Семинар топтамасы



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Қолданылған әдебиеттер:

1.    Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Қазақстан  жолы-   2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір

болашақ», 17.01.2014 ж.

2. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.

3 ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның 

 бастауыш сынып мұғалімі Ережепова Каракоз Коишибековна

  Бастауыш   сынып   оқушыларының   білуге   деген   ынтасы   мен   мүмкіндіктерін   толық   пайдалану,   оларды   оқу

процесінде   үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында ой-өрісін арттыратын дидактикалық ойындарды

қолданудың орны ерекше. Сондықтан да сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Ойын – балалар үшін оқу да,

еңбек те. Сабақта ойынды көбірек пайдалану – баланың ой – өрісін дамытып, есте сақтау қабілетін арттырады.

   Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі  саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың

біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол

дегеніміз   түпкі   нәтижені   көре   білу,   яғни   оқушыға   берген   біліміміздің   қайтарымын   көру.   Ол   үшін   сабаққа

сыныптағы   оқушының   барлығын   қызықтыра   отырып   қатыстыру   қажет.   Бес   саусақ   бірдей   емес,   яғни   әр

оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы

топтарына   әртүрлі   деңгейде   талап   қоюға   тура   келеді.   Ал   ойын   элементтері   кез-келген   оқушының

қызығушылығын тудырады. Тіпті үлгерімі төмен оқушының  өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан

қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі

–   дидактикалық   ойындар.   Атап   айтқанда,   мұғалім   ойын   жағдаяттарын   туғыза   отырып,   әртүрлі   заттарды

қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

   Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында  дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында,

қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып,

ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер

етеді.   Ойындар   оқушылардың   шығармашылық   ойлау   қабілеттерін   жетілдірумен   қатар,   сөздік   қорларын

молайтып,   сауатты   жазуға   да   баулиды.   Оқушылар   ойын   ойнау   барысында   үйренген   сөздерін   айтып   қана

қоймай,   оның   қандай   мағынада   қолданылатынын   да   біледі.   Ойын   оқу   пәндерінің   мазмұнымен   тығыз

байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. 



Ойын арқылы оқушы нені меңгереді:

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге

үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

Ойын   нәтижесі,   өз   жетістіктері,   әсерлері,   алған   білімі,   дағдысы   жөнінде   оқушылар   ата-аналарымен,   өзге

балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды

іріктей білуге үйренеді. 

Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары болады. А.Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола

ма?» - дегендей, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында   өздерін еркін сезінеді,

ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу – оқушыларды

сергітіп, тапсырманы  дұрыс, шапшаң орындауға  көмектеседі. Сонымен  қатар пәнге деген  қызығушылығын

арттырып, белсенділіктерін оятады.

32  


Ойын үлгісіндегі сабақ нақты ережелерді қажет етеді. 

1. Алғашқы дайындық. Сұрақтар топтамасы мен өткізу формасын талқылау. Рөлдер алдын-ала бөлініп

қойылуы қажет. Бұл танымдық қызметін бірқалыптандырады.

2. Ойынның міндетті атрибуттары: жабдықтау, қаланың картасы, мүліктерді сәйкестендіріп орналастыру,

бұл жаңашыл әсер енгізеді, күтпегендік, сабақтың эмоциональды жағдайын көтереді.

3. Ойын нәтижесін міндетті көрсету.

4. Жетік білімді әділқазылар алқасы.

5. Ойындағы еркіндік беретін сәттер.

Бастысы – оқушыға деген құрмет, жұмысқа деген қабілетін өшірмеу, керісінше оны дамыту, онда өз күшіне

сенімсіздік қалдырмау.  Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін ойын технологиялары негізінде белсендіру

мақсатында қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, математика пәндерін қамтыдым. 

Алға қойылған мақсатқа жету үшін оқу материалының мәнділігі мен құндылығын көрсетуге, пәнаралық және

пән   ішіндегі   байланысты   орнатуға,   қоршаған   орта   болмысын   материалдарымен   оқуды   байланыстыруға,

оқушылардың өз бақылаулары мен тәжірибесіне сүйенуге тырыстым.



Ойындарға материалды таңдап алуда төмендегідей жайттарды есепке алдым:

1. Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері.

2. Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы.

3. Ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғышарттары.

Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады.

Дидактикалық   ойындарды   ұйымдастыру   мен   жүргізу   педагогикалық   тұрғыдан   бірқатар   шарттарға

байланысты:

1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.

3. Ойынның балаларға  түсінікті және тартымды болуы. 

4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.

5. Ойынның эмоциональды болуы.



Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы

тиіс.

2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.



3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.

Енді,   мен   әрбір   сабақта   оқушылардың   ой-өрісін,   оқу   –   танымдық   іс-әрекетін   белсендіру   үшін   ойын

технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайын.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.

Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.

Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын

дамытуға,   әртүрлі   жағдаяттар   туғызып,   іс-әрекеттер   арқылы   сөйлетіп   үйрету.   Сондай-ақ   «Сөз   қуаласпақ»,

«Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», «Сөзден сөз тудыру», «Білім биржасы», «Брейн ринг» т.б.

дидактикалық   ойындар   арқылы   оқушылардың   сабаққа   деген   қызығушылығын,   танымдық   белсенділігін

арттырады.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектептен барлық буын оқушыларының білімін дидактикалық ойын түрлері

тұрғысынан дамыту, жетілдіру – педагогика ғылымының міндеті болып табылады. 

Осыған   орай   білімнің   мазмұнын,   беру   жүйесіндегі   орнын,   оқу   тәрбие   процесінің   ерекшелігін,   оны   дұрыс

ұйымдастырудың   негізгі   әдістерін,  формаларын   жетілдірудің   жолдарын   білу  керек.  Оқу  тәрбие   процесінде

дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың жеке басының ерекшелігі есепке алынуы тиіс.  

Қорыта айтқанда,  қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын,

дидактикалық   ойын   барысын   да   байқау   қажет,   сонда   ғана   олардың   білімге,   ынтасын   арттырып,   еңбек

сүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004 жыл

2. Мейірманқұлов. «Білім берудегі инновациялық технологиялар» Алматы 2000 жыл

3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003 жыл

4. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту:

теория және тәжірибе –Алматы – 2005 жыл

5. Леспаева С. Шығармашылық қабілетті дамыту – мұғалім міндеті ІІ Қазақстан мектебі 2008 жыл №8 20-

бет


33  

БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы  № 9  мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі Ж.К.Меңлібекова

Мұғалім үшін 45 минуттан асқан қастерлі уақыт болған емес. Мектепте мың бала болса , бәрін жете тани

алатын мұғалім үшін жан баласының ішінде оқушыдан  артық биік тұратын тұлға жоқ.Себебі, әр ұстаздың

ұстанымы – әр балаға жан дүниесін бере,білім нәрін себу.

Бүгінгі таңда ілім сапасын көтеру маңызы зор ұлттық мүдде болып тұрғанын әр мұғалім жете түсінеді.

Егемендік алған тарихы терең,тамыры бекем тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден –бір

жолы   білім   жүйесі.   Осы   негізде   ұлт   көшбасшысы   Нұрсұлтан   Назарбаев   2050   стра-тегиясында:   «Ғасырлар

мақсаты қоғамдық нарықтық қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп

шыға алатын, іскер , жан-жақты , мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп тұжырым жасаған болатын.

Сондықтан   білім  саласындағы  ұстаздар  қауымының  еңбектері  ұлы  даланың  ұрпақтарын   рухы   биік   , ойлы,

әрқашан биіктерге көрінуіне септігін тигізері анық.  Білім сапасын жақсартудағы басты тетіктің  бірі мұғалімнің

өскелең ұрпаққа білім беру барысында жаңашылдықты кеңінен қолданып, оқушымен шығармашылық жұмыс

жасауда бірлесіп жұмыс жүргізіп,заманауи сабақ өткізуі заман талабы.

Дәл бүгінгі таңда білім саласына көрсетіліп отырған қамқорлық өте жоғары. Осыдан біраз жыл бұрын ғана

ескі , тар , партасы сынған , едені тозған сыныптарда сабақ беріп келдік. Ал қазір мектепке кірсек шыққымыз

келмейді.   Мұндай   ғимаратта   оқушы   білім   алу   үшін   барлық   жағдай   жасалған.   Ал   оқушының   адам   болып

қалыптасуына , әрбір іс- әрекетіне сын көзбен қарайтын ұстаз бала үшін  де , ата-ана, жарқын болашақ үшін

жұмыс жасайды. Себебі, «Ұстаз – өз уақытын аямайтын, өз ұлтының бақытын аялайтын тұлға». 



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫНДАҒЫ ШЕБЕР  ТРЕНЕР

Түркістан қаласы,  Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исахов Ерғали

           

Ширек   ғасырда   еліміз   қажымас  еңбегінің   арқасында   тамаша   жетістіктерге   қол   жеткізіп   отыр.   Бірқатар

жаһандық рейтингтер көрсеткіштері бойынша , Қазақстан қазірдің өзінде дамыған  50 елдің қатарына қосылды.

Бүгінде біздің алдымызда бұрынғыдан да ауқымды міндеттер тұр.Әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосылу

жөніндегі өршіл мақсатқа жету үшін «100 нақты қадам» ұлт жоспары жүзеге асырылуда.Бұл тұста білім беру

саласының   рөлі   ерекше.   Қазіргі   кезде   Қазақстан   Республикасында     орта   білім   мамұнын   жаңарту   аясында

педагог кадрларды «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридждің

халықаралық   емтихан   кеңесімен   әзірленген   біліктілікті   арттыруға   арналған   бағдарламасы   аясында   білім

мазмұнын жаңарту негізінде ұстаздарды біліктілікті арттыру курстарынан өткізуде. 

Жаңартылған   білім   беру   бағдарламасы   -   білім   берудің   ұлттық   жүйесін   халықаралық   стандарттарға

негізделіп,еліміздің   алға   қойып   отырған   іргелі   міндеттеріне   сай   және   қоғамдағы   әлеуметтік-экономикалық

үдерістерді;   ұлтаралық   бейбітшілік     пен     келісім   өмір   салтын   қалыптастыру   саясатын   ұстау   қағидаларын

басшылыққа ала отырып мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастырып үштілділік

саясатты іске асыруды көздейді.

Осы   мақсатта   ұстаздарға   білім   беру   саласындағы   өзгерістердің   шарттары   мен   көптеген

компоненттері,оқытудың   жаңа   әдіс-тәсілдері   туралы   жан-жақты   таныстыру   үшін   облыстық   «Өрлеу»

педагогикалық қызметтердің біліктілігін арттыру институтының қызметкері   Мақатаева Жанар Иманқызы 20

күн бойы қаламыздың ұстаздарына өзінің кәсіби шеберлігімен бөлісті.

Инновациялық білім беру  тәжірибесін,жаңартылған білім беру мазмұнын, түрлі өзгерістерді мұғалімдерге

арналған   біліктілікті   арттыру   курс   барысында   барынша   кеңінен   түсіндіріп,ұлағатты   ұстаздарымызбен

әріптестік жұмыс жүргізе білді. «Жас  ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беру және үнемі ізденіс – әрбір

ұстаздың негізгі ұстанымы болуы тиіс»,- дейді тәжірибелі шебер топ тренері.

Бүгінгі   күні   білім   беру   сапалы   «Қазақстан   -2050»   ұзақ   мерзімді   Стратегияның   маңызды   басым

бағыттарының   бірі   болып   көзделеді.Жаңартылған   білім   беру   бағдарламаның   ең   негізгі   мақсаты   білім

алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту білім деңгейі, ой – өрісі дамыған, өз ойын еркін

жеткізе алатын,туындаған мәселелерді шеше білетін , өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз болары

сөзсіз.


34  

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы  № 9 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.А.Сыздыкова

Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. (К.Д. Ушинский) 

   Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар  пайда

болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр

оқытушы   өз   тәжірибесінде   пайдалануда.   Қазір   педагогикалық   технология   ұғымы   іс-тәжірибеде   жиірек

қолданылып, қолданысқа  енуде.

      Ең   алдымен   «педагогикалық   технология»   терминінің   мағынасын   түсініп,   тереңінде   не   жатыр   екенін

аңғаруымыз   керек.   Ол   үшін   әлемдік   педагогикалық   тәжірибеде   «техника»,   «технология»,   «оқыту

технологиясы», «жаңа педагогикалық технологиялар» ұғымдарының түп төркінін ұғына білуіміз керек.

«Техника» терминінің екі  мағынасы бар екені айқын:

- біріншісі - өндіріс құралдарының  жиынтығы;

- екіншісі – бір істі  орындағанда қолданылатын тәсілдер  жинағы.

   «Технология» термині  түсіндірмелік сөздікте «қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың 

жиынтығы», сондықтан «технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.

    Педагогикалық технологиялар  оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту 

технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін 

негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, 

жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.

         Мектепте жұмыс  атқаратын  әрбір мұғалімге  заман  талабына сай  білім мен ізденіс қажет  екені айқын

көзделіп отыр.     “Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру

тұжырымдамасында”  жаңа қоғам мұғалімін   “Рухани  адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі  мол,

белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға

және   өзін-өзі   көрсетуге   ұмтылыс,   әдіснамалық   қалыптасуының   жоғары   деңгейін   сипаттайтын   әлеуметтік,

тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман”

деп сипаттайды. Бұл маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың

маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне,

шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа

педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.

      Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде

ұйымдастырылған   «педагогикалық   өндіріс»   деген   пікір   өз   уақытында   педагог-ғалымдар   тарапынан   сынға

алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі

ретінде   сипаттап,   оны   дидактикалық   үрдістер   мен   оқыту   құралдарымен   жабдықтауда   жаңа   ақпараттық

технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

       Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың

өздігінен   танымдық   іс-әрекетінде   пайдалануға   көмектеседі.   Оқытудың   инновациялық   әдіс-тәсілдерін

пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол

педагогикалық   шарттарға:   инновациялық   ізденіс   қажеттілігі;   инновациялық   әдіс-тәсілдер   жайлы   білім;

инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық

әдіс-тәсілдерді   пайдалану   және   білім   беруді   ұйымдастыру   формалары;   инновациялық   әдіс-тәсілдерінін

нәтижесінің   болуы;   инновациялық   әдіс-тәсілдердің   озық   тәжірибелерін   бекіту   жатады.   Инновациялық   іс-

әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа

шығармаймыз.   Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды

қалыптастырып,   дамытып,   жетілдіріп   өмірге   дайындайды.   Оқушыларын   тек   біліммен   қаруландырып   қана

қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға,  қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға,  дүниеге деген

құштарлығын,   өмірге   деген   көзқарасын   дұрыс   қалыптастырып,   ықыласын,   сенімін,   төзімділігін,   іскерлігін,

ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді

өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа , іскерлік 

қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас 

қалыптастыруға бағыттауы керек.      

Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дами-ды. Бұл педагогикалық бағытта 

оқытушы мен оқушының өзара ықпалы,  өзара  дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зорболып табылады. 

Педа-гогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге 

ұшырайды. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей 

байланысты болады.Білім беруде педагогикалық ағымды ұйымдастыратын мұғалім тұлғасының сипаты :

1.Өзінің пәнін терең білу

35  


2. Пән әдістемесін білу

3. Баланың жас ерекшелік психологиясын білу

4. Озат тәжірибені талдап, жетістіктерін үйрену

5. Ұйымдастырушылық қабілет

6. . Жағымды мінез – құлық

7. Қарым – қатынасқа шебер

8. Әділетті

   Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті.Бұл талап-міндет бұрында  де қымбат болған,

бүгін де аса маңызды. Мұғалім жауапты тұлға болып есептеледі.. Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Осы тұста 

еске алар жайт: ұлттық рухтың мықты ақыл-парасаттың биік, тәлім-тәрбиенің терең, сана-сезімнің мөлдір 

болғаны абзал-ақ. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол 

шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- 

мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта не жоғары

дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі 

іздестіріп,өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, 

оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері

бола алады.

  Қорытындылай келе,қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап 

етеді. Сондықтан, әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен, 

педагогтардың ізденістерімен үнемі танысып, керектерімен қаруланып отыруы қажет. Мұғалім әр оқушы, өсіп 

келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. 

Болашақтың қандай болатындығы – бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық 

иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесі жоқ шығар 

деген ойдамын.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Инфоурок сайты

2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Рахметолла М.Қ. 

3. Педагогикалық шеберлік пәні кешені Сұлтанова Ғ.Т.



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ХАЛЫҚТЫҚ

 ПЕДАГОГИКАМЕН ТӘРБИЕЛЕУ

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның

 қазақ тілі   пәні мұғалімі Калмурзаева   Айсулу Султанхановна

Халықтық педагогика – белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік,

мәдени мұрасы. Халықтық педагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-

тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрініс.

Қазақ халық педагогикасының негізгі ұғымы – әдеп.  Қазақ халық педагогикасының қайнар-бұлағы біздің

заманымызға   дейінгі   дәуірден   бастау   алады.   Ұлттық   мәдениеттің   тегі   сол   ұлттың   ұлт   болып   қалыптаспай

тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.Қаншама заман өтсе де,

маңызын   жоймаған   халықтық   педагогика   дәуірдің   небір   қатал   сынынан   өтіп,   жаңарып,   жаңғырып,   шым

болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлерімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан қазына.

Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы

мол болып өссін деп ойлайды, сондықтан саналы, сауатты, халқымыздың барлық дәстүріне қанық, ел тізгінін

берік   ұстай   алатын   ұрпақ   тәрбиелеу   әр   отбасына   және   мектеп   тәрбиесіне   байланысты.   Тәрбие   мен   оқыту

жұмысы халықпен бірге туып,бірге өскен,бірге дамыған тарихи үрдіс. Онысы – балам халық дәстүрін көңілге

тоқып өссін дегені болу керек. Сондықтан бала тәрбиесі туған, өскен ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың

үлгісіне байланысты. Баланы өмірде тәрбиелеуде мектеп, мұғалім, ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі

жарасымдылық   бірлесіп   жұмыс   істеген   жағдайда   ғана   үйлесімділік   табады.   Мектепке   баланы   жеті   жастан

берудің өзі қазақ халқының жеті санынан қастерлеп, қасиеттеуінде деп ойлаймын. Сондықтан да Абай атамыз

ата-анадан   кейін   бала   тәрбиесіне   ұстазды   бекер   келтірмеген.   Өйткені   мектеп   қабырғасында   баланың   бар

қылығы мұғалімдердің көз алдында өтеді.

Қазақстан   Республикасының   білім   беру   саласындағы   бүгінгі   басты   міндеттерінің   бірі   –   ұлттық

ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Қазіргі кезде оқушының алған білімі

мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің үлкен маңызы бар.

Сондай-ақ өзімнің білім мен тәрбие беріп отырған мектебімде халық педогогикасы негізінде айтарлықтай

жұмыстар   жүргізілуде.   Әр   пәнді   оқыту   кезінде   сабақты   қазақ   халқының   тұрмысы,   әдет-ғұрыпы,   үлгілі

дәстүрлерімен   шебер   ұштастырып,   шәкірт   бойында   ұлттық   мақтаныш,   ұлттық   патриоттық   сезімін

қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да, пәрменді жүргізуге күш салу пән мұғалімдерінің

36  


басты   парызы.   Сабақтарда   халық   педогогикасын   ұлттық   дәстүрмен   сабақтастыра   отырып   оқыту,   дамыта

оқытудың бірден бір діңгегі болады. Халықтық педогиканың асыл қазыналарын сабақтарда қолданудың түрлі

жолдары бар. Сабақ барысында қоладану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасынан оқушыларды түгел

қатыстыру мақсатын  көздейді. Егер сабақтың  ортасынан  қолданса, онда мұғалімнің мақсаты  оқушылардың

көңіл-күйін сергіту, шаршағандықы  ұмыттырып ерік - жігерін дамыту. Сабақтың соңында болса тақырыпты

бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланады. 

Бастауыш   сыныптарда   ойындарды   оқу   –   тәрбие   процессін   жетілдіру   мақсатында   қолданып

келеді.Халықтық педогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай,

олардың   жас   ерекшеліктеріне   сай   көзқарастарымен   мінез-құлқының   қырағылығы   мен   тапқырлығының

қалыптасу құралы  деп  бағаланады.   Сабақтарда  ұлттық  ойындарды  пайдалану,  оқушылардың   тапқырлығын,

ептілігін,   ой-өрісін   жетілдірумен   бірге   өз   халқымыздың   ғасырлар   бойы   салт-дәстүрін,   ата   мұрасын   кейінгі

ұрпақтарға   жеткізу   құралы   болып   табылады.   Ұлттық   ойындар   халық   педогикасының   бір   саласы   болып

табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзерлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді

тәрбие   құралы.   Қазақ   халқы   өмірге   дені   сау,   шыныққан,   әділетті,   елін   жерін   сүйетін   азаматтар   тәрбиелеу

жөнінде   өз   ұрпақтарына   таусылмас   мұра   қалдырған.   Ұлттық   ойындарды   сабақта,   үзілісте,   сыныптан   тыс

жұмыстарда тиімді пайдалануға болады.

Сонымен сабақты өтуде халық педогикасының түрлерін пайдаланудың рөлі зор. Жас ұрпақты өнер–білім

машықтарын меңгертуге отбасының, ел–жұртының намысын қорғауға ата-бабасының қанына сіңіп тері тамған

атамекенін сүйге баулып, тілін ұстарту, ойлау қабілетін дамыту, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Уақыт   мектеп   мұғалімдеріне   жастарды   жаңа   заман   талаптарына   сай,   әрі   озық   ұлттық   дәстүр   рухына

тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп

шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық

педагогика   арқылы  жүзеге  асыруға   болады.   Халық  педагогикасы   ұрпақтан–ұрпаққа  көбінесе  ауызша   түрде

жалғасып  келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік  тәжірибесінің жемісі, оны іс-жүзінде тексерілген

білімінің мағлұматтарының жиынтығы. Сонымен халықтық педагогиканы оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдана

отырып,  бастауыш  сынып   оқушыларының  талап   -  талғамын   арттыруға  болады  деген   қорытындыға  келдім.

Бүгінгі   таңда   бастауыш   мектептерде   оқу   әрекетін   ұйымдастыруда   оқушының   жеке   тұлғалық   қасиетін

қалыптастыруда халықтық педагогикалық мәдениетке мұғалім ерекше назар аудару керек. «Ел болам десек,

бесігімізді түзейік!» 

Осыдан келіп шығатын қорытынды «Халық тәрбиесі – бұл педагогикалық практика, тәрбиелеу өрісіндегі

өмір,   шындық,   ал   халық   педагогикасы   –   бұл   халық   білімінде   жүзеге   асқан   идея,   Ұлттық   сананы

қалыптастырудың үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері

дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі  әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге,  халықтың өмірінде қалыптасқан салт-

дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер,

ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өміоде қолданыс тауып  келеді. Оныңбәрідамып, толысып,

жаңарып отырады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық,

имандылық, иманжүзділік  – барлық  мәдени  үлгі-өнегелі  іс-әрекеттердің  көрінісі  -  әдеп  деп  аталады.  Қазақ

халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын

әдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері.

Халықтық   әдеп   –  ұлттық   сананы  қалыптастырудың   өзекті   арқауы  десе  де   болғандай.Қазіргі  уақытта  бүкіл

тарихи,   мәдени   адамгершілік,   рухани   құндылықтарымыз   жаңа   заман   тұрғысынан   қайта   бағаланып   отыр.

Сонымен қатар төл мәдениетіміз, салтымыз, дәстүріміз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи ортамыз, ұлттық

мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған кезінде «әр халықтың ұлттық өзгешелігін, ерекшелігін

зерттеп біліп, тауып, шешіп қамту керек» деген талапты жүзеге асру әбден қажет. Уақыт талабымен өмірге

қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын

алал бастады.Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын

ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

Ұлттық   тәлім-тәрбиенің   қағидалық   ғибраттарын   ұлттық   дүниетаным,   ұлттық   сана   тұрғысынан   тарату

аталған   ой-тұжырымдармен   шектелмеуі   тиіс.   Осы   айтылғандармен   қатар   қазақ   халқына   тән   батырлық,

намысшылдық,   ұлтжандылық,   имандылық,   ілкімділік,   дәнекерлілік,   көпшілділік,   қанағатшылық,

тәубашылдылық, төзімшілділік сияқты асыл қасиеттердің ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызын одан ары

зерделей түскеніміз абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет