Емтихан билеті №1



бет7/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Биосаяси парадигма. Полиполитикалық теорияларды жақтаушылар тұрғысынан адамдардың инстинктивті, генетикалық туа біткен қасиеттері мен қасиеттерінің приматы тек саяси саланың өмір сүруіне жеткілікті негіз бола алады.

Әлеуметтік парадигма. Ол саясаттың пайда болуы мен табиғатын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіруге тырысатын әртүрлі теорияларды біріктіреді. Олар саясатты адам өмірін әлеуметтік ұйымдастырудың бір немесе басқа формасы, қоғам өмірінің белгілі бір жағы ретінде қарастырады. Екінші жағынан, саясат қоғамның басқа салаларына әсер етеді: экономика, әлеуметтік құрылым, құқық, мәдениет және т. б.

Рационалды-сыни парадигма саяси өзара әрекеттесудің табиғатын оның ішкі құрылымдарының, қатынастарының, институттары мен механизмдерінің әсерінен түсіндіруге бағытталған.

Осылайша, жоғарыда қарастырылған саясатты түсіндірудің маңызды тәсілдері саяси өмірдің күрделілігі мен поливариантын көрсетеді. Сонымен қатар, парадигмаларда бейнеленген әлеуметтік құрылымның әртүрлі суреттері саяси ойдың дамуының жалпы параметрлері мен шекараларын көруге мүмкіндік береді.





  1. Саяси элиталар және саяси көшбасшылық.

  1. «Элита» термині француз тілінен elite – іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.

Элита теориялары — әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады.
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.



  1. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы.

Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада — бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі. Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік қауымдардың және олардың арасындағы қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар — әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар.


Тар мағынада — әлеуметтік-таптық құрылым, олардың арасында түрлі қабаттар мен қатынастар тұзетін әлеуметтік таптар, әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жұзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.
Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды. Әр түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ) барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет