Реферат тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық психологиясы мен ұлттық мінез бітістері



бет2/2
Дата10.12.2023
өлшемі87,6 Kb.
#136559
түріРеферат
1   2
Қорытынды
Қорыта келе қазақ халқының тұрмыс тіршілігі, салт-дәстүрі, болмысы, мінезі мен психологиясының өзінде өзіндік стиль қалыптасқан. Ұлттық болмыс – әлеуметтік психологияда, философияда, мәдениетте, этнологиядағы белгілі бір ұлттық қоғамның (этностың) тұрақты ерекшеліктерін, санасын, қызығушылықтарын, рухани құндылықтарын, ынтасын, әлеуметтік-психологиялық қорғаныс тетіктерін сипаттайтын күрделі түсінік. Мемлекеттің ең басты құндылығы тарих. Себебі, ұлттық идея, ұлттық идеология да тарих арқылы жасалады. Тарихсыз дінді де, ділге қажет құндылықтарды да жүйелі түрде игеру мүмкін емес. Қай ғасыр болмасын қоғамның рухани тереңдігін сақтау әрі нығайту үшін жүргізілетін идеологиялық жұмыстардың салмағы тарихтың тәжірибесімен таразыланып отыруы тиіс. Тарихты білу, жүйелі түрде оқытып, үйрету арқылы ғана халықтың жан дүниесіне жақын, ұрпақтың танымы тілейтін құндылықтарды қоғамдық ортада насихаттау жүзеге асады. Тарихты иманы дәрежесінде түсінген қазақтың тағылымында әрбір ата-ана, отбасы мемлекетке қызмет ететін жасты тәрбиелеп шығаруды парыз санаған. Ұрпақ тәрбиелеудегі ең басты қару тарих тағылымын үйрету болған-ды. Қан мен ар тазалығын сақтап әрі рухын қорғап өмір сүру қазақ баласының ұлттық санасына айналған ұғым. Қазақ даласында өмір сүрген, сүріп жптқпн, болашақта сүретін әр бір қазақ биік рухты болары айдан анық. Рух мәселесі бұл тікелей болмыс пен мінездің қалыптасуы және психологияның мықты болуының негізгі көзі ретінде қарастырылатын ресурс.Қазақтың қазақ болып қалыптасуында көптеген зиялылардың еңбек тері мен ел амандығы, ел бостандығы үшін төккен қаны үшін біз мәңгі қарыздармыз.Еліміздің ертеңі саналы жас ұрпақ қолында демекші біздің және болашақ ұрпақтың мінез болмысы және психологиялық тұрғыдан рухы мықты болса болашақта бізде ел дамуы үшін үлес қосып зиялы, текті, асыл адамдардың ұрпағы екенімізді дәлелдейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  2. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар: З. Ахметов, Т. Шаңбаев) Алматы:1998. - 384 бет. ISBN 5-630-00567-7

  3. Бөкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы: Өнер, 1994. - 383 бет

  4. Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 2-том: Көсемсөз, әдеби сын және зерттеу мақалалары, қазақ тілінде жазылған кітаптар көрсеткіштері. – Алматы: Мектеп, 2013. – 392 б.

  5. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

  6. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9- сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

  7. Қ. Жарықпаев. «Жалпы психология». - Алматы, 2004 жыл

  8. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет