Реферат тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық психологиясы мен ұлттық мінез бітістері



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі87,6 Kb.
#136559
түріРеферат
  1   2


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық психологиясы мен ұлттық мінез бітістері

Орындаған: Сауытбекқызы Б.


Қабылдаған:Советканова Д.М.

Алматы 2023


ЖОСПАРЫ
Кіріспе

    1. Ұлттық психология

    2. Ұлттық мінездің нышандары

Негізгі бөлім

    1. Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар

    2. Халықтың бойына қанмен берілген «қайсар» мінезділік

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бағалау түрлері
Қазіргі кездегі бағалау түрлері сан алуан. Өйткені қазіргі кездегі сабақ барысында бағалау оқушының білімін бағалап қана қоймай, оның нені меңгергені және қаншалықты меңгергені маңыздырақ екені ескеріледі. Сабақ барысында оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін түзеу арқылы үйренеді, бір-біріне үйрету арқылы есте сақтайды. Мұғалім осыған жағдай туғызады. Оқушылардың алдына белгілі бір межені белгілеп, ортаға тастайды. Белгіленген критерийлер арқылы оқушының білімін бағалау біраздан бері дәстүрге айналып кеткені баршаға мәлім. Мұғалім басты рөлдегі жол көрсетуші, көшбасшы ретінде қалыптасып келеді. Бағалауды ақылдылықпен жүйе бойынша жүргізуді «Мұғалімнің шеберлігіне» жатқызуға болады. Өйткені ол да үлкен ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі бағалау», «бір-біріне баға беру» терминдері қалыптасты. Бұл бағалау түрлерін мұғалімдер өз сабақтарында қолданып жүр. Сабақта оқушылардың бір-біріне кері байланыс беріп отырулары өте маңызды болып саналады. Бір-біріне сын, пікір айтып отыру арқылы үйренеді. Балалардың бір-бірінен сын естуі қалыпты жағдайға айналып, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйренеді. Ортада толық, өз ойын ашық айта алатын тұлға қалыптасады. Міне, қазіргі бағалау осыған жетелейді және бұл жүйені мықтап тұрып қолға алу мұғалімдердің құзырында. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік немесе күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.Осыған сүйене отырып қазіргі таңда сабақта бағалауды жүйелі түрде жүргізуге болады. Өйткені сабақты жаңа форматта өткізу бойынша бағалау да жаңаша қарқын ала бастады деуге болады. Баланың білімінің өсуі, ынтасының артуы, қабілетінің көрініс табуы бағалауға тікелей байланысты болмақ. Бағалау — одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52-бет). Бір сөзбен айтар болсақ, оқушының білімінің көрінісін, нәтижесін осы баға қою арқылы жүзеге асырамыз. Сол бағалаудың қаншалықты дұрыс, әрі әділетті қойылатындығы басқаша әңгіме. Қазіргі таңда бағалаудың қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін қолдану ұсынылып отыр. Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүммкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау деп аталады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаң қадағалау қажет.  Күнделікті сабақта бағалауды оқу үшін бағалау дейтін болсақ, тоқсандық, жылдық, сертификаттау үшін бағалауды оқуды бағалау деп айтамыз. Яғни бұл бағалау мектептің мәртебесі мен болашағына әсер ететіні айқын. Сабақта қалыптастырушы баға ретінде смайликтер, күн шуағы, бас бармақ, қолмен басты сипалау мадақтау, қошемет көрсету, критериалды бағалау, дескрипторлармен бағалау, өзін өзі бағалау, топ басшысының бағалауы түрлері қолданылады.
«Күн шуағы» әдісі арқылы мына түрде бағалауға болады. Күн шуағын жасап, әр шуағына оқушылардың есімдері жазылады, соған қарай стикерлер жапсырылады. Coнымен қaтap caбaқ бapыcындa фopмaтивті түpде де бaғa беріп oтыpу тиімді, өз нәтижесін де береді. Өйткені, фopмaтивті бaғaлaу oқушыны ынтaлaндыpa oтыpып, тaпcыpмaны белcенділікпен және қызығушылықпен opындaуынa ықпaл етеді.

өздің катаң мәнінде, мінез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.


Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезіне ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.
Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтар да өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келді.
Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары:
•Жауынгерлік мінез.Тарихтың әр кезеңінде казіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың бәрінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі — түркі тектес тайпалардың тарихта Еуразияның ұлан-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де көрсетті. Ол жөнінде фашистік идеологтар өздерінің "Шығыс жоспарында" атап көрсетті.
•Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) — қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез. Қазақтың кеңпейілділігін қазақ жеріне келіп коныстанған өзге ұлт өкілдерінің бәрі және көптеген зерттеушілер ризашылықпен атайды.Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулілеріне — мәрттік, жомарттық, конақжайлық, балажандық, аңқаулық жатады.
Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар
Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады:
• халықтың басынан өткерген тарихы;
• ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі;
• төлтума мәдениеті;
• ақпарат алмасу тілі;
• салттары мен дәстүрлері;
• түрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары;
• діні;
• әлеуметтік-демографиялық жағдайы.
Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады, оны өзгерту өте қиын және ұзаққа созылады.
«Психология» ғылымының түбірі грек­тің «псюхе» деген сөзінен шыққан. «Псюхе» сөзі қазақ тіліне аударғанда «жан», «рух» деген мағынаға келеді. Ал, «психика» сөзі – «псюхе» сөзінің орыс тіліне ыңғайланған түрі. Мәселен, АҚШ, Еуропа халықтары «псюхелі адам» (яғни, рухты адам), «психологиялы адам» (яғни, руханиятты адам) десе, орыс терминдеріне сүйенген қазақша оқулықтар мұны «психикасы күшті адам» (яғни, ми қызметі күшті адам), «психологиясы бай адам» (яғни, ми бейнесі бай адам) деп түсіндіреді. Яғни, «псюхе» мен «психика» және «психология» атауларының өзі әр елде әртүрлі мағынада бола алады екен. Бірақ, бұлардың барлығының да зерттейтін саласы, «илейтін пұшпағы» бір десек те болады. Ал, енді, ұлттық психология жөніне келетін болсақ, бұл – белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Мәселен, алысқа бармай-ақ, Құдай қосқан көршілер – орыс пен қазақ халықтарының психологиясын алып қарайық. Алдымен орыстар жөнінде аз ғана сөз қозғасақ, 1718 жылы орыс әскерінің тұтқынына түскен швед әскерінің полк діндары Генрих Седеберг мынадай естелік жазып қалдырыпты: «Орыс халқы негізінен барлық істе табиғи ерекшелігімен дараланады. Олардың көбісі шешен болып келеді. Кез-келген шаруада оның өзіне пайдалы тұсын ғана ерекшелеп алатын әбжілдігі бар. Қатардағы орыс шетелдіктермен істес бола қалса, бас пайдасы мен жат жұрттықтарға қалай жақсы көріну жағын ойлайды. Байқампаз, адамның іштегі есебіне көз жүгірте білетін олар, қарсыласының осал тұсын аңғарса, оны асқан шеберлікпен өз мақсатына пайдалана қояды… Қатардағы орыс азаматы өзімен теңдесін кезіктірсе де бас иіп, ілтипатпен елпектеп жатады…». Міне, осы бір ғана естеліктің өзінен-ақ орыс халқының мінез-құлқы, жан-дүниесі туралы көп мәлімет алуға болады.
Ұлттық мінездің нышандары
Ал, енді өзіміздің қазақ халқы және оның ұлттық психологиясы туралы не айтуға болар еді? Әрине, бұл екі ұлт­тың мінез-құлқы бір-біріне көбіне сай келе бермейді. Ұқсастығынан гөрі айыр­машылығы көп. Мәселен, қазақтар өзі­нің «бас пайдасын ғана» ойламайды, оны­мен қатар ағайын-туыстарының, ел-жұртының да қамын ойлай жүреді. Бірінің басына қиындық, қайғы-қасірет түссе, оны барлығы бірлесе жұбатып, жәрдемдесіп, қайғысын көтеріседі. Ал, егер бірінің басына қуаныш келсе, оны да бірге тойлап, қуанышын бөліседі. «Ағайын – бір өліде, бір тіріде» деп, бір-біріне мал-жанымен, жылы сөзімен қарайласа жүреді. Алда-жалда, қазақтың қандай да бір азаматы ағайын-туысына қарайласпай, қарақан басының ғана қамымен оқшауланып кетсе, ондай адамды қазақ қоғамы қатты айыптайды. Қазақтың бұл мінезін:
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін!
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін!
Бай болып, халқыңа пайдаң тимесе,
Батыр болып, жауыңа найзаң тимесе6
Жұрттан ала бөтен үйің күйсін! – деп Төле бидің атынан айтылған шу­мақ­тарынан-ақ анық аңғаруға болады. Өзінің ұзаққа созылған тарихындағы қалыптасу жолында қазақтар да өзге халықтар секілді қадір тұтуға жарайтын ұлт­тық пси­хологиялық «кешендерді» бойына сіңіріп келді. Оның қатарында ұлт­­тық мінездің көптеген нышандары – жауынгерлік мінез, кеңпейілділік, бауыр­малдық, мейірімділік, жомарттық, қонақ­жайлылық, балажандық, сонымен қатар, батырларға тән ақкөңілдік пен аң­қаулық, тағы басқа да көптеген жағымды қасиеттер бар.
Қазақтың жауынгерлік мінезі
Жоғарыда айтылған қасиеттердің бір­қа­тарына тоқтала кетсек, алдымен жауынгерлік мінезі туралы көп айтуға болады. Әдетте, қазақтың бойында «бұғып» жататын бұл мінезі онша байқала бермейді. Бейбіт күнде бұл мінезді сауықшыл, мейірбан, қонақжай, ақкөңіл мінездері «тұсаулап» ұстап отырады. Ал, алда-жалда ел басына күн туа қалғандай болса, әлгі «бұғып жатқан» жауынгерлік мінез аяқ астынан атай салып, буырқанып, «тұсауды» үзіп шыға келеді. Мұны Қазыбек бидің жоңғар хонтайшысына айтқан әйгілі шумағынан анық аңғаруға болады: Біз – қазақ, ежелден мал баққан елміз, Жылқы айдап, той-тойлап, жай жатқан елміз. Ел шетін, басынып, кенеттен жау тисе, Дұшпанды аяусыз жайратқан елміз!Қазақтың бойында мұндай жауын­герлік мінездің қалыптасуына оның ғасырлар бойы жан-жақтан түрлі шап­­қын­шылықтарға жиі ұшырап ке­луі себеп болды. Қазақтар сол шап­қын­шы­лықтардың барлығынан да, ал­ды­мен Алланың, онан соң ынтымақ-бір­­лігінің, ержүректілігінің арқасында біржола жойы­лып кетпей, аман шығып отырды. Бір таңғаларлығы, тарихқа көз жүгіртіп отырсаңыз, қазақтардың бейбітсүйгіш, сабырлы, кеңпейіл, момын мінездерін кейбір азулы мемлекеттердің көрсеқызар, көрсоқыр билеушілері, жуас­тық, тіпті, қорқақтық, жабайылық деп қате бағалап, ұзақ жылдар бойы тізелерін батырып келді. «Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады» дейді атамыз қазақ. Немесе «Таяқтың екі ұшы бар», «Біреуге ор қазба – өзің орға түсесің» деп те тәмсілдейді. Расында да, кезінде қазақты құл қылғысы келген, қырып-жойғысы келген халықтар мен империялардың өздері ақыр соңында тып-типыл болып кетті. Бұған үш қана мысал келтірсек те жеткілікті болса керек. Қазақ халқы басымшылыққа шыдап-шыдап келіп, ақыры жаппай бір көтерілгенінде, яғни ХVIII ғасырда жоңғар шапқыншылары жер бетінен біржола жойылып кетті. Ал, 1916 жылы көтерілгенінде, арада бір жыл өтпей-ақ, Ресейдің қол астындағы отар елдерді 300 жыл бойы езіп-жаншып келген Романовтар империясы күйреді. Одан кейін билікке келген Кеңес үкіметі де ұлттарға теңдік беру жөніндегі алғашқы ұстанымдарынан айнып, үш жарым миллион қазақты қырып-жойып, тізе батырып келіп еді, 1986 жылғы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісінен кейін бес жылға жетпей-ақ «желкесі үзіліп» тынды. Мұның барлығы да қазақ халқының бойында жауынгерлік мінездің, баһадүрлік қасиеттердің тұнып тұрғанын көрсетеді.
Мейірімділікке шақыратын дін
Жауынгерлік мінезге бай қазақ сон­шалықты қатаң бола тұра, «Алдыңа келсе, атаңның да құнын кеш!» дей отырып, қажетті жерінде кешірімге де бара білетін қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет оған бүкіл он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла-тағаланың Ислам діні арқылы келгені анық. Өйткені, ешбір халық адамдарды мейірімділікке, жақсылықтарға шақырып отыратын діннен тыс өмір сүре алмайды. Қазақ халқының да он екі ғасырға жуық уақыттан бергі тарихы, өткен жолы осы мұсылман дінімен сабақтас болып келеді. Қазақтың мінез-құлқының, әдет-ғұрыптарының да сұрыпталып-қалып­тасуында Ислам дінінің қосқан үлесі зор. Жаратушы Иенің барлығын және оның бірлігін мойындамай, жер бетінде азғындық пен залымдықтың барлық түрін жасайтын кәпірлерге қарсы, Алла-тағала қатал болуға және оларды жамандықтан тыюға шақырады. Ал, Алланың әмірлеріне мойынсұнып, тура жолда жүрген момын пенделеріне мейірбан болуға үндейді. Алланың осындай және басқа да әмірлерінің барлығы қазақ халқының мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінде көрініс беріп жатады. Мәселен, «Еңкейгенге еңкей, ол – әкеңнің құлы емес, шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес!» дейтін және «Аллаға жағамын десең – азаның болсын, адамға жағамын десең – қазаның болсын!» деген сияқты басқа да мақалдары бұл тұжырымдарымызға дәлел бола алады.
Қонақжай мінезінің шарапаты
Қазақ халқы бүгінгі ұрпаққа аманат болып қалған Алтайдан-Атырауға, Арқадан-Алатауға дейінгі ұланғайыр жерді тек жауынгерлік мінезімен ғана сақтап қалған жоқ, бұған оның кеңпейіл, қонақжай мінезі де көп әсер етті. Мұны атам қазақ «Кең болсаң, кем болмайсың!», «Қонақпен бірге он ризық-несібе келіп, оның тоғызы сол үйде қалады» деп түсіндіреді. Қазақтың бұл ғажайып қасиеті жөнінде батыстың әйгілі жиһанкез ғалымдарының бірі таң қалып: «Егер, мені әлемдегі мемлекеттердің бірін ешқандай да жолқаржысыз аралап келесің деп жұмсаса, онда мен Қазақ елін таңдаған болар едім. Өйткені, қазақ халқының қонағын керемет сыйлайтындығы сонша, ұлан-ғайыр елдің бір шетінен екінші шетіне аш-жалаңаш қаламын-ау деп қорықпастан кете беруге болады. Даласы қандай кең болса, олардың пейілдері де, дастархандары да сондай кең!» – деп жазып қалдырыпты. Иә, қазақ халқы қонақты үшке бөледі. Біріншісі – арнайы қонақ, олар – арнайы шақыртумен келген қонақтар; екіншісі – құдайы қонақ, бұлар – жолаушылар, сапарлап жүрген кездейсоқ қонақтар; үшіншісі – қыдырма қонақтар, бұлар – қай үйде ет асылып, тамақ пісіріліп жатса, соны аңдып, піскен кезінде бара қоюды әдетке айналдырған кезбе қонақтар. Бұлардың алғашқы екеуі сыйлы қонақтар болса, соңғысы – сыйсыз қонақтың қатарына жатады. Қазақ халқы мұндай қонақтардың да ара-жігін ажыратып, «Шақырғаннан қалма, шақырмаса барма», «Шақыр­ғанда бармасаң, шақырғанға зар боларсың!» деп түйіндейді. Қазақтың қонақжайлылық, кеңпейіл, бауырмал мінезін түрлі жағ­дайлармен қазақ еліне келіп қоныс­танған және келіп-кетіп жатқан өзге ұлттардың өкілдерінің бәрі, сондай-ақ, көптеген зерттеушілер ризашылықпен атайды. Қазақ халқы осыншалықты қонақжай, кеңпейіл болғанмен, өмірде әрнәрсенің өз өлшемі, әдет-ғұрып пен салт-сана, имандылық пен иба дегендердің де бар екенін ұдайы еске түсіріп отырады. Өйткені, әр елдің ішінде телі-тентегі мен жөн-жосықты ескермейтін есерсоқтары болып тұратынын жақсы біледі. Әрі ондайларға байланысты «Жаман үйді қонағы билейді», «Есіктен кіріп төр менікі деме!» дей отырып, қонақты да өз сыйын, өз жөнін біліп отыруға шақырады. Қазақтың қонақжай мінезін бір сөзбен түйіндей айтқанда, «Келгенше қонақ ұялады, келгесін үй иесі ұялады» дей отырып, қонаққа барудың да, қонақ күтудің де, адам баласына зор жауапкершілік жүктейтінін аңғартады.
Қазақтар неге балажан?
Қазақтың бойындағы кейбір ұлттардан, мәселен, орыстардан өзгеше тағы бір қасиеті – оның тым балажандығы. Әр үйде оншақты баланың улап–шулап ойнап жүргенін қалайтын қазақ азаматтары әйелі бала көтермей жатса қатты қайғырады. Ал, жасатқан ем-домы шипалы болып, перзент сүйіп жатса, астындағы жалғыз атын болса да сойып, құдайы тарататын мәрт мінезі бар. Қазақтар өздерінің мұншалықты балажан мінезін «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деп тәмсілдейді. Сөйте тұра балалары тәрбиесіз, залым болып өсе бастағандай болса, «Я, Алла, бала бер, бала берсең – сана бер, сана бермесең – ала бер!» деп, қажетті жерінде өзегін жарып шыққан өз баласына да қатаң бола біледі. Бұл қасиетін жаугершілік замандарда, алда-жалда қапы қалып жаудан қаша қалса, атының артына мінгестіріп келе жатқан баласын: «Атасы бөлек, аттан түс!» деп тастай салып, артына жолда қалған бір туған бауырын мінгестіріп кететін мінезінен де байқауға болады. Сөйте тұра біртуған бауырына деген мұншалықты мейірбандығының да өз жөн-жосығы, өз шегі бар. Өйткені, қазақ халқы қашан да әділдікті, адалдықты қалайды. Соны өзгеден де, өзінен де талап ете біледі. Мұны қара қылды қақ жарар әділ билердің өз туыстарына билік кесерде: «Тура биде – туған жоқ!» дей отырып, бір анадан туған бауырларына да бұра тартпай, тура тартатын қатал үкімдерінен анық аңғарасыз. Міне, осы аз ғана шо­лудың өзінен аңғарғанымыз – қазақтың мінез-құлқы, ұлттық ерекшеліктері, яғни ұлттық психологиясы оның ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде ауызша жетіп, ауызша таралып келе жатқан мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінде тұнып тұр. Яғни, қазақ халқының ұлт­тық психологиясын білгісі келген адам, ең алдымен оның жазылмаған заң іспетті «том-томдаған» мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерін, батырлар жыры мен шешендік сөздерін тереңірек білсе жетіп жатыр. Сонда ғана ол ұлттың өзіне ғана тән ерекше бет-бейнесін, мінез-құлқы мен жан-дүниесін анық аңғаратын болады.
Жан-дүниені толықтай зерттеу үшін…
Ал, енді жоғарыда айтылған дін мәсе­ле­сіне қайта оралсақ, оның да қазақ халқының мінез-құлқының қалыптасу жолында айрықша маңызға ие болғаны сөзсіз. Бұл жөнінде еліміздегі психология тақырыбында қалам тартып жүрген психолог мамандардың бірі Төлебек Қалыбай «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан шығарылып келген «Қазақтану» атты халықаралық ғылыми журналында (№2 (03) 2007): «Адамның рухани дүниесін зерттеу ісі – бұл, өзге ғылымдардағы зерттеулерге қарағанда, аса үлкен ерекшеліктерге ие. Өйткені, рух пен руханият, көрінбейтін, өлшенбейтін болғандықтан, оларды жанама жолмен, яғни, тән, тіл және дін білімдерін үйлестіре пайдалану арқылы зерттейміз. Тіл­тану, тәнтану және дәрігерлік білімдерге қоса рухани дүниенің өз заңдылықтарын қарастыратын діни білім, дәлірегінде Ислам білім қорын оқып-үйрену қажет. Өйткені, денсаулығы нашар болса да, қол-аяғы мүгедек болса да немесе басына небір ауыр жағдайлар түссе де сабыр сақтап, тақуалық пен шыдамдылық үлгісін көрсететін рухты, руханияты бай адамдар дін өкілдері арасынан молынан табылады. Ендеше, руханияттың ең сенімді ғылыми тірегі дін болып саналады. Еуропа елдерінде христиан дініне сүйенген психология кеңінен дамыған. Ал, қазақ халқы үшін Ислам дініне сүйенген руханият ғылымының дамығаны жөн. Өйткені, діннен хабарсыз, бірақ, тілтану, дәрігерлік білімдерді игерген ғалым кісі біреудің иманды-имансыз екенін немесе рухани тура жолда екенін, я болмаса, адасушы екенін ажырата алмайды. Яғни, тіл және дәрігерлік білімге қоса ислами білімді де игеру – адамның рухани жан-дүниесін толықтай зерттеуге жол ашады», – дейді. Әрине, қазақтың ұлттық психологиясы жөнінде бір ғана мақалада барлығын қамтып жазу мүмкін емесі анық. Сондықтан бұл тақырып аясында өзге де мамандар мен оқырмандар өз ой-пікірлерін, тұжырымдарын басылымдарға ұсынып жатса, нұр-үстіне нұр. Біздікі теңіздей терең ғылымға өз тарапымыздан тамшыдай болса да, бір үлесімізді қоссақ деген ниет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет