Тақырыбы: Физика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері Физика пәні мұғалімі



бет2/2
Дата11.02.2023
өлшемі22,36 Kb.
#67150
1   2
Мұғалімге байланысты:
- Сіздің шеберлігіңіз: Бағыттаушы
Нұсқаулық.
- Сіздің сенімділігіңіз: мұғалімнің жауапкершілігі
- Сіздің сабақты жоспарлауыңыз
Оқушыға байланысты:
- оқушылардың оқып - үйренуге деген қөзқарасы
-оқушылардың тәртібі;
-Оқушылардың өзін-өзі бағалауы;
-Оқушылардың өз беттерімен жұмыс түрлері;
-Ынтымақтастық.
Жоғарыда көрсетілген шарттар сабақ барысында бір- бірімен тоғысып, жүйелі түрде жүзеге асып жатса, мұндай сабақтар белгілі бір нәтижелер берері сөзсіз. Оқушылардың одан әрі танымдық белсенділігін арттыру үшін, ең бастысы біз үшін оқу материалын оқушыларға түсінікті тілде жеткізу, соған жағдай қалыптастыру.
Осыған орай төрт түрлі аспектісін бөліп қарасыруға болады.
1.Оқушыларға жаңа оқу материалын қабылдауын ұйымдастыру;
2. Түсіндіруде дәлелдеу тәсілдерін кеңінен қолдану;
3. Психологиялық заңдылық пен әдістемелік талаптарды ескеру;
4. Оқулықпен жұмыс.
Танымдық іс- әрекетті белсендіру үшін логикалық ойлау қабілетті шыңдау мәселесіне де тоқталмай кету мүмкін емес. Бұған эвристикалық әңгіме, салыстыруға арналған тапсырмалар, оқушылардың эксперименттік жұмыстары, логикаға негізделген оқушылардың өзіндік жұмыстары, т.б.
Физика пәні сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында оқу- тәрбие үдерісінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілдерін пайдалану өте тиімді тәсіл болып табылып отыр.
Сыни тұрғыдан ойлау –бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты - ойлауға, бағалауға, таладауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс- әрекеттерімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды, білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау - мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылу дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

  • Бақылау;

  • Талдау;

  • Қорытынды;

  • Интерпретация;

Балаларды диалог пен дәйектер, талқылауға тарту, белсенді жүргізіліген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатыны даусыз.
XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сұру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Біз өзіміздің сабақ үстінде қолданатын іс-әрекеттерін кейбіреулерімен таныстырып өтейін.

  1. Қызығушылықты ояту сәті: алға қойған мақсатқа жету, білімді бағалау.

  2. Диалогқа тарту (оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді).

  3. Сабақ үстінде әртүрлі іс- тәсілдерді қолдану – оқушылардың ерік- жігерін көтереді ( мысалы, ауысша жауап беру, сыныппен жұмыс, өзіндік жұмыс, жекелеген тапсырмалар, өзіндік бақылау, ойын элементтері)

  4. Сергіту сәті ( күлкілі әңгімелер айту, т.б. арқылы оқушыларға сергектік беру)

  5. Оқушыларға бір- біріне таратпа – тапсырмалар құрастыруды тапсыру.

  6. Мінсіз оқушы үнсіз оқушыдан кейбір тапсырмаларды сұрайды (мысалы, теоремаларды сұрайды).

  7. Оқушының кез-келген танымдық белсенділігіне қолдау көрсету;

  8. Сабақтағы жоғарғы қарқын.

Сабақтың құрылымы сыныптың білім деңгейіне орай құрылуы қажет. Сыныптағы барлық оқушы үнемі жұмыс үстінде, қарым-қатыныста, қозғалыста болуы мүмкін.
Сабақтан оқушы жалығып кетпес үшін, сабақта қолданылатын стратегияларда әр-түрлі болуы керек. Біз физика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында төмендегідей стратегияларды қолданамыз:

  • Кроссвортар құрастыру;

  • Рефераттар қорғау;

  • Бес сұрақ ( Пять вопросов)

  • Өнер серпесі ( спираль искусства)

  • «БББ» ( білдім, білемін, білгім келеді)

  • Конкурстар, байқаулар т.б.

Сабақты өткізудің формаларының әр түрлігі сабақтың танымдық деңгейін көтереді. Мұндай сабақтар оқушылардың қызығушылығын тудырады. Сабақтағы ұйымдастыру кезеңінің қалай басталуы сабақтың қалай қөтіп, қалай аяқталатынына үлкен септігін тигізеді.
Оқушылардың зейінін бірден сабаққа аудару үшін, ауызша сұрақ- жауаптан басталды. Бұл тәсілдің екі түрін қолданамыз.
Біріншісі- сандарды есептеу, оқушыларға таратпа ретінде көрсетіледі немесе таныстырылады. Сосын тақтаға жазылады, оқылады. Оқушылар көру, есту, қолымен ұстау арқылы зейіндерін белгілі бір тақырыпқа шоғырландырады.
Екінші түрі бұл ауызша есептеу. Бұл әрине біріншісіне қарағанда күрделірек. Соған қарамастан бұл тәсіл оқушының ойлау қабілетін шыңдайды. Осы тәсілдердің әр қайсысын ойын элементтері арқылы қолдану, әрине оқушыларға өте қызығырақ болады.
Ойын элементтерін сабақ үстінде пайдалану жалпы бүкіл сабақ бойында жағымда ахуал қалыптастырады.

Назарларыңызға рахмет!

Қарағанды облысы
Қарағанды қаласы
Октябрь ауданы
Жалпы білім беретін № 77 мектеп- балабақша кешені

АМАНЖОЛОВА ҚҰРАЛАЙ БАЗЫЛҚЫЗЫ


Физика және информатика пәнінің мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет