Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым



бет2/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Бөлім I.
Мектеп курсындағы геометрияны
оқытуға қойылатын педагогикалық және
психологикалық жақтары.

§1.Мектеп курсындағы геометрияны оқытуға


қойылатын педагогикалық және психологикалық
талаптары.

Педагогика және психология ғылымдарның көкжиектері.


Педагоика – дамуды тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Тәрбие – дегеніміз адамның рухани дамуына және қоғамдағы өмірі мен еңбегіне дайындық жұмысына басшылық ету. Сонымен қатар тәрбие жұмысына баланың өндіріс пен мәдениеттің дамуында белсенділік көрсетуі, оның адамдық болмысының қалыптасуы, білім алуы, оқып-үйренуі, яғни, жеке адамның жан-жақты қалыптасу құбылысы жатады.
Жалпы, педагогика жеке адамның мінез – құлқының, ой – қиялының, таным – тәрбиесінің, табиғи болмысының қалыптасуын бағыттауда адамзаттың осы кезге дейін жинақталған жүйеленген бай іс – тәжірибесін, ғылым жетістіктерін басшылыққа алады.
Қазақстанның өз алдына ел болып, отау ктеруіне сай бүкіл ғылым мен білімнің дамуы қайта қарап шығуды қажет етеді. Соның ішінде педаогика және психология ғылымдарының алатын өзіндік орны, атқарар қызметі бар. Оның табыстарын орынды қолдану, мүмкіндігінше кеңінен пайдалану бүкіл қоғамымыздың дамуына тікелей әсер ете алады.
Соңғы кезде република өмірінде болып жатқан күрделі өзгерістермен бірге педагогика саласында да айтарлықтай бой көрсете бастады. Халқымыз өз болашағына жауаптылықпен қарап, өсіп келе жатқан жаңа буынға қалай білім беріп, қалай тәрбиелейміз деген заңды сұрақ қойып отыр. Бүкіл білім беру жүйесінде демократияландыру, ізгілендіру принциптерін кеңінен енгізу қажеттігі туды.
Теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда педагогика мен психология саласындағы түбегейлі зерттеулердің алдында мынадай түйінді мәселелерді шешу проблемасы тұр: жаңа мектептерге сай білім мазмұнына жетудің жолдары мен әдістері қандай, оны республикамыздың жаңа идеологиясымен қалай ұштастырамыз, оқудың тиімділігін анықтаудың сындарлы жолдары қандай, үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру үшін қандай теориялық және әдіснамалық негіздерге сүйену керек, педагогикалық жаңалықтарды өмірге енгізудің оңтайлы әдістері қандай т.б.
Жаңа білім беру мен тәрбиелеу теориясын қалыптастыру үшін педагогика ғылымының алдында адамды бүтіндей тану проблемасы, соның ішінде оның микродүниесіне сай мінез құлқын ескере отырып әсер етудің ұтымды жолдарын анықтау тұр. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мүмкіншіліктеріне орай қызмет ететін біртұтас педагогикалық жүйені қалыптастыруға байланысты психология саласында жүргізуге тиісті зерттеулер көп – ақ. Солардың бірі «Полиэтникалық әрекеттесу жағдайында дара тұлғаның онтогенездегі дамуының психология ғылымының кандидаты А. Нурахунованың жетекшілігімен жас ерекшелігіне сай әрбір адамның өзіне ғана тән ерекшеліктерімен қатар жалпылама сипаттамаларын да анықтау бағытында зерттеу жүргізіліп отыр. белгілі бір жасқа сай келетін сатыда баланың мінез – құлқындағы және әлеуметтік өзгерістегі, ең бастысы, оның санасына, қоршаған ортаға қатынасына, бүкіл дамуына тікелей әсер ететіні анықталады.
Мұнымен қатар қазіргі заманның талбынан шығатын тақырыптың бірі – «Қазіргі мектепте білім беруді дамытудың негізі ө оқытудың жаңа ақпараттық технологиялаы» деп аталады. Физика – маематика ғылымының кандидаты Ж. Қараев жетекшілік ететін зерттеушілер оқыту мен тәрбиелеу ісіне компьютерді қолданудың психологиялық – педагогикалық тұжырымдамасын дайындап, бүкіл мектептік білім берудің әдістемелік жүйесінде жаңа ақпараттық технологияның атқарар қызметі мен мәнін анқтаумен айналысады.
Егеменді ел өз алдына тәуелсіз мемлекет болып, Қазақстан Республикасының дүние жүзіне танылуы үшін ғылым мен білім бағытында жұмыстар атқарылуы тиіс.

1.2. Халық педагогикасын геометрия сабақтарында


насихаттау

Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халқтық педагоиканы тәлім – тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата - ананың да, мектеп ұйымының да асыл борышы. Әсіресе, халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ат салтын ұмытып, имандылығы азая бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың үлкен міндеті.


Халқымыздың бала тәрбиесінде атам заманнан жинаған мол тәжірибесі бар. Оны халқымыз ең жақсы қасиеттермен байытып, ұл – қыздарының бойына сіңіріп отырған, халықтық тәрбие ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім – тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, өсіп - өркендеп, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, осы күнге дейін жетіп отыр. Осы мұрамызды ескеріп жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің жасалып жатқан тұжырымдамасында қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесі, салт-дәстүрлері, шаруашылық жүргізу тәсілдері, рухани байлық, сондай-ақ республиканың тарихи экономикалық экология ерекшеліктері барлық пәндерді оқытқанда көрініс беріп отырса құба-құп болар еді.
Геометрия пәнін оқытудағы тәжірибелерде шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақты тұрмыстық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы түсінік беруге болатынына көз жеткізуге болады. Геометрия сабақтарында шәкірттерді халықты педагогика негізінде тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырады.
Мектепте геометрия пәнін оқушылардың оқып-үйрену үрдісі кезінде олардың геометрия бойынша (алынған) қабілетін (геометриялық қабілет) дамыту үрдісімен қабаттаса жүруі қажет. Геометрия пәніне деген қабілет – ойлау қабілеті, шығармашылық қабілеті, т.б қабілеттер түрінде көрініс беруі мүмкін. Кез келген қабілет, оның ішінде геометрияға деген қабілет әрқашан даму үстінде болуы шарт, олай болмаған күнде, тоқырауға ұшырайды немесе жеке тұлғаның қабілеттен айырылу үрдісі басталуы мүмкін. Сондықтан оқу үрдісінің алдына мақсат қойғанда немесе күнделікті тақырыптың масатын қойғанда жоғарыда айтыған мәселелер қамтылуы керек.

§2. Геометрия сабақтарындағы оқушылар білімін дамыту.


Геометрияны оқытудың басты мақсаттарының бірі оның теориялық негіздерін білу және оларды практикада қолдану дағдыларын меңгеруде. Сонымен қатар оқушылардың логикалық ойлауын, дәлелдеу қабілетін, талқылауларды себептеу, ойды дәл және анық тұжырымдай білу мәселелері де маңызды міндеттер болып табылады. Геометрияның мектептік курсын оқытуда бұдан басқа да мәселелер шешіледі. Олар: оқушылардың жазықтық, кеңістік түсінігі мен елестете білуін дамыту, қоршаған ортаны геометриялық тұрғыдан көре білу және т.б.
Мектеп геометрия курсының көкейтесті мәселері ол – бұл курстың
мазмұнының ғылыми құндылығын, оқу материалдарының түсініктілігін арттыру, мамұнды геометриялық есептердің ролін күшейту, оқушыларды шамадан тыс жүктемелерден құтқару және т.б.
2.1 Оқушылар білімдерін жүйелеу.

Әр сабақ – мұғалімнің шығармашылығына қажет үрдіс. Сабақтың мазмұнды өтіп, оқушылардың оқу материалдарын тез меңгеруі үшін қалыптасқан оқу әдістері мен тәсілдерін халықтық педагогикамен ұштастыра отырып өткізудің геометрия пәніне әсері зор.


Қазіргі таңдаған мектеп оқушыларының геометриялық білімін талапқа сай деп айтуға болмайды. Жоспар бойынша геометрияны оқып үйрену үшін айтарлықтай уақыт бөлінгенімен, көп жағдайда, білім формальді болып, естен тез шығып кететіні бәрімізге мәлім.
Мұның негізгі себебі, оқыту әдістемесінің кемшілігі екендігі талас туғызбайтын мәселе. Қолданылып жүрген дәстүрлі оқыту әдістемесі оқушы бойында тезірек дағды қалыптастыруға бағытталған.
Оқушылардың геометриялық қабілетін қалыптастыру және дамыту
туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ оқушылардың бойында пәнге деген қызғушылықты оятпайынша, олардың геометриялық қабілетін қалыптастыру да, дамыту да мүмкін емес.

2.2 Оқушылардың білімін дамытуда


пайданылатын оқытудың заңдылықтары.

Математика пәні басқа пәндерге қарағанда оқушылардың ойлау қызметі мен есте сақтауын көбірек қажет етеді. Сондықтан математика сабағын ұйымдастыру үрдісінде оқушылардың ойлау қызметін арттыруға, ынталандыруға ерекше көңіл аудару керек.


Оқушыны ынталандыратын буындарға төмендегі үрдістер жатады:


а) анықтамалар, теоремалар, заңдар және әртүрлі ережелер мен
соған сәйкес түрі өзгертілген ережелерді материалдармен танысу
кезінде еске түсіру, есеп шығаруда пайдалану;
ә) модельдер, графикте, диаграммалар, суреттер арқылы көрнекі
бейнелерді елестету;
б) белгілер мен символдарды түрлендіру, қолдану;
в) түсінуге көмектесетін түрлі талдаулар мен пайымдаулар жүргізу.

Тағы бір заңдылық « Кең көлемдегі материал ынтасыз меңгеріледі. Кейбір материалдар көлемі көп болса, оқушы оны үйде қызықсыз оқиды, не мүлдем оқымай қояды. Сондықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде сол параграфтың қай жерін оқу керек, қай жерін тастап кетуге болатынын ескерту керек».


Көбінесе мұғалімдер ережені жаттауды талап етіп, практикалық жұмыс жүргізбейді, бұл сол материалдың ұмытылуына әкеліп соғады.

Әрі қарай бірнеше заңдылықтарды айтып көрелік:


1.Егер оқушы түсіндірілген материалды меңгеруге бағытталған белсенді
ойлау қызметін атқарса, ол сол материалды оңай меңгереді.
2. Ойлау қызметінің кез келген түрін қолдану материалды тиімді түрде
меңгеруге әкеледі.
3. Материалды түсіріндіруден кейінгі ең алғашқы уақытта ұмыту
кездеседі де, кейінгі жұмыс кезінде біртіндеп жойылады.
4. Материалдарды әр түрлі жолдармен қызмет аясын кеңейтіп қайталау
сол материалды бір ғана түрде меңгеруден пайдалы болып таблады.

Мысалы: Сабақ кейде үй тапсырмасын тексеруден басталса, кейде жаңа сабақ түсіндіріліп содан кейін үй тапсырмасы тексеріледі. Сонда психологтардың айтуы бойынша сабақты ұйымдастырудың екінші түрі тиімді көрінеді. Оқушының қабылдануының да бірнеше заңдылықтары бар екен.


Біздің қабылдау органдарымызға аз күш түсіретін ойластырылған анықталған жүйемен түсіндірілген материалды қабылдау жеңілденеді. Алдын - ала бақылай білуге даярлық, нақты қойылған мақсат ол адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қабылдауды байыптады.
2.3.Оқушыардың математикалық қабілеттерін
дамыту.

Қазіргі мектепте оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың оқушыны субъективті жеке тұлға деп қарауға бағытталуы қоғамның әлеуметтік қарым–қатынастарды гуманизациялауға деген қажеттілігінен туындайды.


Ең жалпы жағдайда, оқытудағы негізгі мақсат оқушылардың дамуы, соның ішінде олардың интелектуалдық дамуы болып табылады.
Оқу мен тәрбиенің интеллектуалдырылуы оқушылардың ой-өрісінің, ойлау қызметінің дамуымен байланысты. Ал олардың ой - өрістерінің, ойлау қабілеттерінің дамуы жалпы қабілеттердің, соның ішінде матемаикалық қабілеттердің қалыптасуы мен дамуына да байланысты болып келеді.
Оқушылардың математикалық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытуға – бағытталған интенсивті оқыту жүйесін құру математикалық қабілет ұғымын, оның құрылымын, ойлаудың сабақтастық деңгейлерін қалыпастыруды талап етеді.
Оқушылардың оқып – үйрену қабілеттері салыстырмалы түрде, өзіндік
оқу–танымдық қабілет тобын құрайды. Оқуға деген қабілеттілік білімді тез игеру мен оны дұрыс қолдану, стандарт емес есептерді шығара алу т.с.с. іс - әрекеттерді өз – бетімен жүзеге асыруда айқын байқалады.
Математиканы оқыту деп математикалық білімді игеруге үйрету мен сол білімге ие болудағы танымдық іс - әрекеттің дидактикалық негізделген үйлесімділігін түсінеді.
Оқыту үрдісінде математикалық білімді, біліктілікті жән дағдыны игеру мен қолданудың ерекшеліктеріне негізделген іс-әрекетті шартты түрде математикалық іс-әрекет деп атайды. Әрине оқу – математикалық іс-әрекет ғылым – математикалық іс-әрекеттен өзгеше, бірақ оқушы өзінің даму шеңберіне пара-пар математикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға қабілетті
Оқушыларда, математиканы оқып үйрену кезінде қалыптасатын математикалық қасиеттін құрлымын арнайы зерттеген ғылм-педагог В.А.Крутецкий математикалық қабілет ұғымына келесідей сипаттама береді.
Математиканы оқып – үйрену қабілеттілігі деп оқу үрдісінде атқарылатын математикалық іс-әрекеттің талабына сай және әр түрлі тең жағдайларда математиканы пән ретінде шығармашылық деңгейде (мысалы математикадан білімді, біліктілікті, дағдыны салыстырмалы түрде тез, терең игеру т.с.с) игеруді қамтамасыз ететін жеке даралық-психологиялық ерекшеліктерді түсіну қажет.
Математикалық жалпы қабілет құрылымы келесідей негізгі компонеттерден тұрады:
Математикалық материалдың мазмұнын формалды деңгейде қабылдау,
есептің формалды қалпын түсіну.
Математикалық объектілерді, қатынастарды және амалдарды тез және
кең түрде жалпылай алу.
Математикалық ойлау үрдісін және оған сәйкес әрекеттер жүйесін
ықшамдау, ықшамдалған құрылым бойынша ойлауды жүзеге асыру.
Математикалық іс-әрекет негізінде туындайтын ойлау үрдісінің икемділігі.
Ойлау үрдісінің тездігі және еркін түрдегі бағыттылығы ойлаудың тура бағытынан оған қарама-қарсы бағытына көше алу.
Айқындыққа, қарапайымдылыққа, икемділікке және тиімді ойлауға талпыну.
Математикалық есепті шығара алу.

Әр түрлі қабілетттердің айқындалуы мен олардың дамуы тек іс-әрекет


үрдісінде жүзеге асатыны көптеген ғылымдардың еңбектері арқылы дәлелденіп отыр.
Математикалық қабілеттің ойлау іс-әрекетіндегі «затандырылуын» математикалық ойлау деп қарастыруға болады.
Математик ғылымының дамуы бағыттарына сәйкес математикалық
ойлаудың келесіндей төрт типі айқындалған: логикалық, формалдық, интуициялық және амалдық.
Математиканың әр түрлі салаларына, ерекшеліктеріне байланысты
математикалық ойлаудың компоненттерінің келесіндей топтары да бөлініп көрсетілген.
Аналитикалық, геометриялық, гормониялық.
Алгоритімдік, геометриялық, логикалық.
Екінші топтағы компонеттердің нақты сипаттамасы келесіндей:
Күрделі әріптік өрнектерді тиімді түрлендіре алу (есептеу қабілеті);
Геометриялық есептеу;
Дәйекті логикалық ой жүгірту.

Геометриялық қабілет.


а) берілге кескін үйлесімін талдау және толықтыру ( суреттерді,
фигуралардың модельдері немесе ойша елестетуді есептерді шығару
идеясын іздестіруде қолдануды қоса есептегенде) негізінде қажетті
мәлеметтерді ала алу;
ә) берілген есептердің мәлеметін геометрия тіліне көшіре ал және
геометриялық емес есептерді шешу үрдісінде көрнекілік бейнелерді
қолдана алу.
Геометрияны оқыту барысында оқу мақсатарын категорияларға бөлу және оны жүзеге асырудың әдітемесі.
Геометрияны оқыту әдістемесі – геометрия пәнінің ерекшеліктеріне
негізделген оқу – тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру геометрияны оқыту және геометрия пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Геометрияны оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, сондықтан да ол
қоғамның талаптарына сай, педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес құрылады.
Геометрияны оқыту әдітемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың геометриалық білімді санасы меңгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды. Дегенмен, әдістеме мұғалімге арналған ережелер мен тәлімгерліктің жиынтығы емес, геометрияны оқыту үрдісінің заңдылықтарын зерттейтін, мұғалімнің творчестволық ізденуіне бағыт беретін ғылым болып саналады.
Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын, оқытудың әдістері мен түрлерін, тәрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне әдістеме оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды. Сөйтіп, геометрияны оқыту әдістемесі мына сұрақтарға жауап іздейді:
Геометрияны неге оқытады?
Геометриядан нені алып оқытады?
Геометрияны қалай оқытады?
Геометрияны оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
Геометрияны оқытудың жалпы әдістемесі.
Геометрияны оқытудың арнайы әдістемесі.
Геометрияны оқытудың нақты әдістемесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет