Нурмуратова алия муратовна



бет13/13
Дата31.12.2021
өлшемі241,35 Kb.
#23079
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Зерттеудің әдістері. Тақырып ерекшелігіне және жұмыс мақсатына байланысты диссертацияда тарихи-салыстырмалық және сипаттамалык, сандық (статистикалық) зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу жұмысынын құрылымы. Диссертациялық зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА АЯСЫНДА ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1. ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ГЕНДЕР МӘСЕЛЕСІ
Жaңa зaмaн лингвистикaсы пaрaдигмaсы aдaмды тiлдiк тұрғыдан жан-жақты танып білуге бағытталған. Тiл адамзаттың дамуы мен жан-жақты жетілуіне əсер етеді. Ол – адамның туа біткен қабілеті арқылы жеткен, тұлғаның тілдік ортадағы қарым-қатынасы барысында қалыптасқан жетістігі. Тіл тек денотативтік (таңбалық) сипатты құрал ғана емес, сонымен бірге коннотативтік құрал. Тілдің əлеуметтік қызметін дамыту – ХХI ғасыр тіл білімінің бірден-бір сұранысы, уақыт уағызы. Кейінгі кездерде ғалымдар адамның биологиялық жынысынан гөрі əлеуметтік жыныс мəселелерін сөз етуге бет алды. Мəдениет аясында еркек пен əйелге тəн қалыптасқан (еркектік, əйелдік) жəне тілде көрініс беретін мінез-құлық ерекшеліктерін біліп, түюдің мəні зор. Ол жыныс өкілдерінің қооғамдағы əлеуметтік орнымен белгіленеді. Жынысқа байланысты тілдік жіктелім туралы айтқанда, адамның биологиялық айырмашылығын емес, «мəдени-əлеуметтік

құрылымын» танытатын жынысы, яғни гендер сөз болмақ. Гендер ұғымы адамның туа біткен жынысымен қатар қоғамда, əлеумет ішінде мəдени институттар (тіл, отбасы, білім беру,т.б.) ықпалы нəтижесінде қалыптасатын əлеуметтік мəдени жынысы тағы бар екендігін білдіреді. Жыныс – адамдардың био-физиологиялық айырмашылықты бітімін білдірсе, гендер – əйел мен ердің қоғам туғызған əлеуметтік бейнесі. Грамматикалық тек (род) категориясын білдіретін ағылшын термині «gender» лингвистикалық контекстен алынып, алдымен басқа ғылым салаларының – əлеуметтік философия, əлеуметтану, тарих жəне саясаттану ғылымдарының зертттеу нысанына айналды. Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңберi кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағнада енді. Тұңғыш рет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің «Жыныс жəне гендер» еңбегінің атына пайдаланды. Жынныс пен гендер арасындағы терминологиялық айырмашылықты нақты айқындап берген Г. Рубин мен Р. Унгердің еңбектері болды. Gender терминінің өзі лингвистикалық терминологияға кейіннен енді. Сондықтан тіл білімінде genus, sexus, gender категориялары айқын ажыратыла бермейді. Бұл категориялар тілдегі жыныс мəселесін зерттеудің тарихи ерекшеліктерімен түсіндіріледі. «Ағылшын термині гендер (gender) бекітілді, көптомдық сөздіктерде, өзге де қазақ сөздіктерінде аударылмаған да түсіндіріллмеген, бірақ оның қазақша баламасы жыныс екені даусыз. Сырт көзге əр қилы мəтінде бұл балама гендерге барабар бола бермейтін сияқты көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, солай. Ал, байыбына барсақ, гендер сөзінің əрқилы ғылым саласындағы əлеуметтік жүктемесіне сай, оның қазақша баламасы жыныс сөзін де екі мағынада қолдануға болады:

1) биологиялық, яғни жалпы мағынасы. Жыныс деген – еркек пен əйел арасындағы анатомиялық айырманы білдіретін термин. Биологиялық жыныс екеу, ол – еркек пен ұрғашы;

2) əлеуметтік мағына. Бұл жерде жыныс термині əлеуметтік топқа тəн құрылым екенін ескеріп, «əлеуметтік жыныс» деп атағанды жөн көрдік. Тегінде бұл өзі анатомиялық жыныс ұғымынан өрбіген, бірақ оған сəйкес келмейтін, əлеуметтік-мəдени құрылым (орысша сы: социально-культурная конструкция)» [Хасанұлы 2005, 16 б.]. Гендер термині лингвистикалық əдебиеттерде жүйелі түрде қолданыла бермейді. Гендерлік ерекшеліктерді зерттеуші ғалымдардың көпшілігі жыныс (пол /sexus) сөзін пайдаланса, ағылшын тіліндегі еңбектерде екі термин де қатар жұмсалады.

Кейде гендер терммині мен жыныс сөзі қосарлана беріледі. Мұның бəрі гендерлік зерттеулерде терминдік түсініктердің шатасуына əкеп соғады:

1. Қоғамның жыныстық жіктеліміне байланысты жазылған еңбектердің бірталайы гендер термині шыққанға дейін жарық көрген. Сондықтан ол зерттеулерде sex, sexus сөздерін пайдалану орын алған. Тіпті жыныстар арасындағы қоғамдық əрекеттестік жайы да аталған ұғымдарға сүйеніп түсіндірілген.

2. Гендер термині ағылшын тілді ортада пайда болғандықтан, сол тілдегі грамматикалық тек (род) категориясын білдіретін гендер сөзімен омонимдес. Мұның өзі кей реттерде, əсіресе, лингвистикалық талдауларда түсінбестік тудырады.

3. Бірқатар зерттеушілер жыныстың мəдени əлеуметтік рөлі туралы айта отырып, əлі де болса sex bias, sex role, sex difference, т.б. терминдерін ұстанады. Ағылшын тіліндегі еңбектердің көпшілігінде екі термин жарыса қолданылып келеді. Керісінше, кейбір зерттеулерде жыныс (пол/sexus) сөзін жаңа терминмен ауыстырып беру үрдісі байқалады. Бұл гендер термині пайда болған тұста жарияланған еңбектерде кездеседі.

4. Терминдік түсінбестіктердің туындауының тағы бір себебі: зерттеу еңбектердің қай тілде жазылып, қай тілден аударылғанына да байланысты. Мəселен, неміс тілінде gender ұғымымен қатарласа қолданылатын Geschlecht, das soziale Geschlecht тəрізді аталымдар бар. Ал ағылшын тілінен орыс тіліне аударылып жатқан еңбектерде sex gender (ағыл.) мен секс пол (орыс.) ескеріле бермейді. Екінші жағынан, батыс елдеріінің бірқатарында жыныс мағынасындағы sex сөзін ығыстырып, орнына гендер терминін (ғылыми дискурстан тыс) қолданып саяси түзетулер жасап отырады.

5. Термин таңдауда автордың көзқарасының да өзіндік орны бар. Ерлер мен əйелдер тіліне тəн ерекшеліктердің болу себептерін адамның физиологиялық жəне психологиялық табиғатымен байланыстыра қарайтын биодетерминизм бағытының өкілдері дəстүрлі атауды (жыныс) сақтап қалуды мақсат тұтады. Дей тұрса да, олардың еңбектерінен гендер терминін кездестіруге болады.



6. Орыс тіл білімінде гендер, жыныс, əлеуметтік (мəдени-гендерлік) жыныс, жыныстық диморфизм, жыныстық жіктелім, адамның биоəлеуметтік (биомəдени) мінездемесі терминдері қолдданылып келеді. Алайда гендер терминінен гөрі туынды сөздер (гендерлік зерттеулер, гендерлік қатынастар, гендерлік жіктелім, гендеристер, гендерология) жиі қолданысқа түскен. Осыған ұқсас жайт: неміс тіліндегі еңбектерде гендер терминімен зерттеудің жалпы бағытын атаса, қалған жағдайларда жыныс ұғымы пайдаланылады. Зерттеушілердің пікірінше, орыс тілінде жыныс сөзінің мəн-мəтіндік мағынасынан оның қандай мəнде (биологиялық əлде əлеуметтік) жұмсалып тұрғандығын ажыратуға болатындықтан, кірме сөз гендермен қатарласа қолданыла береді [Словарь гендерных терминов 2002, 24, 25 бб.]. Қазақ тіл білімінде гендерлік факторлар бұрыннан да назарға іліккен, бірақ тек қазіргі кезде арнайы зерттеу нысаны бола бастадды. Осы салада зерттеу жүргізіп жүрген белгілі ғалым Б. Хасанұлы еңбектерінде гендер термині басым қолданылатынын атап өткен жөн. Жыныс сөзі ішінара (əлеуметтік жыныстық жіктелу, əлеуметтік жыныстану) кездеседі [Хасанұлы 2003, 284 288 бб.]. Жыныс – адамзат бойына туа біткен айырым белгі, əйелдер мен ерлер арасындағы психологиялық жəне əлеуметтік айырмашылықтарды танудың түп негізі. Жыныс категория ретінде екі компоненттен тұрады: биологиялық жыныс (sexus) жəне əлеуметтік жыныс (gender). Жыныс категориясына қарағанда гендерлік мəртебе соған сəйкес гендерлік иеарархия, мінез-құлық ерекшеліктері табиғаттан берілмейді, қооғамда қалыптасады, əлеуметтік бақылау институттары мен мəдени дəстүрлер арқылы жүзеге асадды. Сонымен гендер терминінің синонимі ретінде əлеуметтік мəдени жыныс ұғымы қолданылады. Гендер ұғымы ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап ғылыми қолданысқа еніп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Оған себепкер болған: саяси-əлеуметтік жағдай – қоғамдық қатынастардың өзгеруі мен феминистік қозғалыстың өріс алуы; лингвистикалық жағдай – структурализмді сынға алу, тілдің прагматика саласына деген қызығушылықтың артуы жəне əлеуметтік лингвистиканың дамуы; философиялық жағдай – таным теориясының жаңа бағыт алуы, постмодернизм мен бейқұрылымдау (деконструктивизм) идеяларының кең таралуы (М. Фуко, Ж. Деррида) [Кирилина 1999,52 б.]. Гендер алдымен əйелдердің ерлермен салыстырғандағы əлеуметтік, мəдени, психологиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін қолданылды, содан келіп қоғамда əйел, еркек деп тануға мүмкіндік беретін типтік мінез бітісттері, нормалар, таптаурындар, рөлдер ажыратылып қарастырыла бастады. Адамның табиғи жынысы мен əлеуметтік дамуын ескеретін гендерлік факторлар тұлғаның маңызды сипаттамаларының біріне айналды. 80-ші жылдардан бастап гендерлік зерттеулерде əйел тарихы, əйел психологиясы мəселелерімен қатар «əйелдік», «еркектік» белгілерінің əлеуметтік-мəдени мəніне де назар аударыла бастады. Ал 90-шы жылдары ерлерге қатысты маскулиндік зерттеулер бой көтерді. Алайда, ғылымда күні бүгінге дейін гендер табиғаты туралы тұрақты, біркелкі көзқарас жоқ. Бір жағынан, гендерді ойлау құрылымы немесе жыныстың биологиялық жəне əлеуметтік мəдени қызметін анықтап айырудың ғылыми үлгісі, екінші жағынан, гендер қоғамда қалыптасатын (соның ішінде тілдің көмегімен) əлеуметтік құрылым ретінде пайымдалуда [Кирилина 1999, 9-10 бб.]. Бұл салаға қатысты еңбектер Батыс тіл білімінде пайда болып, әйел мен ер адамның тілдеріндегі ерекшеліктер туралы алғашқы жүйелі зерттеулер роман-герман тобындағы тілдерде жүргізілді. Ал орыс тіл білімінде осы тақырып бойынша тұңғыш зерттеулер тек өткен ғасырдың 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында қолға алынып, 90-жылдардың ортасына таман іргелі ғылыми жұмыстар жазылып жарық көре бастады. Біздің республикамыздың отандық тіл білімінде де гендерлік қатынасқа байланысты зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында басталып, қазіргі уақытта жаңа бағыттағы жүйелі зерттеулер жалғасуда. Бүгінгі күні бұл бағыттағы үдеріс басталып, өз жалғасын тауып жатқандығын нық сеніммен айта аламыз. Осылайша отандық тіл білімінде де жаңа бір бағыттың – лингвистикалық гендерологияның (немесе гендерлік лингвистиканың) пайда болғандығын айтуға болады. Қазіргі заманғы Ресей тіл білімінде гендерлік лингвистикаға қатысты көптеген ғылыми еңбектер жазылып, жарық көре бастады. Солардың ішінде А.В. Кирилинаның Гендер: лингвистические аспекты, М., 1999 атты ғылыми жұмысын ерекше атап өтуге болады. Автор өз еңбегінде ер мен әйелдің тіліндегі ерекшеліктерді сипаттап, гендердің теориялық үлгісін көрсетеді, сонымен бірге тіл біліміндегі гендер мәселесіне қатысты зерттеулерге жүйелі методологиялық талдау жасайды. Гендерлік лингвистиканы зерттеудің әдістемесін әзірлеуге байланысты мәселелер қазіргі тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Батыс тіл біліміндегі гендерлік зерттеулердің жай-күйіне назар аударсақ, олар аталмыш мәселеге үш түрлі көзқараста қарайды [9] [4]

Бірінші көзқарас бойынша әйел мен ер адамның тіліндегі ерекшелікке әлеуметтік тұрғыда қарап, оны қоғамдағы әлеуметтік биліктің бөліну ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұнда «ер адамның тілі» мен «әйелдің тілі» әлеуметтік иерархияның түрлі сатыларында қолданылатын, негізгі тілден қызметі жағынан ерекшеленетін тіл деп анықталады.

Екінші көзқарас бойынша әлеуметтік психолингвистикалық тұрғыда «ер адамның тілі» мен «әйелдің тілі» олардың жыныстық ерекшелігіне байланысты деген ғылыми түсінік қалыптасқан. Осы бағытта зерттеу жүргізуші ғалымдардың статистикалық көрсеткіштері бойынша немесе екі жыныс өкілдерінің сөйлеу тіліндегі параметрлерді анықтаулары бойынша ер мен әйелдің тіл мәдениетіне психолингвистикалық теория тұрғысынан келудің мәні зор.

Үшінші бағыттың өкілдері ер мен әйелдің тілдік ерекшеліктеріне когнитивтік аспектіде қарап, өз теорияларын дәлелдеуге тырысады. Олар үшін тілдік категориялардың когнитивтік негіздегі біртұтас лингвистикалық үлгісін жасау аса маңызды болып отыр.

Қазіргі заманғы ғылыми парадигмада аталған барлық үш бағыт та бір-бірін өзара толықтырушы деп есептеліп, гендерлік лингвистиканың тұтас бір қаңқасын құрастыруға үлес қосады деген пікірлерге қосылуға болады.

А.В.Кирилина лингвистикалық гендерологияның өзекті мәселелеріне жүйелі де нақты талдау жасай келе, аталған бағыттың ұстанымы мен методологиясы тұрғысынан концептуалды бөліністегі негізгі алты бағытты атап көрсетеді. [5]

1. Әлеуметтік гендерлік зерттеулер.

2. Феминистік лингвистика.

3. Екі жыныс өкілдерінің тілдік ерекшеліктерін зерттеуші нағыз гендерлік зерттеулер.

4. Маскулиндік зерттеулер (ХХ ғасырдың аяғында пайда болған ең жас бағыт).

5. Психолингвистикалық зерттеулер. (Бұл бағыттың шеңберінде нейролингвистика саласында зерттеулер жүргізілуде, сонымен бірге онтогенездің тілін зерттеу, атап айтқанда, әйел мен ердің тілдеріндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар туралы зерттейтін биодетерминистік бағыт).

6. Гендерлік субмәдени жорамалды қарастыратын лингвомәдени зерттеулер. [6]

Дегенмен де зерттеуші А.В. Кирилина жоғарыдағы жіктелімдердің барлығы да шартты деуге болатындығын, аталған бағыттардың барлығы да өзара бір-бірімен тығыз байланысты екендігін, себебі санамаланған топтардың өз ішінде ұқсас мәселелері де, зерттеу нысандары да ортақ деп санайды.

Біріншіден, ер мен әйелдің адами тұрғыдан да бір-біріне жақын екендігін, ал олардың тілдерінің де байланысты екендігін зерттеу нысанынан білеміз, яғни тілдегі номинация, лексика, грамматика сияқты салалардың барлығын да екі жыныс өкілдерінің қолданатындығы белгілі. Мұндай зерттеулердің негізгі нысаны тілдегі ер мен әйелдің тілі деген бөліністің қалай пайда болатындығы, олардың қоршаған дүниені бағалауы, бағалауыштық мәннің қай салада көбірек таралғандығы болып табылады.

Екіншіден, лингвистикадағы гендерлік зерттеулердің мақсаты әйел мен ер адамның мінез-құлқына байланысты болуы мүмкін. Мұндай зерттеулер әлеуметтік детерминизм немесе биодетерминизм шеңберінде болады.

Үшіншіден, тіл біліміндегі гендерлік зерттеулер пәнаралық салғастырмалы сипатта өте жиі жүргізілетіндігін атап өтуге болады.

Төртіншіден, лингвистиканың кез келген саласы гендерлік сипатта қарастырылуы мүмкін.

Бесіншіден, тіл біліміндегі гендер мәселесі қолданбалы сипатта екендігін де атап өту керек, сондықтан да осы саладағы зерттеу парадигмалары айтарлықтай табысқа жетіп, тілді зерттеудің жаңа қырларын көрсете білді. Бұған біз алдағы тарауларда тоқталамыз. [7]

Сонымен бірге орыс тіл білімінде лингвистикалық гендерологияның даму үрдісінде постмодернизм теориясы шеңберінде жазылып жатқан еңбектерді айта кету керек. Осы салада зерттеуші ғалымдар әйел мен ер адамның тілдік ерекшеліктерін «билік», «бағыныштылық» және «құдайшылық» тұрғысынан қарастырып, феминизм идеологиясы негізінде зерттейді.

Қазіргі заманда тіл білімінде жүргізіліп жатқан зерттеулердің əртүрлілігі олардың бір-бірімен байланысы мен шекарасын жəне негізгі өлшемдерін анықтауды талап етеді. Солардың ішінде лингвистикалық зерттеулерге ортақ төрт түрлі ұстанымды атап өтуге болады:

1. Экспансионизм ұстанымы (шекараның жойылуы, шектеудің болмауы, пəнаралық байланыстың кеңеюі);

2. Антропоөзектілік ұстанымы (тілдегі адам мəселесі);

3. Жаңафункционалдық (неофункционалдық) ұстаным (тілді əрекет деп қарастыру оның қолданыс аясын зерттеу);

4. Экспланаторлық ұстаным (түсіндірмелік) [Кубрякова 1995, 207 б.].

Бұлар гендерлік зерттеулерде де қарастырылады. Жеке пəн ретінде қалыптасу барысында түрлі объективті себептер орын алады. Бір жағынан, пəннің əдіснамасын қалыптастыру, сонымен байланысты зерттеу нысанына қатысты жалпы əдістемелік көзқарастардың қалыптасу үдерісі жүреді, екінші жағынан, пəннің ғылыми-танымдық теориясын (эпистемологиясын) қарқынды зерттеу жүргізіледі. Тіл білімі үшін маңызды жалпы теориялық қағида – жыныстың əлеуметтік-мəдени байланыстылығының тіл мен сөйлеудегі көрінісі. Мұны анықтауға мүмкіндік беретін əдіс-тəсілдер мен

əдістемелер тіл білімінде жеткілікті. Тілшілер тарапынан көтеріліп

жүрген өзекті мəселелердің бірі де осы – гендерлік лингвистика бағытын қалыптастыру, өзге де ғылым салаларының мəліметтерін пайдалана отырып, дербес пəндік білімді дамыту болып табылады [Халеева 1999, 5 б.]. Гендерлік лингвистика – (ағылш. gender – грамм. тек (род) жəне франц. linguistiques лат. lingua – тіл) гендер мен тілдің өзара байланысын зерттейтін гендер мен лингвистика аралығындағыmғылым саласы. «Гендерлік лингвистика – біз үшін жаңа ғылым, ал жаңа саланың өзіне тəн мəселелері болады жəне аз емес. Олар:

1. Адам жынысы гендердің тілімен анықталатындығы.

2. Тіл мен жыныстың айырмашылығы, өзара байланыстылығы.

3. Əйел мен ер адам сөзінің жалпы адамдық айырмасы;

4. Əйел мен ер адамның ұлттық-этникалық деңгейдегі айырмасы.

5. Тілдің əлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жік-

телуінің өзара байланысы.

6. Əйел мен ер адамның тілдік бірлікті қолдану айырмасы.

7. Əйел мен ер адам сөйлер сөзінде қолданылатын тілдік жəне

бейтілдік бірліктер.

8. Əйел мен ер адам беретін мəлімет құрамындағы тілдік жəне

бейтілдік бірліктер, т.б.» [Хасанұлы 2002].

Тіл мен тұлғаның, тіл мен қоғамның тілдік қызметі, өзара əрекеттесу заңдылығы гендерлік лингвистиканың əдіснамалық негізі болуы шарт. Гендерлік лингвистиканы қалыптастыратын жайт – адам тілінің синкретті үш қыры: бірі – тілдің ішкі құрылысы, екіншісі – тілге əсер етуші сыртқы жүйе, əлеуметтік факторлар, үшіншісі – тілде көрініс беретін ментальді құрылым, əлемнің жанама түрдегі бейнесі. Бұл – əлемнің тілдік бейнесі, тілдік тұлғаның прагматикасы, тіл қолданушының тілдік санасы, ойлаудың

этникалық құрылымы, қалыптасу үстіндегі өмір салты, ұлттық мінез-құлық, менталитет [Хасанұлы 2005, 267 б.].

Гендер мен тілдің өзара байланысын зерттеу бірнеше бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда:

1. Əлеуметтік-лингвистикалық бағыт. Мұнда тілдің əлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, əйел мен ер адамның тілдік жəне бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасы, т.б. зерттеледі.

2. Психолингвистикалық бағыт. Мұнда жыныс психикасына сəйкес əйел мен ер адамның тілдік қарым-қатынасы үдерісін дегі тілдік жəне бейтілдік ерекшеліктерді ажырату, бала тілінің ген дерлік дамуын зерттеу, психолингвистика мен нейролингвистиканың байланысы анықталады.

3. Идентификациялық бағыт. Мұнда авторы жасырын (аноним) мəтіндерді тексеру арқылы автордың тілдік тұлғасы, жынысы анықталады.

4. Лингвомəдениеттанымдық жəне мəдениетаралық зерттеулер. Бұл бағытта белгілі бір кезеңде түрлі тілдер мен мəдениеттердегі андроөзектілік деңгейі белгіленіп, гендердің алатын орны, тіл мен мəдениеттің қоғамдағы орнына сəйкес, гендердің жалпы əрі айрықша белгілері анықталады.

5. Тілдегі феминистік сын;

6. Маскулиндік зерттеулер, т.б. [Словарь гендерных терминов, 2002, 138-139 бб.].

Гендерлік-лингвистикалық зерттеулерде əлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингво-мəдениет тану, т.б. ғылым салаларының əдіс-тəсілдері өзара байланыста тиімді қолданылады. Тіл біліміндегі гендерлік зерттеулер бір-бірімен тығыз байланысты диахронды жəне синхронды қырынан қарастырыла алады.

Əлеуметтік жəне гуманитарлық білімдер негізінде гендерлік теорияны қалыптастыру жай ғана қарапайым теория енгізу емес, бұл көптеген дағдылы, əдеттенген таным-түсініктерді қайта қарастыруға бағытталған мүлдем жаңа теория (Воронина). Кейбір зерттеушілер гендерлік теорияны жаңа ғылыми зерттеу парадигмасы деп таниды (Рябов). Лингвистикадағы антропоөзектілік бағыт адамның тілдік тұлғасын жан-жақты зерттеуді көздейді. Ал гендер адамға қатысты негізгі өлшемдердің бірі саналады

(Кирилина). Бұл ретте ғалым екі жағдайды ескеру қажет деп санайды. Бір жағынан, тілтану білімін дамытудың қазіргі кезеңінде тілдің «антропобағыттылығын» жалпылай қабылдауға əлі ерте, жеткілікті дəрежеде емес, сондықтан олардың гендерлік жəне метагендерлік деңгейлер шегін ажырату қажет. Екінші жағынан, гендерлік лингвистиканың қалыптасуының бастапқы кезеңінде гендер факторының маңыздылығын əсірелеп көрсету орын алды.

Қазірде гендер жеке ғылым салаларының əдіснамалық негізін құрайтын тəсілдердің бірі ретінде қарастырыла бастады [1999].

қазақ тілі негізіндегі гендерлік лингвистикалық зерттеулер тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады:

1. Жеке­дара деректерге негізделген, тіл мен жыныстың байланысын белгілеген гендерге дейінгі зерттеулер;

2. Тіл мен жыныстың байланысына негізделген, гендерлік белгі алған зерттеулер;

3. Гендерлік лингвистикалық сипат алған зерттеулер.

Қазақ тілінің гендерлік қыры, оның гендерлік лингвистикалық сипаты. Тәуелсіздік тұғырында тілдік егемендік пайда болды. Тіл өмірлік маңызды мәселелердің алдыңғы шебіне шықты. Соның бірі − гендерлік лингвистикалық зерттеулердің көрініс беруі. Отандық гендерлік лингвистикалық зерттеулер жаңа ғасыр тіл білімінің еншісіне тиесілі болды.Тіл өмірдің барлық саласын қамтиды, соның бірі гендерлік сала болса керек. Демек, гендердің тілдің барлық деңгейін қамтуы заңды құбылыс. Олай болса, гендерлік лингвистика тіл мен гендердің өзара байланысқан реттерін толық қамтуы шарт. Әлбетте, әлемдегі күллі тіл атаулыға байланысты гендерлік сипаттама болатыны анық, бірақ оны түгел қамту мүмкін емес, сондықтан әлемдік лингвистикадағы зерттеулерді жинақтап, оны қазақ тілі материалымен салыстыра, салғастыра талдау керек. Әлемдік гендерлік лингвистиканы салыстыру мен дамыту әрбір ұлт тілі негізіндегі теориялық тұжырымдар арқылы жүзеге аспақ.

Қазақ тіл білімінің гендерлік бағыты ХХ ғасырдың соңғы жылдары, нақты айтқанда, ХХІ ғасырдың басында жекелеген ғалымдардың қазақ тіліне байланысты зерттеулерінде, қазақ тілінің кейбір гендерлік мәселесі бойынша арнайы жазылған мақалаларында, конференцияларда белгі бере бастады. Соңғы жылдары жарияланып жатқан еңбектердің көпшілігі тіл білімінің гендерлік лингвистика саласына деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын көрсетеді. Гендерлік тілдік белгілер арнайы зерттеу нысанына айналды, бірнеше ғылыми мақалалар жарияланып, диссертациялық жұмыстар орындалуда. Солардың ішінде гендерлік лингвистика, әйел тілі, қыздың сөйлеу әдебі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының гендерлік сипаты т.с.с. мақалалар жариялап, баяндамалар жасаған, гендер мәселелері бойынша диссертациялық жұмыстарға жетекшілік еткен Б.Хасанұлы, гендерлік қарама­қарсылықтардың тілдегі көрінісін зерттеген З.К.Сәбитова, қазақ концептосферасына енетін ана концептін контрастивтік­ лингвомәдениеттанымдық (ана/мать) қырынан қарастырған Н.М. Жанпейісова, қазақ, орыс, ағылшын тілдері морфологиясы бойынша гендерлік салғастырмалы зерттеулер жүргізіп жүрген З.Ж. Түйебекова еңбектерін атаған жөн. Осы қатарға З.М. Нұржанова, Г.Б. Мамаева, В.Д. Нарожная, О.Л.Сохацкая, Г.К. Исмағұлова т.б. зерттеулерін де қосуға болады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми­зерттеулер институтында жүргізіліп жатқан зерттеулердің тіл білімінің гендерлік бағытын дамытуға қосып келе жатқан үлесі қомақты.

ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап гендер мәселесі қазақ тілі мен өзге тіл біліміндегі зерттеулер негізінде тіл теориясы тұрғысынан арнайы зерттеле бастады. Ол Б. Хасанұлы еңбектерінен бастау алады. Ғалым: "Гендерлік фактордың көрінісі тілдің барлық деңгейінде зерттелуі шарт", − дей келіп, қазақ тіл білімінде гендерлік бағытты қалыптастырудың жолдарын атап көрсетті:

1. Салыстырмалы және салғастырмалы гендерлік лингвистика (мысалы, морфология деңгейінде адамның есімі мен тегіне, әкесінің атына белгілі бір жұрнақтың, жалпы жұрнақ атаулының бір түрінің қолданылу­қолданылмауы; тек (род) категориясының қазіргі тілде, оның тарихында болу­болмау белгісі т.б.).

2. Гендерлік паралингвистика. Бұл бағыт қазақ тіліндегі ым­ишара белгілері негізінде қалыптасуы тиіс. Қазақы гендерлік паралингвистика тұрғысынан жүргізілген зерттеулердің өмірдің көптеген салаларын (өнер, көпшілік алдындағы сөз т.б.) дамытуға септігі тиер еді.

3. Гендерлік лексикография. Бұл бағыт қазақ тілі мен өзге тілдердің негізінде жүзеге асуы тиіс.

4. Гендер және тіл игеру. Бұл бағыттағы зерттеулер тілді жоспарлау ісіне аса қажет [48, 287 б.].

Б. Хасанұлы қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым Қ. Жұбановтың ғылыми мұраларын гендерлік қырынан зерттеп, бірнеше еңбек жариялады [5; 58]. Сол сияқты ғалым зерттеулерінде қазақ әйелінің сөз саптау ерекшелігі, оларға байланысты қолданылатын тілдік бірліктер т.б. арнайы қарастырылған. Ол: "Қазақ халқының менталитеті гендерлік тұғырда дараланады: қызын − ар деп, ұлын − нар деп білген. Қыз деген − басына үкі тағып, үлпілдеп өсіп, ерке күн кешкен, өзге босағаны аттамаған, етегін жел ашпаған бүлдіршін. Қызға тән сөздер, оған байланысты қолданылатын сөз өрнектері, ым, ишара түрлері, қыз атынан тұратын эпоним атаулар да тілімізде молынан кездеседі (мысалы, Қыз Жібек т.б.). Оларды гендер − жыныс ұғымына байластырып, гендерлект,гендерлема деп белгілеуді ұсынамыз", − дей келіп, − "қыз тілі (қыздың сөйлеу әдебі) − қызға тән сөз бен сөйлеу (вербалды тілдік бірлік) және ым мен ишарат (бейвербалды бірлік) түріндегі атаулар, тек қана қыз балаға қатысты және солармен қарым-қатынаста қолданылатын сөз саптау әдебі" деген анықтама береді [10, 107 б.]. Ал әйел тілінің гендерлік ерекшелігін сипаттайтын "Әйел тілі − тілдің әлеуметтік жыныстық жіктелу көрінісі" атты еңбегі екі тілде − қазақ, орыс тілдерінде дайындалған.

Осы гендерлік тұрғыда фразеологизмдердің зерттелу мәселесіне келер болсақ: Фразеология – «phrasis» – орам, сөйлемше «logia» – ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Мұнда тіркес кұраушы сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарынан мүлдем немесе жарым-жартылай айырылып, өзара жымдаса келіп, бір ғана фразеологиялық жалпы мағынаға ие болады. Бұл мағынаға ауыспалылық пен бейнелілік тән.

Қазақ тілі қазынасындағы тұрақты сөз тіркестерінің релеванттық қасиетін айкындау, қазақ фразеологизмдерін іштей саралап бөлу, сондай-ақ фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, фразеологизмнің құрам сипаты және компоненттердің байланысу түрлері, фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдердің сөзден және мақал-мәтелдерден айырмашылығы мен оларға ұксас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалық сипаты, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына арқау болатын ұйытқы сөздер, фразеологиялық калька сияқты фразеологияның көкейтесті мәселелерін қазақ тіл білімінің күн тәртібіне қойып, қазақ фразеологиясының бағыт-бағдарын саралаған, осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым академик І.Кеңесбаев болды. Оның XX ғасырдың 40-жылдары жарық көрген “Қазақ тілінің тиянакты сөз таптары” (Докторлык диссертация, Алматы, 1944), “Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары туралы” (Халық мұғалімі. 1946), “ К вопросу об экспрессивно — стилистических функциях фразеологизмов” (Тезисы докладов конференции “Развитие стилистических систем литературных языков народов СССР”. Ашхабад, 1966) сияқты еңбектерінен кейін-ақ, қазақ фразеологиясын зерттеу айрықша колға алынды. А.Ыскаков, М.Балакаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздықова тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасу, даму жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты.

Фразеологизмдерді топтау мәселесі І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Ә.Т.Қайдаров, Р.Жайсақовалар қазақ фразеологизмдерінің кұрамдык сипатын ашып, семантикалык-такырыптық аясын белгілеп, топтастыру принциптерін айкындады. Р.Сыздыкова Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу арқылы қазақ фразеологизмдерінің поэтикалык тілдегі жұмсалу өрісін зерделеп, авторлық қолданыстағы фразеологизмдердің жасалу механизмін көрсетті. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев еңбектерінде қазақ фразеологиясының теориялык мәселелері жинақтала сөз болды. Р.Сәрсенбаев зерттеулерінде фразеологизмдердің мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен ара-катысы айқындалды.

Бүгінгі казак фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырғаны байқалады. Біріншісі — қазақ фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытқа қазақ тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялык өңдеуден өткізудегі І.Кенесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялык сөздігі” (Алматы, 1977), Ә.Қайдаровтың “Мың әсерлі де бейнелі орамдар” (Астана, 2003) сиякты еңбектерін, фразеологизмдердің сыртқы жэне ішкі кұрылымындағы дыбыстык, мағыналық, семантикалык, әуезділік үйлесімін, т.б. архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтенованың “Қазақ тіліндегі қостаганды фразеологизмдердің Тілдік және поэтикалық табиғаты” (Алматы, 1997) атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын көрсету, синонимдік катарын анықтаудағы Г.Смағұлованың “Фразеологизмдердің варианттылығы” (Алматы, 1996), “Мағыналас фразеологизмдердің ұлттык-мәдени аспектілері” (Алматы, 1998) тәрізді еңбектерін атап айтуға болады. Р.Сыздықованың “Сөздер сөйлейді” (Алматы, 1994), Н.Уәлиевтің “Фразеология және тілдік норма” (Алматы, 1998) сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер этимологиялык тұрғыдан талданып, олардың кұрамындагы мағынасы күнгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән-мағынасы ашылды. Қазақ фразеологизмдері фразеологиялык бірлікті жасауға ұйткы болатын сөздер негізінде соматикалык фразеологизмдер, фитофразеологизмдер, сан-мөлшер фразеологизмдері, зоофразеологизмдер, антропонимдік фразеологизмдер деп семантикалык- мағыналык топтарга, тақырыптарға топтастырып арнайы карастырылуда.

Қазак фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт — қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сиякты болмыс бітімі, кұрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зертгеу ісі. М.Х.Абилгалиева, М.А.Сыздыкова, М.А.Жаксыбаева, М.Р.Есімжанова т.б. зерттеулерінде тіларалық фразеологиялык сэйкестіктерді айкындау, интернационалдық фразеологиялык корды анықтау, салгастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді саралау және ұксастыкты тудырушы факторларды айкындау мэселелері көрініс тапты. Салғастырмалы-типологиялық бағыттағы зерттеулермен өзектес гүсіп жататын қазак фразеологиясындағы салыстырмалы бағыт, яғни казак тілін өзбек, татар, башқұрт, қырғыз т.б. жақын туыстық катыстагы, сондай-ақ монғол, жапон, тұнғыс-маньчжур сиякты алтайлык төркіндестіктегі тілдермен салыстыра зерттеу енді колға алына бастады. Бұл орайда Г.Сагидолданың казак жэне монғол фразеологизмдерін тіларалық деңгейде салыстырған “Поэтикалык фразеологизмдердің этномэдени мазмұны” (Алматы, 2003) атты еңбегін түркі- монғол салыстырмалы фразеологиясын қалыптастырудағы алғашқы бастама ретінде атап айтуга болады.

Қазақ фразеологиясындағы салыстырмалы-тарихи және салғастырмалы- типологиялық бағыттағы зерттеулер үшін тереңдеп талдауды қажет ететін мынадай өзекті мәселелерді көрсетуге болады:

 казақ фразеологиясын туыс немесе төркіндес тілдер фразеологиясымен салыстыра отырып, олардағы ұксас фразеологиялык кұбылыстарды анықтау;

 аударма теориясында, шет тілін оқытуда маңызы зор фразеологиялык эквивалентті аныктау максатында казак фразеологизмдерін туыс емес тілдер фактілерімен салғастыру;

 әртүрлі тілдердегі сөздік шоғырлардың образдық ауыспалылығындағы ортақ заңдылыктарды, ұксас фразеологизмдердің пайда болуына негіз болған факторларды айкындауға, әрі жекелеген лексикалық компоненттердің бірнеше тілге ортақ белгілі бір фразеологиялық мағынаны калыптастырудағы орнын, рөлін анықтауға бағытталған кұрылымдык-типологиялык талдаулар жүргізу;

 географиялык, тілдік (генетикалык немесе біртіндеп калыптаскан) жэне тарихи-мэдени ортактастықтағы біркатар тілдердің фразеологияларының өзара ыкпал-әсерін, туыстас тілдер фразеологиясындағы жакындастықтың себеп-салдарын карастыратын ареалдық зерттеулерді колға алу.

Қазақ фразеологиясындагы үшінші бағыт — фразеологиялык бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалык, лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдык, мәдени, тарихи, материалдык құндылыктарымен сабактастыра зерттеуге айрықша мән береді. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, Б.Акбердиева, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, С.Жапақов сиякты тілші мамандардың зерттеулері белгілі бір этногенетикалык қауымдастықтың ақиқат турасындағы таным-түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз жалғаскан ұжымдық тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тілі аркылы танып білуде аса маңызды.

Қазақ фразеологизмдерін когнитивтік, лингвомәдениеттанымдык, этнолингвистикалык, этнопсихолингвистикальщ аспектіде зерттеуге бағытталған үшінші бағыт — XXI ғасыр ғылымының басты парадигмасы — антропоцентризмнің жемісі, жаңа ғасыр талап етіп отырған ғылыми интеграцияның нәтижесі.

1.2. ГЕНДЕРЛІК СИПАТТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ


Лингвомәдениеттану лингвистиканың жаңа өзіндік бағыты болып табылады. Тіл мәдениет пен ұлттық ділдікті тану құралы болып табылады. Осыған байланысты лингвомәдени білімнің пайда болуының ерекше ерекшелігі-адамды тілде қарау болып табылады. Бұл проблемамен ғылыми зерттеулердің жаңа пәнаралық саласы – тілдік құрылымдарды талдау негізінде гуманитарлық ғылымдар үшін, атап айтқанда лингвомәдениеттану үшін құнды материал беретін лингвистикалық гендерология айналысады. Гендерлік зерттеулер адамға бағытталған. Олардың басты назары "ер" және "әйел" категорияларының жынысты феноменін зерделеу. Адам жынысы оның әлемдегі әлеуметтік, мәдени және когнитивті бағдарын анықтайтын негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.

Қоғамды, мәдениетті, адамды зерттеген кезде онда әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде гендерлік аспектілер де жиі қозғалады. Осы лингвомәдени және мәдениетаралық зерттеулер гендердің мәдени ерекшелігін, қоғам тілі мен мәдениетіне байланысты оны құрастыруда жалпы және ерекше ерекшеліктерді анықтайды, бұл сондай-ақ түрлі тілдер мен мәдениеттердің андроцентризм дәрежесін белгілеуге мүмкіндік береді. (Кириллин 1997). Р. Лакоффтің гендерлік лингвистика саласындағы зерттеулері осы ғылыми бағытты байытып, оның негізгі ережелері пайда болды:

- гендер әлеуметтік-мәдени құрылым болып табылады;

- сөйлеу коммуникациясының гендерлік ерекшелігін зерделеу коммуниканттардың әлеуметтік мәртебесі сияқты коммуникативтік жағдайдың параметрлерін есепке алуды қамтуы тиіс;

- этномәдени дәстүрлерді есепке алмай гендерді зерделеу мүмкін емес.

Лингвомәдениеттану шеңберінде гендерлік зерттеулердің басты назарында қоғамның ерлер мен әйелдерге деген қатынасын, индивидтердің қандай да бір жынысқа жатуына байланысты мінез - құлқын, стереотиптік санада бекітілген ерлер мен әйелдердің қасиеттері туралы түсініктерді-жыныстың проблематикасын биология саласынан әлеуметтік өмір мен мәдениет саласына аударатындардың барлығы да айқындайтын мәдени және әлеуметтік факторлардың тілдік көрінісі болып табылады. Осылайша, батылдық пен әйелдік табиғи фактор ретінде емес, мәдениет концептілері ретінде қарастырылады. "Әйел-ер адам" тұжырымдамасының гендерлік ерекшелігін анықтау мәдени-ұлттық дүниетанымның ерекшеліктерін белгілеуге және қазақ және ағылшын халықтарының менталитеттері арасындағы байланысты айқындауға мүмкіндік береді.

Лингвомәдениеттердегі гендерлік аспект жыныстың мәдени негізімен, жынысты мәдени репрезентациялау тетіктерімен, сондай-ақ онда гендерді манифестациялауды анықтау мақсатында тілді талдаумен айналысуға арналған. Лингвомәдениеттанудың негізгі міндеттерінің бірі қарапайым санадағы ұлттық әлемдік стереотиптердің механизмдерін және тұзаралық трансляцияларын зерттеу, сондай - ақ тіл тасымалдаушы-халықтың мәдени ұстанымдары мен мінез-құлқын кезең-кезеңімен қайта құру болып табылады. Осындай зерттеулерде гендерлік білімді тарту қалыптасатын бақылаулардың барабарлығы мен сенімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (Пушкарева 2002).

Лингвокультурологиялық талдау халық санасында бекітілген ерлер мен әйелдердің идеал және антиидиал туралы ұжымдық түсініктерді қайта құруға және сипаттауға мүмкіндік береді.

Осы тұжырымдамалардың негізгі сипаттамасына жас, психофизикалық, функционалдық, зияткерлік қасиеттері мен жай - күйі, сөйлеу мінез-құлқының сипаттамасы, жеке тұлғаның қасиеттеріне байланысты әртүрлі қызмет түрлері және т.б. ұқсас зерттеулер үшін материалдар әртүрлі деңгейдегі тектстер болып табылады: фразеологиялық бірліктер-идиомалар, тұрақты өрнектер, паремиялар, яғни бейнелі-дәлелді мазмұн есебінен мәдениеттің базалық терминдерін түрлендіру саласын толықтыратын материал. Олар мәдени әлемдік сананың стереотиптері - оның эталондары, әдет-ғұрыптары және т.б. рөлін атқара алады және бұл сапада олар мәдени белгілердің тілдік экспоненттері ретінде әрекет етеді.

Мәдени тұжырымдамалар-дерексіз ұғымдардың аттары, сондықтан мәдени ақпарат мұнда сигнификатқа, яғни ұғымдық ядроға бекітіледі. Біз мәдениеттің негізгі концепциялары жеке тілдік тұлға үшін де, жалпы лингвомәдени қауымдастық үшін де экзистенциалды маңызы бар әлем картинасының базалық бірліктерін атап өтеміз.

Концепт мәдениет әлемімен тығыз байланысты. Ол адамның менталдық әлеміндегі мәдениеттің негізгі ұшы болып табылады. Ю. С. Степановтың пікірінше, Тұжырымдаманың құрылымына оның Мәдениет фактісіне айналатын барлық нәрсе кіреді - бастапқы форма (этимология); мазмұнының негізгі белгілеріне дейін қысылған тарих; қазіргі заманғы қауымдастықтар, бағалау және т.б. демек, лингвомәдениеттану міндеттері шеңберінде осы зерттеуші берген тұжырымдаманың ең қолайлы анықтамасы көрінеді. Ол былай деп жазады: "Концепт-бұл адамның санасындағы мәдениеттің ұйытқысы; мәдениет адамның менталдық әлеміне кіреді. Екінші жағынан, концепт - бұл адам - қатардағы, қарапайым адам, мәдени құндылықтарды жасаушы емес" - өзі мәдениетке кіреді, ал кейбір жағдайларда оған әсер етеді" (Степанов 1997). Мазмұны жағынан ұқсас тағы бір тұжырым анықтамасы Э. Д. Сүлейменова: "Концепт - тұжырымдамалық жүйенің бір бөлігі; индивид біледі, қиялдайды, қызмет объектілері туралы ойлайды" (Сүлейменова 1989). Концепт-эмоция, симпатия, антипатия және тіпті қақтығыстар (яковлева 2001).

Жоғарыда келтірілген барлық анықтамаларды жинақтай отырып, тұжырымдаманың адам санасындағы белгілі бір ұғымдар туралы нақты түсінік бар деген тұжырым жасауға болады. Лингвомәдениеттанудың маңызды ұғымдарының бірі бола отырып, термин заманауи лингвистермен әр түрлі түрде түсіндіріледі. Алайда, қазіргі уақытта лингвомәдениетте белсенді әзірленіп жатқан антропоцентрикалық парадигма аясында тіл мен мәдениет арасындағы арақатынас мәселесіне байланысты түрлі мәдени тұжырымдамаларды қарау мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Концепт ұғымы стереотип ұғымымен тығыз байланысты. Алдымен жалпы стереотипті анықтауға жүгінеміз. Стереотип феноменін зерттеуге арналған көптеген жұмыстарда ол өзара әрекеттесу контексінде, мінез-құлықтың "үлгісі" ретінде зерттеледі. В. В. Красных ойынша, стереотип-бұл кейбір" көрініс "қоршаған болмыстың фрагменті, кейбір ментальды "сурет" жеке тұлғаның санасында нақты дүниенің "типтік" фрагменті, белгілі бір учаскенің инварианты әлем бейнесі (қызыл 2002). Стереотип ұғымын 1922 жылы У. Липпман алғаш рет қолданды. Ол стереотиптер - әлемнің күрделі нысандарын қабылдау кезінде оның күш-жігерін үнемдейтін адамның басында реттелген, схемалық "әлем суреттері" деп санайды.

"Әдетті мән" ретінде қарастырылатын стереотиптің когнитивті табиғатын түсінуді осы анықтамамен салыстырайық: мысалы, "әдетті әйел бейнесін ұсыну" "отбасы", иесі", "ошақты сақтаушы" ұғымдары арқылы жүзеге асырылады, керісінше, ер адам - бұл өндіруші, отбасы басшысы. Яғни стереотиптік ойлау шындық туралы" наивное " түсінік жасайды. Әдепкі мәндер қалыпты жағдайларды анықтайды. Алайда, Дж.Лакофф, олар қалыпты емес жағдайларда басылуы мүмкін (Лакофф 2004). Өйткені, кез келген әйел отбасымен байланысты емес, ана, ошақтың сақтаушысы бола алмайды, ер адам оның басты рөлі мен қол жеткізу қабілетін сипаттайды деп пайымдау сияқты.

Гендерлік стереотип туралы айтатын болсақ, біз стереотиптердің екі түрін қозғаймыз: коммуникативтік (айналымдарды қолдану-клише) және менталдық (дуальды немесе градуальды санаттармен ойлауға ұмтылу. Гендерлік стереотиптер-бұл маскулин және феминининин және олардың иерархиясы туралы қоғамда қабылданған ұғымдарға негізделген әлеуметтік стереотиптердің бір түрі. Гендерлік стереотиптің негізгі құрамдас бөлігі мәдениет болып табылады, ол мораль мен адамгершілік нормаларын, құндылықтық бағдарларды, дәстүрлерді қамтиды. Гендерлік стеоротиптер қоғамдық және ұжымдық санада берік бекітілген, сондықтан баяу өзгереді. Әйелдік пен ерліктің стереотиптері адамдарды ғана емес, олардың жынысына қарай белгілі бір психологиялық қасиеттерді, мінез-құлық нормаларын, кәсіптің түрін, кәсіптерін белгілейді. Стереотиптің өмір сүруінің тілдік формаларының ерекшелігі оларды мазмұнның ақиқаттығы немесе жалған болуы тұрғысынан қарастыру мүмкін емес, өйткені стереотипте негізгісі - шынайы білім емес, адамдардың осы білімнің ақиқаттығына сенімі (Ломинина 2003). У. Липпман мен В. В. Красных-схемалық "әлемнің суреттері" ретінде анықталған, олар әлеуметтік шындықты құрастыруға ықпал етеді, және ақиқаттыққа немесе өтірікке қарамастан, олар мәдениеттің ажырамас элементі болып табылады және осының негізінде адамдардың психологиясына, мінез-құлқына және санасына әсер етеді. Демек, гендерлік стереотиптер "ерлер" және "әйелдер" туралы ұғымдарға сәйкес келетін өткізу модульдері мен сипаттың белгілері туралы стандартталған түсініктер болып табылады.

Гендерлік рөл "ер - әйел"оппозициясын түсінудегі айырмашылықтарды қалыптастыратын факторлардың бірі болып табылады. И. Жеребинаның анықтауынша, гендерлік рөл белгілі бір позицияда ерлер мен әйелдердің мінез-құлқының күтілетін үлгілерінің жиынтығы болып табылады (Жеребкина 2001). Гендерлік глоссарий гендерлік рөлдің қоғамдағы ерлер мен әйелдердің мәртебесін анықтайтын мінез-құлық ретінде анықтамасын береді.

Жыныстық рөлдердің стереотиптерінің пайда болуы отбасылық өмірде және еңбек қызметінде функциялардың бөлінуінен болады. Алайда уақыт өте келе құндылық ұстанымдары мен мораль нормалары саяси құрылыстың, әлеуметтік тәртіптің өзгеруіне байланысты өзгерістерге ұшырайды, бұл гендерлік рөлдердің бөлінуіне немесе қайта бөлінуіне әсер етеді. Мәселен, егер бұрын әйел үй иесі мен анасының рөлін таңдаса, енді отбасылық және өндірістік рөлдерді біріктіруге ауысуда.

Сонымен, стереотиптердің негізінде бала кезінен "нағыз ер адам"өзін қалай ұстау керектігін көріп, естігенде гендерлік идентификация жүреді. Кез келген адам "ана сүті аузыанан кеппеген"сөзінің мағынасын біледі. Әлеуметтендіру процесінде бала кезінен бастап әлемнің "дұрыс" түсінуі таңдалады, онда жыныстардың дифференциациясы жетекші орын алады. Қазақта мынадай мақал бар: «Қыз «қуыршақ», ұл – «құлыншақ». И. Жеребкиннің айтуынша, жыныстық қатынас дене негізінде де, мінез-құлықтық және мінез-құлықтық ерекшеліктерде де құрылады (гендерлік зерттеулерге енгізу 2001). И. С. Конның айтуынша, бір жарым жасқа қарай балада бастапқы жыныстық бірегейлігі қалыптасады, ол оның санасының ең тұрақты, өзекті элементін қалдырады, ал өсіп-жетілуіне қарай бірегейліктің мазмұны өзгереді. Типтік қасиеттер ата-ананың немесе ананың уайымдануы есебінен санада бекітіледі. Мәселен, 4 жасар бала анасын былай дейді: "Мен үлкен өскен кезде әкем боламын". Ерте гендерлік әлеуметтену белгілі бір жынысқа және гендерге аудару болып табылады, соның салдарынан - гендерлік бірегейлікті қабылдау (Кон 1989). "Әйел - ер адам "мәртебесі берілмейді, ал алынады, себебі табиғи айырмашылықтары биологиялық шығу тегі жоқ. Әлеуметтік оқыту теориясына сәйкес ата-аналар мен айналасындағылар "оқытады", содан кейін балалардың гендерлік мінез-құлқының моделін нығайтады. И. С. Кон айтқандай, бала әлеуметтендіру субъектісінен гөрі объект ретінде көрінеді (Кон 1981).

Қазіргі таңда гендерлік лингвистика негізінен тілдік қатынастағы ерлер мен әйелдер тілінің өзіндік ерекшеліктері мен айырым белгілеріне айрықша назар аударуда. Сол себепті бүгінде әлемдік тіл білімінде әр ел ғалымдары тілдегі гендерлік ерекшеліктер мәселесін көтеріп, жан-жақты зерттеулер жүргізуде. Гендерлік лингвистика теориясын, әдістемесін талдап-түсіндіруде батыс лингвистері Дж. Лакофф, О. Есперсен, ресей тіл білімінде А.В. Кирилина, М.А. Китайгородская, Н.Н. Розанова, Е.В. Митрохина, А.В. Бесарабенко, Е.И. Трофимова сынды ғалымдар елеулі үлестерін қосты.

«Гендер» ұғымын тілдік жағынан сипаттап, оның ерекшеліктерін анықтап, дамытқан ғалым – А.В. Кирилина. Автор өз еңбектерінде «гендер» және «жыныс» ұғымдарын келесідей ажыратып берді: «Гендер (социальный или социокультурный пол) не является языковой категорией, но его содержание может быть раскрыто путем анализа структур языка, что объясняет востребованность лингвистической компетенции для изучения культурной репрезентации пола» [1, 133].

Қазақ тіл білімінде тіл мәселелерін гендерлік лингвистика аясында қарастырған зерттеушілер: Б. Хасанұлы, Г. Мамаева, Қ. Жанатаев, Г. Шоқым, М. Ешимов, А. Байғұтова.

Гендерлік зерттеулердің басты мақсаты – әлеуметтік қоғамдағы ерлер мен әйелдерге деген тілдік қарым-қатынасты айқындайтын қоғамдық, танымдық, әлеуметтік, ұлттық факторларын, жеке тұлғаның белгілі бір жыныс ретінде сипатталуына қатысты мінез-құлық ерекшеліктерін, болмыс-бітімін, олардың ер не әйелге тән негізгі қасиеттерінің тілдік белгілерін анықтау.

Гендер – әйел мен ердің әлеуметтік қоғам қалыптастырып шығарған үлгісі іспеттес. Бұл тұрғыда осы ұғым әйел мен ер жынысының әлеуметтік ортадағы, қоғамдық-мәдениет ошақтарындағы өзіндік орны мен ролін айқындайды.

Гендер – адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Гендер құрылымы жағынан биологиялық жыныс, гендерлік стереотип, гендерлік норма және гендерлік ұқсастық деп төрт жақты болып бөлінеді.

XX ғасырдың 50-жылдары Симона де Бовуардың «Екінші жыныс» атты еңбегінде жалпы ер мен әйелдің бірінші жынысы биологиялық ерекшеліктер болса, екінші жынысы – өзі өмір сүретін қоғам түсінігінде ер мен әйелге айналуы деп көрсетілген.

Зерттеуші А. Чекалина бойынша: «гендер – әлеуметтік психологиялық мағынадағы жыныс, әйелдер мен ерлердің әлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын арнайы мәдени және мінез-құлықтық сипаттардың жиынтығы. Гендер аясында әйел және ер жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән, әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінез-құлық қалыпты, күдікті немесе нормадан ауытқушылық саналады, сондай-ақ жыныс әлеуметтік жағдайға, жеке тұлға мәртебесіне қалай әсер етеді деген тәрізді мәселелер қарастырылады» [2, 24].

Отандық гендерлік лингвистика саласы ның маманы Ө. Мақанованың пікірінше гендер әлеуметтік тұрғыда қаралуы тиіс: «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және ерге бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, гендер дегеніміз – жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез-құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстанымдардың жиынтығы» [3, 62].

«Әйел» және «ер» концептілері барлық мәдениеттерде кездесетіні белгілі, оларға әдет-ғұрып, фольклор, мифтік санада, «дүниенің қарапайым ой суретінде» айтарлықтай орын берілген. Осы төңірегінде И.А.Гусейнова мен М.В.Томская:

«Гендерные стереотипы, представляющие собой стандартные, часто упрощенные и обобщенные мнения о представителях обоих полов, складываются и закрепляются в обществе посредством институализации и ритуализации пола» [4, 81], деп атап көрсетеді.

Әйелдер мен ерлердің әлеуметтік рөлі де бір-бірінен ажыратылатындықтан, олар қоғамдағы түрлі нормаларға сәйкес реттеліп отырады. Гендерлік таптаурындар деп әлеуметтік мәдени тұрғыдан белгіленген ойпікірлерді танимыз, сондай-ақ жыныс өкілдерінің мінез-құлық нормалары қасиеттері, атрибуттық пікірдің ақиқат бөлігінің тілдегі көрінісі деп білеміз [5, 21].

Көне заманнан бері қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа беріліп, мұра болып келе жатқан, ауыз әдебиетінің бай салаларының бірі – мақалмәтелдер. «Мақал-мәтелдер – құрылысы жағынан әрі ықшам, әрі көркем, мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитын, аса шеберлікпен жасалған сөз өрнегі» [6, 250].

Халықтың тарихынан сыр шертетін, мәдени құндылықтарын айшықтап беретін, халықтық пәлсапа мен ұлттық сана, діл тұрғысынан аса құнды мәлімет алу үшін мақал-мәтелдердің гендерлік сипатын талдау маңызды.

Гендерлік сипаттағы концептілер барлық халыққа ортақ. Алайда, әр елдің өзіндік ерекше көзқарасы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен тұрмыстіршілігі бар.

Гендерлік сипаттағы фразеологизмдер әйел және ер концептілерін қоғамдағы әлеуметтік статусы, отбасыдағы орны шеңберінде қарастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың екі халық дүниетанымындағы алатын өзіндік орындарын айқындауға қосар үлесі де зор.

Қазақ және ағылшын тіліндегі әйел және ер концептілеріне қатысты ұғымдарды талдасақ, әйел қашанда өмірге нәресте әкелуші, барлық жылулық бастауы, тіршілік тынысы мен отбасының ұйытқысы саналған. Қазақ тілінде әйелді сипаттайтын тіл бірліктерін сәби, қыз бала, бойжеткен, келіншек, келін, жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, ана, әже, кемпір деп өз ішінен жасына қарай бөліп атаған.

Ер атаулыны сипаттауда оның жас ерекшелігі, отбасындағы орны, әлеуметтік орны, туыстық байланысына қарай атаулары да әртүрлі лексемалармен беріледі. Мысалы, «ер адам» тезаурсын түзетін ұл, ер бала, бозбала, жігіт, ер, еркек, күйеу жігіт, отағасы, әке, ата, баба, ақсақал, қария, шал сөздері мақал-мәтелдерде «ер-ұл», «ер-жігіт», «ер-ер», «ер-күйеу жігіт», «ер-әке», «ер-ата», «ер-баба», «ер-ақсақал» когнитивтік модельдерін құрады.

Қазақ тіліндегі ер мен әйел арақатынасын сипаттайтын әр түрлі көптеген мақал-мәтелдер бар, оларды айтудағы мақсаты мен мағынасы на сәйкес, тарихи қалыптасқан жағдаяттарға сай, қазақ халқының өмір салтына сәйкес бірнеше топтарға бөлуге болады. Солардың ішінде әйелді ақылшы, ер азаматты бағыттаушы, ердің жамандығын жасырып жақсылығын арттырып отыратын отбасы ұйытқысы ретінде сипаттайтын мақал-мәтелдер. Осындай мақал-мәтелдерде әйелді жағымды немесе жағымсыз қарама-қайшылық арқылы суреттеп береді.

Жақсы әйел жаман еркекті еркек етеді,

Жаман еркек жақсы әйелді келсап етеді.

Жаман әйел жақсы еркекті ез қылады,

Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады.

Еркек – түздің көркі,

Әйел – үйдің көркі.

Жақсы әйел жаман еркекке біткен бақ,

Жақсы жер, алтын қоныс – алтын тақ.

Жақсы әйел жаман ерін хан қылады,

Жаман әйел жақсы ерін даң қылады.

Ер – бас, қатын – мойын.

Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.i

Ағылшын тілінде де осы іспеттес мақал-мәтелдер бар, олардан аңғаратын негізгі ой – әйелдің жақсы болуы еріне байланысты, әйел ерінен бір саты төмен тұрады, әйел өз ақылдылығымен және төзімділігімен ерінің жүгін жеңілдететін қамқоршысы, оның тапқан табысын жеткізе білетіндігін көрсету:

A good husband makes a good wife.

Behind every successful man is a woman.

Men build houses; women build homes.

Man is head, but woman turns it.

Men get wealth and women keep it.

The Good Jill may mend the bad Jack.

A worthy woman is the crown of her husband.

Жоғарыдағы мақал-мәтелдерден әйелге деген екі менталитеттегі ортақ көзқарас, бір ұстанымды байқаймыз. Екі халықтың да айтар ойы бір, мақал-мәтелдердің семантикасы «Алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы боласың» дегенді білдіреді.

Қазақ халқының менталитетінде сонымен бірге, әйелдің еркектен қоғамдағы орны бір саты төмен екендігін, әйелдің жаман болуынан және оның ащы тіл мен қулығын сипаттайтын айшықты орамдарды байқаймыз:

Бұлттан шыққан күн ащы, Жаман қатынның тілі ащы.

Алтын басты әйелден, Бақыр басты еркек артық.

Шыққан даудың себебін әйелден ізде. Астыңдағы атыңа

Қойныңдағы қатыныңа сенбе.

Қатын бастаған көш қараң қалады.

Әйелді даудың бастаушысы ретінде көрсететін мақал-мәтелдердің шығуы тегін емес, ағылшын тілінде де мағынасы сәйкес мақалдарды кездестіреміз:

One tongue is enough for a woman. Every woman beautiful till she speaks.

The woman cries before the wedding and the man after. A woman’s work is never done.

A woman told me that a woman told her. Women will have the last word.

There was never a conflict without a woman.

A woman, a spaniel, and a walnut-tree, the more you beat them the better be.

Three women and a goose make a market.

Мақал-мәтелдерге ортақ түсінік, әйелдердің сөзшеңдігі, ұрыстың себебін әйелден іздеу керектігі, әйелдің ісі ешқашан бітпейтіндігі және олар өсекке жақынырақ болатыны сөз етілген.

Қазақ тілінде әйелдің тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін мақал-мәтелдер сақталған. Себебі қазақ елі көшпенділік салтымен өмір сүріп, кең даланы мекен етіп табиғатпен етене араласқандықтан таным-түсінігінде де ер мен әйелдің мінез-құлқын ағылшын ұлтына мүлдем жат құбылыстармен бейнелеуі табиғи нәрсе. Мысалы: Қатын көп болса шөмішті ит жалайды; Екі қатынның баласы екі рулы ел. Бұл мақалдардың пайда болуы қазақтарда ертеректе бірнеше әйел алушылықпен байланысты.

Екі халықтың сана-сезімін мен әлемдік ойсуретінде ұқсастықтар басым болғанымен, айырмашылықтар да жетерлік. Ағылшын және қазақ ұлтына да ортақ, басым ұқсастыққа ие болған ер мен әйелге қатысты ой-тұжырымдар:

– Ер адамды әйелден жоғары қойып, олардың көшбасшылық қасиетін бағалайтын мақалмәтелдер;

Әйелдің сөзшеңдігі мен өсекке жақын екенін көрсететін мақал-мәтелдер;

Әйелдің отбасы ұйытқысы және ардақты ана ретінде сипаттайтын мақал-мәтелдер;

Ер адамды жетістікке жеткізетін, ақылшы және қамқоршысы – әйел екенін ұғындыратын мақал-мәтелдер.

Қазақтың ежелгі мәдениеті мен тұрмыс-салтынан көрініс беретін әйелге қатысты мақалмәтелдер қалыптасып, халық арасында кең тараған. Ағылшын тілінде мүлдем кездеспейтін мақал-мәтелдер: бірнеше әйел алушылық, әмеңгерлік салты, қызға қалың мал беру сияқты дәстүрлерден мәлімет беретін мақал-мәтелдер. Мысалы, «Аға өлсе жеңге мұра», «Қыз мұраты кету», «Бәйбішеге малын берер, тоқалға жанын берер», «Бастапқы қызыңды жасаулы ұзат,соңғы қызыңның өтеуіне жақсы», «Қалыңсыз қыз болмас», «Құмға төккен білінбес, қызға берген білінбес». Қыздың тұрмыс құрған соң келін ретіндегі бейнесін суреттейтін мақал-мәтелдер: «Келіні жақсының керегесі алтын», «Жақсы ауылға келген келін – келін, Жаман ауылға келген келін – келсап», «Келінге өкпе тисе төбесі көкке тиеді», «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан», «Келін ененің топырағынан».

Келесі мақал-мәтелдер тобы ағылшын халқының төл мәдениеті мен тұрмыстағы гендерлік таптаурындардан туындаса керек, сондықтан бұл мақал-мәтелдердің қазақ тілінде баламасын кездестірмейміз:

A lady is a woman who makes it easy for a man to be a gentleman.

If you search for a faultless woman, you will remain a bachelor. A man is as old as he feels, and a woman as old as she looks.

Қазіргі гендерлік лингвистикада әлі де толық зерттелмеген аспектілірдің бірі – туыс емес және мәдениеті әр-алуан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтап, саралап, талдаудан өткізе отырып, осы екі мәдениеттегі көптеген бұрын белгісіз болған қырларын ашу.

«Ер» және «әйел» концептілері барша адамзат баласына ортақ әмбебап құбылыс болғанымен, әр ұлттың «еркектік» және «әйелдікті» анықтайтын өзіндік өлшемдері, оларға жүктейтін жауапкерліктері мен міндеттері, мінез-құлық үлгілері болары анық. Екі тілдегі гендерлік қырлары бар фразеологизмдердң салғастыра зерттеу бізге рухани, мәдени жағынан бір-біріне өте алшақ екі ұлттың өзіндік ерекшеліктерін және аталған концептілерге қатысты қалыптасқан дәстүрлі дүниетанымы мен ой-пайымдауларын ашуға мүмкіндік береді.

Фразеологизмдердің гендерлік қырын сөз еткенде біз «әйел» және «ер» бинарлық жұбының жағымды, жағымсыз қылықтарын сипаттайтын мақал-мәтелдерді, бейтарап реңкі бар мақал-мәтелдерді және олардың қоғамдағы орны, қызметі, әлеуметтік статусын, ана-бала және ата-бала, әке-ұл, ана-қыз арасындағы қатынастарды айқындайтын мақал-мәтелдерге талдау жасау өте маңызды болып табылады.

Гендер қоғамда дүниеге келіп, ұлттық тілдік тұлғаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және мәдени процесстердің жиынтығы. Мұндай процессер келіп тіл білімінде гендерлік лингвистиканы тудырды. Бұл фактор қазақ ауыз әдебиеті, соның ішінде фразеологизмдер бойынан жақсы көрініс тапқан. Қай тұрақты тіркесті алсақ та ол ер не әйел адамның жас ерекшеліктеріне, мінез-құлқына және іс-әрекеттеріне байланысты келеді.

Фразеологизмдердің гендерлік қырын қарастыру барысында олардың ұлттық-мәдени астарын, рухани мәдениетінің қайнаркөздерін де ашу маңызды, өйткені әр мақал-мәтелдің астарынан халықтық дүниетаным, ұлттық философия, белгілі бір мәдени ақпаратты көре аламыз.Гендерлік стереотиптер тілде тіркелген, ал тіл адам қарым-қатынасының негізгі құралы болып табылады және біз көріп отырғанымыздай, Онда әйелдерге ерлерге қарағанда құндылығы аз. "Қазіргі заманғы адамның барлық санасы жынысына қарамастан, ерлер идеологиясының идеялары мен құндылықтарына сіңіп, оның еркектік басы, әйелдің рационалдығы мен объективтілігі (Бовуар де 1997) басымдыққа ие. Жоғарыда аталғандардың барлығы тілде тұрақты сөз тіркестері, лексика, гендерлік таңбаланған лексика, грамматикалық құралдар, әйел жынысты адамдарға сыртқы тартымдылыққа байланысты қасиеттерді атрибутациялау түрінде, ал ер жынысты адамдарға жоғары интеллект, креативтілік және тиісінше үстемдік пен билік құқығы түрінде көрсетіледі. "Әйел" рөлі тек қана бағынышты емес, сонымен қатар ерлер тарапынан қатаң бақыланады.

Қай халықтың мәдениеті болмасын ежелгі заманнан бері өмір сүріп, ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты да, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты.

Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени казыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердін сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық [10].

Қазақтың көшпенді тұрмысында көп нәрсе жоғалғанымен тілін жоғалтпады, қайта байытты, тіпті небір замандар өткен сайын жаңарып, жаңғырып отырды. Әсіресе тіл арқылы берілген халықтың барлық тұрмыс-салты, құбылыстары, өзіндік ерекшеліктері фразеологизмдерде ерекше байқалады.

Академик Ә.Қайдар: «Халықтың дүниетанымы мен болмысы оның тек тілінде сақталып, тіл арқылы көрініс тауып отырады. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қозғалыстық қатарлар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы ғана келіп жетуі мүмкін екен» [23, 146б.], - деген ой түйінін толығымен құптаймыз.

Фразеологиялық бірліктер (ФБ) ұзақ уақыт даму нәтижесінде, халық жадында сақтала отырып, мәдени стереотиптер, эталондар мен архетиптерді ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырады. Фразеологизмдерді Ф.И.Буслаев өзіндік микроәлемге теңей отырып, «...они содержат в себе и нравственный закон, и здравый смысл, выраженные в кратком изречении, которые завещали предки в руководство потомкам» [30, 37б.], - дейді. Бұл әрбір тілдің өзіндік қайталанбас ерекшелігін көрсететін ұлттық рух.

Белгілі бір халық жөніндегі мәдени құндылықтарды жеткізушіні тіл десек, оның ішінде демек, фразеологизмдер адамдардың, халықтың тарихи қалыптасу, даму кезеңдеріндегі күллі тіршілік-тынысын танытушы саналады. Жалпы «фразеология» термині тіл білімінде екі түрлі мағынада қолданылатынын айтып өткеніміз жөн. Бірінші мағынасы - «белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы», екіншісі - «тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы» деген мағынада қолданылады. Олар басқа тілдік бірліктерден экспрессивті-бейнелілігімен қоса, мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығымен басқа да тілдік бірліктерден ерекшеленеді. Және жоғарыдағы үш қасиетке ие бола отырып, бір-бірінен ажырамай іштей ұштасып жатады. Осыған орай фразеологизмдер тілдің басқа категорияларына қарағанда оқшауланып, өз заңдылықтарын берік ұстанады. Халықтың орасан зор рухани қазыналарының бірі фразеологизмдер - тіл байлығы ғана емес, тарих шежіресі, ата-бабалар өмірінің көрінісі. Халық санасының, салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының бэрін бойында сақтаған дербес мағыналы лексикалык бірлік. Онда халықтың болмыс-тіршілігі, мәдениетінІң тылсым сырлары толық, кеңінен көрініс табады. Сондықтан да фразеологизмдерді өткен тарихтың, салт -сананың, ұлттық болмыс бейнесінің, аңыздар мен ертегілердің және т.б. жиынтығы деп қарауға болады.

Кез келген тілдегі фразеологиялық қорды сан жағынан әрі мазмұны жағынан байытып тұратын фактор - сол тілде сөйлеуші халықтың рухани және материалдық мәдениеті. Бұған С.Е.Исабековтың: «Идиомы как ценный источник культуры и менталитета народа, в которых законсервированы мифы, легенды, обычаи, обряды, религиозные воззрения и.т.д. являются прекрасным материалом для лингвокультурологического исследования» [31], - деген пікірі айкын дәлел.

Фразеологизмдерді лингвомәдениеттану тұрғыдан зерттеудегі басты нысан -«табиғи тілдің бірліктері болып табылатын фразеологизмдер мен «мәдениет» тілінің мәдени семантикасы арасындағы арақатынас жолдарын зерттеу және сипаттау» [32, 23б.], - деп нақты айтуға болады. Ал фразеологизмдерді этнолингвистикалык және лингвомәдени тұрғыдан қарастырудың қандай айырмашылығы бар? деген мәселеге келсек, сырт пішініне қарағанда, зерттеу тәсілдері бірдей болып көрінуі мүмкін. Олардың айырмашылықтарын В.Н.Телиия былай деп көрсетеді: «Этнолингвистикалық бағыт фразеологизмдердің пайда болуындағы мәдени қабаттардың тарихи ретроспективті жақтарына бағытталған. Ал лингвомәдени сипаттау фразеологиялық белгілердің халықтық ментальдылығының діңгегі болып саналатын қазіргі мәдени санасын бейнелеу құрметімен тікелей байланысты» [32, 156б.].

Бүгінгі күнге дейін фразеология тақырыбына байланысты коррғалған диссертациялар мен жазылған жеке макалалар, монографиялар саны жеткілікті. Мұның өзі фразеологизмнің тіл білімінде алатын орнының ерекше екендігіне дәлел бола алады. Бұл ғылым саласын одан әрі зерттей түсу тұрақты сөз тіркестерінің белгілі тілдік құбылыс екендігін одан сайын таныта түсумен қатар, сөйллеу тіліміздің мәдениетін арттыруда белгілі рөл аткарары сөзсіз.

Фразеологизмдер ұлттық мәдениетті мынадай жағдайларда сипаттауы мүмкін.

I) кешенді (комплексно), яғни тұрақты тіркестер компоненттеррі тұтасып келіп, идиомалык мағынаға ие болғанда. Мысалы: орыс тілінде «как по волшебству, как бы само собой» // қазақ тілінде: «көз байлағандай» мағынасын беретін «как по вашему велению» тұрақты тіркесін бақыттылық, мейірімділік, қатыгездік т.б. сияқты түрлі қасиеттерді айқын көрсететін орыс халқының ұлттық бітім-болмысын сипаттайтын «Ақымақ - Емеля» (Емеля - дурачок) ертегісінен ооңай еске түсіруге болады. Ал қазақ тілінде: шық бермес Шығайбай тіркесіндегі қолы тар, түк бермес, сараң келетін қазақ байына тән образды беейнелейтін Шығайбай, ағылшын тілінде: а dоиblіng Тhотаs (Евангиялық аңыздан енген). Мұндай тіркестер әр халықта түрлі түсініктерге ие болады да, мұны белгілі ұлт өкілі өзінің ұлттық-мәдени біліміне сүйене отырып қана ажыратта алады.

2) ұлттык-мәдени ерекшеліктер фразеологизмдерді кұраушы компоненттер қатарынан көрінеді. Мысалы: казақ тіліндегі алаштың азаматы тіркесіндегі«алаш» сөзі, ағылшын тіліндегі тап Frіdау II сенімді, жанқияр дос тіркесінде«Fridау» сөз1і өзге ұлт өкілдеріне бірден түсінуге қиынддық келтірері рас.

3) фразеологизмдердегі ұлттық мәдениет өзінің прототипі - еркін тіркестераркылы да берілуі мүмкін. Мысалы: қазақ тіліндегі: қой ішінде серкедей тізгінді босату, ағылшын тілінде: Livе а саt апd dоg lіfе (ит пен мысықтай).

Фразеологилық бірліктердің ұлттық-мәдени ерекшелігі әлеуметтік, табиғи, географиялық жағдайлармен анықталады. Үлттық дүниетанымнын сыры мен ерекшеліктері тек ұлт тілі арқылы жетіп танылса, адамдардың материалдык тұрмыс тіршілігі, қорщаған ортасы және рухани ой-өрісі бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, бұл бірлік мәдени өмір сүру заңдылықтарына сай, сол ұлттың өз менталитетін айқындайды.

Ұлттың мәдени өмірінің көрінісі фразеологиялық қорда ерекше. Онда ұлт менталитеті көрінісі тұтастай қамтылады десек асыра айтпағанымыз болар. Әр ұлттың тілдік ерекшеліктерінде, ұлт мәдениетінде әрбір халықтың ұлттық сана -сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Мысалы: Қара қылды қақ жарған тіркессі неліктен әділ, турашыл адамға қатысты айтылған десек, бұл тіркестің түп-төркіні бейнелеп айтудан, ұқсатудан шығады. Яғни ақ-қараны ажыратудың қиындығы көзге ілінер-ілінбес нәзік нәрсе -қылды ортасынан қақ жарумен бірдеей. Тіркестің бұлай айтылуына ерте кездег1 салт негіз болған. Ертеде шешімі қиын даумен би алдына жүгініске барған кісілер қылдан ескен жіп ала барған. Егер дауласқан екі жақ та би шешіміне тоқтаса, жіпті кақ ортасынан қидырады. Яғни бұл - билік айтқан адамның қара қылды қақ жарған әділдігіне риза боллғандықтарының белгісі. Билікке байланысты айтылатын «айттым-бітті, кестім-үзілді» деген би сөздеріндегі «кестім-үзілді» деуі де осы жіпке (қылға) орай айтылған.

Шөп басын сындыру. Бұл әдетте жақсылық жағдайда, іске байланысты жасалатын ырым. Мысалы, сарраңдар жомарттық жасаса, қорқақтар батылдық жасаса немесе жұрт өзінен күтпеген жерден біреулер жақсы істер жасаса, естіген адам «мынау бір шөп басын сындыратын іс екен» деп жерден шөп алып сындырады. Бұл көз, тіл тимесін деген ұғымнан шыққан. Бірақ бұл әдетті «шөп басын сындырмайды» деген фразеологиялық тіркеспен шатастыруға мүлде болмайды. Оның мағынасы «жұмыс істемейді, бос жүреді» дегенді білдіреді [33, 53б].

То gо thrоugh fіrе апd wаtеr (сөзбе-сөз аудармасы: от пен су арқылы өту) тіркесі ертедегі англо-сэксондықтардыңң түсінігі негізінде қалыптасқан. Олар от пен судан сынап өткізу құдай жазасының ең ауыр түрі деп түсініп, бұл жаза түрін кінәлі болған адамдарға қолданған. Яғни, кінәлі болған адам қып-қызыл шоқ болғанша күйдірілген темірді 9 ярд (1 ярд - 1 фут немесе 914,4 мм) үзақтыққа қолымен ұстап алып жүруі керек болған, болмаса, оны көзін байлаған күйі қатты ыстығы шыққан, аптап сүрлеуден жүргізген екен.

Осы орайлас қазақ тілінде ыстыгына күйіп, суығына тоңу деген тіркес бар. Бұл тіркес адамның баска түсккен жағдайға, өмірдегі кездесетін қиыншылыққа, тағдырға қатыстылығын ғана емес, «соған шыдау, төзу» дегеннен ассоциативті түрде қазіргі кезде «біреудің жақсы, жаманын бөлісу» деген де мағынаға ие.

То ріп опе's hеаrt оп опе's slееvе (сөзбе-сөз аудармасы: біреудің жүрегін жеңіне түйреу) фразеологизмі ертедегі сері, батыр, жігіттің жауға қарсы соғысқа шыққанда, сүйген қызының сыйлығын (бант, сәнді түйреуішін т.б.) жеңіне түйреп алу негізінде қалыпттасқан. Демек бұл, жігіттің қыздың берген сыйлығын жауынан да жасырмау образын көрсетеді [34, 176б].

Фразеологизмдерді қарастыра отырып, мынадай ұстанымдарды (гипотезы) атап көрсетуге болады.

1. Фразеологизмдердің басым көпшілігінде ұлттық мәдениеттін «іздері» жатады;

2. Фразеологизмдерде ұлттық-мәдени бояуы қанық, дүние жайындағы түсінікті бейнелейтін мәдени ақпараттар көздері фразеологизмдердің ішкі формасында жақсы сақталған;

З.Олардың мәдени-ұлттық ерекшелігін көрсетудегі басты нәрсе - мәдени-ұлттық коннотациясын ашу.

Фразеология - дүниенің тілдік бейнесінің көрінісі болып табылады. Олар субъектіге қатысты, яғный дүниені суреттеп қана қоймай, оны түсіндіруге, бағалауға, талдауға мән береді. Фразеологизмдердің атауыштық бірліктерден айырым белгісі осында. Фразеологизмдерден туындайтын дүниенің бейнесін сүрыптай отырып, оның антропоцентрлік бағытын байқауға болады. Дүниенің антропоцентрлік бейнесі адамға қатысты бағытталады, яғни адам барлық заттардың өлшем бірліктерінің қызметін аткарады. Мысалы: «жақын» -мұрынның ұшында, қол астында; қол созым жер, ағылшын тілінде: пеаr at hапd (қол созым жер); «тез, лезде» - көзді ашып жүмғанша, қас пен көздің арасында, қас қағым сәтте, ағылшын тілінде: qиісk еуе (шапшаң көзқарас) т.б. деп дәлелдеуге болады. Сондай-ақ сөздер мен фразеологиялық бірліктер мағынасының қатары дүниені антропоцентристік негізде түсінуде көрінеді. Мысалы: даудың басы, бөтелкенің ауызы, үстелдің аяғы, қол аяғын жерге тигізбеу, оң колы болу т.б. Мұндай атауыштык бірліктер адамдардың мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін т.б. көрсететін дүниенің ұлттық-мәдени бейнесін қалыптастырады.

Сонымен бірге мәдени ақпараттар тілдік атауыштық бірліктерде бірнеше тәсілдер арқылы көрініс табатынын айтып өтуіміз қажет. Олар мәдени сема, мәдени фон, мәдени концепт, мәдени коннотация. «Тіл мен ұлттық мәдениет байланысы қалай жүзеге асады? деген сұраққа зерттеуші ғалымдар әртүрлі пікір айтады. Мәдениет пен тілдің байланысы ұлттық-мәдени компонент түрінде іске асса десе (Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров), ал Ю.А.Сорокин сынды ғалымдар «фондық білімдер аясында қарастырады», - дейді. В.А.Маслова, В.Н.Телиялардың пікірінше «бұл байланыс ұлттық коннотация арқылы жүзеге асады» [14, 55б.]. Мүндай мәдени-маркаланған коннотация фразеологиялық бірліктердің ассоциативтік-образдық негізін түсіндіру жэне метафора арқылы мәдени-ұлттық эталондар мен стереотиптердің байланысьтнан туындайды.

Мәдени сема - белгіленетін заттардың, болмыс кұбылыстарының эр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі қарапайым көрінісі. Сөздер мен семантикалық бірліктерғе немесе семантикалық белгілерге қарағанда неғұрлым ұсак әрі универсалды сипатта болады. Мысалы: орыс тіліндегі: самовар, лапти, щи сөздеріндегі самовар - ішіне оттық салынып, су құйылатын ыдыс. Лапти -жөкеден токылған шабата, шәрке. Щи - қырыққабаттан жасалатын ауқат, тағамның түрі т.б. Қазақ тілінде: бесік, сырмак, шелпек т.б. Ағылшын тілінде: роrrіdgе (көже), рudding (пудинг) т.б. сөздерді айтуға болады.

Мәдени фон -— әлеуметтік өмір құбылыстары мен тарихи жағдайларды атауыштық бірліктермен (сөздер немесе фразеологизмдердермен) көрсету. Орыс тілінде: пропал как швед под Полтавой, қазақ тілінде: барар жерің —Балқан тау. Ағылшын тілінде: аs wеll bе hапgеd fоr а shеер аs fоr а lатр (ертеде ағылшын заңы бойынша қой ұрлаған адамды асу арқылы жазалайтын болған).

Мәдени концепт — ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы. Ол мәдени ақпараттарға толы, абстрактылық ұғымдар атауын береді. Концепт ретінде кез келген ұғымды емес тек белгілі бір халық жөніндегі мәдениетті танытатын, сол халықтың ұлттық құндылықтарын түсіндіре алатын ұғымдар болмақ. Мысалы: қазақ халқы үшін шапан, киіз, қамшы, шаңырақ т.б. ағылшындықтарда қамал, мұнара т.б. сөздер лингвомәдени бірлік ретінде ұлттык-мәдени концепт деп танылады. Лингвомәдениеттану тұрғысынан алғанда тіл коммуникативтік және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана болмайды. Ол тұтас дүние туралы сансыз деректер беретін ұлттық мәдени қор, мәдени акпарат көзі ретінде танылады. Жан-жақты ойлап қарасақ, адамға рухани, әлеуметтік, интеллектуалдык қажеттіліктерден туындайтын өте көп, сан алуан ақпараттар тек тілдік арналар арқылы жетеді екен, яғни адам баласы концепт әлемінде ғұмыр кешеді. Концепт туралы ойын А.П.Бабушкин: «...концепт бір зат не құбылыс жайлы мағлұматтар болып табылады. Сондықтан да ол нысанның мазмұнды белгілерін ғана бейнелеп қоймай, нақты тілдік ұжымда мән жайлы деректермен толығып отыратын белгілерді суреттейді» [35, 96б.], - деп білдіреді.

Демек айналамыздағы әлемді танып білуде адам өте көп мағлұматтар ала отырып, аса мол мәліметтерге толы ұғымдармен танысады.. Осы мәдени концепт — мәдени деректерге толы әғым болғандықтан, оның бір көрінісі ретінде фразеологизмдер де сипатталады.

Мәдени коннотация - мәдениет категориясында эмоционалды, экспрессивті, бағалағыштық мәнге ие микрокомпоненттердің жиынтығы болып табылатын, адам әрекетінің сөйлеу мазмұнына қатыстылығын білдіретін атауыштық бірліктер мағынасы.

Символмен таңбаланған компоненттер мәдени-коннотация мазмұнына себепші болады. Мысалы: «қан» символының фразеологизмдерде туыстық символ ретінде - қаны бір, қанына тартты, құрбандық ету символында - қан төгу, қан кешті, қанын торсыққа байлады, қанын қиды, қанға қан - жанға жан; дені саулық символында - бетінен қаны таму, қан жоқ, сөл жоқ, қан сөлден айырылды; психикалық күйді білдіруде: қаны кебу, қаны қараю, қан жұту, қанын ішіне тарту т.б. фразеологизмдер мен образды-уәжделген сөздер (метафоралар) мәдени таңбаның экспоненті болып табылады.

Неліктен фразеологиялық бірліктер тілде ғасырлар бойы ұмытылмастай сақталады? Неліктен дәуір өткен сайын үсті-үстіне калыптаса береді десек, олар көп нәрседен хабардар ететін халық рухымен, мәдениетімен біте қайнасқан, тамырын тереңге жайған ұлттық ақпарат көздері. Тілдік белгідегі мәдени экспонент-мәдени коннотация болмақ. Коннотация мәдени мәнді фразеологизм, символ немесе метафораға фразеологиялық мағына арқылы ғана емес, тұтас мәтіндік мағына арқылы да беріледі.

Сананың бағалағыштық әрекетінің нәтижесі бола отырып, коннотация шындық құбылыстардың жанама бейнесі болып табылады және соған сәйкес денотативті-сигнификативті мазмұнмен де тікелей байланысты. Коннотациялық тілдік бірліктердің қолдану мен меңгерудің узуалды, окказионалды, субъективті, шартты ерекшелігі болуы мүмкін. Фразеологилық бірліктердің семантикалық кұрылымындағы коннотация оның бейнелік негізінің сипатьтмен, ішкі формалары мен кұрамындағы сөздердін экспрессивті-стилистикалық сипаттамасымен, әр түрлі мәдени-тарихи факторлармен (халықтың материалдық және рухани мәдениеті ерекшеліктерімен, дүниетанымымен, әлеуметтік ортамен және т.б.) анықталады. Фразеологилық бірліктердің коннотативті элементтері құрастырушы сөздер аражігін бөлмей, олардың компоненттер құрамына сәйкес келеді. Еркін тіркесте жеке сөздерге тән коннотация лексикалық компоненттерде абстракцияланып, ФБ-де бекітіле отырып, фразеологиялық коннотацияға айналуы мүмкін. Мьтсалы: фразеологилық бірліктерде эмоционалды-экспрессивті немесе функционалды-стилистикалық коннотация мынадай: тағдырын шешу, өмір-өзен, орыс тілінде: ползатъ на брюхе, башка садовая т.б. көрінсе, терминдік сипаттағы мына фразеологилық бірлік эмоционалды-бағалағыштық тұрғыдан көрінбесе де, белгілі бір аймаққа қатысты коннотативті таңбаланған. Мысалы: аналитикалык геометрия, спорттык гимнастика, орыс тілінде: фигурное катание, математический анализ т.б.

Фразеологиялық коннотация фразеологилық бірліктердің құрамындағы компоненттермен, олардың мағыналарыньтң абстракциялануымен тығыз байланысты. Фразеологиялық коннотация - фразеологизмдердің мағына түтастығынан шығатын, семантикалык даму нәтижесінде фразеологиялық мағынаның түпкі лексикалық мағынасымен мүлдем сәйкес келмеуінен туындайтын фактор.

Коннотация - мағынаның кейбір күшті аспектілерінен (сөздің ішкі формасынан) туындайды. Сөздің тура мағынасы ауыспалы мағынаға қарағанда, сөздің ішкі формасын құрайды. Коннотативті сөздің ішкі формасындағы бейне, әдетте, денотаттан өрбіген белгіден шығады. Мысалы: қоян жүрек десек, біз адамға катьттсты айтылғанда, қоянның (жануар) жүрегін емес, сол жануардың сезгіштік, қорқақтық қасиетіне байланысты, адамның қасиетін суреттегенде қолданьтлады. Эталон, әрине, әр халықтың менталитетіне сай, әр түрлі жануарлар мен күстар бейнесімен берілуі мүмкін. Коннотация тілдің ұлттық ерекшелігін айқын көрсететін, бағалауыштық түр.

Фразеологизмдер лингвистикальтк зерттеулерде тілдің құрылымдық жүйесіндегі аса күрделі тілдік бірлік ретінде жан-жақты қарастырылып келеді және бұл төңірегіндегі мәселелер қай тілде болмасын, тың ойлар ғылыми жұртшылық талқысына түсуде.

Фразеологилық бірліктердің семантикасы, оның ішкі формасы, коннотация және фразажасам үдерістерімен байланысты фразеология төңірегінде бірқатар мәселелер әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Тарихи-әлеуметтік өмір тәжірибелерінен шығып, терең де зерделі тұжырырым жасалған тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, нақыл сөздер, қалыпты, орнықты қалыптасқан тіркестер, афоризмдер халық жадында мәңгілік келеді. Әрбір тілде сақталып жүрген сөздің інжу-маржаны - атам заманнан бері жасалып келе жатқан өте көне мәдениеттердің көзі. Ол халықпен біте қайнасып, бірге жасайды. Сондықтан да ол - ел-жұрт өмірінің айнасы, табиғи шындықтың өзі дегіміз келеді.

1.3. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ «ӘЙЕЛ» ЖӘНЕ «ЕР» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК СЕМАНТИКАСЫ


Әр түрлі тілдердің фразеологизмдер , фразеологиялық бірліктердің қалыптасуының түп төркінін айқындау - салыстыра-салғастыра зерттеуді қажет ететін аса маңызды тақырыптардың бірі. Мәдени және ғылыми байланыстар ұлғайған сайын фразеология төңірегіндегі проблемалар күннен күнге әлі де зерттеуді қажет етіп келеді.

Екі тілдің фразеологиясын салғастыру барысындағы басты мәселе осы тілдердің фразеологизмдер теориясы, олардың типтерін, құрылымындағы семантикалық өзгерістерімен қатар, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау болып табылады. Яғни әр ұлттың өз тілінде дүние әлем туралы түсініктерін, тұтастай алғанда ұлт менталитетін салғастыруды қажет етеді. Әр ұлттың ойлау жүйесін анықтау салыстырмалы түрде ғана жүзеге аса алады. Соңғы уақытта қазак тіл білімінде қазақ тілін туыс және туыс емес тілдермен зерттеуде бірталай еңбектер жарық көрді. Олардың негізгі мақсаттары мен міндеттері - ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін айқындау, бір сөзбен айтканда, ұлттық менталитетті айқындау жатады.

Фразеологизмдердін ішкі мазмұндык құрылымы, мән-мағынасы, сыртқы тұлға-тұрпаты жағынан алғанда, катпар-қаттаулары мол, қыр-сырын тереңдеп зерттеуді қажет ететін күрделі тілдік бірліктер екені белгілі. Қазақ тілі мен ағылшын тілінің фразеологиялық қорындағы даяр қалпында қолданылатын тұракты тіркестердің шығу тарихын зерттеу тіл білімі ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Олардың жасалу жолдары мен мағынасына терең үңілу, сол арқылы фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған о бастағы еркін тіркес түрлеріндегі мағынасын ашу - фразеологиялық зерттеуді қажет етеді. Олар атауыштық мағына беріп, дербес таңба ретінде даяр күйінде жұмсалатын ұлттык таным нәтижесінде қалыптасқан тілдік бірліктер. Фразеологиялық тіркестердін халықтың тұрмыс-тіршілігіне, түсінігіне байланысты сенімдер т.б. негізінде пайда болғандығы белгілі. Кез келген халыктың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн-көрісі, әдет-ғұрпы, салт-санасы ұзақ уақыт бойына бірге жасасып, сол халықпен бірге біте кайнасып, дініне, тіліне сіңіп қалыптасса, іс-әрекеттің, оқиғанын, наным-сенімнің, салт-дәстүр немесе дүниетанымның негізінде пайда болған тұрақты тіркестердің еркін тіркес түріндегі алғашқы уәжін ашу арқылы әр халыққа тән бұрынғы өмірінің көрінісін, тыныс-тіршілігін көруге болады.

Фразеологизмдер табиғатын лингвомәдени тұрғыдан қарастыру, олардын мағынасына терең үңілуді, тәптіштеп түсіндіруді қажет етеді. Бұл туралы Ә.Қайдар былай дейді: « ... барша тіл байлығына этнос танымы тұрғысынан мағыналык талдау жасау кез келген зерттеушінің қолынан келе беретін іс емес. ... мұның <...> сыры: осыншама тіл байлығын «бір қазақтай-ақ» түсіне білу бар да, сол түсінікті басқаларға айтып, жазып жеткізе білу тағы бар» [20, 216б.].

И.С.Торопцев фразеологизмге «мағына мен дыбыстық жамылғыш байланысының рационалдылығы, мағынаның мәнерлілігін түсіну» яғни, сөз мағынасы мен дыбысталуының байланысы рационалды сипатқа ие болуын айтса, [70, 162-163б.]. А.Моисеев тұжырымы бойынша, «фразеологизм тек сөз тудыра алатын, басқа сөздерден жасалған атаулардың белгісіне, қасиетіне, іс-әрекетіне және басқа құбылыстарға қатынасынатән құбылыс» [12, 122б.].

Фразеологизм Т.Р.Кияк пікірінше: «Бір белгінің формасы мен мазмұны арасындағы өзара қатынастарға ғана емес, бүкіл тілдің мазмұнындағы басқа бірліктер байланыстарына да тәуелді, өйткені әрбір жаңа тілдік белгінің жасалуы бүкіл тілдік жүйенің жеткен жағдайына да байланысты» [47, 65б].

Мағына тұтастығының деңгейіне қарай (яғни тұрақты тіркес мағыналарының тасалану-тасаланбау дәрежесіне қарай) фразеологизмдерді В. В. Виноградов үш түрге бөледі: 1) фразеологиялық тұтастық, 2) фразеологиялық бірлік, және 3) фразеологиялық тізбек.[71,89б] Бұл үшеуі тұлға тұтастығы мен тіркес тиянақтылы жағынан, басқаша айтқанда, тұлғалық құрамдарының тұрақтылы мен орын тәртібі жағынан бірдей, яғни олар ұқсас, сәйкес. Ал үшеуінің бір-бірінен айырмашылықтары – мағына тұтастығының деңгейінде. Енді осы фразеологизмдердің түрлерін қазіргі ағылшын тілінде қарастырайық.

Фразеологиялық тұтастықтың құрамындағы сөздер бір-бірінен ажырамастай болып тұтасып, бір ғана мағына береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мұндай фразеологизмдердің мағынасы уәжділігінен айырылған, мағыналарының неге солай болып қалыптасқанын дәлелдеу мүмкін емес. Мысалы: kick the bucket- қайтыс болу, send the smb. to Coventry –біреумен қарым-қатынасын үзу, be at smb.’s beck and call- барып кел-шауып кел болу, at bay- тығырыққа тірелу, to rain cats and dogs- жаңбыр шелектеп жауу,т.б. фразеологизмдердің біртұтас мағынасы құрамындағы жеке сөздердің лексикалық мағыналарынан мүлде бөлек, олардың қалай қалыптасқанын, қандай себеп болғанын айту қиын. Мәселен, «beck» сөзі- «қол бұлғау», «bay» сөздері архаизмдер болып саналады және тек осы фпазеологизмдерде қолданылады.

С. М. Прокольеова фразеологиялық тұтастыққа: «Фразеологиялық тұтастықтың құрамы тек тарихи тұрғыда ғана ашылады » деп сипат береді.[72,35б]

Міне осылай, фразеологиялық тұтастықта тура мағына мен ауыспалы мағына арасындағы байланыс жоғалып, ауыспалы мағына негіз болып қалады. Осы себепті фразеологиялық тұтастықты басқа тілдерге аудару қиын.

Фразеологиялық тұтастықтың өзіне тән белгілері: 1) олардың құрамында некротизмдер деп аталатын, яғни берілген тұтастықтан басқа жерде қолданылмаған, ақырында қазіргі тілде мағынасы түсініксіз сөздер болады, 2) тұтастықтың құрамында архаизмдер болады, 3) олар синтактикалық тұрғыдан ажырамайды, 4) көбінесе олардың компаненттерін ауыстыруға болмайды, 5) өздерінің құрамына қосымша сөз қоспайды.

Н. М. Шанский олардың лексикалық мағынасын жоғалтатынын айтады, «фразеологиялық тұтастықтың құрамына кіретін сөздер жеке сөздің мағынасына жақын күрделі лексикалық бірліктер компоненттеріне айналады» [73,73б]

Фразеологизмдердің бұл түрі жалпы тіл білімінде идиомалар деп те аталады.

Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмашылығы: фразеологиялық бірлік құрамындағы сөздердің мағыналарының тасалануы сәл бәсеңдеу.

В .В. Виноградов тұтас тіркестік тек фразеологиялық бірлікке ғана тән деп есептеген. « Фразеологиялық бірліктің компоненттерінің бір-бірімен байланысы уәжделген, және бейнелі мағынасы анық көрінеді»[71,51б] Басқаша айтқанда, фразеологиялық бірліктердің негізінде еркін сөз тіркестері жатыр, еркін сөз тіркестерінің ауыс мағынада айтылуынан туған бейнелі мағыналардан фразеологиялық бірліктер жасалған

Сөздің мағыналық ішкі құрылымы эр кез оның мағынасын аныктауға мүмкіндік бермейді, осымен байланысты сөздің ішкі мағыналық құрылымы тілдік уәжділіктің (уәждің барлық түрін) көрсеткіші деуден гөрі, дұрыстығы - уәжділікті ішкі мағыналық құрылымының даму ерекшеліктері (қасиеті) және олардың мағыналарының үйлесім нәтижесі, ішкі мағыналық құрылымды лексикалық бірліктердің уәжділік негізі деп қарастырған дұрыс [47, 108б.], -делінеді.

Фонетикалық немесе табиғи, морфологиялық және семантикалық уәжділіктің түрлерін С.Ульман, В.В.Левицкий, В.В.Акуленко, В.Ульрих т.б. ғалымдар атап көрсетеді. Осы жүйеленуге байланысты В.В.Левицкий семантикалық уәжділік түрін көрсетсе [23, 216б.],

Фразеологиялық тізбек. Бұған құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз бен байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесуінен жасалып, даяр қалпында қолданылатын фразеологизмдер жатады. Мысалы: a pitched battle- қырғын шайқас, a narrow escape- әрең құтылу, Adam’s apple- адам ата алмасы, rack one’s brain- басын ауырту (қатты ойлану), to pay attention to smb.- біреуге көңіл аудару, т.б.

Тұрақты тіркес құрамындағы сыңарлардың біреуі бастапқы тура мағынасын ауыс мағынаға өзгерткенімен, оның екінші сыңары өзінің о бастағы бастапқы мағынасын сақтаған. Бірақ екі сыңар тізбектеліп келіп (тұрақты түрде тіркесіп келіп), басқа бір ауыспалы мағына туғызып тұр. Бота көз – көзі ботаның көзіндей үп-үлкен, дөп-дөңгелек көз, т.б.

. «Адам сөйлеуіне жол салып беріп, дыбысбейнелеуіш сөздер бірте-бірте артқа ығысып, олардың қолдану аясы жекеленген стильдер шеңберінде шектеліп қалады» [57, 326б.]. Бүл мәселемен көрнекті зерттеушілер К.Аммер, В.Порциг, Л.Вайсгербер, Х.Виссеман, В.Жуков, Қ.Құсайынов, С.Өткелбаева т.б. айналыскан болатын. Уәжділіктің бұл түріне пыш-пыш деді, у да гиу [у-шу] болды, әу дескендей, әп-шәй дескеніміз жоқ, ық жоқ, шық жоқ т.б. тіркестерді жатқызуға болады. Мысал келтірер болсақ, «Әудем жер» тіркесі халык өлшемі негізінде өте жақын қашықтыкты, яғни «эу» деғендегі дыбыстың естілетіндей жерге жетуі негізінде қалыптасқан. Мыс: Әудем жерге бармай-ақ сілең қатады. Тіркес қарға адым жер, қозы көш жер, ат шаптырым жер, таяқ тастам жер сияқты қашықтық өлшемдерді көрсететін тіркестер қатарында, ауызекі тілде жиі қолданылады.

Күнделікті тұрмыста уақыт өлшем үлгісін адамның қимыл-әрекеті де білдірген. «Аз уақыттың ішінде, лезде» дегенді білдіретін «әні-міні дегенше» (әне-міне дегенше) тіркесі - адам баласының күнделікті тұрмыстық өмірде жанталасып жүріп, уақыттың елеусіз әрі тез өтіп кететіні соншалықты, сөзін, ісін аяғына дейін жеткізе алмау, айтып үлгермеу сиякты әрекеттері негізінен қалыптасқан. Тіркес қазіргі кезде қүрылымдық өзгеріске түсіп, ауызекі тілде жиі қолданылатын тіркестер қатарына жатады. Мысалы: Беу, шіркіннің жүйрігі -ай! Естеместің қарашоқысынан әні-міні дегенше жеті қоян алғанын өзім осы көзіммен көрдім... . Сондай-ақ бұл тіркес ауызекі тілде әні-міні негізгі компонентінің құрылымдық синонимі әш-пүш қос сөздерімен де өзгертіліп айтылады [18, 61б.].

Лям-мим демеу. «Үндемеді, жұмған аузын ашпады» дегенді білдіреді. Мысалы: Күнбала көпке шейін лям-мим демей, ат үстінде томсарумен келеді. (С.Омаров «Қызыл»). Бұл тіркестегі «лям-мим» қос сөздің түп төркінін түркі немесе соған туыстас тілдерден іздеп әуреленудің қажеті жоқ. Өйткені бұлар араб тілінде қатар келетін екі дыбыстық есімдер: олардың бірі- «л» - «лаам», екіншісі - «м» - «миим» болып келеді. Араб тілінде 29 дыбыс таңбасы бар болса, солардың ішінде «л» мен «м» дыбыстарының мағына иеленіп, біздің сөздік қорымыздан орын алуының себебі неде? Араб тілінің баска дыбыстарына карағанда «л» мен «м» жеке қолданғанның өзінде белгілі бір мағынаға ие болады және ол ұғымдар біздің тіліміздегі «сөйлемеу, үндемеу» мағынасымен ұштасып жатады. Арабша «ла» - емес, жоқ; «ма» - не? дегенді білдіреді. Демек «лям-мим демейді» тіркесінен «жоқ та демейді», «не деп те сұрамайды» деген мағына шығады да, «үндемеу» сөзі «аузын ашпайды» сөзінің орнына жүреді [48, 55б.].

Ағылшын тіліндегі: to whistle for it (с.с.а.: оған ысқыру). Бұл тіркес ерте кездегі тенізшілердің «ысқырғанда дауыл туады» деген сенімінен туындап, қазіргі кезде «бірденені босқа іздеу немесе қалау» деген мағынаны береді.

То аррlaud to thе Есhо (с.с.а.: Эхоға қол шапалақтау). Яғни «біреуге салтанатты қол шапалақтау» деген мағынадағы тіркес ертеде Роман аңызымен байланыстырылады. Эхо атты нимфаның (грек мифологиясында табиғаттьщ әр түрлі күштерін жасаушы екінші дәрежелі құдай) Нарцисс деген қызға ғашық болып, одан жауап ала алмай, кыздың дауысы жеткен жерден кейін көңілі құлазып, қайғыдан жүдеген кейпі негізінде түсіндіріледі.

Кейбір еңбектерде фразеологизм объектілерін кең мағынада қарастырып, фразеологиялық тіркестерге күнделікті қарым- қатынаста қолданылатын сөз тіркестері және затты, оның белгілерін атап білдіретін атауыштық сөз тіркестері жатқызылып жүр.

Н. М. Шанский фразеолгизмдердің негізгі белгісіне қарап, В. В, Виноградовтың классификасына фразеологизмнің төртінші түрін «фразеологиялық сөйлемшені » қосты.

Фразеологиялық сөйлемше. Оған құрамы мен қолданылуы тұрақты, біртұтас бейнелі мағынасы ерікті сөздердің тіркесуінен жасалатын, құрылысы сөйлемге ұқсас фразеологизмдер жатады[73, 76б]. Бұлардың фразеологиялық сипаты сөйлеу үстінде қалыптаспай, даяр, орнықты қалпында қолданылатындығына, ал сөйлемше деп аталуы құрылымы жағынан сөйлемге ұқсастығына байланысты. Фразеологиялық сөйлемшенің құрамына көптеген ағылшынның тура мағынада қолданылатын мақал-мәтелдері, нақыл сөздері жатады: live and learn- өмір сүр де оқы; better untaught than ill taught- шала білімдіден білімсіз артық; many men, many mind- қанша бас болса, сонша ой бар; easier said than done- істегеннен айту оңай.

Сондай-ақ бұл түрге қосарлану, қайталама, бірігу тәсілдері арқылы қалыптасқан атаулар да жатады. Мысал ретінде фразеологизмдермен көрсетсек, «қарыс-қарыс,сүйем-сүйем» фразеологизмі адамдардың туыстық жақындығын білдіреді. Қарыс - бас бармақ пен ортан қол аралығымен өлшенетін мөлшер, сүйем - бас бармақ пен сұқ қолдың аралығы. Бұл тіркес адамдардың туыстық алыс-жақындықтарын білдіргенде қолданылады. Ауызекі тілде дегендей сөзі тіркесіп жүре береді [48, 210б.]. Осы тіркеске орай, қазақ халқында «қарыстан - сүйем жақын» деген мәтел бар. 1. Халықтық өлшемге жататын «қарыстан» «сүйемнің» қысқа екенін, салыстыра келгенде, қарыстап өлшенғен мәреден сүйемдеп өлшенген мәренің жақын болатынын айқындау; 2. Ауыс. Бұл өлшемдердің ауыс мағынасында туыстық алыс-жақындыққа қатысты қолданылуы өз кіндігіңнен тараған, өз тегіңнен шыккан туыстың жалпы ағайын-жекжаттан етене жақын, туыс екендігін көрсетуге бағышталған [56, 394б.].

«Ымы-жымы бір» фразеологизмін қарастырар болсақ, адамдар қауымында тым ертеде ым-ишара аркылы пікір алысу дәстүрі болған. Бүгін де болмысымыздағы жүздеген ым-ишара әрекеттері (қол қуысыру, көз қысу, бет шымшу, қол шапалақтау, желке қасу, бас шайқау т.т.) ырқылы өзара түсінісіп, пікір алысуға болады. Алайда қазақта «ымға түсінбеген, дымға да түсінбейді» деген мақалдағы осы ымға, ишараға түсінбейтін адам халық салт-дәстүрін де (демек дымға да) түсінбейтін адам дегенді білдірсе [48, 545б.], «ымы-жымы бір» фразеологизміндегі ым-жым қос сөзі тәуелдік жалғауда ымы-жымы түрінде келіп, адамдардын бір-бірімен қарым-қатынас жасауда мимика, жест (ішкі сезімге қарай бет қимылының өзгеруі мен дене қимылымен серпу) түрімен емес, белгілі бір адамдардың ғана өзара мәлімет-пікір алысып, бір бірін сөзсіз ұғынуда олардың әрекетінің келесі бір адамға түсініксіздей көрінудегі жасалатын аралық қатыстылықты білдіреді. Мысалы: Осы екеуінің ым-жымы бір. Ым - қолмен, көзбен берілетін дыбыссыз ишара, белгі. Бұл тіркестің «қулық-сұмдық, айла-тәсіл» деген де ауыспалы мағынасы бар. Мысалы: Бұл екеуінің ымы-жымын әзір тірі пенде сезген емес. [56, 341б.]. Тіркестегі «ымы-жымы» қос сөздің алғашкы мағынасы боларлық ағымды түркі тілдерінде якуттардан табамыз. Оларда «ием» келісім, «джаам» - қатынас мағынасын білдіреді. Якут тілінде осы екі сөзден жасалған қос сөз: «йәм - джаам» келісім, қарым-қатынас мағынасына ие болады. Осыларды ескерсек, «ымы-жымы» қос сөзінің алғашқы мағынасы «қатынас-келісім» ұғымын береді [50].

Aғыл-тегіл жылау. «Ағыл-тегіл» қос сөзіндегі бізге құпия, жұмбақ болып тұрғаны, екінші сөз - «тегіл». Ал «ағыл» болса, «ағу» етістігінен «ыл» жұрнағы аркылы етіс тудырып тұрғанын аңғару қиын емес. Қос сөздер көп жағдайда мағынасы біріне-бірі жақын сөздерден құралатынын ескерсек, «тегіл» сөзінің бастапқы түбірі «төк» екендігін тура, күмәнданбай-ақ айта аламыз. Алдымен осыған «іл» қосымшасы қосарлану арқылы «ағыл-төғіл» болып, кейін келе «ө» дыбысы «е» -ге өзгертіліп айтылып, «ағыл-тегіл» қалпында қолдану дағдыға айналған. Берер мағынасы «егілді, көз жасын көл қылды».

Ағылшын тілінде: hard uр - «қиын жағдайда болу» мағынасындағы бұл тіркес теңізде тұрған күшті дауылмен арпалысқан тенізшілердің іс-әрекеті негізінде қалыптасқан. Олар кеменің тетік тұтқасына ие болып, дауыл соқкан жақтан кеменің басын бұрып, аман қалуда бар күш жігерін салуға мәжбүр болған.

Неаr-hеаr! (тыңдаңыздар!). Бұл тіркес мәжілістерде, жиналыстарда шығатын шу дыбыстарды басу мәнінде жұмсалады жэне сөйлеуші өзіне назар аударуда тыныштық сақтауды өтінгенде қолданылады.

Оff-off Вrоаdway (с.с.ауд.: Бродвейден тыс театр студиясы). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін каланың шет аймақтарында да дәстүрлі емес қойылымдарды көрсететін театрлар ашыла бастайды. Халық ішінен шыққан адамдар осы қарапайым безендірілген театр сахналарында бар өнерін көрсеткен болса, кейіннен бірнеше студиялардың қаптап ашыла бастауы осы тіркестің қалыптасуына себеп болған.

Жалпы, мағына дегеннің өзі - үнемі дамып отыратын құбылыс. Ол әр уақытта бір қалыпта тұрмайды. Үнемі өзгеріп, дамып, бұрынғы мағынасының үстіне қосымша жаңа мағына үстеп алып отырады немесе ескі мағынасы жойылып, басқа мағынаға ие болады. Мағынаның ішкі дамуы, өзгеруі тілдің өзіндік ерекшелігіне ұлттық дүниетанымына сәйкес қалыптасады.

Сөз мағыналарының жасалу жолын «ұқсату заңы (метафорлану); фукнционалдық семантика заңы; бөлшектің бүтінге айналу заңы; мағыналардың кеңеюі мен тараюы» заңдылықтары негізінде жүзеге асатындығы көрсетіледі [60, 45б.]. «Семантикалық уәжділік ретінде белгілі бір атаудың басқа бір зат атауы мағынасымен релевантты шарттылығын, яғни сөзде метафоралық, метонимиялық және де баска құбылыстарға негізделген бейнелілік болуын түсінеміз» [74, 21б.], - дейді орыс ғалымы В.В.Левицкий өз мақаласында.

Ат ауысу заңы - қоғам тарихында адам өміріне қажетті құрал-жабдықтар, заттар өзгеріп, түрленіп, жанарып жатады. Зат қанша өзгеріп кетсе де, оның эуелгі аты жаңа түрлеріне ауысып отыратындығы белгілі.

Ұқсату заңы заттардың, құбылыстардың тұлға, тұрпат, пішін, түр, түс, қимыл сияқты белгілерінің ұқсастыктарына негізделеді. Яғни тіл тәжірибесінде бір зат атауы ұксастығына қарай екінші бір затқа атау болып беріле береді. Мұндай құбылысты тіл білімінде метафора (гр. «ауысу») деп атайды.

Метафора деп - белгілерінің ұқсастықтарына қарай бір зат атауының екінші бір затка атау етіп берілуіне орай сөз мағынасының да ауысуын айтамыз. Бір мағына негізділігінін арасында, екінші ауыс мағына жасалады [74, 68б.].

Б.А.Ларин фразеологизмдерді зерттеуде метафоралы тіркестерге тоқталады. Жай тіркестердің идиомаға айналуындағы негізгі қажеттілік, ол - метафоралану құбылысы, яғни мағынаның кеңеюі мен баюының нәтижесінде болатын бейнелілік [75, 145-148б.], - деген пікір айтады.

Әдетте фразеологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыкканда ондағы ұлттық қабылдау, ұлттық дүниетаным, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылады. Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе адамдардын күнделікті күйбең тіршіліктеріндегі көріп жүрген түрлі заттар, құбылыстар, көріністер ықпалы. Фразеологияның бұл түрі 1) ұқсату заңы бойынша (бір атаудың сыртқы көрінісін, белгісін басқа нәрсеге ұқсатудан); 2) ат ауысу заңы (белгілі бір құбылыстың ескі аты оның жаңа түріне ауысу); 3) қарама-қарсылық заңы (заттың, құбылыстардың белгісін қайта қарама-қарсы қолдану) тұрғыдан да жасалады. Олар әуелгі кезде бір затқа немесе құбылысқа байланысты қалыптасса да, дами келе қолданыс аясын кеңейте түседі, тіпті мүлдем қатысы жоқ басқа заттар мен құбылыстарға да ауысып, тілдің керемет икемділік қасиетін паш етіп отырады. Мысалы, «аузынан ақ ит кіріп, қара (көк) ит шығу» фразеологизмін қарастырсақ, ол «көк долы, ұялмай, қысылмастан аузына келгенін айтып, балағаттау» мағынасын береді. Тіркестің қалыптасуының себебі болған «ит» семасының ақ және қара түсті болуы халық ұғымымен астасып жатыр. «Ақ» түс адалдық пен пәктік т.б. белгісін білдірсе, «қара» түс қазақтың ұғымында арамдық пен жаман ниетті т.б. көрсетеді. Сонымен бірге «ит» образы қазақтарда жағымсыздық символын білдірғен. Бүл жөнінде М.М.Копыленко: «Қазақ тілінің мақал-мәтелдері мен фразеологиялық тіркестерінде ит атауы жағымсыз мәнде. Мұны У.Тұрманжановтың (859), М.Аққозинаның (30), академик І.Кеңесбаевтың фразеологиялық сөздігінен (429) жиналған тіркестерден көруге болады, дей отырып ит образын жағымды мәнде болса - мелиоративті, жағымсыз мәнде болса - пейротивті деп айырып көрсетеді [56, 45б.]. Қазақ тіліндегі ит терісін басына қаптау, иттің баласы, ит байласа тұрғысыз, иттей болды, ит қорлық, ит мінез, ит өлім, ит өмір т.б. тіркестерін қарастырсақ, бұл образға қатысты қалыптасқан тіркестердің барлығы пейротивті түрде қалыптасқанын көруге болады. Сондай-ақ халық наным-сенімінде: ит ұлыса, елге жамандық келеді, жаушылық болады; иттің басына тепсе, ырысы төгіледі; баланы итке мінгізсе, кедей болады, кедейлік келеді т.т. деген ұғымдар бар. Дегенмен қай халықта болсын иттің қожайынына, күзететін үйіне, бағатын малына өте адал қызмет ету қасиетіне қарай жағымды образда да қолданылатыны болады. Ал «аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу» фразеологизмі құрылымы жағынан эмоционалды-экспресссивті тіркестер қатарына жатып, адамньщ сөйлеу мэдениетінің жағымсыз түрін көрсетедІ. Бұл тіркестің соңғы компоненті ауызекі тілде түрлі жағдайға қарап өзгере береді. Мысалы: Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығып, Елемеске тиісе бастап еді, қолымен кес-кестеп, сөйлетпей қойдым. Тіркес ақ пен қара тәрізді контрасты түстерді алма-кезек қолданып, қарама-қарсы қою арқылы өмір көріністерін суреттеуде, логикалық ойды әсерлі де, нақышты етіп көрсетеді.

Адам тілді жасаушы, дамытушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші және сондықтан да тіл бізге адамның болмысын, дүниені тануын, қоршаған ортада болатын оқиғаларды қалай бағалап-пайымдайтынын сипаттайтын бірден-бір көрсеткіш. Дүниенің тілдік суретінде кескінделетін «Тіл: Адам: Қоғам» үштігі шеңберінде аса үлкен көңіл аударуды қажет ететін жайт «жыныс» категориясы болып табылады. Гендер сөзі ағылшын тілінен «жыныс» деп аударылады, тілде және қарым-қатынас барысында

жыныстық ерекшеліктердің көрініс табуының себеп-салдарын зерттеуге бағытталған лингвистикалық термин. Жыныс-биологиялық түсінік, гендер-жыныстар арасындағы әлеуметтік-мәдени өмір сүру белгісі болып табылады. Сонымен, гендер термині жыныстар арасындағы ерекшеліктердің табиғи емес, әлеуметтік мәдени жағын білдіреді. Жыныс-«әйел» және «ер» ұғымдарының табиғи белгілерін, биологиялық мәні беретін болса, қоғам мен мәдениет өзгертіп отыратын мәдени белгілерді-гендерлік ерекшеліктер анықтайды. Гендорология-мәдениеттің әйелдік және ерлік құрылымы жайындағы ғылым болып табылады [1].

Адамдардың жыныстық ерекшелігі олардың қоғамда алатын әлеуметтік

статусымен, атқаратын қызметімен тығыз байланысты. Демек тілдегі адам бейнесі «әйел-еркек» семантикалық оппозициясының лингвогендерлік

және лингвомәдениеттанымдық негізі тұрғысынан сипатталады.Осы орайда туындайтын маңызды мәселе-ер адам мен әйел затының халық дүниетанымында алатын орнының тілде көрініс табуы.

«Тіл фактілері мен деректері-тұла бойына тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек»[3]. - дейді ғалым академик Ә.Қайдар

Халықтың қоғамдық даму үрдісінде қалыптасқан ұстанымдары,әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі ондағы ер адам мен әйел затының алатын орнын айқындайды, олардың әлеуметтік статусы жайында жан-жақты мағлұмат береді. Ер адам мен әйел затының қоғамдағы орнын, қызметін, олардың әлеуметтік статусын, олардың халық дүниетанымынды алатын орнын айқындау сияқты мәселелермен айналысатын гендерлік зерттеулер ауқымы қазіргі таңда кеңейе түсуде. Біз де өз зерттеуімізге қазақ және ағылшын фразеологизмдерінің гендерлік қырын сипаттауды мақсат еттік. Жалпы ер адамның орны қай халықтың дүниетанымында болмасын отағасы, үйдің иесі, асыраушысы, қамқоршысы шеңберінде ерекше жоғары бағаланған. Ал әйел затының алатын орны отбасы ұйтқысы бола отырып, өмірге ұрпақ

әкеліп, оны тәрбиелеумен айналысу аясында анықталады. Фразеологизмдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі гендерлік қырын сипаттау «әйел» және «еркек» концептілерін талдау шеңберінде өрбиді, дегенмен бұл концептілер көпмазмұнды қатынастарды қамтиды. Яғни, «ата-ана», «әке-шеше», «әйел-күйеу», «қалыңдық-күйеу жігіт», «келін-күйеу», «келіншек-ер азамат», «қыз-жігіт», «қыз-ұл» ал бұлар болса өз ретінде одан әрі дамып «ана-бала», «әке-бала» сияқты қатынастар аясында да өз ауқымын кеңейтеді. Қазақ тілдерінің паремиологиялық қоры екі тілдегі «әйел» және «еркек» концептілерін талдауда олардың екі халық

дүниетанымында алатын орнын, қоғамдағы және отбасындағы орындарын айқындауға өз үлесін қосады. Сол себептен мақал-мәтелдердің гендерлік қырын қарастыру барысында олардың ұлттық-мәдени астарын,рухани мәдениетінің қайнаркөздерін де ашу маңызды, өйткені әр фразеологизмнің астарынан халықтық дүниетаным, ұлттық философия, белгілі бір мәдени ақпаратты көре аламыз. Біле білсек, әр мақалдың өзінің шығу тарихы болады, ол өз кезегінде сол халықтың рухани құндылықтарының негізінде пайда болып, қалыптасып белгілі кездегі халық тарихының айнасы іспеттес. Әйел затының қоғамдағы,отбасындағы әлеуметтік-мәдени рөлін екі халықтың фразеологизмдерінен анық аңғаруға болады.Әйелдің қай қасиеттерін жоғары бағалап,пір тұтып,оны неге теңегенін көреміз. Осыдан халықтық дүниетанымдағы әйел бейнесіне

шығамыз.


Ерлер мен әйелдер арасындағы жалпыға белгілі айырмашылықтармен қатар, мысалы, киімдегі, қозғалыстағы, дауыстағы және т.б. айырмашылықтар тілдің қолданудағы айырмашылықтарды жиі атайды. Екі жынысқа бірдей тіл берілген болса да, ол әртүрлі түрде қолданылады.

Соңғы уақытқа дейін лингвистер ер және әйел сөйлеу мінез-құлқының ерекшеліктерін зерттей отырып, "гендер" ұғымының мәдени құрамдас бөлігіне ерекше назар аудармаған, біз, атап айтқанда, алдыңғы параграфта көрсеткен психологиялық және әлеуметтік аспектілермен ғана шектеліп отыр. 20 ғасырдың екінші жартысында адамның әлеуметтік мәні ретінде қалыптасуында биологиялық жыныс емес, мәдениет маңызды рөл атқаратыны дәлелденді.

Гендер бойынша жиі естілетін лингвистикалық сұрақтар әйелмен тіл қалай "тіл" қолданатынын", оны тілге қосу немесе оны тілден алып тастау үшін оған қандай мүмкіндіктер енгізілгенін, оны пайдалану кезінде әйелдер қандай коммуникативтік үмітке сүйенетінін анықтау мақсатында қойылады. Лингвистикадағы гендерлік тақырыпқа қызығушылық 60-шы жылдардың ортасына келді. Нәтижесінде зерттеудің негізгі үш бағыты қалыптасты:

1) ерлер мен әйелдер тілдерінің әлеуметтік табиғаты;

2) ерлер мен әйелдер сөйлеу мінез-құлқының ерекшеліктері;

3) гендерлік ұстанымдардан коммуникация айырмашылықтарының когнитивті аспектісі.

Гендерді тілде қараудағы бүгінгі қызығушылық теңсіздік тәжірибесіне негізделеді, ол кезде әйел бағынуға, ал оған теріс сипаттамалар тән. Осы параграфта біз қазақ және ағылшын тілдерінің тілдік жүйесін гендер тұрғысынан салыстырмалы тұрғыда қарауға тырысамыз.

Адам мәдениет иесі ретінде екі ипостаста көрінеді - ер және әйел. Бұл оппозиция - адам мәдениеті үшін іргелі. Оның зерттелуі ер және әйел мінез-құлқын қараумен тығыз байланысты, ол К. Опперман мен Е. Вебердің пікірінше, тілде тіркелген тарихи қалыптасқан стереотиптер негізінде құрылады. Тіл, әйелдер, біріншіден, өзінің бағыныштылығын (оның андроцентрикалық грамматикасын пайдалана отырып) және үйлесімділікке ұмтылысын, түсінуді, яғни қарым-қатынастағы серіктестікке бейімделуді растайды. Осылайша, ағылшын тілінде секс грамматикасы әйелдердің мамандық атауларын құру кезінде орын алады: actor-actress. Сонымен қатар, тілде тиісті формалардың болмауына байланысты әйел жынысты әйелдердің ер адамдарға" қосылуы " туралы да сөз болуы мүмкін: accountant- есепші.

Қазақ тілінде тектің грамматикалық санатының болмауына байланысты үйлесімділікке ұмтылу, ең алдымен, мәдени дәстүрлер арқылы, коммуникацияға құрмет көрсету немесе конверсия арқылы көрініс тапты. Әйелдің отбасындағы әлеуметтік рөлі мен бағынышты жағдайы Тіл мен сөйлеуде көрініс тапты. Дәстүр бойынша, мысалы, келіндер өз қайыніні және қайынсіңлелерінің аттарын атай алмайды, оларға сипаттама, лақап аттарын береді. Бірақ бұл дәстүр ерлерге қолданылмайды. Дәстүр тіпті үлкендердің есімін олардың үйде жоқ кезде де атауға тыйым салады. Ерін сыйлайтын әйел күйеуін отағасы, біздің кісі, балалардың әкесі деп атайды.

Жоғарыда келтірілген мысалдар көрсеткендей, тілді пайдалану халықтың мәдени дәстүрлерімен реттелген. Шеңберден тыс шығу қоғамдық және тұрмыстық моральмен талқыланады.

Ерлер мен әйелдер әртүрлі субмәдениеттердің өкілдері болып табылады, бұл коммуникативтік сәтсіздіктің пайда болуына әкеледі. А. Вежбицканың пікірінше, олар тілдік мінез-құлқындағы айырмашылықтарға байланысты қоршаған әлемді әртүрлі көреді және қабылдайды. Тілдік мінез-құлық тәсілдерінің айырмашылықтары терең және әр түрлі құндылықтарды бейнелейтін жүйені құрайды (Вежбицкая 2001). Мысалы, Эдвард Сепир Мен Бенджамин Уорф тіл, ойлау және қабылдау тығыз байланысты екенін анықтады. Бұл қалай жүзеге асырылады? Дж.Лакофф, З. Тремел-Плетц, К. Оперман, бұл ерлер мен әйелдерге қатысты қоғамның үміттеріне негізделген ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудің нәтижесі деп санайды. Баланың тілдік әлеуметтенуі ерте жастан басталады. Одан әрі бес жастан он бес жасқа дейінгі балалар негізінен өз жынысындағы құрдастарымен қарым-қатынас жасай отырып, тиісті жыныстағы ересектерді көшіре отырып, сөйлеу дағдысына ие болады. Ф. Хайдер атап өткендей, "жартылай спецификалық мәдениетке" ие болу алу бала қарым-қатынас жасайтын топтың гомогендігі есебінен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде бір сөйлеу актісі ұлдар мен қыздар үшін әртүрлі мәнге ие. Ұлдар өз арын, күшін, қыздар нәзіктігін, әлсіздігін, ұқыптылығын, ұстауын құптайды. Тілдік және тілдік мінез-құлықтың балалық шақта салынған үлгілері олардың одан әрі іске асырылуын анықтайды.

Ата-аналар өз ұлына белгілі бір жағдайда айтқан "жыламсырама", "есеңді қайтар" сияқты сөздерді жиі естуге болады. Бірақ" мінез-құлық нормаларынан ауытқу "" қызтеке" деген қорлайтын сөздерді тудырады. Жас адамның жасын, қадір-қасиетін бағаламау немесе қандай да бір дәрежеде қорлау ретінде қазақ тілінде «ана сүті аузынан кеппеген» сөз тіркесі қолданылады. Сондықтан, айналасындағылардың күткендеріне сәйкес болу мақсатын қоя отырып, ер балалар дөрекі, сенімсіз сөйлеу мінез-құлқының сатысынан өтеді, ал қыздар арасында мұндай сөйлеу мінез-құлқы айыпталады. Қыздарды арнайы лингвистикалық ережелерге үйретеді, оларды меңгеруі "әйел тілі" шеңберінде ұстауы тиіс, ол оларға ұсақ, елеусіз мәселелер бойынша шешім қабылдауға, топқа бағдарлауға, сұрақ түрінде ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Ерекше сөйлеу стилін меңгеру кейінірек Р. Лакоффтің пікірінше, оны қорлайтын жағдайда ұстау және оны байсалды қабылдамау үшін басқалардың ақтауына қызмет етеді.

"Әйел" тіліне қандай негізгі қасиеттер тән және оның "ер"тілінен айырмашылығы қандай?

"Әйел" тілін сентименталдылықпен (сезімталдықпен) сипаттауға болады. Мәселен, біз бұған дәлел ерлер мен әйелдердің түссіздігінен мына түстерді табамыз: әйелдердің түстік спектрі кең ғана емес, сонымен қатар экзотикалық түстердің белгілері көп қолданылады. Әйелдер аквамарин, лаванда, қызғылт-күлгін түстермен жұмыс істеген кезде таң қалдырмайды. Бірақ мұндай түстер гаммасын адамның қолдануы әйел сөйлеу имитациясы немесе жекелеген жағдайларда кәсіби қажеттілік сияқты көрінеді. Мысалы дизайнерлік, стилистік жұмыс. Мексикалық серияны, жапсырма қалталарды талқылайтын ерлер тобын кездестіруге болады.

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК СИПАТТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АУДАРМА АСПЕКТІЛЕРІНДЕ ТАЛДАУ
Әлемнің әртүрлі тілдерінде адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктер едәуір көлемді алады. Мұндай фразеологизмдерді әртүрлі сипаттамаларға байланысты жіктеуге болады. Бұл жағдайда грамматикалық, лексикалық-семантикалық, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанулық және басқа белгілер.

Ерлер мен әйелдерді бөлек сипаттайтын фразеологиялық бірліктер қызығушылық тудырмайды. Осыған байланысты, осы тарауда қазақ және ағылшын тілдерінің гендерлік фразеологиялық бірліктерінің лексикалық-семантикалық сипаттамаларына әрекет жасалады, біздің ойымызша, салыстырылатын тілдердің зерттелетін фразеологиялық бірліктерінің лексикалық-семантикалық және мәдени ерекшеліктеріне байланысты бірқатар басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.



Гендерлік фразеологиялық бірліктердің семантикалық жіктеу сипаттамасы адамның (еркектер мен әйелдердің) қандай қасиеттері фразеологиялық бірліктерде көрініс табады, салыстырмалы тілдерде осы атрибуттардың жиынтығы қандай, фразеологиялық бірліктер негізінен жынысына байланысты адамдар пайдаланады, тендер қиылысады ма, жоқ па деген сұраққа жауап беруге арналған.

Фразеологиялық тіркестердің аудармасын тексеру күрделі əрі қиын іс. Күнделікті практикалық істе де, теориялық мəселелер үшін де фразеологияның мəні зор. Қайсыбір тілде болмасын заттың, нəрсенің ұғымдық мəні, мағынасы бірдей болады да, ал олардың стилистикалық қызметі əр тілде əртүрлі. Сонымен бірге сөздердің тіркесу қабілеті де бірдей емес. Бұл жағдайдың аудару процесіне белгілі дəрежеде əсер ететіні даусыз. Мұны тереңірек зерттеу үшін ең алдымен фразеологиялық единицалардың түрлеріне тоқтап өтелік. Акад. В.В. Виноградов орыс тілінің материалына сүйене отырып, бұлардың үш түрін алып қарайды. Фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тізбектер жəне фразеологиялық тіркестер Виноградовтың пікірінше, фразеологиялық единицаның негізгі түрлері осылар. Осылай бөлу ғылымда белгілі бір тəртіп енгізіп, жүйелі зерттеу ісін жүргізуге септігін тигізбей қоймайды. Ғылым дəл анықтаманы қалайды. Егер біз бастауыш, баяндауыш дегендерді басқа бір атаулармен атаған болсақ не болар еді. Ешқашан да дəйекті пікірге жете алмас едік. Фразеологиялық единицаларды осындай жүйеге келтіру өте орынды. Виноградовтың бұл классификациясын басқа тілдер үшін де пайдалануға болады, көп ғалымдар солай жасайды да. Фразеологиялық түйдектер мен тізбектер белгілі бір тілдің өзіне ғана тəн ерекше құбылыс. Оның өзіндік өңі, əрі болады, аударма ең алдымен осы қасиеттерді беруі тиіс. Фразеологиялық тізбектер жəне фразеологиялық түйдектер деп отырғанымыз не? Бұл екеуінің белгісі ретінде идиомдарды, мақал-мəтелдерді қараймыз яғни нақыл сөздерді аудармада қалай беру керек. Міне, ең алдымен осы мəселенің басын ашу қасиет. Нақыл сөздер деп отырғанымыз, лингвистика тілімен айтқанда, идиомдар мен фразалық топтар. Осы екеуінің де ортақ қасиеттері болумен қатар, өзгеше белгілері де бар. Аудармасын сөз етуден бұрын, осындай ерекшеліктерін ажыратып, ортақ қасиеттерін анықтап алайық. Идиом тобындағы сөздер өздерінің негізгі мағыналарынан айырылып, басқа ұғымды береді. Егер мұның компоненттері бастапқы мағынасынан алшақтамай барып бір ұғымды берсе, онда ол идиом емес, фраза болғаны. Идиом тобындағы сөздер лексикалық формасы мен мағынасын жоғалтады да, тек грамматикалық формасын сақтайды. Ал енді бұлардың ортақ қасиеттеріне келсек, фразаның да, идиомның да құрамындағы сөздер тұрақты келетінін байқаймыз. Оның компоненттерінің орнын ауыстыруға, басқа бір сөздермен жанастыруға болмайды. Белгілі бір орында тек өзімен үйірлес сөздермен қатар тұрады. Көбінесе бұлардың жігін ажырату қиын. Бірінің орнына бірін қолдана беруге болады, олардың ортақ қасиеттері осылай. Сөйтіп, компоненттерінің жеке күйіндегі негізгі мағынасынан айырылу, не айырылмауына қарай идиом мен фразаның айырмасын ажыратамыз. Бұлардың ерекшеліктері əсіресе басқа тілдерге аудару процесі кезінде ерекше көзге түседі. Бұл жөнінде акад. І.Кеңесбаев: «Мақал, фраза, идиомдарды басқа системалы тілге аударарда бұлардың өзара негізгі айырмашылықтарының бірі айқын көзге түседі: идиом сөздердің дені сөзбе-сөз (мақал фразадағы сөздердегідей) аударуға келмейді, бұл жоғарыда біз атап кеткен лексикалық өзгешеліктен туған қасиет», – дейді. Міне, осындай идиом, фразалардың аудармасын берерде мұқият болу керек. Жоғарыда айтқанымыздай, идиом категориялары көп жылдар бойы халықпен біте қайнасқан, сол халықтың өзіне ғана тəн ерекше құбылыс болғандықтан, бұларды амалсыздан «калька» жолымен аударуға тура келеді. Бірақ бұған үйір болудың əдеби тіл үшін ешбір пайдасы жоқ, зияны көп нəрсе. Нағыз қиындық осы кезеңде туады. Жазушының шеберлігі де осы жерде көрінеді. Шебер жазушы мұндай жағдайда мағына жағынан сəйкес келетін идиомдарды, тізбекетерді қалайда табуға тырысады. Ерінбей ізденген аудармашы табады да. Осындай қиындықтарына қарамастан нақыл сөздердің аудармасы адамды қызықтыратын нəрсе.

Тілдердегі гендерлік асимметрия (тілдің андроцентризмі, фаллологоцентризм) - тілдің феминистік сынымен, сондай-ақ постмодернистік теоретиктермен белгіленген еркек көзқарасы бойынша жүргізілетін дефинициялар мен бағалауларға бағдарлануы. Тіл ер тұрғысынан әлем көрінісін белгілейді, сондықтан ол тек антропоцентричен (адамға бағытталған) ғана емес, сондай-ақ андроцентричен (ер адамға бағытталған): тіл ер адамның көзқарасы тұрғысынан негізделген әлем бейнесін жасайды, ер адамның болашағы тұрғысынан, әйел негізінен объект рөлінде болатын, оған екінші дәрежелі, маргиналдық рөл беріледі немесе ол мүлдем елемейді.

Ерлердің үстемдігі, қоғамдағы олардың басым ұстанымдары-асыраушының, өндірушінің, қорғаушының мәртебесі ер адамға дәстүрлі түрде жазылған. Іс жүзінде барлық өмір салалары, барлық әлеуметтік институттар, нормалар, ережелер, қондырғылар ерлер доминантымен белгіленген. Бұл барлық ерлер (маскулин) бастапқы, үстемдік деп саналады.

Ағылшын тілінің андроцентризмін анықтау үшін ағылшын тілінің фразеологиялық және түсіндірме сөздіктерінің материалдары талданды. Сөздіктерді талдау феминистік лингвистиканың лексикографиялық дереккөздердің тілдің шовинистік қолданылуын бейнелейді және жаңғыртады деген жағдайын бейнелейді. Бұл дереккөздерде қалай көрінетінін зерттеу қажет болды:

- тілдердегі әйелдердің байқалмауы;

- ер адамға қатысты әйел мәртебесінің қайталануы;

Гендер түрлі тілдер мен мəдениеттерде түрліше көрінгенімен, асимметриялық қатынастардың этномəдени ерекшелігі аталған үлгілердің өз ішінде белгіленіп, əмбебаптық сипатқа ие болады. Гендерлік категориалды контрагенттердің біреуінің қатысуынсыз берілетін асимметрия еркекке қатысты айтылғанда оған параллель əйелге қатысты аталымның болмауы немесе керісінше, əйелге қатысты айтылғанда еркекке қатысты аталымның болмауын білдіреді. Мұны əр тілде қамтылған əйел мен еркек 81 аталымдарына лексикографиялық талдау жүргізіп барып толық көз жеткізуге болады. Мысалы, гейша, донкихот, жігіт, сұлтан, ақсақал, сəукеле, абысын, бəйбіше, т.б. тəрізді гендерлік лакундар түрлі тілдердің этномəдени ерекшелігіне сəйкес түспеуі мүмкін. Гендерлік асимметриялар қазақ тілінің жалқы есімдер жүйесінен де көрінеді. Тіліміздегі тілек мəнді əйел есімдері көбінесе «сұлу», «əдемі» семантикалық өрісінен туындайтын сөздерден құралады, сол сияқты əйелдің сыртқы келбетін сипаттайтын (көз, шаш, т.б.) компоненттерден жасалады (Алтыншаш, Сұлушаш, Қарагөз, Ботакөз), бірақ ер адам есімінде қолданылатын «бай» компоненті əйел есімінде кездесе бермейді. Дискурсивтік тəжірибеде «еркек» сөзімен тіркесетін типтік үлгілерге «жақсы», «жаман» ұғымындағы бағалау тəн емес, ол көбінесе «əйел» сөзімен тіркесетін үлгілерден байқалады, демек, дискурсивтік тəжірибеде əйел жиі бағаланады. Тағы бір ерекшелігі, еркек туралы түсінік бірен-саран тіркесімдерде «адам» сөзімен кодталады. Мысалы, «тамаша əйел» деп айтамыз, бірақ «тамаша еркек» деп қолданбаймыз, оның орнына сəйкесті тіркес – «тамаша адам» деймізАкад. І. Кеңесбаевтың «аудару техникасы, аударма тілі өз алдына айрықша сөз болуға, айрықша тексерілуге тиіс деп ойлаймыз» деуі осының айғағы.

Фразеологиялық бірліктерді аудару тәсілдері:

1. Тепе-тең балама табу тәсілі. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің арасынан ағылшын фразеологизміне мағынасы, образдылығы, сөз қолданысы жағынан бірдей фразеологизмдерді аударғанда қолданылады.

2. Жартылай балама табу тәсілі. Бұл тәсілмен екі тілдегі бір-біріне мағыналас фразеологизмдердің образдылығы сәл ұқсас, құрамындағы сөздердің бір-екеуі сәйкес келетін фразеологизмдер аударылады.

3. Ұқсастық табу тәсілі. Қазақ фразеологизмдерінің арасында ағылшан фразеологизміне мағыналас, бірақ образдылығы мен сөз қолданысы өзгеше фразеологизмдер жиі кездеседі.

4. Калькалау тәсілі. Мұндай тәсілмен, негізінен, ежелгі грек мифтерінен, Тәурағатты аңыздардан шыққан және ағылшын халқына ғана тән этнографиялық, географиялық нысандарға байланысты пайда болған фразеологизмдер аударылған.

5. Транлитерациясын беру тәсілі. Бұл тәсілді ағылшын халқының ұлттық-мәдени реалияларына байланысты шыққан фразеологизмдерді аударғанда қолданады.

6. Сөзбен аудару арқылы. Бұл тәсілді жоғарыда аталған тәсілдердің ешқайсысымен аударуға келмейтін фразеологизмдерді аудару үшін қолданады.

Монономинант-фразеологизмдер элементтерін жеке дара аударуға келмейді.

Фразеологиялық бірліктертің мағынасы толықтай бірақ беріледі. Егер автордың өзі біліп істесе, сол кезде ғана элементтерін жеке дара аударуға болады.

Сөздерді аударғандағыдай фразеологиялық бірліктерді аударғанда да, негізінен ең басты оның ассоциативті мағынасын емес, заттық мәнін берген дұрыс. Бұл кезде узуальды фразеологизмдерді кәдімгі аударылатын тілдегі тұрақты тіркестердегідей (дәл сондай не соған ұқсас мағынамен) аударған дұрыс. Бірақ мағынасы ұқсас тұрақты тіркестерді ойдан шығару қажет емес. Ал, егер ағылшын тіліндегідей қазақ тілінде дәл сондай ассоциативті мағынада узуальды фразеологизм болмаса, онда аудармашы оны бейнелеу,

суреттеу турінде беруі керек.


2.1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ «ӘЙЕЛ» ЖӘНЕ «ЕР» БИНАРЛЫҚ ЖҰБЫНДАҒЫ ЕР АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ ЖӘНЕ АУДАРМАДА БЕРІЛУІ


Қоршаған дүниенің түрлі құбылыстары мен нәрселерінің өзіне тән жалпы мәліметтері бейнеленетін концептілердің пайда болу барысы жүздеген жылдарға созылып жатыр деуімізге болады. Әр ұрпақ концептуалды жүйенің қалыптасуына, оны тексеріп, түзетіп, қорытып, ал кей кездері мазмұнын түбірімен өзгертіп, өз үлесін қосып келеді. Қазіргі уақытта кез келген концептіні әбден қалыптасып болған деуге ертерек, Олар үнемі өзгеріс үстінде, қатары күн санап толығуда.

Кез келген концептуалдық жүйе түрлі концептілердің мол қорынан тұрады. Олардың қалыптасуы нақты бір тарихи кезеңдегі оқиғалармен тығыз байланысты болып, жеке тізбектер құрайды.

Ұлттық тілде бейнеленген концептілер адамның жан-жақты әрекетін айқындайтын ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесі мен біліміне байланысты. Өйткені тілдік таңбалардың таңбалаушы қызметіне адамдардың өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені негіз болады. Концептіге ұғым енгенімен, ол ұғыммен ғана шектеліп қалмайды, сөзге қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге концептінің көрінісі сөз тіркесінде, түрлі дискурстарда, тұрақты тіркестерде, мәтіндерде жүзеге асады. Концепт мәдениеттің ментальдық ұясы болып саналады. Концептіні жасауға көмек беретін тілдік деректердің қатарына тіл бірліктерінің паремиология мен фразеологиялық қорда қолданылуын табу мен сипаттауды да жатқызамыз.

Өзіне тән бейнелілігі, әлеуметтік мәнділігімен көзге түсетін тұрақты сөз тіркестері әрбір халықтың тілдік ерекшеліктерімен қатар, арғы-бергі тарихы мен мәдениетінен, ұлттық дәстүрінен және ойлау жүйесінен, ойлау ерекшеліктерінің ұлттық рухани жан дүниесінен де аса мол сыр шертеді. Бүгінге дейін, ғалымдар фразеологизмдерге әр қырынан зерттеулер жүргізді және қазіргі таңда жүргізуде. Атап айтқанда, соңғы уақытта фразеологиялық бірліктерді этнолингвистикалық, психологиялық, когнитивтік аспектіде тексеру бағыты жандана түсті. Әсіресе, соңғы айтылған бағыт – фразеологизмдерді тілден тыс факторлармен байланысты қарауға ерекше мән бере бастады. Жалпы фразеологизмдерді тек тілдік тұрғыдан қарастыру жеткіліксіз. Себебі онда ұлттың ұжымдық тәжірибесі, қоғамдағы адамдардың бір-бірімен байланысы, шаруашылығы, рухани, материалдық мәдениеті тысқары қалады. Тілдік бірліктерді осындай ақиқатпен байланысты қарау қазіргі лингвистикада басым бағытқа айналуда.

Ағылшын тілінде ер адамдар фразеологиялық тәсіл арқылы сипатталады. Оларға тәжірибелі маман, әлеуметтік мәртебесі жоғары адам ретінде қарайды. Атап өту керек, әйелдерге қарағанда, ерлердің әлеуметтік, кәсіби және қоғамдық рөлі туралы тұрақты сөз тіркестері өте көп кездеседі.

Ағылшын тіліндегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдерді талдау барысында ер адамдарға қатысты 107 бірлік қолданылды. Біз фразеологиялық бірліктерді құрамында гендерлік коннотациясы бар негізгі үш контекстуалды топқа бөлу арқылы қарастырдық. Олар:

1. Биологиялық суреттің фразеологиялық вербализациясы (жас ерекшелігі және сырт-келбеті);

2. Психологиялық портреттің фразеологиялық вербализациясы (мінез-құлқы және зияткерлік қабілеті);

3. Әлеуметтік рөлдердің фразеологиялық вербализациясы (туысқандық жақындығы және қоғамдағы рөлі).

Аталған үш топтың пайыздық қатынасы диаграммада көрсетілген:



сурет-1
Бірінші топ - биологиялық суреттің фразеологиялық вербализациясы 17% құрайды. Аталған топты адамның сыртқы келбетіне және жас ерекшелігіне қарай екіге бөлдік.

Адамның сырт келбетін бейнелейтін фразеологизмдердің үлесі 56%.Ағылшын тілінде ер адамды жүдеу және толық, ұзын бойлы етіп суреттейтін фразеологизмдер жиі кездеседі. Мысалы:

A mountain flesh – «ұзын бойлы, толық адам»;

All legs and wings – «аяқ қолын қайда қоярын білмейтін ебедейсіз жасөспірім»;

String bean –« ұсқынсыз, арық»;

Tall as a May-pole – «сұңғақ бойлы адам». Бұл фразеологизмнің мағынасы май ағашымен салыстыра айтылған;

Tall as steeple – «ыңғайсыз бойы тым ұзын адам».

Әйелдер қауымы сынды ер адамдар да өздерінің сытқы келбетіне мән беретінін төмендегі фразеологизмдерге қарап білуге болады:

Prince charming – «келбетті ханзада»;

Teddy boy – «сәнқой»;

The answer to a maiden’s prayer – «көз қызығарлықтай тартымды еркек»;

Silk stocking – «сәнді киініп алған еркек».

Алайда ер адамның тәрбиелілігін сырт келбеті басып оза алмайды. Оған дәлел фразеологизмдер:

It is not the gay coat that makes the gentlemen – «еркекті еркек ететін оның әдемі шапаны емес»

Ағылшын тіліндегі ер адамның жас ерекшеліктерін сипаттайтын фразеологизмдердің үлесі 44%.

Жасы келген, қартайған еркектерге қатысты фразеологизмдер:

Old boy - «тың қария»;

Old as Methuselah – «Мафусаил жасына келген еркек» (Библиядан алынған);

Old geezer – «қария»;

Old bloke/buffer/card/codger – «қартамыс шал»;

Sugar daddy – өзінің ақшасымен жас қыздарға қызықтырып, қырындайтын еркек.

Орта жастағы және жас жігіттерге қатысты фразеологизмдер:

Jack the Lad – «жеңілтек өмір сүру салтын ұстанатын жас жігіт»;

To keep bachelor’s hall – «жасы 30-дан асқан бойдақ еркек»;

Ер адамның жасын әйел адаммен салыстырғанда жиі кездесетін паремия:

A man is as old as he feels and a woman as she looks. Мағынасы: ер адамның жасын оның бақуаттылығы, ал әйел адамның жасын оның сырт келбеті анықтайды.

Екінші топ - психологиялық портреттің фразеологиялық вербализациясы

63% құрайды. Аталған топты ер адамның мінез-құлқы және зияткерлік қабілеттеріне қатысты екіге бөлуге болады. Адамның мінез-құлқына қатысты фразеологизмдер 81%. Еркектің мінезін суреттейтін фразеологизмдер көбіне оны батыл, күшті етіп көрсетеді:

A stout heart – «батыл»;

A heart of oak – «батыл»; (емен ағашымен салыстырған);

A man of courage – «батыл»;

A tough nut – «мықты адам» (шағылмас жаңғақпен салыстырған);

Herculean task – «Геркулестің ерлігі» (ерте грек мифологиясындағы кейіпкер Геркулеске теңеу);

Knight without fear and reproach – «ешкімнен қаймықпайтын»;

A man of his hands – «өз ісінің шебері»;

A man of the hour – «батыр»;

Like a Trojan – «ержүрек» (Гомердің «Иллиадасындағы Троя қаласына теңеу);

Man-to-man talk- «еркекше сөйлесу»

Алайда ер адамның әлсіздігін бейнелейтін фразеологизмдерді де жиі кездестіруге болады:

Cream puff – «әлсіз»;

A nanny boy – «өзіндік пікірі жоқ»;

A babe in the woods – «аңқау жігіт»;

To play the woman – «қорқақ»

Сонымен қатар, әйелінің айтуынан шықпайтын еркектер туралы фразеологизмдер де бар:

To be under one’s heel – «әйелінің айтуымен жүретін еркек»;

Under the thumb of smb – «әйелінің қас-қабағымен жүру»;

Behind every great man there is a great woman – «әйелі үстемдік ететін еркек»

Ағылшын тілінде ер адамның шыншылдығын, адалдығын суреттейтін гендерлік фразеологизмдерді де жиі кездестіруге болады:

A white man – «тиянақты»;

Man Friday –«адал» (Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы әдеби образға аллюзия);

Square John –«шыншыл»;

Mr. Clean –«Мистер тазалық» (сенімді адам);

Someone’s right-hand man – «сенімді көмекші»

Алайда өзін өзгелерден биік ұстайтын, өзін-өзі жақсы көретін ер адамдар жайлы мынадай фразеологизмдер бар:

Smart Aleck –«ақылдысымақ»;

Clever Dick –«білгіш»;

A little tin god – «өзін асыра бағалайтын адам»;

Boys will be boys –«еркектің аты еркек»

Ер адамның жалқаулығын және қызыққұмарлығын бейнелейтін фразеологизмдер:

Paul Pry – «өзгенің ісіне мұрнын тығатын адам»;

Peeping Tom – «тым қызыққұмар»;

A man of nothing to do – «жалқау, істерге ісі жоқ адам»

Сонымен қатар, әйел назарын өзіне аудару үшін айтылатын ер адамға қатысты фразеологизмдер:

An ass with two panniers – «екі себетті есек» (екі әйелмен қатар байланысқан еркек);

To dance attendance on smb –«бір әйелдің қыр ізінен қалмау»

The ladies’ man –«сері жігіт»;

To rob the cradle –«бесік ұрлау» (өзінен тым жас, жасы кіші қызға үйлену);

Put the acid on smb –«бір әйелдің мазасын алу»;

Bachelor’s wife –«бойдақ жігіттің қиялындағы әйел»;

Dance attendance on smb- «бір әйел адамға қамқор болу»

Ағылшын тілінде құрамында жалқы есімдері бар біренеше әйелмен махаббат құратын, әйелқұмар еркектер туралы фразеологизмдер жиі қолданылады:

A Casanova – Джакомо Казанованың «Казанова мемуары» автобиографиясындағы әдеби кейіпкер;

ADonJuan – Тирсо де Молинаның «Севильский распутник и каменный гость» шығармасындағы кейіпкер;

AgayLothario – Николас Роудың «Кающаяся красавица» шығармасындағы кейіпкер.

Сондай-ақ еркіндікті және сауық-сайранды ұнататын ер адамдар туралы фразеологизмдер де бар:

All work and no play make Jack a dull boy – «сауықсыз жұмыс жасалған жұмыстан Джектің көңілі түседі»;

The Abbot of unreason –«аббат-қыдырымпаз»;

Tom and Jerry – «Том мен Джерри» (Пирс Иганның кітабындағы кейіпкерлерге аллюзия)

Ер адамды сипаттағанда әдетте «ас, азық-түлік» концептісі жиі кездеседі:

To refresh one’s inner man –

A way to a man’s heart is through his stomach – «ер адамның жүрегіне жол асқазан арқылы». Бұл дегеніміз, ер адамды өз әйелінің сұлулығынан гөрі, асқазанының тоқтығы қанағаттандырады.Сонымен қатар, бұл жағдайда ас әзірлеу әйел адамның міндетіне жататындығын білдіреді.

Аталған топқа біз ер адамның үстемдігін білдіретін фразеологизмдерді де жатқызамыз. Мысалы:

Caviar to the general – «жай адам үшін тым қымбат» (әдетте уылдырық материалдық жағдайы жақсы, бай адамдардың асы деп саналады)

Blue-eyed boy – «жағымды көзқарастарға ие»;

Be the captain of one’s soul – «өз тағдырының қожайыны, болашағын бақылау»

Ер адамдарға тән қасиет консервативті көзқараста болу:

AColonelBlimp – «полковник Блимп» (Британ фильмі «Полковние Блимптің өмірі мен өліміндегі» кейіпкерге аллюзия;

The old guard, a Don Quixote – «көне көзқарастағы еркек»;

Lone wolf – «жалғыз қасқыр»;

The big bad wolf – «қауіпті қорқынышты еркек».

Ер адамдардың зияткерлік қабілеттеріне келер болсақ, ағылшын тілінде ер адамның ақылдылығы мен ақымақтығын көрсететін фразеологизмдер тең дәрежеде кездеседі. Мысалы:

Bright boy – «қабілетті бала»;

A man of note – «ақылды еркек»;

A man of many parts – «өте ақылды, қолынан бәрі келетін еркек»;

Fast worker – «епті адам»;

Solomon’s wisdom – «Соломонның даналығы» (Библиядағы Соломон патшаға аллюзия);

Clever dog – «ақылды»;

Man of words and not of deeds is like a garden full of weeds – Ер адамдар өз ісіне ұқыпты қарайды, сондай-ақ олар әңгімешіл боп келеді.

Ал, еркектің ақымақтығын, ойлау қабілетінің төмендігін мына фразеологизмдерден байқауға болады:

A man with bark on –«үңгір адамы»;

Slow coach – «баяу ойланатын, топас адам»;

Lame under the hat – «ойсыз еркек»;

More people know Tom Fool than Fool knows – Жынды Томды бәрі біледі, ал ол кейбіреуін ғана біледі;

Simple Simon – «ақымақ»;

Weary Willie – «жұмыс істемейтін адам» (Американдық клоун Эммет Келлиге аллюзия)

Үшінші топ - әлеуметтік рөлдердің фразеологиялық вербализациясы 20% құрайды. Аталған топқа туысқандық қатынастар және еркектің қоғамдағы рөлі туралы фразеологизмдер жатады. Ер адам туралы ең кең тараған стереотип, ол – отағасы (man of the house). Біздің зерттеуімізде біз үй шаруасындағы еркектңғ ролі туралы фразеологизмдер де бар екенін анықтадық:

The househusband – «үй шаруасындағы еркек»;

The New Man – «жаңа еркек» (үй шаруасындағы тірліктерді орындау және балалар тәрбисімен айналысу жыныстық теңдік деп түсінетін еркек);

Family man – «отбасын қамтамасыз ететін, отбасына берілген адам»

Ер адамның қоғамдағы рөлін бейнелейтін фразеологизмдер:

A man about town – «зиялы адам»;

A man of rank – «көрнекті адам»;

A man of pleasure – «зиялы адам»;

Big man on campus – «беделді адам»;

Golden boy – «атақты адам»;

A man of position – «биліктегі адам»;

A man of means – «материалдық жағдайы жақсы, бай адам»;

A man of family – «текті, атақты рудан шыққан азамат»;

The leading man – «көшбасшы еркек»

Big boy – «ықпалды адам»;

Key man – «бастық адам»;

A man of rank – «шенді адам»;

A made man – «жетістікке жеткен адам»;

A red coat – «ағылшын солдаты»;

Long Tom – «ауыр мылтық»

Зерттей келе, біз ер адамдар үшін сырт келбетінің тартымдылығы, бойының ұзындығы, қоғамдағы беделі кең таралған стереотиптерге жатады деген тұжырымға келдік.

Гендерлік фразеологизмдердің үлкен бір тобын ер бейнесін сипаттайтын гендерлектілер құрайды.Ерге қатысты гендерлік фразеологизмдердің ішінде батыр образын сомдаған халық ауыз əдебиетіне тəн тіркестер басым. Олар: аңғал батыр, батырдан сауға, мергеннен сыралғы, ер қаруы – бес қару, жеке батыр, жалаң төс, жүнді балақ батыр, кеуде соғар батыр, қапсағай денелі, нар

бурадай шабынды, сайып қыран, т.б. Ер жынысына тəн фразеологизмдердің көпшілігі жігіттің гендерлік бейнесін ерекшелеп көрсетеді. Мысалы: алпамсадай жігіт, аруақты жігіт, бағлан жігіт, жігіт ағасы болды, жұпар

кіндік, жастық шақ, (жігіттік кез), зіңгіттей жігіт, жігіттің сырттаны (ең жақсысы), күйеу жолдас, қылшылдаған жігіт, сүр бойдақ, сомадай жігіт, ұрт жігіт, от жігіт, омыртқасы түзу жігіт, (білімді, ақылды, іскер жігіт), т.б. Ер адамның бітім-тұлғасын, қарым-қабілетін, мінез-қасиеттерін ерекшелейтін

портреттік фразеологизмдер де баршылық. Атап айтқанда: қу мұрт, қияқ мұрт, дудар шаш, қылаң сақал, ақ сұңқар, есіл сабаз, арыстан жүректі, ерлік буды, марқасқа, өрен ер, атқа мінер (пысық, белсенді), сегіз қырлы бір сырлы, сылқым сері.

Бір алуан гендерлектілер ер жынысын əйелдің ері, жұбай, еркек бейнесінде суреттейді. Мысалы: аяқ шырмады, əйелжанды, қатыны күмəнды (əйелі екі қабат), қатын алды, қатын өлді – қамшының сабы сынды (ер адамға көңіл айту), төсек жаңғыртты, тізесі жылып қалды, талақ етті, тақымы жарымаған, үйі түсті, үйі сынық, шымылдығың желбіреп тұр ма?, т.б. Ерге қарата ай-

тылатын алғыс-қарғыс мəнді гендерлектілерді де атап өткен жөн. Олар: ақ сақалды, сары тісті бол! Ат ұстарың өзіңе тартсын! Алғаның (алған жарың) адал болсын! Ер маңдайын баққа бер! Көкірегі жаулы өссін! Тұқымың түптесін, қатының жүктесін! Алғаның (алған жарың) адал болсын! тəрізді алғыс (тілек, бата) сөздер мен Қатын-балаң шулап қалғыр! сияқты қарғыс сөздер.

Гендерлектілік фразеологизмдер қатарынан ерлер ғана қолданатын инвектив сөздер мен кинемаларды ұшырастыруға болады. Мысалы: енесін ұрайын, қызталақ (боқтау, тіл тигізу) жұдырығын түйді, қолын шығарды, төс қағысты. Ер бейнесін ерекшелейтін гендерлік белгілер күйеуге (күйеу жігіт, күйеу бала) тəн тіркестер түрінде ажыратылады. Қазақ халқының күйеуге деген өз таным-түсінігі, талғам-талабы бар. Күйеу жігіттің (күйеу баланың) қайын жұртына үлкен құрметпен қарауы – халқымыздың ежелгі салты. Бұл дəстүр тілдік нормада тұрақты сөз тіркестерімен айшықталған. Мысал келтірелік: босаға аттар, бесік кертті күйеу, есік көрсетті (күйеу ірге көрді, ұрын барды), еңсе қара, ит ырылдар, бақан аттар (күйеу кəделер), күшік күйеу, күйеу аттандырар, өкіл күйеу, күйеу мұңлық, бұзау мұңлық, күйеу жігіт, күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық, т.б.

Қазақ қоғамы дәстүрлі түрде патриархалдық болып табылады. Отбасы басшысының - әкесі мен күйеуінің, аға ағаларының беделі мен билігі өте күшті. Кішілер әрқашан слушаются оларды мүлтіксіз бағынады. Әкенің ошағы қасиетті болып саналады, ұлдары әкесіне шаруашылық бойынша барынша көмектесуі тиіс. Қазақтардағы қанды туудың есебі тек ата жұрт ерлер желісімен ғана жүргізілді. Көптеген ғалымдар қазақ халқының қоғамдық өмірде еркіндігін атап өтіп, олардың отбасындағы үлкен дербестігі мен еркіндігін көрсетеді.

Қазақ тіліндегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдерді талдау барысында ер адамдарға қатысты 109 бірлік қолданылды. Біз фразеологиялық бірліктерді құрамында гендерлік коннотациясы бар негізгі үш контекстуалды топқа бөлу арқылы қарастырдық. Олар:

1. Биологиялық суреттің фразеологиялық вербализациясы (жас ерекшелігі және сырт-келбеті);

2. Психологиялық портреттің фразеологиялық вербализациясы (мінез-құлқы және зияткерлік қабілеті);

3. Әлеуметтік рөлдердің фразеологиялық вербализациясы (туысқандық жақындығы және қоғамдағы рөлі).

Аталған үш топтың пайыздық қатынасы диаграммада көрсетілген:



Сурет-2
1. Қазақ тілінде ер адамдар үшін өте маңызды батылдық белгілері; батылдық, батыл, батыл адамның бейнесін қалыптастыратын батыл, фразеологиялық бейнеде де, коннотативті деңгейде де айқын қарама-қайшы келеді (қорқу жеткілікті түрде теріс белгі ретінде көрінеді):

а) батылдықтың белгісі:

Бөрідей батыл ердің дұшпаны қойдай қырылар (бөрідей батыл),

найзасының ұшы алтын кісі (ержүрек, батыр);

көкірегі жаулы (ер жүрек);

жауырына қонды көбе сыймау (ұрыста жеңілмеген);

алпыс ала балта сындыру (көп əскерді жеңу).

ә) қорқақтықтың белгісі: қоянжүрек (қорқақ);

Батыл, күшті ер адамның бейнесін қалыптастыратын лексикалық компоненттер ретінде басқа да түркі тілдер сияқты қазақ тілінің тасымалдаушылары үшін символдық сипаты бар сөздер болады:

а) жануарлардың атауы: "қасқыр", "жолбарыс";

ә) қатты (берік) металдардың атаулары: "темір" ("темір сияқты қатты"), «Болат»;

2. Әрине, ер адамның зияткерлік қабілеттерін көрсететін фразеологиялық бірліктер де белгіленеді. Бұл-сапаны белгілеу үшін ("ақылды" - "ақылды емес") компоненттері бар фразеологиялық бірліктер-әр түрлі семантика сөздері қолданылады. "Ақыл - ойы бар" - "ақыл-ойы жоқ" сияқты құрылымдар ерлер мен әйелдер үшін қолданылады:

«ақылы алқымынан аспаған»,

«қара жаяу емес» (әр нәрседен хабары болу)

«аузына қаратқан» (сөзімен, іс-әрекетімен)

«сөз ұстар», «ақылы азық, сөзі сусын».


  1. Ер адамдардың сыртқы белгілерін білдіретін фразеологиялық бірліктер:

«көгендегі төлдей»

«қаршадай»

«шиборбай»

«киіктің асығындай»,

«Жаяу жатып, атты түсіп қарағандай»

«бұлшық еті тоқпақтай»

«диірменнің кесек тасындай»

«жұдырығы қолағаштай»

«жарқ еткен найзағайдай» (қимылы/, /көз жанары),

«екі иығы қақпақтай», «қапсағай денелі»,

«лашын құстай түйілген», «тауда өскен қарағайдай» /бойы /.

4. Ерлердің әлеуметтік жағдайын, білгірлігін көрсететін, мамандығына қатысты фразеологиялық бірліктер. Жүргізілген гендерлік талдау бойынша әйел емес көптеген ер адамдар әр түрлі қызмет салаларында қызмет атқарғандығын көрсетеді. Мысалы,

«қызыл тіл» (шешен),

«құралайды көзге атқан» (мерген),

«сылдыр көмей, жез таңдай» (әнші). «шоқтығы биік»,

«мерейі үстем»,

«мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар»,

«атағынан ат үркетін»,

«байпағынан басқа сүйенері жоқ».

Ерлердің қылмыстық бейімділігін білдіретін фразеологиялық бірліктер:

«биттің ішіне қан құйған»,

«бір тасы қойнында жүру» (қу),

«бір басқаны күкірт, бір басқаны тотияйын» (пәле қуған),

«жасырын жебе атқан» (кекшіл).

5. Туыстық қатынастарды білдіретін фразеологиялық бірліктер. Талдау туған немесе жақын: анасымен байланысты, алайда отбасы басшысы — бұл адам (man of the house — отбасы басшысы). Сонымен қатар, "туыстық қатынастар" тек әке мен ана ғана қатысты емес:

«көзінің ағы мен қарасы»,

«екі туып, бір қалған»,

«өзегін жарып шыққан»,



«киімді бала» (асырап алған бала).

Ғаламның тілдік бейнесінде «Жақсы жігіт» стереотиптік үлгісін беретін мақал-мәтелдер жігіттің батырлығын, күштілігін, қайсарлығын, іскерлігін, білімділігін, өнерлілігін т.б. қасиеттерін алға тартады. «Жақсы жігіт» стереотиптік үлгісін танытуда мынадай қасиеттер айрықша сипатталады: Батыр жігіт:Ер жігіт үйде туып, түзде өледі; Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ; Арыстанды арыстандай жігіт алар; Ер жігіт не көрмейді, Ер көңілі не бермейді; Жігіттің жолбарысы жол торымайды, ел қориды; Жібек белбеу – белдің көркі, Батыр жігіт – елдің көркі т.б. Өнерлі жігіт:Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын; Жігітке жетпіс өнер де аз; Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар; Жігіт көркі – өнер т.б. Намысшыл жігіт:Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, Еменнің иілгені – сынғаны; Намысы бар жігіттің, Нар күшіндей күші бар; Жігітке жар қымбат, Намыс пен ар қымбат; Жүйрік – алысқа, Жігіт намысқа шабады т.б. Ақылды жігіт: Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер; Жемісті ағаш жер бауырлап өседі, Жетелі жігіт ел бауырлап өседі т.б. Пысық, табыскер жігіт:Пайдасы бар жігіттер дария, шалқар көлмен тең, Пайдасы жоқ жігіттер ел қонбайтын шөлмен тең; Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім, Жылқы жақсысы тісінен мәлім; Ауыл билеген аймағын билейді; Аты атанбаған жігіттен аты атанбаған төбе артық; Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, Жаман болар жігіттің жұмысқа еш қыры жоқ т.б. Тәрбиелі жігіт: Тәрбиелі жігіт тәртіпті келер; Әдепті жігіт – сыпайы, әдепсіз жігіт – тұрпайы; Аталы айғыр – үйірін жауға алдырмас, Ата көрген жігіт – ауылын дауға алдырмас т.б. Білімді жігіт: Сиырдың сүті – тілінде, Жігіттің құты – білімде; Білімсіз жігіт – бірді жығады, Білімді жігіт – мыңды жығады т.б. Қазақ мақал-мәтелдерінде «Ер адам» концептісіне жағымсыз коннотация үстейтін ақылсыздық, жарлылық, сорлылық, менмендік, өркөкіректік, жалқаулық т.б. стереотиптік бейнелері мынадай фреймдік құрылымға бөлінеді: Ақылсыз жігіт: Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат т.б. Менмен жігіт: Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз, Менменсіген жігітті дау келгенде көрерміз; Адаспаймын деген жігіт тал түсте адасады; Азынаған айғырды үйірінде көр, Адамсыған жігітті үйінде көр т.б. Өркөкірек жігіт: Өрлеген балық ауға жолығар, Өркөкірек жігіт дауға жолығар; Жоқшылық – жігіттің қолын байлар, Тәкаппарлық – жігіттің жолын байлар т.б. Қыңыр жігіт: Қисық арба жол бұзар, Қыңыр жігіт ел бұзар; Қисық ағаш үй болмас, Қыңыр жігіт би болмас т.б. Жалқау жігіт: Аттың сүріншегі, Жігіттің еріншегі жаман т.б. Бос жігіт:Босаң жүрген жігітті бел үстінде бөрі алар, Еркінсіген көкжалды ебін тапқан ер алар; Көбелең өскен жігіттен, Көкала сақал шал артық; Шабан жігіт дегенше, Жаман жігіт десеңші т.б.«Ер адам» концептісінің құрамдас бөлігіне жататын «Ұл» микроконцептісі мынадай ассоциациялар құрады: 1) Ұл – мұрагер, өмірдің жалғасы, қара шаңырақтың иесі: Ұл туғанға – күн туған; Ұлың үйленсе – ырысың, т.б. 2) Ұл – халықтың болашағы: Ұл баланың үй күшік болғаны жараспайды, Құлқынның құлы болма, Халқыңның ұлы бол;Бетеге, жусан – бел көркі, Білімді ұл-қыз ел көркі;Ұлтының қамын ойлаған – ұл болады, Құлқынның қамын ойлаған – құл болады т.б. 3) Ұл – ата жолын қуушы:Ұл – түтінге, Қыз – күтімге; Ұлың үйленсе – ырысың, Қызың орын тапса – өрісің; Аталы ұл – қожалы құл; Атадан ұл туса игі, Ата жолын куса игі; Қартайған ата марқаяр, Халыққа жағып ұлы өссе;Атаның ізін ұл басар, Төр иесі – ұл т.б. Дүниенің паремиологиялық бейнесінде «ұл» бейнесін сипаттайтын жақсы-жаман қасиеттер «еркек-ұл» концептісі төңірегінде жүйеленген ассоциативтік өрісін көруге мүмкіндік береді: «Жақсы ұл» когнитивтік моделі аясына: Ұл жақсысы құрметті, Келін жақсысы келбетті; Қызың жақсы болса, өрісің кеңейеді, Ұлың жақсы болса, қонысың кеңейеді; Жақсы келін құрдасыңдай болар, Жақсы ұлың сырласыңдай болар; Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер, Дана болар ұлыңның ақыл-есі тең келер т.б. «Жаман ұл» когнитивтік моделі аясына: Әкеден безген ұл болмас, Шешеден безген қыз болмас; Қыздың аңқауынан сақта, Ұлдың жалқауынан сақта; Ит жаманы түз қорыр, Жігіт жаманы қыз қорыр; Жаман етікші біз таңдайды, Жаман жігіт қыз таңдайды;Арсыз болса – қыз қорлық, Ақылсыз болса – ұл қорлық; Үйдегі ұлың жаман болса, Есіктегі құлмен тең; Ұрысқақ болса – ұлың жау, т.б.

2.2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ «ӘЙЕЛ» ЖӘНЕ «ЕР» БИНАРЛЫҚ ЖҰБЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ ЖӘНЕ АУДАРМАДА БЕРІЛУІ


Ағылшын тілінің фразеологиялық жүйесіндегі әйелдердің мынадай типтері бар екендігі анықталды:

1) егде жастағы әйел немесе кейуананың концептісі;

2) тұрмысқа шықпаған әйел;

3) жеңіл мінезді әйел;

4) әйел және отбасы;

5) әйел және қоғам (әйелдің қоғамдық және кәсіби мәртебесі);

6) әйелдің сыртқы келбеті

7) әйелдің мінез-құлқы;

8) әйел және оның қасиеті, моральдық бағасы, адамгершілігі;

9) тарихи тұлғалар;

10) әдеби кейіпкерлер.

Ағылшын тіліндегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдерді талдау барысында әйел адамдарға қатысты 100 бірлік қолданылды. Біз фразеологиялық бірліктерді құрамында гендерлік коннотациясы бар негізгі үш контекстуалды топқа бөлу арқылы қарастырдық. Олар:

1. Биологиялық суреттің фразеологиялық вербализациясы (жас ерекшелігі және сырт-келбеті);

2. Психологиялық портреттің фразеологиялық вербализациясы (мінез-құлқы және зияткерлік қабілеті);



3. Әлеуметтік рөлдердің фразеологиялық вербализациясы (туысқандық жақындығы және қоғамдағы рөлі).
Аталған үш топтың пайыздық қатынасы диаграммада көрсетілген:

Сурет-3


Әйел адам үшін сыртқы келбет, сұлулық, тартымдылық өте маңызды болып табылады. Осыған қатысты фразеологизмдер:

Her face is her fortune – «сұлулық – оның бар байлығы»;

A glamour girl – «тартымды қыз»;

A pinup girl – «суреттегі сұлулық»;

Cover girl – «мұқабадағы ару»;

A bit of skirts – «әдемі қыз»;

Әдетте ағылшындықтар әйелдің сұлулығын гүлге және жеміске теңейді:

As red as cherry – «қызғылт шырайлы» (шиеге теңеу);

Fresh as a daisy – «түймедақ гүліндей балғын»;

Fair as a lily – «лалагүл тәрізді әдемі»;

Алайда, біз теріс реңкті қолдана отырып, әйел сұлулығын бейнелейтін фразеологизмдерді де анықтадық;

A slick chick – «әсем»;

A pretty-pretty face –«беті қуыршақтай»;

Сондай-ақ ағылшын тілінде әйел адамның тартымсыздығын, ұсқынсыздығын бейнелейтін фразеологизмдер де жоқ емес:

Mutton dressed like a lamb – «қозы сияқты киінген қой» (Өз жасына сай емес киінген әйел)

Thunder chicken – «физикалық тұрғыда сұрықсыз әйел»;

Painted (up) to the eyes – «тым қатты боянған әйел»;

Big Bertha – «толық, семіз әйел»

Жас ерекшеліктеріне қатысты фразеологизмдер:

A dolly bird – «өрімдей жас»;

Bread and butter miss – «мектеп жасындағы қыздай» (қалжың);

Bobby soxer – «бойжеткен»

Young thing – «жап-жас қыз»;

An old cat – «кәрі қақпас»;

Old trout – «кәрі қарға»

Фразеологизмдердің көпшілігі әйел адамды жалмауызға теңеп, оларға қулық және арамза сынды қасиеттер тән деп айтылған:

Man, woman and devil are the three degree of comparison

Women as the root of evil – «еркек, әйел және шайтан – үшдеңгейлі салыстыру»;

Women are necessary evils – «әйел – ең қажет зұлымдық»;

Hell hath no fury like a woman scorned- «тозақта әйелден асқан қорқыныш жоқ»;

Fallen angel – «құлап қалған періште»

Daughter of the horse-leech –«тойымсыз»;

Forbid a thing and that women will do – «егер тыйым салынған нәрсе болса, оны әйел міндетті түрде жасайды»;

Please one’s eye and plague one’s heart – «есеп бойынша тұрмысқа шығу»;

To marry money – «байлығына қарап тұрмысқа шығу»

Әйел адамның әркез дау-дамайдың себебі болып жүретіндігін мына фразеологизмдер арқылы байқауға болады:

There’s a woman in it – «бұған әйелдің қатысы бар»;

There was never a conflict without a woman – «әйелсіз бір жанжал болмайды»

Сонымен қатар әйел адамның ішкі әлемінің сұлулығы мен ақылдылығына қатысты фразеологизмдер анықталды:

Beauty is but skin deep – «сұлуынан жылуы»;

A fair face may hide a foul heart – «сұлу келбеттің астарында төмен жан дүние жасырылған»;

Women are vain: they’d rather be pretty than have a good brain – «әйелдер әлсіз, оларға ақылдылықтан гөрі ақымақтық жарасады.

Сондай-ақ әйел адамға тән қасиеттер: сенімсіздік, құбылмалық.

A weak sister – «сенімсіз адам»;

The name is woman – «тұрақсыздық – әйел деп аталады»;

A woman laughs when she can and weeps when she pleases – «әйел ойына келсе жылай салады, қаласа күле салады»

Басқа да әйелдерге қатысты кең таралған қасиеттер: құпия сақтай алмауы және өсекке жақындығы. Оған қатысты фразеологизмдер:

A woman’s hair is long, her tongue is longer – «әйелдің шашы ұзын, ал тілі одан да ұзын»;

A sieve will hold water better than a woman’s mouth a secret – «құпияны әйелдің аузынан гөрі електегі су жақсы ұстайды»;

A woman always thinks it takes two to keep a secret – «әйелдің ойынша құпияны сақтау үшін екі адам қажет»;

Old wives’ tales – «әйелдердің өсегі»;

Many women – many words, many geese – many turds – «әйелдің сөзінің құндылығы жоқ»;

Old wife – «өсекші»;

A deaf husband and a blind wife are always a happy couple – «еркектің түрі маңызды емес, әйелдің сөзшең болмауы маңызды»

Әйелдердің түйсігінің өте жақсы дамығандығын төмендегі паремияларға қарап байқауға болады:

Take the first advice of a woman and not the second – «әйелдің бірінші кеңесіне құлақ ас, екіншісіне емес»;

Women’s instinct is often true than men’s reasoning – «әйелдің болжамы еркектің сенімділігінен де нақты»

Сондай-ақ біз әйелдерге кірпияздылық пен мінезінің ауырлығын, әлсіз әрі қорғансыздығын мына фразеологизмдерге қарап байқадық:

Pretty Fanny’s way – «ақылға қонымсыз мінезді әйел»;

Molly Coddle –«кірпияз әйел»;

Bitch kitty – «қырсық әйел»;

Clinging vine – «қорғансыз әйел»;

The weaker vessel – «әлсіз әйел»;

An old woman – «қорқақ әйел»

Әйелдердің адалдығын, кеңпейілділігін, мықты мінезін сипаттайтын фразеологизмдер:

Sister Ann – «адал құрбы»;

Ministering angel – «мейірімді періште»;

A white witch – «кеңпейілді фея»;

Dragon lady – «өршіл әйел»;

The iron lady – «темір әйел»;

The girl next door – «ақылына көркі сай қыз»;

Behind every great man there’s a great woman – «еркек –басы, әйел –мойны»

An obedient wife commands her husband – «тілалғыш әйел күйеуіне әмірін жүргізеді»;

The grey mare – «күйеуіне үстемдік ететін әйел»;

Әйелдің ойлау қабілетін және зияткерлігін бейнелейтін фразеологизмдер:

Women have long hair and short brain – «әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа»;

The foolish woman says: stolen water is sweet, and bread eaten in secret is pleasant – «ақымақ әйелдің айтуынша тегін берген сірке суы да бал татиды»;

When an ass climbs a ladder, we may find wisdom in a woman – «есек баспалдақпен көтерілген уақытта әйелді дана деп санауға болады»;

The wit of a woman is a great matter – «әйелдің ақылы – үлкен сұрақ»

Dumb bunny – ақымақ

Cousin Betty – жарымес

Dumb Dora – ақымақ

A women’s reason – әйел логикасы

1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан әйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқық берілді және ағылшын әйелдерінің басым көпшілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы, қатардағы қызметкер болды. Жоғары лауазымды қызметкер әйелдердің саусақпен санарлықтай болуы және оның биік дәрежеге көтерілуінің қисынсыз өрескел болып танылуы «Women in state affairs are like monkeys in glass shops» (с.с.а.: Үкімет басындағы әйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды) бейнелі оралымнан айқын көрінеді [19,11].

Байырғы ағылшын қоғамдастығында қалыптасқан әдептілік дағдысы бойынша тұрмысқа шыққан әйел ерін өзінің қожайыны ретінде қабылдауы тиіс болатын. Бұған бой ұсынбаған әйел соққыға жығылатын. 1891 жылға дейін ерлерінің «ер адамның бас бармағынан жіңішке таяқпен» әйелдерін ұруларына, егер қаласа, бөлмеге құлыптап қоюларына заңды құқықтары болған. «A woman, a spaniel, and a walnut-tree, The more you beat them the better they be» (с.с.а.: Әйел спаниель (иттің бір түрі) және жаңғақ ағашы ұрған сайын жақсарады), «A woman an asse and a walnut-tree Bring the more fruit the more beaten they be» (с.с.а.: Әйел мен есекті және жаңғақ ағашын ұрған сайын жемісті молырақ береді) тәрізді тұрақты тіркестер жоғарыда айтылған келеңсіз оқиғалардың орын алғандығы жөнінде бұлжытпас дәлел болып табылады.

Қазақ әйелдері туралы сөз болғанда, әсіресе олардың сырты мен іші үйлескен сұлулығы, мінез байлығы, ақыл-парасаты жөнінде әңгімелегенде, ең алдымен батырлар жырындағы әйел кейіпкерлердің көз алдыңызға келері сөзсіз. Құртқа - қазақ әйеліне тән ақыл-парасат пен көрегенділіктің, Жібек - сұлулық пен сымбаттың, Айман мен Ақжүніс әйел үшін таптырмайтын қасиет - қулық пен айлакерлік, тапқырлықтың, ал Баян - сұлулықпен бірге махаббатқа адалдықтың, сезімге тұрақтылықтың символы.

Қазақта қыз баланың, жалпы әйел затының бойынан төменшектік, именшектік, ұялшақтықтан гөрі өжеттік, еркіндік, ақыл, парасат сияқты қасиеттерді жоғары бағалайды. Қазақ қыздарына қайсарлық, өжеттік, тәкаппарлық, көрегенділік пен даналық сияқты қасиеттер ғасырлар бойы ел аузындағы аңыз әңгімелерге, батырлар жырына, ән-жырға арқау болған Тұмар, Зарина, Роксана, Домалақ ене, Айша бибі, Құртқа, Гүлбаршындардан келгені анық. Қазақ: "Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын, - дейді. "Жақсы әйел" және "жаман әйел" концептісінің көрінісін ақын­жыраулар шығармашылығынан да, шешендік сөздер үлгісінен де көруге болады: Жақсы қатын алсаңыз, Жақсылығын білдірер, Ерін жөнге көндірер, Анық осы, бозбала, Жұмақтан шыққан хормен тең, Алғаның жаман жолықса, Жамандығын білдірер, Ер қадірін кетірер, Оның өзі, бозбала, Маңдайға біткен сормен тең (Шал ақын); Аталған тілдік деректер "жақсы ер бала­шағаның қамын ойлап, табыс табумен айналысуы керек те, оны жарататын, іске асыратын, қонақты дұрыс күтіп, ерінің жақсы атын шығаратын, үй шаруашылығындағы мәселелерді өзі шешіп, күйеуінің ақылына ақыл қосып, дұрыс шешім қабылдауға итермелейтін - жақсы әйел" деген қазақтарда қалыптасқан көзқарасты дәлелдей түседі.

Ал "Қабырғаммен кеңесейін" тұрақты тіркесінің "әйеліммен, үй ішіммен ақылдасайын" деген мағынасы "әйел ердің (Адамның) қабырғасынан жаралған" деген христиандардың қасиетті кітабы Таураттағы ұғыммен дәйектеледі. Инквизиторлар Я.Ширенгер мен Г.Инститористің айтуынша, Хауаның жаратылуына қисық қабырға пайдаланылған, сондықтан әйел түрлі кемшіліктерге толы. Толық жетілмегендіктен, ол үнемі алдауға бейім тұрады. Сондықтан, "қабырға" - Хауаның Адамнан пайда болғанын дәйектейтін символ [6, 67].

Көркем шығармада кездесетін мысалдардағы қазақ әйелінің сұлулығына қатысты тілдік тұлғаның (автордың) сөздік қолданысы да халқымыздың мәдениетіне, ұлттық болмысына сәйкес келетінін байқатады: Менің шашым, адыра қалғыр, айғырдың ту құйрығындай қалың, жуғанда болмаса құрғақ күйінде тарай алмаймын (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан); Қос уыс бұрым арқада Қос жылан болып жүреді ( М. Мақатаев. Соғады жүрек). Сонымен бірге "қазақ әйелі" концептісіне қатысты оның бет-жүзін суреттеуде авторлық қолданысқа сай төмендегідей мысалдардың да лингвомәдени мәні талданды: Салтанаттың жүзі бал-бұл жанып, таңғы құлқайыр гүліндей құлпырып кетіпті (Д.Исабеков. Гауһартас). "Құлқайыр" сөзіне "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде": "жапырағы шоқтанып орналасқан, гүлі ақ, алқызыл, қоңыр қызыл, сары түсті көпжылдық өсімдік" деген түсінік берілген. Кең далада өсіп, оның шүйгін шөбіне мал жайып, таза, саф ауасымен тыныстаған қазақ баласы құлқайырдың жусан, мыңбас, бетеге сияқты шөптермен бірге қой үшін жұғымды, жағымды болып табылатынын біледі. Сондай-ақ өзі күнде көріп жүрген сансыз шөп пен гүлдің ішінен оны басып танып, ажырата алады. Аталған өсімдіктің гүл ашқан таңғы сәтіндегі сан бояумен құлпырып-құбылған түрін көз алдына келтіру қиындық туғызбайды.

Көркем сөз шебері Ғ. Мүсіреповтің шығармаларында қазақ әйелінің сыртқы сыр-сымбаты мен ішкі рухани әлемінің сан қатпарлы, мол иірімді ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени белгілерін танытатын, жоғарыда аталған коннотацияларға дәлел бола алатын айрықша лингвомәдени бірліктер жиі кездеседі.

Қазақ тіліндегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдерді талдау барысында әйел адамдарға қатысты бірлік қолданылды. Біз фразеологиялық бірліктерді құрамында гендерлік коннотациясы бар негізгі үш контекстуалды топқа бөлу арқылы қарастырдық. Олар:

1. Биологиялық суреттің фразеологиялық вербализациясы (жас ерекшелігі және сырт-келбеті);

2. Психологиялық портреттің фразеологиялық вербализациясы (мінез-құлқы және зияткерлік қабілеті);

3. Әлеуметтік рөлдердің фразеологиялық вербализациясы (туысқандық жақындығы және қоғамдағы рөлі).


Аталған үш топтың пайыздық қатынасы диаграммада көрсетілген:

Сурет-4
Біздіңше, оларды шартты түрде мынадай когнитивтік модельдер арқылы көрсетуге болады:

1. Қазақ әйелі сұлу: Уысың толар бұрымның астынан мойны ағараңдайды, қара көз, ақ маңдай... Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыздар болатын... Әр әйел өзінше сұлу болу керек, қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой? Көркем сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз...(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

2. Қазақ әйелі бауырмал: Айтолқынның бәлденіп-баптанып болуына қарамай, Шынар Ұлпан тобына барып қысылып қалды. Құшақтаса кетердей үзіле қарап келеді, Ұлпан да сондай күйде екен.

- Сенбісің, ей, айналайын? - деді.

- Мен ғой...

- Айналайын-ай, қандай бауырмал едің? - деп Несібелі Шынардың бетінен сүйді (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

3. Қазақ әйелі ақылды, қарапайым: Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын әуелі Есенейге байлатып алып жүр. Есеней де "мына қатын былай деп еді" деп Ұлпанның атын шығара сөйлейді (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

4. Қазақ әйелі өз ұлтын мақтан тұтады, халқына жанашыр:

- Көсем болып алған соң бұл әйел не істей алды?

- О, істемегені жоқ!.. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде біздердей біреуге ана жақтан, біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ, ауыл-ауылға қыстауды да, егінді шабындық жерді де тұтас берді... Бұл араның қазағына егін салдырды, шөп шаптырды, қыстау салғызды (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

5. Қазақ әйелі жаңаға үйір: Әуелі жолды, одан соң үш ат жеккен пәуескені Ұлпан көңіліне бір түйіп алды... Ұлпанның ойына "орыс үйі" деген тағы бір түйін байланды... Ұлпан монша деген тағы бір түйіншекті көңіліне түйіп алды...

6. Қазақ әйелі - салт-дәстүрді сақтаушы: Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұяла, ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

Сөз зергері Ғ. Мүсірепов халықтың рухани және материалдық мәдениетін, салт-дәстүрін, төл тарихын, дүниеге көзқарасын, ұлттық болмысын таныту, ұлттық рухты бойына сіңіру әйел-ананың жан-дүниесінде тұтасып, жинақталғанын шығармаларына алтын арқау етіп өреді. Жазушының әйел туралы туындылары біріктірілген "Қазақ әйелі" циклі оқырмандарға Нағима, Ақлима, Күләш, Майра, Ұлпан т.б.әйел-аналар бейнесі арқылы қазақ әйеліне тән дүниетанымды танытады.

Халықтың басынан өткен, өмір шындығына сай туған, талай дəуірден елес беретін тіл қазынасы фразеологизмдерде əйелмен ер жынысын бейнелейтін гендерлік образды тіркестер мол қамтылған [Кеңесбаев 1977]. Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Тілімізде қызға байланысты (қызға қарата айтылатын) гендерлект фразеологизмдер ерекше орын алады:

1) Қызға əдетте сұлулық пен əсемдік тəн. Тұрақты сөз тіркестерінің басым көпшілігі қыздың сұлулығын, жан-дүние, сезім-күй, мінез-құлық əдептілігін дəріптеген: күлім көз, құралай көз,қалам қас, қиғаш қас, қаймақ ауыз, оймақ ауыз, алма бет, ақша маңдай, қолаң шаш, ақ тамақ, бұраң бел, ауызға үріп салғандай, жамалына көз алмасты, атқан таңдай, хор қызындай, айдай сұлу,

айдай таза, күндей нұрлы, кірпік астынан көз тастады, көзін сүзді, қызда қырық есекке жүк болатын айла бар, қызға қырық үйден тыю, салиқалы қыз, он екі де бір гүлі ашылмаған, наз көрсетті, т.б.

2) Гендерлік фразеологизмдердің келесі бір тобы қызды бойжеткен, қалыңдық (жігіттің көңіл қосқан сүйген адамы, жүріп жүрген қызы) бейнесінде дараландырған. Мысалы: айттырған қыз, ақ шымылдық (жас ару мүлкі), жат жұрттыққа жаралған, күйеуге тиді, қалың мал, қыз жасауы, қыз енші, қыз көші, қыз танысу, қыз ояту, қыз қашар, сыңсу, тұрмысқа шықты, тесік моншақ жерде қалмас, оң жақ, обалы 41 жылқыға (ұзатылған, қалың малға сатылған қыз туралы), отау үйі, отауға салды, шаш сипар, т.б.

3) Қыз мінезіне жат қылықтарды атап, кекесін мəнде жұмсалатын гендерлектілер: еркек шора, қыз теке (еркекше киінетін қыз), шүйке бас, шөп желке. Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, халық ұғымында

қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерінен қыздың өзгелерден ерекше

гендерлік бейнесін (қыз – ару, қыз – бойжеткен, қыз – қалыңдық)

саралауға болады.

Əйел бейнесіне қатысты гендерлектілік фразеологизмдер де жеткілікті. Бұл топтағы тұрақты сөз тіркестерін өз ішінен əйел -ана, жұбай, келін, қатын лексемаларына жіктеп көрсетуге болады. Гендерлект фразеологизмдердің басты бөлігі əйелдің ана болу, дүниеге сəби əкелу рөлімен байланыстырылған. Атап айтқанда: аман-есен қол-аяғыңды бауырыңа алдың ба? ақ сүт берді, айы-күні жақындады, аяғы ауыр, бір кіндіктен, бала тапты, бедеу болды, жылы құшақ, (ана құшағы), құрсақ шашу, құрсақ көтерді, құрсақ той, қалжа жеді, толғағы жетті, шілдехана күзетті, т.б. Бұл келтірілген гендерлектілер астарында бір жағынан халқымыздың салт-дəстүр, жоралары бейнеленген. Сонымен қатар əйелдің кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, мінез ерекшелігін (жағымды-жағымсыз) сипаттайтын гендерлектілерді де ажыратуға болады: ару шешей, алтын басты əйел, мініскер əйел; ер жанды, майлы қолтық, салпы етек, сарыкідір əйел, көкайыл, ошақтың үш бұтынан шықпады, т.б. Ендігі бір топ гендерлік фразеологизмдер стильдік жағынан

ерекшеленіп, əйелге қарата айтылатын алғыс (тілек, бата) жəне қарғыс сөздерді қамтиды:

а) алғыс мəнді гендерлік фразеологизмдер: менің қолым емес, Бибіфатиманың (Бибатпаның) қолы (толғатып жатқан əйелге айтылатын тілек), ұл тап (бата-тілек);

ə) қарғыс мəнді гендерлік фразеологизмдер: Ақша бетің тілінсін! Жүзі қара! Марту басқыр! Қара шашы жайылсын! Тұл қалғыр! Салдақы қар! Шұнақ қар! Ақша бетің тілінсін!, т.б.

Əйел – ата-енесіне, ауылына келін. Тіліміздегі гендерлік фразеологизмдердің бірқатары келінге (келіншекке) қатысты. Мəселен, босаға аттады, бет ашар, жас иіс, жас жауқазын сарымсақтай (уыз келіншек), желегі желкілдеді (жаңа түскен келінге айтылады), келіншек көші, келіншек түсті, шашу шашты, қайын сіңлі, т.б.

Қазақ əйел жынысының ішінде қатынды төмендеу қойған. Əйел бойындағы жағымсыз қылықтар мен əрекеттерді қатынға балаған, қатын ұғымымен түсіндірген. Мұны мына мысалдардан байқауға болады: күндес қатын, қатын өсек, қатынның қырық жаны бар, қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын таба ма? төмен етекті қатын, т.б. Əйелдің сөйлеу əрекетінде жиі кездесетін кинемалар (ым-ишара, дене қозғалысы, т.б.) тұрақты сөз тіркестеріне негіз болған, гендерлік айырмашылықтар тудырған. Мысалы: беті шие болды (ерін жоқтап, бетін жыртып қан етті), бетін шымшыды, ернін шығарды, ернін шүйірді, жоқтау салды, шашын жайды, т.б.

Əйелге тəн гендерлік фразеологизмдердің бір тобы «етек» образымен сабақтастырылған. Олар көбінесе əйел жынысының жағымсыз іс-қылығын, мінез-құлқын бейнелейді. Мысал келтірелік:етегі ашылды, кең балақ, жалпы етек, сары ала етек сарпылтаң, салпы етек т.б.

ҚОРЫТЫНДЫ


Зерттеу жұмысы лингвистикалық, саяси, қоғамдық және мәдени мәні бар өзекті тақырыпқа арналған. Адамның гендерлік сипатына байланысты атаулар мен сол атауларға қатысты тілдік бірліктер кез келген тілдің сөздік қорының қомақты бір саласы. Бұлар – әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық топ. Мұндай атаулар өмірде жиі қолданылатыны белгілі. Солай бола тұрса да, лексикалық қорымыздың бұл тобы, әсіресе, ағылшын тіліндегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдердің қазақ тіліне лингвомәдени және аударма аспектісінде күні бүгінгі дейін жеке лексика-семантикалық топ ретінде арнайы зерттелінген жоқ. Оның үстіне бұл тақырып этнолингвистикалық тұрғыдан да, гендерлік тұрғыдан да арнайы зерттеу нысаны болған емес. Соңғы кездері халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын кіргізетін, оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қазынасының дайын қолданылатын үлк ен саласы фразеологизмдерді этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық және т.б. ғылымдар тоғысында зерттеу бел алды.

Қай халықтың болмасын фразеологиялық қоры - тілді жаңа қырынан, ерекше бір көркем бейнелермен толықтырып отыратын арнасы мол таусылмас қазына. Халықтың төл туындысы болып табылатын фразеологиялық тіркестер атадан балаға беріліп келе жаткан, өн бойы халық тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін сипатқа толы асыл мұра. Олар тіл иесі халықтың күллі дүние-ғалам жайлы ұғым түсініктердің, өзІн қоршаған шындык болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеткізілуі.Біз зерттеу жұмысымызда аталған коммуникативтік бірліктерді әрі тілдік, әрі этнолингвистикалық, әрі гендерлік тұрғыдан алып, өзара бірлікте қарастырдық. Өйткені адамның гендерлік сипатына байланысты атаулар мен солар арқылы жасалған тілдік бірліктер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын, өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу сол байлықты (мейлі ол тілдік байлық болсын, мейлі ол рухани, мәдени байлық болсын) ашып, оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады. Біз өз зерттеуімізде қазақ және ағылшын тілдеріндегі әйел мен ердің типологиясын фразеологиялық оралымдар арқылы сипаттап, олардың лингвистикалық табиғатын нақты тілдік деректермен ашуға тырыстық.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсатына орай қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып саралап, ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді қазақ тіліне аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастырдық. Олардың ішінде гендерлік сипаттағы фразеологизмдерді салыстыра зерттеуге, олардың баламаларын табуға тырыстық. Өзіміз нысан етіп алып отырған атаулар мен сол атауларға қатысты тілдік бірліктерді жинап, оларды тіл білімі тұрғысынан әрі этнолингвистикалық тұрғыдан жан-жақты қарастыруға, әр атаудың, әрбір тілдік бірліктің, фразеологизмдердің мағыналарын ашуға, сөйтіп сол мағыналардың астарында жатқан ұлттық ерекшеліктерді, яғни қазақ халқы мен ағылшын халқына тән ой-сананы, дүниетанымды, наным-сенімдерді, мінез-құлықты, психологияны, философияны, салт-дәстүрді, бір сөзбен айтқанда, екі ұлттың рухани байлығы мен мәдениетін, тарихын айқындауға талпыныс жасадық.

Қай елдің қай жазушысының кай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгер болсын, халық болсын, олардың кай-қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім.

Әрбір халық тілінің ерекшелігі, тіл байлығы, көбінесе, сол халықтың даму барысында қалыптасып, ғасырлар бойы жинақталған тұрақты тіркестер қорына байланысты анықталады.

Жалпы тіл фактілері - тұнып тұрған тарих. Себебі әр түрлі заттардың, құбылыстардың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт -сана мен дәстүрлер жайлы мағлүматтардың бэрі де кейінгі буындарға тек тіл деректері, әсіресе, тұрақты тіркестері арқылы жетуі мүмкін. Халықтың жалпы рухани өмірін, талай ғасырлық тағлым жүйесін, ата салтын, елдік қасиетін, ұлттық болмысқа тікелей қатысты байырғы сөз қазынасының қоры да - осы тұрақты тіркестер.

Осыған байланысты аталмыш еңбектің басты нысаны қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер уәжін лингвомәдениеттану ғылымы тұрғысынан зерделеу және аударма аспектісінде талдау.

1. Алғашқы тарауда гендерлік лингвистика аясында фразеологизмдерді лингвомәдени аспектісінде зерттеудің теориялық мәселелері қамтылған. Тіл мен мәдениет ара қатынасын айқындау мақсатында біршама мәселелердің басы ашылады. Лингвистикалық мәселелердегі гендерлік мәселененің алатын орны қарастырылған.

Тіл - адамзат болмысы, адамзат жаратылысының негізгі қасиеті, Тілсіз өмір жоқ. Тіл - халықтың танымы мен бүкіл тұрмыс тіршілігін суреттейтін қатынас құралы, құндылығы. Қазақ және ағылшын тілдерінің қай-қайсысын алмайық, сол халықтың тұнып тұрған тұрмысынан, тарихынан, мәдениетінен хабар берері хақ. Тіл кұдіреті сөз мағынасында. Сөз мағыналарына үңіле отырып, жан-жақты өмір саласынан мағлұмат алуға болады.

Тіл мәдениетпен байланысты. Мәдениет - сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың рухани байлығын, қазынасын қамтитын, ұлттық дүниетанымнан хабардар ететін сананың жиынтығы. Қазақ елінің мәдениеті, ағылшын елінің мәдениеті дегенде олардың рухани және материалдық құндылықтары еске түседі. Мәдениет - өз ішінде рухани және материалдық деп бөліне отырып, күллі халықтың ұлттық болмысын бейнелейтін рухани қазына екендігі де бәрімізге белгілі.

Тіл мен мәдениет арасын байланыстырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші бірліктер ретінде фразеологизмдер, мақал-мэтелдер, жұмбақтар, афоризмдер, ертегілер т.б. ұлттық нақышты бейнелейтін тілдік тұлғалар танылады.

2. XX ғасырдың соңғы 10 жылы ішінде тіл дамуының нәтижесінде тіл білімі саласына лингвомәдениеттану деп аталатын жаңа сала кірді. Олар тек қана бір ғана ғылым саласы емес, когнитивті лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, прагмалингвистика, т.б. сынды салалармен қоса дамыды. Әрі осы ғалым салалары бір-бірімен тығыз байланыста, ішкі бірліктері ұштасқан.

Лингвомәдениеттану - тіл және мәдениет мәселелерін қарастыратын екі пәннің бірігуінен, солардың өзара сабақтастығынан туындаған ғылым.

Лингвомәдениеттану саласының үш түрлі даму кезеңдерін белгілей отырып, оның үнемі динамикалы екендігін де еске ұстаған жөн.

Лингвомәдениеттану ғылымының қалыптасып, дамуына шолу жасай отырып, оның этнолингвистика ғылымымен тығыз байланыстылылығы да жан-жақты ашылды. Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика ғылымдары тілде бейнеленген және сақталып қалған тілдік көріністердін түп төркінін анықтау жағынан, тілдік фактілерді тіл мен халықтың мәдениетіне қатысты зерттеу жағынан ұқсас келеді. Алайда олардың өзара айырмашылықтары да бар. Мәселен, этнолингвистика - мәдениеттің материалдық жағын қарастырса, лингвомәдениеттану - мәдениеттің рухани жақтарына көңіл аударады. Немесе этнолингвистика - бір этностың этномәдени тұстарын зерттесе, лингвомәдениеттану - салыстырмалы-салғастырмалы түрде қарастырады, т.б. Сондай-ақ лингвомәдениеттану нысаны, зерттеу құралы, сараптама мақсаты, деген негізгі ұғымдарға жалпы сипаттама беріліп, түсіндіріледі. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес,ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі,ойлау ерекшелігі, ұлттық салт- дәстүрі,тұрмысы,өмірге деген көзқарасы да кіреді. Фразеологизмдер – осы ұғымдарды айқын көрсететіні анық. Ұлттық-мәдениеттік семантика ағылшын халқының фразеологизмдеріне де тән. Ағылшын фразеологизмдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп-өнуінің нәтижесі.Оларды тек көркем сөз құралы демей,ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Ұзақ қолданыстан кейін ғана тұрақтылыққа ие болатын, мағыналық және құрылым-құрылысы жағынан ерекше, халықтық өшпес мұра саналатын фразеологизмдерді, оларды астарлап жатқан мәдени құбылыстарға талдау жасап, олардың қалыптасу көздерін табу теориялық және практикалық жағынан құнды болмақ.

Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп, қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерінің және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін көрсетеді. Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын тілдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін фразеологизмдер бойынан тауып, олардың бір-бірінен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін аныктауға, ұлттық нақыштарын тереңірек түсінуге болады.

3. Қазақ және ағылшын тілдері фразеологизмдерін салғастыра отырып, олардың лингвомәдени сипаты көрсетілді.

Тіл аркылы берілген халық барлық бітімі, бет-бейнесі, тұрмыс-салт құбылыстары тұрақты тіркестерде ерекше байқалады. Мысалы, қазақ халқының түрақты тіркестері, көбінесе, көшпенді халұқ шаруашылығы төрт-түлік малға қатысты берілсе, ал ағылшын халқында олардың түрмыс-тіршілігіне, психологиялық жағдайына, діни ұғымдарына орайлас библияға, жабайы жан-жануарларға, орман, теңіз шаруашылығына байланысты тіркестері жиі ұшырасады.

4. «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдерді лингвомәдени және аударма аспектілерінде талдау» деп аталатын екінші тарауда жалпы фразеологизмдердің аударма мәс1елесі қарастырылады.

Фразеология теориясын қалыптастырушы Ш. Балли болып есептеледі.. Заттарға не болмаса кандай да бір құбылысқа ат беру - қай халықтың да алғашқы парызы. Адамдар өзі өмір сүрген ортаның кұбылыстарына мән бере отырып, оларды ұқсату, не болмаса бір ерекше белгісіне, қасиетіне қарап атау беріп отырған. Осы заттың атауына әсер еткен атауыштық белгілер арқылы тілдегі уәжділік калыптасты. Бұл мәселені қарастырмас бұрын әуелі уәж, уәжділік, уәждеме, уәжтану сықылды ұғымдарды зерделеп, түсініктеме бердік. Осы мәселе төңірегінде еңбек еткен К.Аханов, Н.Уәлиев, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, Р.Ә.Авакова, Ү.Әділбаева, Ж. Әкімішева т.б. ғалымдар еңбегінің маңыздылығы зор екендігі бағаланды жэне олар жан-жақты талданды. Фразеологизм мәселесі тіл мен оның санадағы әрекетіне байланыстылығы көрсетілді және ол кесте түрінде жұмысымызда берілді.

5. Фразеологиялық бірлік-фразеологизмнің түріне жатады.Демек фразеологизмдердің қалыптасуына сөздің ішкі формасы да өз әсерін, ықпалын тигізеді деген сөз. Фразеологизмдер уәждемесін анықтауда бес түрлі жағдайға көңіл бөлінетіндігі де көрсетілді. Осы жағдайларды назарға ұстай отырып, фразеологизмдер уәждемесін ашуда мән берген жөн. Бүл уәждеме үдерісінің қатысуымен және ішкі форманың негізінде қалыптасады. Осыған орай ішкі форма жөнінде он бес түрлі тұжырымдар берілді.

6. Қазақ тілі мен ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді өз ішінде түрлерге сараланады.Мұнда академик В.В. Виноградов пен Н.М. Шанскийдің және қазақ тіліндегі І. Кеңесбаевтың фразеологизмдерді түрге бөлгендері туралы айтылады.

7. Қазақ және ағылшын тілдері екі бөлек топқа жатқанымен, сол тілдердегі фразеологиялык бірліктер өз халқының әдет-ғұрпын, мәдениетін, шаруашылығын т.б. бейнелейді. Сондықтан оларды салғастырмалы түрде алып, лингвомэдени аспектіде зерттеуге ұмтылдық. Олардың лингвомәдени ерекшеліктерін көрсетуге қадам жасалды. Мысалы: Grаss widow - «Уақытша күйеусіз әйел» мағынасын беретін бұл тіркес еуропа адамдарының үнді жерінде жүргенде оның шыдас бермейтін аптап ыстық күндерінде әйелдерін биік жотаға жіберу негізінде қалыптасқан. Сондықтан күйдіріп жіберетіндей ыстық күндері жотада салқын ауа мен көк шөптен сая іздеген Еуропа әйелдерінің «Grаss» (сабан, шөп) «woman» (әйел) аталуы әбден мүмкін.

Қазақ халқының фразеологизмдері ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезеңдерінде қалыптасып, бүгінгі дәуірге дейін қолданылып отырса, ағылшын тілінің фразеологизмдері көне және кірме фразеологизмдер болып екіге бөлінеді.

Ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктері ұлт тілі арқылы танылатын болса, адамдардың материалдық тұрмысы, айналасы, рухани көзқарасы тығыз байланысты болып келеді. Сондықтан әр халықтың фразеологизмдері қалыптасқанда уәжділік дәрежелері айқын, жартылай, көмескі болып келетіні нақты мысалдармен дәйектелінді. Зерттеу нысанына алынып отырған қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер мынадай тақырыптық топтарға бөлінді: салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім; жан-жануарларға; шешен, ділмәр, тапқыр сөйлеу; тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғалар; соматизм; сандық көрсеткіштер; түр-түс; ұзындық, қашықтык, тереңдік; космонимдер; өсімдіктерге байланысты; уақытқа байланысты; туыстық атау; өлім-жітім; құс-жәндіктерге қатысты; азық-түлік тағам атаулары; киім атауларына қатысты. Зерттеу жұмысында осы тақырыптық топтарға жіктеліп көрсетілген фразеологизмдер қазақ және ағылшын тілдерінде жан-жақты әрі уәжділігі анық, нақты талданып берілген.

Қорыта келгенде, ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер салғастырмалы түрде алынып, лингвомәдениеттану пәні аясында зерттеуге ұмтылыс жасалды. Әсіресе ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени, ұлттық ерекшеліктерін ашуға және аудармасын талдауға талпыныс жасалды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Аврорин В.А. Проблемы изучения функциональной стороны языка, Л.: Наука, 1975.-274 с.

2. Амосова Н.Н. Основы английской фразеологии. - Л., 1963.

3. Артемова А.В. Эмотивно-оценочная объективация концепта «женщина» в семантике фразеологических единиц (на материале английской и русской фразеологии»). Автореф. дис... канд. филол. наук. - Пятигорск, 2000.

4. Артыкова А. Проблемы гендерного развития вРК // Серия гуманитарных наук, 2003, №1 с.83-87

5. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. - М., 1998.

6. Арутюнова Н.Д. Введение // Логический анализ языка. Образ человека в языке и культуре. - М., 1999.

7. Ахметова Р. Женщины и общество // Альпари 2001. №3. с.100-101

8. Бекмагамбетова Ш. Тілдің таным негіздері және тілдік символдар. Алматы. Жазушы. 1999. 220б.

9. Бекзат Д. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдык-прагматикалық аспектісі: филол. ғылым. канд. ... автореф.: 01.02.02. -Аматы, 2002. - 28 б

10. Бельгер Г. Казахское слово. Астана. Елорда 2001. с.126

11. Бельгер Г. След.слово (литературные портреты и эссе). Алматы. Жазушы. 2002. с.232

12. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. М., 1969 г.

13. Гак В.К. К типологии лингвистической номинации // Языковая номинация : Общие вопросы. –М., 1977. 42-43с

14. Гумбольдт В.фон. Избранные труды по языкознанию. М.: Прогресс, 1984 г.

15. Динаева Б.Б. Қазақ тіліндегі паремиялардың танымдық-прагматикалық аспектісі. Астана, 2006

16. Есимжанова М.Р. Межъязыковые фразеологические соответствия (на материале английского, русского и казахского языков): автореф. ... канд. филол.наук. 10.02.20. -Алматы, 1998. - 28 с.

17. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Докт. дисс. авторефераты. Алматы,

18. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А.: Ғылым, 1999 ж.

19. Зыкова И.В. Способы конструирования гендера в английской фразеологии. М.:УРС 2003. с.232

20. Калмырзаев А. Национальный менталитет и национальный дух // Мысль 2000 №8-9. с.30-31

21. Кирилина А.В. Гендер: лингвистические аспекты, М., 1999

22. Кирилина А.В. Категория gender в языкознании. С.15-20

23. Қожахметова Х. Фразеологизмнің көркем әдебиетте қолданылуы.-А., 1972

24. Коробка П.Л. Идиоматическая фразеология как лингвистическая и культурологическая проблема. –М., 1999

25. Колосова О.А. Когнитивные основания языковых категорий. Москва, 1996.

26. Красных А. Лекции по гендерным исследованиям. Харьков. ХГЦИ, 2001. с.288

27. Кунин А.В. Английская фразеология. - М., 1970.

28. Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. - М., 1986.

29. Қайдар Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 2003 ж.

30. Қайдар Ә. Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. -Алматы: Ана тілі, 1998.

31. Қайдар А. Тысяча метких и образных выражений. -Астана: Білге, 2003. - 368 с.

32. Қалиев Ғ. Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 2001 ж

33. Маслова В.А. Введение в лингвокультурологию. - М., 1997.

34. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М., 2004

35. Нурсултанкызы, Жазира. Қазақ паремиологиясындағы «Ер адам» концептісі / Жазира Нурсултанкызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый

36. Оспанова Ф.А. Фразеолоизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі (қазақ және ағылшын тілдеріндегі материалдар негізінде). – Алматы, 2006. – 157 б.

37. Пермяков Г.Л. Пословицы и поговорки народов Востока. -Москва: Наука, 1979. -671 с

38. Попов Р.Н. Методы исследования фразеологического состава языка. –М., 1996.

39. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы, 2002.-304б.

40. Сарсембаева А.Б. Гендерные отношения во фразеологической системе английского языка. Автореферат. канд. дисс., Алматы, 2009 г.

41. Сепир-Уорф. Язык. Введение в изучение речи // Избранные труды по языкознанию. М., 1993.

42. Сулейменова Э. Тіл білімі сөздігі. Алматы, 1998

43. Телия В.Н. Метафора как проявление принципа антропоцентризма в естественном языке // Язык и логическая теория. -М., 1987.

44. Телия В.Н. Метафора и ее роль в создании языковой картины мира // Роль человеческого фактора в языке. Язык и картина мира. — М., 1988.

45. Толковый словарь казахского языка. Под.ред. Искакова А.И. Алма-ата, 1986

46. Уәлиұлы Н. У. Фразеология және тілдік норма. -Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. - 605 б.

47. Ярская – Смирнова Е. Возникновение и развитие гендерных исследований в США и Западной Европе // Введение гендерные исследования. Часть 1, учебное пособие под.ред. Жеребкиной И. Харьков ХЦГИ, 2001.

48. Хомский Н. Язык и мышление. М., 1999 г.

49. Шоқым Г. Гендерлік лингвистика http://rmebrk.kz/bilim/shokym-genderlik-lingvistika.pdf

50. Makkai A. Idiom Structure in English, – The Hague, 1987.

51. M.R.Key, Male / Female Language (New Jersey. Metuchen. Scarecrow Press, 1975).

52. R.Lakoff, Language and Woman’s Place (New York, Harper, 1975)..



53. Weinreich U. Problems in analysis of Idioms; Substance and structure of Language7- University of California Press, Berkley and Los Angeles, 1984



i


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет