Диагностикалаудың маңызды бөлігі-қадағалау Қадағалау- білім,ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды білдіреді.
Алдын-ала қадағалау- диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі.Ондағы мақсат-оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілікдағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау.
Ағымдағы қадағалау-оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Мерзімді қадағалау-белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылып, тоқсан немесе жарты жылдықта жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау-тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау-оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін қолданылып, пән бойынша барлық білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.