Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет8/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   93
қарама-қайшылықтар
туындап отыр.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру, зерттеу 
мәселесін айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын 
«Болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап 
оқыту технологиясы арқылы дамыту», - 
деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты:
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың
теориялық-әдіснамалық негіздерін нақтылау және оның әдістемесін тәжірибелік 
эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу. 
Зерттеу нысаны: 
Жоғары оқу орындарындағы біртұтас педагогикалық 
үдеріс.
Зерттеу пәні:
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап 
оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың әдістемесі
оны ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеу болжамы: 
егер, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың 
теориялық қағидаларына сәйкес оның әдістемесі жасалып, оқыту үдерісіне 
ендірілсе, онда болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекеті жоғары деңгейде дамиды, өйткені, бұл жағдайда болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту технологиясы туралы білімдері 
кеңейіп, оқу іс-әрекетінде жүзеге асыруға негіз болады.
Зерттеудің міндеттері 
1.
Жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті 
дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін нақтылау;
2.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
 
зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың әлеуетін анықтау;


12 
3.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
 
зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың құрылымдық-мазмұндық 
моделін жасау;
4.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту мақсатындағы тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс барысында әдістеменің тиімділігін тексеру және 
ұсыныстар даярлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет