Сөж Тақырыбы: Педагогикалық өнер Орындаған: Бақытжанқызы Алтынай Топ



бет2/3
Дата12.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#100640
1   2   3
Психологиялық өнер


Психологиялық өнер- суреткерлік әрекеттің психологиялық механизмдерін және адамның өнер туындыларын жасау және ұғыну кезіңдегі тұлғалық көрінісінің ерекшеліктерін зерттейтін психологиядағы бағыт. Қазіргі заманғы Ө. п. суреткерлік шығармашылық үрдісінің психологиялық аспектілерін және суреткерлік ұғыну үрдісін бірлікте және өзара байланысында зерттеуге мүмкіндік беретін жүйелі көзқарас тұрғысын жүзеге асырып келеді. Ө. п-ның өнер тұрлеріндегі (музыка, бейнелеу өнері, әдебиет, театр және кино өнері, хореография, архитектура) дәстүрлі проблемалары суреткерлік шығармашылықтың туындысы туралы ниеттен бастап, оны ұғыну мен бағамдауға дейінгі барлық кезендердегі проблемалары болып табылады. Көркемдік бейненің пайда болуы, тәжірибе әсерлерін өндеу, шығармашылық елестету мен ойлау, шығармашылық психикалық күй үрдістері, сондай-ақ тұлғаның белсенділігі мен бағыттылығы проблемалары, суреткерлік қабілет пен талант зерттеледі. Отандық Ө. п-нда жасы, білімі, мәдени деңгейі, әлеуметтік-демографиялық белтілері бойынша әр алуан топтардың көркемдік ұғыну үрдістері зерделенеді. Суреткерлік туындының құрылымына деңгейлес ұғынудың психологиялық механизмдер, сондай-ақ бұл ұғыну үрдісі бұрмаланатын жағдайлар, көркемдік тәжірибе берудің психологиялық мәселелері, суреткерлік қабілеттерді, көркемдік талғамды, өнерге эстетикалық сезімталдықты қалыптастыру мәселелері, балалар шығармашылығының ерекшеліқтері зерттеледі. Өнер туындыларын ұғынатын адамдардың эстетикалық реакциясының психологиялық механизмдері проблемасын Ө. п-ның негізгі проблемасы деп есептеген. Қазіргі заманғы Ө. п. суреткерлік шығармашылық үрдісінің психологиялық аспектілерін және суреткерлік ұғыну үрдісін бірлікте және өзара байланысында зерттеуге мүмкіндік беретін жүйелі көзқарас тұрғысын жүзеге асырып келеді. Халқымыздың мақал-мәтелдерде көбірек сөз болған тақырыптың бірі – өнер мәселесі. Қай халықтың да ұлттық тілімен қатар ұлттық өнері болады. Біздің халқымыздың да барша жұрт сүйіспеншілігіне бөленген, жүректің тереңінен орын тепкен, ғасырлар бойы біртіндеп дамып қалыптасқан ұлттық өнері бар. Өнер – шындықты көркем бейнелер арқылы танып, білу. Халқымыз ертеден-ақ өнерді ерекше қастерлеп, жезтаңдай әншілер мен күйшілерді, тілге жүйрік шешендерді, бармағы майысқан шеберлерді құрметтеп, майталман таланттардың алдында бас иіп, олардың өнерін мақтан еткен, өздері де солардай болуға ұмтылып отырған. Ол өз ұрпағына өнердің маңызын түсіндіріп қана қоймай, оны жатпай-тұрмай үйренуге, бойға дарытуды мақсат еткен. Мәселен, «Өнерді үйрен де жирен», «Өнерліге ер жоқ», «Өнерлінің өрісі кең», «Өнерліге өлім жоқ», «Өнерлі өрге жүзеді», т.б. осы іспеттес мақалдардан өнерді үйреніп, жаттықсаң ғана меңгересін, білсең, бәрін де жеңесін, тетігін тапқан адамға қиындық бөгет бола алмайды, өнерлі адамның өрісі кең болады, өнер адамның көздеген мақсатына тезірек жетуге мүмкіндік береді, бір сөзбен айтқанда, өнер атаулының танымдық маңызы зор, ол адамды жан-жақты тәрбиелейді деген идеялар ап-айқын көрініп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет