Шұжық және консерві өндірісі


Сақтау кезінде пайда болған ақаулар



бет31/81
Дата06.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#15629
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Сақтау кезінде пайда болған ақаулар. Қызамық (краснуха) - қызғылт немесе қызыл түсті дақтың түсуі, тұздалған ішектерде пайда болады, өйткені ол тұзға төзімді микробтардың әсерінен туындайды. Қызамықтың жуылып кететін (ішектің сыртындағы) және жуылмайтын түрлері болады.

Даттану - ақ, сары немесе қоңыр түсті кедір-бұдыр дақтардың болуы, құрамында кальций мен темір тұздарының қоспасы бар, температура 10оС жоғары болғанда, тұзбен тұздағанда дамитын микробтардың әсерінен пайда болады. Даттанудың әлсіз (сумен жуып тастауға болады) және қатты (қойлар мен шошқаларының ішектеріне кіріп кеткен) түрі болады. Ішектің қатты даттанған жерлерін кесіп алып тастайды, өйткені ол жерлердің төзімділігі төмендеп кетеді.

Шіру - бұл ақау ішекті өз уақытында өңдемегендіктен және аз тұздағандықтан және сақтаудың температуралық тәртібі бұзылған кезде пайда болады. Бұл кезде ішектің төзімділігі төмендейді.

Қышқылдық ашу - сілекей қабатынан нашар тазартылған және жеткіліксіз тұздалған ішектерде болады.

Көгеру - кептірілген ішектердің ақаулары. Ылғалдылығы жоғарғы қораларда тұрған, құрғақ ішектерде дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет