Презентация Тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы


Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет2/3
Дата25.11.2022
өлшемі177,64 Kb.
#52637
түріПрезентация
1   2   3

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері

  • Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға сүйенбейді. Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оушының білімі мен мүмкіндігіне сай ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар оқушының математикалық білім мен мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы дәлме-дәл болуы қажет емес.
  • Егер сабақ барлық уақытта 45 минутқа жоспарланса, сыныптан тыс жұмыстар мазмұны мен формасына байланысты 2-3минутқа да, 1 сағатқа да есептелуі мүмкін.
  • Егер сыныптық-сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен топтасқан, түгел құрамын талап етсе, сыныптан тыс жүмысқа оқушылар бір сыныптада болуы мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.
  • Сыныптан тыс сабақтың әр түрлі түрлері мен формалары бар: топтық сабақтар; үйірмелер; математикалық бұрышар; викториналар мен олимпиадалар, саяхаттар т.б.
  • Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі берілген материалдың не мазмұны немесе формасы түпінде берілуі. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. Мысалы, математикалық кешті ұйымдастыруда, кешті мектептің үлкен залында өткізген дұрыс. Залды көркем етіп жабдықтау керек. Бөлменің қабырғаларына әртүрлі есептерді, ребустарды, бірден сызып шығуға арналған есептерді, суретпен кескіндеоген қызықты есептерді көрнекілік түрінде іліп қойған жөн. Бөлменің әр жерінде «Біліміңді тексер», «Ауызша есептеп үйрен», «Білімді болсаң ұтыс сенікі», «Сен білесің бе?» т.б, тақырыптармен аталатын математикалық киоскілер жұмыс істеуі керек.

Сыныптан тыс жұмыс түрлері.


Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған педагогикалық шеберлігі болуы-басты мәселе. Мұңалім оқушының жұмыс жүргізуі кезінде талап-тілегін, өызығатын міселелерін қамтуға мүмкіндік табады. Оқушылар сабақ үстнде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процесстермен кездесіп отырады. Оларды ұштау, алға қарай жетілдіру, дамыту мұғаалім міндеттерінің бірі.Математикадан жүргізілетін сынытан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны жүргізудің методикалық негізі мынада:
  • Сыныптан тыс жұмыстар оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
  • Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта өтілуі тиіс.
  • Сыныптан тыс жұмысар оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
  • Ол үшін мұғалім жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізу керек.
  • Сыныптан тыс жұмыс түрлері өз мақсатына қарай сергіту минутыдағы қызықты математикалық элементтерін, математикалық жарыс, математикалық кеш, математикалық ойындар т.б. болып бөлінеді.

  • Қызықты есесптер-математикадан бастауыш сынып оқушыларына берілетін есептер оқушының жас ерекшелігіне сай болып, оқушыны жігерлендіретін, қызықтыратын, түсіндіруі жеңіл, түсінікті қысқа болғаны дұрыс.
    Логикалық есептер- кеңінен ойлауды қажет етеді. Есептің бұл түрі оқушыны тез қызықтырады, бірақ терең ойлап, белгілі бір заңдылықтарды қажет етеді.
    Математикалық санамақ- бұл оқушының ауызша, ойша есептеу арқылы тез есептеуге бейімдейді. Математикалық санамақ жолдраы ұйқас түрінде де беріледі. мұғалім санамақты оқу арқылы есептеп отыруға дағдыландырады.
    Математикалық викториналар - жарыстың бір түрі. Оны кеште, үйірмелерде пайдалануға болады. Ол сұрақ түрінде де, есеп түрінде де айтылады.
    Математикалық кеш-оқушының математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру. Кеш мазмұнды түрде өтеді. Онда тақпақ, сөзжұмбық, есеп болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет