар» деп ойлады. 
Сөйтті  де  Мұстапаны  жетелеп  үңгірге  ұмтылды.  Үңгірдің  дәл  аузына  келгенде,  үңгірден  бір  нәрсе 
атылып шығып Бекбай мен Мұстапаны шалқаларынан түсірді. Бекбай дереу басын көтерді. Мұстапа 
шошығанынан дауысы шықпай қалған еді.Ол Бекбайдың қайта-қайта :  

 
-  Мұстапа ! Мұстапа ! -  деп айғайлағанына жауап қайтара алмады. Жауап қайтаруға дауысы 
шықпай қойды. Бекбай иығындағы қоржын-қолаңын үңгірдің ішіне қарай тастап, Мұстапаның басын 
көтерді.  Мұстапа  Бекбайды  құшақтап  селкілдей  бастады.    Бекбай  Мұстапаның  қатты  қорыққанын 
білді.  
 
-    Қорықпа,  Мұстапа,  бұл  үңгір  енді  біздікі  болды.  Әлгіндегі  осында  паналап  тұрған  аң  ғой, 
бізден  ұркіп  кетті,  -    деді.  Мына  сөзді  естіп  Мұстапаның  бойнына  едәуір  жан  кірді.  Бекбай 
Мұстапаны  көтеріп  үңгірге  кіргізді.  Үңгір  іші  кәдімгі  үй  сияқты  тап-таза,  бұрқыраған  топырақ  та 
жоқ,әдемі  екен.  Бекбай үңгір  ішінің жан-жағына таяғын  сілтеп көрді.  Үңгір  онша үлкен емес екен. 
Бір тәуірі төбесі едәуір биік екен. Екеуі қоржындарын жастанып, аяқтарын үңгірдің түбіне жіберіп, 
бастарын аузына қаратып жатты. Мұстапаның бойына аздан соң жан кірді. 
 
-    Алла,  -    деді  ол,  әлгінде  үңгірден  бір  айдағар  шығып  келе  жатқан  сияқты  көрінді.  Қатты 
шошып кеттім, ол сізге ұмтылғанда, мен көзімді жұмып құлай бердім. 
 -  Е, сен үңгірден қашып шыққан нәрсені көрген болдың ғой. 
 
-    Е,  сіздің  ығыңызда  тұрып  анық  көрдім.  Басы  жап-жалпақ,  екі  қолы  адамның  қолы  сияқты 
нәрсе екен. 
-  Мен үңгірден ағарған бір нәрсенің мені соғып тұра қашқанын ғана білдім. Қазақ «қорыққанға қос 
көрінеді»  дейді,  саған  қорқынышты  болып  көрінді  ғой.  Осында  боранда  паналап  тұрған  аң  болуы 
керек, -  деді Бекбай. 
Бекбай  мен  Мұстапа  сөздерін  тоқтатып,  аз  тына  қалып  еді,  үңгірдің  аузына  тасырлатып  бір  нәрсе 
келгендей  болды.  «Әлгіндегі  үңгірдегі  қашқан  аң  шығар»  деп  ойлаған  Бекбай  басын  көтеріп  еді, 
үңгір  аузына  ғажайып  бір  нәрсе  пайда  болды.  Бағанағыдай  емес,  көзі  қараңғыға  әбден  үйір  болған 
Бекбай,  үлкен  алып  кесерткінің  үңгір  аузына  төніп  келгенін  анық  көрді.  Таяғын  жұлып  алып  еді, 
Бекбайды  көрген  ол,  аузын  бір  ашып,  бір  жауып  сақылдай  бастады.  Осы  орайда  Бекбай  таяқпен 
кесерткіні бастан періп жіберді. Кесерткі шаңды үңгірге бұрқ еткізіп көзден ғайып болды. Мұстапа 
қорыққанынан көзін жұмып алған еді, Бекбайдың : 
-  Е, байқұс-ай, сенің үйіңді бүгін біз тартып алдық. Бізге де жан керек, -  деп күбірлегенін естіп көзін 
ашты. Басын көтеріп үңгірдің аузына қарады, ештеңе көрінбейді.  
-  Әлгі нәрсе тағы келді, ә, -  деді Мұстапа. Мұстапаның дауысы дірілдеп әрең шықты.   
 -    Қорықпа,  -  деді  Бекбай,  -    сенің  көргенің  шын  екен,  үлкендігі  он  жастаға  баладай  үлкен  алып 
кесерткі  екен.  Бізді  кетіп  қалды  десе  керек.  Жаңа  тағы  келді.  Басына  таяқпен  бір  салып  едім  жоқ 
болды. Енді келмес.  
 -  Кесерткі бізге тиіспей ме? -  деді Мұстапа.  
 -    Оның  тиісуге  қауқары  жоқ  емес  пе,  аузын  сақылдатып  өзінше  азырақ  айбар  көрсетті,  -    деді 
Бекбай. 
 -  Ол тістеп шақпай ма? -  деді Мұстапа көңіліндегі күдікті жасырмай. 
 -  Жылан, кесерткі сияқты нәрселердің тірілетін уағы әлі бола берген жоқ қой. Мына үңгір әсілі әлгі 
кесерткінің  қысқы ұйқыға кететін ұясы болса керек, -  деді Бекбай. 
 Бекбай кесерткіге қаншалық батырлық көрсеткенімен, алғашында оның да жүрегі едәуір шайлығып 
қалды.  Еш  хайуанға  ұқсамайтын  жалпақ  бас  үңгір  аузына  келгенде  денесі  бір  ысып,  бір  суып, 
қайтерін білмей қалған еді. Үңгір ішіндегі кесек адамның баранын көрген кесерткі кіруге батылдық 
етпей дардай тұрып қалған. Бекбайдың қимылына қарсылық көрсетіп сақылдағаны сол еді. Мүмкін, 
Бекбайдың  қатты  ырғай  таяғы  оған  қатты  тиген  болса  керек,  таң  атқанша  қайтып  оралған  жоқ. 
Бекбай мен Мұстапа таң атып жерге жарық түскен соң барып қисайды. Бұл шақта боран әлі далада 
ұйқи соғып, керіш жылғаның іші құм, топырақпен түтеп тұр еді. 
 
 


  Түнімен  боранмен  алысып  әбден  болдырып  сілелері  қатқан  Бекбай  мен  Мұстапа  үңгір  аузына 
қисайып  ұйықтаған  беті  күн  әбден  көтерілгенде  барып  ұйқыдан  оянып,  бастарын  көтерді.  Боран 
тоқтапты. Боранның соңынан азырақ жаңбыр жауыпты. Үңгірдің аузына шыққан Бекбай : 
-Әй,әттегені-ай,  жаңбыр  жауғанда  ұйықтап  қалғанмыз-ай,  жаңбырға  киімдерімізді  төсей  қойсақ  бір 
талай су сығып алатын едік ! -  деді өкініп. Мұстапа да орнынан тұрып далаға шықты. Төңірек тып-
тыныш. 
-    Жүр,  Мұстапа,  әлгілерді  іздейік,  алдымен  мына  алдыңғы  жағымыздағы  биік  керішке  шығайық. 
Мүмкін, олардың баранын көрерміз, - деді Бекбай.  «Баранын көрерміз» деген сөз Мұстапаға едәуір 
үміт  әкелді.  Құнжаңдап  үңгірдегі  өзіне  тиісті  нәрселерін,  сынған  таяғының  жартысын  алып 
Бекбайдың соңынан ерді. Бекбай керіштің жаттық-жаттық жерлерімен қабырғалап отырып төбесіне 
шықты.  Бұл  шақта  қап-қара  болып  түнеріп  басып  тұрған  көктемнің  қою  қара  бұлты  да  батысқа 
аунап,  күн  әбден  ашылып  келе  жатыр  еді.  Бекбайлар  шыққан  керіш  едәуір  биік  екен,  солтүстіктен 
көлденеңдеп Бәйтік тауы көрінеді. Ал, оңтүстік жақтан бұлдырап шығыстан батысқа қарай созылып 
бір қарлы тау көрінеді, «па, шіркін! Боғда деген сол тау ғой» деді Бекбай күбірлеп. 
 
Бекбай  мен  Мұстапа  биік  керіште  төңіректеріне  көз  салып  едәуір  уақыт  отырды.  Бір  кезде 
шығыс жақтарындағы терең ағардан қайқайған қалың құлан бұларды қайран қалдырды.  
 
- Әне, қалық жылқы! - деп Мұстапа айғай салды.  
   - Жылқы емес, құлан деген сол. Бұл құанды қазақтар ішкін құлан дейді. Бұдан үлкен жылқы сияқты 
құлан бар, оны керқұлан дейді. Мыналар кәдімгі жабайы есек.  
 
- Е, - деді Мұстапа, - құланды көргенім осы. 
  - Менің де көргенім осы, бұрын мен де көрген емеспін. 
- Онда құлан екенін қайдан білдіңіз? 
-  Ойбай,  Мұстапа,  қузап  сұрай  бердің  ғой,  бұрын  естігенмін,  оқып  жүргенде,  кітаптан  суретін 
көргемін. Ересек адам болған соң білемін ғой. Құланнан басқа жылқы тектес аң жоқ емес пе,  - деді 
Бекбай. 
 - Құландардан соң, керіш арасынан топ-топ қара құйрықтар да шұбырып шыға бастады. 
 -  Кешегі  боранда  мына  хайуандардың  бәрі  осы  керішті  паналаған  екен  ғой.  Енді  өрістеріне  кетіп 
барады, - деді Бекбай. Ол өздері шыққан керіштің бас-аяғына көз тастап ұзақ отырды. Кенет оңтүстік 
жақтарындағы  терең  ағардың  ішінен  айғайлаған  дауыс  естілді.  Терең  жырадан  екі  адам  қалқиып 
шыға келді. Қолдарын бұлғайды. Бекбайларды жырада отырып көрсе керек. 
 -  Аналар  табылды!  -  деп  Бекбай  орнынан  ұшып  тұрып  айғай  салды.  Мұстапа  қуанғанынан  жүгіріп 
келіп Бекбайды құшақтай алды. 
Бекбай мен Мұстапа сүріне-жығыла биік керіштен түсіп Қапи мен Мұхаметтің қасына келді. Түндегі 
көрген-білгендерін Бекбай сөйлеп шықты. 
-  Сендерді  боран  ұшырып  кетіп  өлтірді  ғой  деп  ойлап  едік,  аман  қалғандарың  жақсы  болды,  -  деді 
Қапи. 
 -  Бізді,  -  деді  Мұхамет,  -  боран  біресе  ұшырып,  біресе  жығып,  бір  қалың  сексеуілдің  арасына 
кіргізді. Алғашында бір үлкен сексеуілдің ығына аз тыныстай қалып едік, боран тағы бір үдегенде ол 
да  пана  болмады,  боран  сындырып  ұшырған  сексеуілдің  бұтақтары  әуелі  жаралап  кететін  сияқты, 
желмен  ықтап  тағы  жөнелдік.  Бір  уақытта  мидай  тақырға  шыққан  екеміз,  құдай  сақтасын,  құмды 
бетімізге ұрғылағанда, тызылдағанын қой. Боран айдап отырып кедір-бұдыр бір жаман жерге келдік. 
Бір  аттасақ  бір  жығыламыз,  екі  аттасақ  екі  жығыламыз.  Ол  шақта  күн  батып  көзге  түк  көрінбей 
қалған болатын. Әйтеуір, бір шақта терең жыраға құлап түстік. Сол жырада қозғалмай отырып таңды 
атырдық.  Боран  таңға  аз  қалғанда  бәсеңдеп  еді,  әбден  таң  атқанда  басылды.  Боран  басыла  көзіміз 
ұйқыға кетті. Содан оянғанымыз жаңа ғана. Аздап жаңбыр жауыпты ғой. 

- Әйтеуір, аман жолыққан соң болды, - деді Бекбай. 
 -  Мен  әуелі  сендерді  бүйтіп тірі қалды деп ойлағам жоқ, сүйектері  де табылмайтын болды  ғой деп 
едім. Құдай оңдағанда аман-сау жолықтық, бұл да олжа ғой, - деді Қапи.  
Төрт жүргінші азырақ шүйіркілесіп, түн бойы көргендерін айтысқан соң, Қапидың бастауымен тағы 
жолға шықты. Дөңнің үсті үлкен тай шаптырымдай жазық екен. Дөңнің оңтүстік қабағына келгенде 
Қапи алысқа көз тастап аз тұрды: 
 - Құдай жолымызды оңдады!- деді ол қуана дауыстап. 
 - Жолымыз оң ба екен? - деді Бекбай. 
 
 - Кешеден бері адастық қой деп зәрем қалмап еді, дәл қырық құдықтың тұсына келіппіз, Алла 
құмға бір жеткізсе құмның үстіндегі жазықтың шетінде ғана құдық бар еді, - деді Қапи. 
 
- Бірақ, Қапеке, құм әлі алыс сияқты ғой, - деді Бекбай.  
 
- Жоқ, әнеу көлденең ақшыл бұйра болып көсіліп жатқан Елсіннің құмы, - деді Қапи. 
Қапи  жер  зұрығын  танып  қатты  қуанғандықтан,  бүгінге  ішер  судың  жоқ  екенін  есінен  шығарған 
болатын.  Құмға  қарай  қайқайып,  күн  түс  ауып,  алдыға  басқан  аяқтары  кері  кетіп,  бәрі  қаңсып 
шөлдеген шақта барып Қапи торсықта су қалмағанын есіне алды. Тағы бір аласа белегірге отырып, 
Бекбайдың  иығындағы  торсықтарды  тостағанға  сарқыды.  Екі  торсықта  әрең  ғана  орта тостағанг  су 
бар екен. Су болғанымен тері  торсықтың ішінле иістеніп борсып кеткен су еді. Қапи Мұхамет пен 
Мұсапаға зорлап судың үштен екісін ішкізді. Үштен бірін Бекбайға берді. 
- Өзіңіз ішіңіз, - деп Бекбай Қапиға қайта ұсынып еді, қапидың қабағы түйіліп кетті: 
-  Бекбай,  ең  соңғы  үміт  сенде  ғана  қалды.  Құмның  астыңғы  жағында  терең  қамысты  ағын  бар. 
Мүмкін,  сол  қамыстың  маңайынан  бірлі-екілі  қаңғыған  ірі  қара  мал  кезігетін  шығар.  Соған 
жетсеңдер, құмның үстіңгі жағында да ағар бар, ағардың батыс жақ жағалауында бір құдық бар еді, 
мүмкін,  қырыққұдық  төңірегінде  мал  төлдеткен  ел  де  бар  шығар.  Бұдан  соң  тостағандарыңды 
қалталарыңа салыңдар. Әр кімің сигің келгенде тостағанға сиіп ішіп отырыңдар. Жандарың сонымен 
қалады. Мә, Бекей, соңғы бір ұрттам суды сен іш. 
- Бекей аға, ішіңіз, - дегенде Мұхаметтің көзіне мөлтілдеп жас іркілді. 
Бекбай  тостағанды  қөлына  ұстаса  да,  мына  бір  ұрттам  су  кеңірдегінен  өтпейтін  сияқты  сезілді. 
Тостағаны аузына апармай дардай отырды. 
-  Мен  деген мына екі  бала үшін ғана жарқ дүниенің михынатын тартып келемін. Осы екі  бала елге 
аман-есен жетсе болды, менің де бұл дүниедегі өтеуге тиісті борышым аяқталды, - деді Қапи. 
Қапидың бұл суды ішпегеніне Бекбайдың көзі әбден жетті. Қаидың халінің тым нашарлап кеткенін 
де  білді.  Өзінің  саптаяқ  ұстаған  қолының  еріксіз  дірілдегенін  сезді.  Қапиға  қарап  еді,  оның  көзі 
өңменінен өте қадала кетті.  
-  Іш,  Бекбай.  Айналма,  уақыт  қымбат,  -  деді  Қапи  зілді  дауыспен.  Қапидың  сөзі  Бекбайға  бұйрық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет