Қол басы және аяқ басының өзектері мен синавиалды қынаптары


Аяқ ұшының сүйек-фиброзды өзектері және сіңірлердің синовиалды қынаптары



бет4/6
Дата25.11.2023
өлшемі3,3 Mb.
#126269
1   2   3   4   5   6
Аяқ ұшының сүйек-фиброзды өзектері және сіңірлердің синовиалды қынаптары
Retinaculum musculorum extensorium inferius астында келесі бұлшықеттер сіңірлерінің синовиалды қынаптарына арналған төрт сүйек- фиброзды өзек бар.
Үлкен бакай жағынан vagina synovialis tendinis musculi tibialis anterior, vagina synovialis tendinis musculi extensoris hallucis longi et vagina synovialis tendinis musculi extensoris digitorum longi.
Синовиалды кынаптардың жоғарғы шеті retinaculum musculorum extensorium inferius сәл шығып тұрады, ал төменгі шеті табан сүйектерінің негізіне дейін жетеді. Musculus extensoris hallucis longus-ке арналған өзектің артында кан тамырлар (аяқ ұшының дорсалды артериясы және тамыры) және кіші жіліншіктің жалпы жүйкесі өтетін төртінші өзек болады.

  • Retinaculum musculorum flexorium астында келесі бұлшықеттер сіңірлерінің синовиалды кынаптарына арналған төрт сүйек-фиброзды өзек - vagina synovialis tendinis musculi tibialis posterior, vagina synovialis tendinum musculi flexoris digitorum longi et vagina synovialis tendinis musculi flexoris hallucis longi бар. Синовиалды қынаптардың жоғарғы шеті malleolus medialis ұшынан 3-5 см жоғары шығып тұрады, ал төменгі шеті os naviculare-ге дейін жетеді. Беткей орналасқан төртінші фиброзды өзекте (екінші өзектің үстінде жатады) асықты жіліктің арткы артериясы, аттас тамыр және асықты жілік жүйке өтеді.

  • Retinaculum musculorum peroneorum superius латералды толарсақтың артында орналасып, кіші жіліншік бұлшықеттерінің жалпы синовиалды қынабы (vagina synovialis communis tendinum musculorum peroneorum) жатады.

  • Өзек дисталды бағытта екіге бөлінеді және кіші жіліншік бұлшықеттердің сіңірлері retinaculum musculorum peroneorum inferius астында меншікті синовиалды қынаптарда жатады. Кіші жіліншіктің қысқа бұлшыкеті сіңірінің синовиалды қынабы (vagina synovialis tendinis musculi peronei brevis) retinaculum musculorum peroneorum inferius-тің алдынғы жиегінде аяқталады. Кіші жіліншіктің ұзын бұлшыкеті сіңірінің синовиалды қынабы (vagina synovialis tendinis musculi peronei longi) өкше сүйектің табандық бетіне жалғасады. Сонымен катар табанда кіші жіліншіктің ұзын бұлшыкеті сіңірінің табандық қынабы (vagina synovialis plantaris tendinis musculi peronei longi) бар. Оның ұзындығы 3,5 см-дей. Бакайлардың табандық бетінде аяқ ұшы бакайларының фиброзды қынаптары (vagina fibrosae digitorum pedis) бар.

Өзектер мен сіңірлерді синовиалды қабық көмкереді, соның нәтижесінде аяқ ұшы бақайларының синовиалды қынаптары (vagina synovialis digitorum pedis) пайда болады, барлық бес бақайдың қынаптары тұйық. Олар дисталды musculus flexor digitorum longus сіңірі бекіген жерге дейін жетеді, ал проксималды табан сүйектері бастары денгейінен басталады. І бакайдын синови- алды қынабы проксималды көтеріліп, табан сүйектің негізіне жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет