Лекция №6 Тақырыбы: Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктері


Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мәселелер



бет6/6
Дата13.04.2022
өлшемі22,59 Kb.
#30847
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мәселелер.

Ыбырай өзінің бүкіл өмірі мен күш-жігерін халық игілігі жолындағы күреске арнап, қайткен күнде де қоғамдық өмір үшін «пайдалы білім болуын» арман етті. Сондықтан да ол өзі көрген, кейбір істерінің терістігіне көзі жеткен Ұлы Дала өміріндегі әділетсіздіктерге қай жерде де батыл араласып, көпшілік бұқараның мүддесін сақтап қалуға бар мүмкіншілігін пайдаланып отырды. Әрине, әділетсіздік пен теңсіздік үстемдік етіп тұрған дәуірде Ыбырайдың демократиялық бағыттағы көптеген әрекеттері мен ұсыныстары сәтсіздікпен аяқталды, көздеген. мақсатына жете алмады. Барлық мәселе оларды Ыбырайдың сол дәуірде көтере, қоғамдық өмірдің күн тәртібіне қоя білуінде еді. Бұл, сөз жоқ, Ыбырайдың қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарының анық сипатын, дүниетанымының тереңдігін танытады.



Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі ескі әдетке, әсіресе, рушылдық, феодалдық әдет жолымен жүргізілетін зорлықзомбылықтың бәріне де қарсы тұрып, халық мақсатын көздеді, мұны төмендегі хаты дәлелдейді: «Менің екі немере туысқаным болыстыққа таласып, он жылдан бері араздасып жүр еді, бүкіл болысты екі партияға бөліп жіберген бұл талас өте қатты шиеленісіп, ұрысқа жетіп, әлеуметтік күйзеліске әкелген болатын. Мен келісімен жай бұқара халық мені туысқандарын татуластырар деп үміттеніп, менің бұл іске араласуымды сұрай бастады. Менің татуласыңдар дегеніме әлгі ақымақтар көнбеді, сондықтан халыққа: бұл таласып жүрген адамдарды болыс сайламаңдар, басқа бір адамды сайлаңдар деуіме тура келді» [2, 196 б.]. Ыбырайдың сол тұстағы қазақ қоғамында көптеп орын алған баққұмарлық, басараздық әдеттерден өз басын жоғары қойғандығына бұл үлкен дәлел. Алтынсарин қазақтың жазба тілінде алғаш сөйлеуші және әліппесін қалыптастырушы ғана емес, тұңғыш халық грамматикасын да қалыптастырушы. Халық поэзиясы мен кітаби шығармалардан тұратын халықтың сауат ашуына арналған алғашқы жинақты құрастыруды бастаған да Ы. Алтынсарин. Ыбырай туралы айтқанда оның өз дәуіріндегі бүкіл халықтың көзін ашу оңай болмағандығын ғана айтып қою мүлде аздық етеді. Ол сол тұстағы Қазақ Даласына оқу мен білімді, ғылымды танытушы ғана емес, ғылым жолындағы жұмсалған қайраткерліктің де жанды үлгісі болды.

Ы. Алтынсарин өзі өмір сүрген дәуірді қазақ халқының көшпеліліктен отырықшылыққа, өркениетке өту дәуірі деп бағалады. Ол халық ағарту жұмысы мен оқу мәселелерін қалың бұқараның талап-тілегі, мүдделеріне сай шешуге тырысып отырды. Ағартушы оңай олжа табуға ұмтылуға ешқашан теңеспейтін қоғам үшін өте пайдалы және үнемі дамитын ғылымдарды меңгеруге шақырды. Ол өз ойын оқырманға дерексіз әңгімелеу жолымен емес, белгілі нақтылы мысалдар негізінде шебер жеткізе білді. Оның көптеген шығармалары қазақ қоғамына қатысты мәселелерді көтерді, идеялық жағынан ол мәселелер Орыс және Еуропа ойшылдары шығармаларымен үндесіп жатты. Ол өз кезіндегі қазақ шындығын дұрыс бағалай білді. Бұл жағынан алғанда, өз қызметі арқылы қазақтың қоғамдық-әлеуметтік ойын жаңа да бағалы пікірлерімен байытты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет