Сәбилік шақтың психологиялық ерекшеліктері


Моторлық дамудың негізгі алты сатысының орындалуын бағалау



бет3/5
Дата08.10.2022
өлшемі0,73 Mb.
#41907
1   2   3   4   5
Моторлық дамудың негізгі алты сатысының орындалуын бағалау
критерийлері

Бір жастағы дағдарыс
Нәрестелік кезең дағдарысы баланың психикалық дамуының жаңа сатысы – рухтанудың бас кезінде болады.
Нәрестелік кезең дағдарысы
Тік жүру
Сөйлеу
Бала өз бетінше жүре бастағаннан бастап оның өмірлік кеңістігі және тікелей қол жеткізе алатын заттарының шеңбері едәуір кеңейеді. Тік жүру баланың заттармен қатынасының сипатын өзгертеді: ол бұрын қолы жетпеген заттарға қарап қана қоймай, оларды ұстап, олармен әрекет ете алады.
Жүру қалаған затына жақындауға, оны алып, онымен әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл орайда алғашқы уақыттарда жүруді игеру бала үшін ересек адамдар қолдайтын және ынталандыратын айрықша қажеттілік және мақсат болып табылады.
Нәрестелік кезең дағдарысында баланың сөйлеу қабілеттіліктері өте тез дамиды. Әсіресе, баланың пассив сөздік қоры тез өседі: бір жастағы он сөзден екі жастағы түсінілетін бірнеше жүздеген сөздерге дейін. Бала өзінің жақын төңірегіндегі адамдардың аттарын біледі, тыйымдар мен ескертулерді қосқанда, көптеген қарапайым нұсқауларды түсінуге қабілетті болады.
Баланың алғашқы белсенді түрде қолданатын сөздерінің ересек адамдар тілінен өзгешеленетін бірқатар ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктердің маңыздылығы сонша, бірқатар зерттеушілер баланың бастапқы сөйлеу тілін автономды (дербес) сөйлеу тілі деп атайды.
Бір жастағы дағдарыс

Бөбек жасындағы баланың психикасының дамуы


Бөбек жас кезеңі 1 жастан 3 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бала бөбек жасының бастапқы кезінде өзін «Мен» дей алмай, көбіне «ол», не өзінің атымен атайды. Л. Н. Толстой бір сөзінде, ол өзінің есін (өзі жөніндегі және өзгелер жөніндегі оқиғаларды) 2 жасымнан бастап біле бастадым дейді. Бұл қате болар. Өйткені, бөбек жасының аяқ кезінде (2,5 жастан асқан соң) ғана балалардың көпшілігінде есі кіре бастайды. Баланың есінің кіруінің өзі – ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін бөбекте «Мен» деген қасиет пайда болады. Егер бөбек жасының аяқ кезіне дейін бала есін білмей келсе, кейін «Мен» деген қасиет пайда болмайды. Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе (мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес), онда оның есі мен санасы және «Мен» деген қасиеті де болмас еді.
Бөбекте «Мен» деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда болады. Бұл үшін бөбек әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады. Оған дейін (2-2,5 жасқа дейін) зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның бетінде, тек таныс адамдардың бейнесін ажыратады да, өзінің бейнесін айқын сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар екенін (тіршілік ететінін т. б.) бөбек жасының аяғына дейін бала ажырата алмайды. Тіл арқылы өзгелермен байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден ажыратуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет