―Географиясы‖ (ел тануы), Птолемейдің ―География жӛніндегі
нұсқауы‖ (геогр. координаттары кӛрсетілген елді мекендер тізімі)
жатады. Орта ғасырларда География Қытайда, Парсы, Орт. Азия
және Араболып келді. 16 ғ-дан бастап География аса маңызды ғы-
лымға айналып, жеке салаларға бӛліне бастады. Осы кезеңдерге Г-
ның ерекше ғыл. тілі картография қалыптасты. Ұлы геогр.
ашылулардың ғыл. қорытындылары голланд ғалымы
Б.
Варениустың―Жалпы география‖ атты еңбегінде (1650 ж.)
жинақталды. 17 — 18 ғ-ларда түрлі елдердің табиғат жағдайларын
зерттеуге және оларда ӛтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге
кӛңіл күшейе түсті (Г. Лейбниц, Ж. Бюффон, М. В. Ломоносов). 19
ғ-да неміс саяхатшысы А. Гумбольдт ӛзінің ―Космос‖ (1845—1862)
атты еңбегінде физ. географияның міндеті — табиғат
құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі ӛзара
байланыстарын зерттеу десе, неміс географы К. Риттер ӛзінің ―[[Dіe
Erdkunde іm Verhalt-nіs zur Natus und zur Geoschhіchte des
Menschen[[‖ (1822 — 1859) еңбегінде Г-ның басты міндеті —
табиғаттың адамға тигізер әсерін зерттеу ғана деп түсіндірді.
География ӛзінің одан әрі даму сатысында (18 ғ.) геологияға, 19 ғ-
дың 1-жартысында экон. (алғашында ―статистикалық‖) және физ.
геогр-ларға жіктелді. Г-ның зерттеу объектілері мен тәсілдері
күрделене түсіп, 20 ғ-дың басында
География ғылымдарының
жүйесін қалыптастырды. Г-лық ғылымдар негізінен 2 топқа
бӛлінеді. Физикалық географиялық ғылымдарға: физикалық
география (ӛз кезегінде жертану, ландшафттану, палеогеография,
елтану, т.б. салаларынан тұрады),
геоморфология, климатология,
құрлық гидрологиясы, мұхиттар гидрологиясы, гляциология,
геокриология, топырақ
географиясы,
биогеография; қоғамдық
географиялық ғылымдарға: экономикалық география, әлеуметтік
география
,
ӛнеркәсіп
географиясы,
ауыл
шаруашылық
географиясы, транспорт географиясы, халықтар географиясы,
мәдениет географиясы, саяси география, т.б. кіреді. Бүкіл
География ғылымдары картографиямен тығыз байланысты.
География табиғатты зерттеуде физика, химия, геология және
биология, т.б. ғылымдармен ұласып отырады. Қоғамдық-аймақтық
зерттеулерде экономикаға, социологияға,
демографияға арқа
сүйейді. Олармен түйіскен бағыттарда жаңа ғыл. салалар —
аймақтық экономика, геодемография, т.б. бӛлінеді.