Емтихан сұрақтары Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі



бет9/13
Дата17.10.2022
өлшемі55,97 Kb.
#43610
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
19. Сабақты өзіндік талдау деңгейі 1. Эмоционалдық - ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс- әрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.
2. Бағалау – сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау;
3. Әдістемелік – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабақты талдау жасау;
4. Рефлексивті – себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін психология– педагогикалық теорияны да қатыстыру қажет.
Сабақты өзіндік талдау
Оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мен жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады.
Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар:
• талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті;
дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу;
• өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;
• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі;
сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу;
• сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;
• сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау;
• сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру;
• сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау;
• сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу;
• жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);
• сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;
20. Сабақты өзіндік талдау 1. Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:
Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?
Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?
Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?
2. Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:
Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма?
Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?
Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма?
Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?
Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма)
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?
3. Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:
оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?
Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?
Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?
Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма?
4. Сабақ барысында тәрбиелеу.
Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма?
Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?
Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?
Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?
5. Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.
Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?
6. Оқыту әдістерін таңдау.
Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)?
7. Сабақтағы мұғалімнің жұмысы.
Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)?
Класпен қарым-қатынасқа орнатылды ма?
8. Оқушылардың сабақтағы жұмысы.
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай болды?
Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды?
Сабақта қандай тәртіп болды және неге?
9. Сабақтың гигиеналық жағдайы.
Сынып бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?
Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба?
Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?
10. Кейбір әлеуметтік міндеттер.
Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің зерттеуімен қабылданған шешімімен байланысты міндеттер.
Жағдайға байланысты талдау барлық параметр негінде аталғандардың ішіннен талдаудың бір-екі түрін ғана алуға болады.
Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы.

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.


Сабақ сапасының негізгі критерийі – оқушылардың білімділігі, сабақтың мақсатына жету. Сабақтың нәтижелі болуының алғышарттарының бірі- мұғалімнің мәдениеті, жан-жақтылығы мен адамгершілігі.
• Мақсаттылық.
a) Жинақтылық,тәрбиелілік, дамытушылық;
b) Сәйкестілік (жеке оқушыны дамыту, оның мүмкіндіктерін ашу мақсатында)
c) Мазмұндық
d) Жас ерекшеліктеріне сай.
• Мазмұндық критерийі
a) қағидаларға сүйену
b) Маңыздылық
c) Құрылымның, мазмұнның қисындылығы
• Әдістемелік критерийі
a) мақсаттылық
b) мазмұндық
c) мұғалімнің жеке басының мүмкіндігі
d) оқушының мүмкіндігі
e) жұмыс жағдайы
f) қызметтің жаңаша ұйымдастырылуы
• Оқушының іс әрекетін ұйымдастыру критерийі
a) тиімділік; (жалпылама, топтық, жеке , жұппен)
b) тәртіптілік, реттілік және бірқалыптылық
c) мұғалімнің басқару қызметі
d) ұжымды игеру ;
• Оқу құралдар критерийі
a) таңдау және тиімді пайдалану
b) сәйкестілік
c) негізгіні айқындаушылық
d) Нәтижелілік критерийі
e) білім мен біліктілік, шығармашылық тәжірибе жинақтау;
f) тәрбиелік, дамытушылық,білімділікжағынан алға жылжыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет