Лекция №6 Тақырыбы: Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктері


Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс идеясының маңызы



бет5/6
Дата13.04.2022
өлшемі22,59 Kb.
#30847
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс идеясының маңызы.

Тәуелсіз Қазақстан тарихы үшін Ш.Ш. Уәлиханов – дәстүрлі қазақ қоғамының тарихы мен мәдениетіне терең бойлап, халқының болашақ дамуының, тарихта дербес дәрежеге жетуі мен прогрессивті дамуының стратегиясын анықтаған ұлтжанды тұлғаның үлгісі. Түркілер мен қазақтардың тарихы мен мәдениетін ауқымды көзқараспен шолып, оларды орыс зиялылары мен патшалық самодержавиесы үшін ғана емес, әлемдік ғылым мен мәдениетке танытуы Ш.Ш. Уәлиханов шығармашылығын қазақ халқының тарихи тағдыры үшін баға жетпес феномен ретінде бағалауға негіз болды. Қазақ халқы үшін отарлық тәуелділік жағдайында аса қажетті әлеуметтік прогресс жөніндегі мәселені ерекше өткірлікпен көтерген оның теориялық тәжірибесін бірқатар себептермен жаңа тарихи жағдайда қайта ұсынуға болар еді. Біріншіден, мұндай тәжірибе өзара мәдени ықпалдар мен мәдени қарымқатынастардың түйіскен тұсында пайда болды, сондықтан ол өзара түсіністік философиясы дискурсында жинақталған қазіргі көзқарастарға жақын тұрады. Екіншіден, шын мәнісінде, Ш.Ш. Уәлиханов өзінің шығармашылық мұрасында Қазақстанда қазіргі мәдениет пен саяси тәжірибе басшылыққа алып отырған қазақ даласындағы әлеуметтік прогресс түсінігіндегі еуразиялық ұстанымды айқындап берген. Үшіншіден, оның даму жағынан кенжелеген қазақ қоғамының әлеуметтік дамуының мәні туралы түсінігі халық тағдырына алаңдаулы қоғамның саяси элитасы мен озық өкілдердің саяси ұлттық сана-сезімінен бастау алған. Ресейдің ықпалды тап өкілдерінің қазақтарға деген мұндай қатынасы қазақ ағартушылары тарапынан наразылық туғызды және олар отарлаушыларды қатал сынға алды. Олар, шын мәнінде, Қазақстандағы патша әкімшілігі шенеуніктерінің тонау әрекеттерін қатты сынады. Зардап шеккен халықтың ауыр тағдырын жеңілдету жолдарын табу үшін шын ниетімен қам жеген Ш. Уәлиханов Ресейдің прогрессивті адамдарына үндеу тастап, күреске көмектесуді шақырды және олардан қолдау іздеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет