Тыныштық СӘті «су асты патшалығына саяхат»



бет2/5
Дата30.01.2023
өлшемі39,63 Kb.
#63773
1   2   3   4   5
«ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ»
Біз біраз ойнап, шаршадық. Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар.
Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ...
Сіздердің қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бел аяқтарыңыз тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады. Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...
Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сізге керемет бір түс кіріп жатыр. Әрқасысыңыз өзіңізді 5 жылдан кейін көріп жатыр...
Назар аударыңыз, сіздердің 5 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...
Қай жерде тұрасыз...
Не істеп жатырсыз...
Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар?
Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді.
Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.
(1 минут пауза)
Енді сіз біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...
Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...
Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер. Қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер? Қасыңызда кімдер бар? Осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?
Көрген түсіңізге ризасыз ба?
Ең қатты не ұнады?
Болашақтағы өміріңізден нені өзгертсем дейсіз?
Ол үшін не істеу керек?
ТҮСТЕР ӘЛЕМІ
1. АҚ ТҮС.
Ыңғайлы отырамыз,көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға аппақ шарды елестетеміз, шар үлкен, шарға жақындаймыз, шардың ішіне енеміз. Айналамыздың бәрі аппақ әлем. Осы әлемде біздер ақ ниетті, адал дос жандарға айналамыз. Көзімізді ашып ақ жүректен достарымызға қарап жымиямыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет