«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет14/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97
Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уақытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас шалқасынан жатады, тек ұсақ буындарын қозғалтуға рұқсат етіледі, күтімді толығымен мейірбике жүргізеді.

  • Төсектік (аурудың жеделдеу сатысында тағайындалады) науқас жатады, төсекте бұрылуға, ірі буындарын қозғалтуға болады, жартылай өзін-өзі күтім жүргізуге рұқсат етілуі мүмкін.

  • Палаталық, науқас уақытының көбін төсекте өткізеді, палатада жүруге болады, палатадан тыс шығуына болмайды, жекелей немесе топты ЕШК жаттығулары аздаған салмақ түсірумен палатада жүргізіледі, толығынан өзін-өзі күтеді.

  • Жалпы, уақытының көбін жүрумен өткізеді, барлық емге баруына болады, топты ЕШК жаттығулары аз және орташа салмақ түсірумен арнайы залда жүргізіледі, толығымен өзін-өзі күтеді, далаға шығуға болмайды.

  • Аялағыш-жаттықтырғыш, күндізгі уақытта төсекте жатуына болмайды. (Тыныштық сағаттарынан басқа уақытта), ЕШК жаттығулары тек топты тәсілмен орташа және үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі, еңбекпен емдеуді тағайындауға болады, далада серуендеуге немесе жаттығуға болады, спорт ойындарының элементтері тағайындалады.

    Шипажайлық емге жаттықтырғыш тәртіп қолданылады. Науқас мекеменің барлық шараларына қатысады, ЕШК жаттығулары үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі. Науқастардың медициналық, тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіптік реабилитациясы мақсатында қалпына келтіру шараларының неғұрлым толық бағдарламасы тағайындалады.

    Науқастың жеке бас тазалығы

    Тері күтім. Ойылулардың алдын-алу және емдеу. Төсек орын мен іш киімді ауыстыру.


    Науқастың жеке басы тазалығын сақтау, палата мен төсек орнын таза ұстау емнің нәтижелілігі үшін қажет. Аурудың ағымы мен нәтижесі үшін науқас жатқан ортаның маңызы зор. Бұл ең алдымен палата тазалығы, таза төсек – орын, жеке басы тазалығы ережелерін сақтау, науқасты уақытымен тамақтандыру.
    Ауыр хәлдегі науқастарға төсекте неғұрлым ыңғайлы жағдай жасау қажеттігі төсектің құрымына белгілі бір талаптар қояды. Науқастың төсектегі қалпы ыңғайлы, төсек-орны таза, матрац тегіс болуы керек.
    Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау үшін жастықшаларды, қосымша жастықтарды, жұмыр жастықтарды, аяқтарға тіреуіш және омыртқасы зақымданған науқастарды жатқызу қажет болғанда ағаш тақта пайдаланады. Нәжісі мен зәрі тоқтамайтын науқастардың матрацының үстіне клеенка төсейді.
    Жастықтар орташа болуы қажет, кейде науқасқа биік жастықша (ауыр ентігуде), кейде төмен (наркоздан шығарда) немесе жастықсыз жатқан ыңғайлы.
    Денесін сүрту
    Егер науқасқа жартылай өңдеу – денесін сүрту – тағайындалса, онда жылы су, сүлгі, клеенка, көрпе дайындап алған жөн. Суға антисептикалық әсер ететін зат (калий перманганатын) қосуға болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет