Эндокринология



бет158/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   285
Клиникалық көріністері
1. Әйелдердің 90 %-да етеккір бұзылыстары менопауза басталғанға шамамен 4 жыл бұрын көрініс береді.
2. Қызба толқындары (әйелдердің 40%-да) жиі тершеңдікпен, терінің қызаруымен ұштасып, жиі менопаузадан 5 жылдан кейін жоғалады.
3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) уретра мен қуық мойнының атрофиясы нәтижесінде дамып, зәрді ұстай алмаумен (жөтелгенде, күлгенде, тез жүргенде), жиі цистит және пиелонефритпен көрінеді.
4. Сексуальды бұзылыстар: либидонің төмендеуі, қынаптың құрғақтануы, диспареуния.
5. Эмоциональды бұзылыстар: тітіркенгіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, фобия.
6. Сүйек сынуының жоғарғы қаупімен сипатталатын остеопороз.
7. Атеросклероз асқынулары, ең алдымен-ЖИА.
8. Деменция; әйелдерде Альцгеймер ауруы ер адамдармен салыстырғанда 2–3 есе жиі дамиды және оның патогенезінің негізінде эстрогендер тапшылығы жатыр.
Диагностикасы
50 жас шамасындағы әйелдерде етеккірдің тоқтауы постменопаузаның дамуын көрсетеді. Бірқатар жағдайларда оның дамығанын гормональды зерттеулер арқылы дәлелдеуге тура келеді. Зерттеу нәтижелері ФСГ деңгейінің жоғарылап, эстрадиол деңгейінің төмендегенін көрсетеді. ФСГ деңгейінің жоғарылау дәрежесі постменопаузальды симптомдар мен асқынулардың айқындылығымен корреляцияланбайды. Егер әйелге эстрогендермен орынбасушы терапия тағайындалатын болса, келесі зерттеу шараларын жүргізген орынды: маммография, жамбас астауының УДЗ-сі, атпияға жатыр мойнынан жағынды, жүрек-қантамырлар аурулары мен тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін бағалау.


Салыстырмалы диагностикасы
Урогенитальды ауруларға, остеопорозға, қызба толқындарына, эмоционалды бұзылыстарға әкелетін тағы да басқа себептер.


Емі
Эстрогендермен орынбасушы терапия симптомдарды басу мақсатында (қызба толқындары, урогенитальды симптомдар, атрофиялық вагинит) және климактериялық кезеңге тән басқа да асқынулардың (остеопороз, ЖИА, деменция) алдын алу мақсатында тағайындалады. Эстрогендер (жатыр болғанда — прогестиндермен бірге) таблетка түрінде, теріге жабыстырылатын таңғыштар немесе вагинальды балауыздар ретінде беріледі. Эстрогендер көмегімен қызба толқындары, қынаптың құрғауы, урогенитальды бұзылыстар секілді симптомдар тез басылады. Дегенмен, постменопауза кезеңінде эстрогендермен ұзақ уақытқа созылған орынбасушылық терапия жөнінде бір жерден шығатын пікір қалыптаспаған.


Болжамы
Эстрогендермен орынбасушы терапия сүйектің сыну,Альцгеймер ауруы, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі ауруларының даму жиілігін 50 %-ға төмендетеді. Дегенмен, сүт безінің қатерлі ісігі мен тромбоэмболияның даму қаупін жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет