Әр студент тапсырма нұсқасын оқытушының келісімімен (журналдағы тізім бойынша да болады) орындайды



бет5/7
Дата15.04.2022
өлшемі85,41 Kb.
#31118
1   2   3   4   5   6   7
Мысал: неліктен көміртек көп жағдайда төрт валентті?

Шешуі: қоздырылмаған (негізгі) күйдегі көміртекте электрондар сыртқы деңгейдегі орбитальдар бойынша тарала орналасады:

 

 

6С 2p2

 2s2

Бұған сәйкес көміртек екі валентті, өйткені ең қарапайым жағдайдағы валенттілік жұптаспаған электрондар санымен анықталынады. Бірақ көміртек атомында бос бір 2р-орбиталь бар, оған салыстырмалы түрдегі өте аз энергия жұмсалғанда бір 2s-электрон ауысады. Нәтижеде жұптаспаған электрондар саны төртке дейін артады (жетеді):



 

 

6С*                   2p3  

 2s1

 

Электронның 2р-орбитальға ауысуы үшін жұмсалатын энергиясы, қосымша екі байланыс пайда болған тұстағы бөлінетін энергиямен теңестіріледі.



 

1. Мына байланыстардың ішінде Сa – H, C – Cl, Br – Cl қайсысы ең полярлы және неге?

2. Неге фосфордың максимальды коваленттілігі 5-ке тең, ал азоттың мұндай валенттік күйі жоқ? Түсіндіріңіз.

3. Салыстырмалы электртерістілік мәнін пайдалана отырып, молекулалардағы байланыстың иондық дәрежесін анықтаңыз: а) CH4, CCl4, CO2; б) NH3, NO, Mg3N2; в) LiCl, LiI, Li2O; г) HF, HCl, HBr; д) SO2, SeO2, TeO2.

4. Мына байланыстардың ішінде K – S, H – S, Br – S, C – S қайсысы ең полярлы және неге?

5. H2O, NaH, HI, CH4 молекуласындағы электрондық тығыздық қай атомға қарай ығысады?

6. Қандай коваленттік байланыс полярлы деп аталады? Коваленттік байланыстың полярлығының сандық өлшемі ретінде не қызмет етеді? Мысал келтіріңіз. Қандай химиялық байланысты сутектік деп атайды? Ол қандай заттардың молекулаларының арасында түзіледі? Мысал келтіріңіз.

7. Қандай кристалдық құрылымдар иондық, атомдық, молекулалық және металдық деп аталады? Айтылған құрылымдар қай заттардың кристалында бар: алмаз, натрий хлориді, көміртегі диоксиді, мырыш?

8. Қандай химиялық байланысты иондық деп атайды? Оның түзілу механизмі қандай? Иондық байланыстың қандай қасиеті коваленттік байланыстан өзгеше етіп тұр? Типтік иондық қосылыстарға мысал келтіріңіз.

9. Молекулалық әрекеттесудің қандай күштерін бағытталушы, индукциялық және дисперсиялық деп атайды? Бұл күштер қай кезде пайда болады және олардың табиғаты қандай?

10. Жалпы атомдар немесе атомдық орбитальдар электронының қандай күйін валенттік деп атайды? Оттегі және күкірт, фтор және хлор атомдары үшін қанша валенттік күй мүмкін? Коваленттік байланыстың түзілуінің қандай тәсілі донорлы-акцепторлы деп аталады? NH және BF иондарында қандай химиялық байланыстар бар? Донор мен акцепторды көрсетіңіз.

11. Этилен мен ацетилен молекуласындағы байланыс энергиясы, сәйкесінше, 383,2 және 433,7 кДж/мольге тең. Қайсы молекуладағы байланыс өте мықты?

12. Бор хлориді мен аммиак молекуласының кеңістіктегі әртүрлі құрылымының себебі неде?

13. Қандай химиялық байланысты коваленттік деп атайды? Оның негізгі қасиеттерін сипаттаңыз. Неге коваленттік байланыс түзілу кезінде атомдар арасындағы арақашықтық дәлме-дәл белгілі? Ол қалай аталады?

14. Байланыстың еселілігі дегеніміз не? Байланыстың еселілігінің өсуі оның ұзындығы мен энергиясына қалай әсер етеді?

15. а) C2H6, C2H5OH, CH3COOH, CH3Cl молекулаларындағы көміртегінің; б) NaCl, NaClO3, NaClO4, Ca(ClO)2 молекулаларындағы хлордың коваленттілігі мен тотығу дәрежесін анықтаңыз.

 

Термохимия. Термохимия заңдары



 

Осы бөлімнің есептерін шығару кезінде заттардың термодинамикалық сипаттамасы берілген кестені пайдаланыңыз.

 

Мысал: егер 1,12 л (қ. ж.) ацетиленді жаққан кезде 67,5 кДж жылу бөлінетіндігі белгілі болғандағы, ацетиленнің жану реакциясының жылу эффектісін есептеңіз және осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырыңыңыз.

Шешуі: жалпы түрдегі теңдеуді құрастырамыз:

2Н2 + 5О2 = 4СО2 + 2Н2О + Q кДж.

С2Нсанын (мөлшерін) есептейміз:

Теңдеуден алынады, ол 2 моль С2Н2 жаққанда Q кДж бөлінеді.



Онда:



 (реакцияның жылу эффектісі)

Термохимиялық теңдеудің түрі:

2Н+ 5О=4СО2+2Н2О + 2700 кДж.

 

16. Мыс сульфаты (CuSO4) мен мыс купоросының (CuSO4·5H2O) еру жылуы, сәйкесінше, -66,11кДж және 11,72 кДж-ге тең. Мыс сульфатының гидратация жылуын есептеңіз.



17. Нәтижесінде су буы мен көміртегі диоксиді түзілетін, бір моль C2H6(г) этанның жану реакциясының термохимиялық теңдеуін жазыңыз және жылу эффектісін есептеңіз. Көлемі 1 м3 (қ. ж.) этан жанған кезде қанша жылу бөлінеді?

18. Этилен мен су буының әрекеттесуінің нәтижесінде газ тәріздес этил спиртін алуға болады. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, оның жылу эффектісін есептеңіз.

19. Нәтижесінде газ тәріздес метан мен су түзілетін, көміртегі (ІІ) оксиді мен сутегі әрекеттескендегі реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңыз. Егер көлемі 67,2 дм3 (қ. ж.) метан алынған кезде, реакция нәтижесінде қанша жылу бөлінеді?

20. Метил спиртінің жану реакциясы мына термохимиялық теңдеумен өрнектеледі:

CH3OH(с) + 3/2O2(г) = CO2(г) + 2H2O(с).

Осы реакцияның жылу эффектісін есептеңіз.

21. Газ тәріздес күкіртті сутек пен көміртегі диоксиді әрекеттескенде, су буы мен газ тәріздес күкіртті көміртегі (CS2) түзіледі. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңыз және оның жылу эффектісін есептеңіз.

22. 1 моль сутегі мен 1 моль селен әрекеттескенде, 77,4 кДж жылу сіңірілді. Селенді сутектің түзілу энтальпиясын есептеңіз.

23. 2 моль мышьяк пен 3 моль сутегі әрекеттескенде, 370 кДж жылу сіңірілді. Арсиннің түзілу энтальпиясын есептеңіз.

24. 1 моль сутегі мен 1 моль хлор әрекеттескенде, 184 кДж жылу бөлінді. Хлорлы сутектің түзілу энтальпиясын есептеңіз.

25. Жай заттардан 1 моль су түзілгенде, 242 кДж жылу бөлінді. Судың түзілу энтальпиясы нешеге тең?

26. 1 моль азот пен 3 моль сутегі әрекеттескенде, 93 кДж жылу бөлінді. Аммиактың түзілу энтальпиясы нешеге тең?

27. Егер массасы 335,1 г темір алынған болса, темір (ІІІ) оксидінің металдық алюминиймен тотықсыздануы кезінде қанша мөлшерде жылу бөлінетінін есептеңіз.

28. Графитті жағу кезінде, массасы 8,86 г көміртегі диоксиді түзілді және 79,2 кДж жылу бөлінді. Көміртегі диоксидінің түзілу жылуын есептеңіз.

29. Магний карбонатының магний оксиді мен көміртегі диоксидіне ыдырауы кезінде 100,7 кДж жылу сіңіріледі. Магний карбонатының түзілу жылуын есептеңіз.

30. Массасы 11,5 г сұйық этил спиртінің жануы кезінде 308,71 кДж жылу бөлінді. Нәтижесінде су буы мен көміртегі диоксиді түзілетін реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңыз. C2H5OH(с) түзілу жылуын есептеңіз.

31. Массасы 80,0 г темір (ІІІ) оксидінің алюминиймен (алюмотермия реакциясы) тотықсыздануы кезінде 426,3 кДж жылу бөлінеді. Массасы 5,4 г металдық алюминийдің жануы кезінде 167,3 кДж жылу бөлінеді. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, темір (ІІІ) оксидінің түзілу жылуын есептеңіз.

32. Аммиактың жану реакциясы мына термохимиялық теңдеумен өрнектеледі:

4NH3(г) + 3O2(г) = 2N2(г) + 6Н2О(с); ΔH0 = -1530,28 кДж.

Аммиактың түзілу жылуын есептеңіз.

33. Массасы 6,3 г темір күкіртпен әрекеттескенде, 11,31 кДж жылу бөлінді. Темір (ІІ) сульфидінің түзілу жылуын есептеңіз.

34. Көлемі 1 дм3 (қ. ж.) ацетиленнің жануы кезінде 56,053 кДж жылу бөлінеді. Нәтижесінде су буы мен көміртегі диоксиді түзілетін реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңыз. Газ тәріздес ацетиленнің түзілу жылуын есептеңіз.

35. Келесі термохимиялық теңдеулерге сүйене отырып, NO(г) түзілу жылуын есептеңіз:

4NH3(г) + 5O2(г) = 4NO(г) + 6H2O(с);  ΔH0 = -1168,80 кДж;

4NH3(г) + 3O2(г) = 2N2(г) + 6H2O(с);  ΔH0 = -1530,28 кДж.

36. Келесі термохимиялық теңдеулерге сүйене отырып, газ тәріздес метанның түзілу жылуын есептеңіз:

H2(г) + 1/2O2(г) = H2O(с); ΔH0 = -285,84 кДж;

С(графит) + O2(г) = CO2(г); ΔH0 = -393,51 кДж;

CH4(г) + 2O2(г) = 2H2O(с) + CO2(г); ΔH0 = -890,31 кДж.

37. Реакциялардың ΔG0 табыңыз:

а) CO(г) + 1/2O2(г) = CO2(г);

б) 1/2N2(г) + 3/2H2(г) = NH3(г);

в) C6H6(с) + NH3(г) = H2(г) + C6H5NH2(с).

38. Қандай температурада жүйенің тепе-теңдігі орнайды:

4HCl(г) + O2(г) = 2H2O(г) + 2Сl2(г); ΔH0 = -114,42 кДж?

39. Fe3O4-ң көміртегі оксидімен тотықсыздануы мына теңдеу бойынша жүреді:

Fe3O4(кр) + CO(г) = 3FeO(кр) + СO2(г).

ΔG0 есептеңіз және қалыпты жағдайдағы осы реакцияның өздігінен жүру мүмкіндігі туралы қорытынды жасаңыз. Осы реакцияның ΔS0 қаншаға тең?

40. Ацетиленнің жану реакциясының ΔG0 және ΔS0 табыңыз:

C2H2(г) + 5/2O2(г) = 2СO2(г) + H2O(с).

41. Қалыпты жағдайда экзотермиялық реакцияның мүмкін еместігін немен түсіндіруге болады:

H2(г) + CO2(г) = CO(г) + H2O(с); ΔH0 = -2,85 кДж?

Сәйкес келетін заттардың ΔΗ0 және S0 стандартты мәндерін негізге ала отырып, осы реакцияның ΔG0 анықтаңыз.

42. Сәйкес келетін заттардың абсолютті стандартты энтропиясының және түзілу жылуының стандартты мәндеріне сүйене отырып, мына теңдеулер бойынша жүретін реакциялардың ΔG0 табыңыз:

а) CS2(г) + 3O2(г) = CO2(г) + 2SO2(г);

б) Al2O3(кр) + 2Cr(кр) = Сr2O3(кр) + 2Al(кр);

в) CaO(кр) + CO2(г) = CaCO3(кр).

43. а) судың буға; б) графиттің алмазға айналуы кезінде энтропия төмендей  ме немесе жоғарлай  ма? Неге? Әр айналуға ΔS0 табыңыз. Фазалық және аллотропиялық айналу кезіндегі энтропияның өлшемдік өзгеруі туралы қорытынды жасаңыз.

44. Есептеуді орындамай-ақ, келтірілген процестердің қайсысында энтропияның өзгеруі оң болатынын көрсетіңіз:

а) MgO(кр) + H2(г) = Mg(кр) + H2O(с);

б) C(графит) + CO2(г) = 2CO(г).

45. Есептеуді орындамай-ақ, келтірілген процестердің қайсысында энтропияның өзгеруі оң болатынын көрсетіңіз:

а) 4HCl(г) + O2(г) = 2Cl2(г) + 2H2O(г);

б) NH4NO3(кр) = N2O(г) + 2H2O(г).

 

Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы



 

Мысал: Азот (IV)оксидінің түзілу реакциясы тендеумен өрнектеледі:

2NO + O2 ↔ 2NO2.

Тура және кері реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер қысымды 3 есе көтерсе, ал температураны тұрақты қалдырса? Реакция жылдамдығының бұл өзгерісі тепе-тендіктің ығысуын туындата ма?

Шешуі: қысымды көтергенге дейін азот (II) оксидінің, оттектің және  азот (IV) оксидінің тепе-теңдіктік концентрациялары келесідей болады делік:

[NO] = а;   [O2] = b;   [NO2] = с.

Мұндайда тура реакцияның жылдамдығы:

υ= k1∙а2b,

ал кері реакцияның жылдамдығы:

υ2 = k2∙с.

Қысымды 3 есеге жоғарылатқан кезде барлық реагенттердің концентрациялары сонша есе көбейеді:

[NO] = 3а;   [O2] = 3b;   [NO2] = 3с.

Ондайда тура реакцияның жылдамдығы болмақ:

υ= k1∙ (3а)2∙3b,

ал кері реакцияның жылдамдығы:

υ= k2∙(3с)2 = k2∙9с2-ге  тең болады.

Демек, тура реакцияның жылдамдығы 27 есеге, ал керінікі – 9 есеге өскені. Тепе-теңдік тура реакция жағына қарай ығысады, бұл Ле-Шателье ұстанымымен сәйкес.

 

46. Тура реакция жылдамдығының өрнектелуін жазыңыз:



а) 2А + B ↔ A2B;

б) N2(г) + 3H2(г) ↔ 2NH3(г).

Бастапқы заттардың концентрациясын екі есе жоғарлатқанда, (а) және (б) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?

47. Тура реакция жылдамдығының өрнектелуін жазыңыз:

а) CO2(г) + С(кp) ↔ 2CO(г);

б) Fe3O4(кp) + 4СO(г) ↔ 3Fe(кp) + 4СO2(г).

Бастапқы заттардың концентрациясын екі есе жоғарлатқанда, (а) және (б) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?

48. Егер бастапқы заттардың концентрацияларын 2 есе жоғарлатса,

H2(г) + Br2(г) ↔2HBr(г)

сутегі мен бромның әрекеттесу реакциясының жылдамдығы неше есе артады?

49. Егер жүйенің қысымын екі есе жоғарлатса,

4NH3(г) + 5O2(г) ↔ 4NO(г) + 6H2O(г)

тура реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?

50. Егер жүйенің қысымын үш есе жоғарлатса,

2CO(г) + O2(г) ↔ 2CO2(г)

тура реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?

51. Егер жүйенің көлемін 5 есе төмендетсе,

S(г) + O2(г) ↔ SO2(г)

күкірттің жану реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?

52. Егер жүйенің қысымы 2 есе жоғарласа,

2Al(кр) + 3Cl2(г) = 2AlCl3(кр)

химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?

53. Егер температура 30° жоғарласа, ал температуралық коэффициент 3-ке тең болғанда, реакция жылдамдығы қанша есе артады?

54. Егер температураның а) 283 – 323 К дейін өсуі кезінде реакция жылдамдығының 16 есе артқандағы; б) 323 – 373 К дейін өсуі кезінде реакция жылдамдығы 1200 есе артқандағы, кейбір реакциялар жылдамдығының температуралық коэффициентін есептеңіз.

55. Егер жылдамдықтың температуралық коэффициенті 3-ке тең болғанда, реакция жылдамдығы 81 есе өсуі үшін температураны қанша градусқа жоғарлату керек?

56. Егер температураны 30 градусқа жоғарлатқанда, жылдамдық 27 есе артады, реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті неге тең?

57. Егер γ = 2, температураны 50° жоғарлатқанда, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

58. Жылдамдық 729 есе өсуі үшін реакцияның температурасын қанша градусқа жоғарлату керек (γ = 3)?

59. Реакция температурасы 60° жоғарлағанда, реакция жылдамдығы 64 есе өсті. Температуралық коэффициентті анықтаңыз (γ).

60. Температураны 20° жоғарлатқанда, реакция жылдамдығы 9 есе өсті. Осы реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең және температураны 30° және 100° жоғарлатқанда, оның жылдамдығы қанша есе артады?

61. Егер жүйедегі қысымды екі есе төмендетсе,

2CO(г) + 2H2(г) ↔ CH4(г) + CO2(г)

реакция тепе-теңдігі қай жаққа қарай ығысады?

62. Егер жүйенің көлемі үш есе жоғарлағанда,

CH4(г) + H2O(г) ↔ CO(г) + 3H2(г)

реакция тепе-теңдігі қай жаққа қарай ығысады?

63. Мына реакцияның:

N2 + 3H2 ↔ 2NH3

тепе-теңдік концентрациялары (моль/дм3): [N2] = 0,3; [H2] = 0,9; [NH3] = 0,4.

         Егер   қысымды 5 есе жоғарлатса, тура реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Сол кезде тепе-теңдік қай жаққа қарай ығысады?

64. Келесі гомогенді реакциялардың тепе-теңдігіне температура мен қысымның төмендеуі қалай әсер етеді:

а) 3O2 ↔ 2O3,  ΔH0 = +184,6 кДж;

б) 2CO + O2 ↔ 2CO2,  ΔH0 = -566,0 кДж;

в) N2 + 3H2 ↔ 2NH3,  ΔH0 = -92,4 кДж?

65. Келесі гомогенді реакциялардың тепе-теңдігіне температура мен қысымның төмендеуі қалай әсер етеді:

а) N2 + 3H2 ↔ 2NH3,  ΔH0 = -92,4 кДж;

б) 2SO2 + O2 ↔ 2SO3,  ΔH0 = -196,6 кДж;

в) 4HCl + O2 ↔ 2H2O + 2Cl2,  ΔH0 = -114,5 кДж?

66. Жүйеде:

CaCO3(кр) ↔ CaO(кр) + CO2(г),  ΔH0 = +179 кДж

тепе-теңдік орнады. Температураны жоғарлатқанда, ол қай жаққа қарай ығысады?

67. Жүйеде:

3Fe2O3(кр) + H2(г) ↔ 2Fе3O4(кр) + H2O(г)

тепе-теңдік орнады. Қысымды жоғарлатқанда, ол қай жаққа қарай ығысады?

68. Қысымды өзгерту арқылы келесі реакциялардың өнімінің шығуын қалай жоғарлатуға болады:

а) 2NO(г) + O2(г) ↔ 2NO2(г);

б) N2O4(г) ↔ 2NO2(г);

в) 2SO2(г) + O2(г) ↔ 2SO3( г)

69. Қысымды өзгерту арқылы келесі реакциялардың өнімінің шығуын қалай жоғарлатуға болады:

а) 2SO2(г) + O2(г) ↔ 2SO3( г);

б) PCl5(г) ↔ PCl3(г) + Сl2(г);

в) CO2(г) + С(графит) ↔ 2CO(г)?

70. Қандай факторлардың әсерімен келтірілген реакциялардың тепе-теңдігін оң жаққа қарай ығыстыруға болады:

а) C(графит) + H2O(г) ↔ CO(г) + H2(г),      - 129,89 кДж;

б) N2O4 ↔ 2NO2,        - 54,47 кДж;

в) 2SO2 + O2 ↔ 2SO3,      + 192,74 кДж?

71. Егер концентрациялары [CO2] = 0,30 моль/дм3; [H2] = 0,02 моль/дм3; k = 1 болса,

CO(г) + H2O(г) ↔ CO2(г) + H2(г)

кері реакцияның жылдамдығы қаншаға тең?

72. Жүйедегі:

CO(г) + Cl2(г) ↔ CОCl2(г)

бастапқы заттардың алғашқы концентрациялары (моль/дм3): [CO] = 0,3; [Cl2] = 0,2. Егер CO концентрациясын 0,6 моль/дм3 дейін, ал Cl2 концентрациясын 1,2 моль/дм3 дейін жоғарлатса, реакция жылдамдығы неше есе артады?

73. NO2 түзетін NO және O2 концентрациялары, сәйкесінше, 0,03 және 0,05 моль/дм3 тең. Реакция жылдамдығы неге тең?

74. Реакцияға қатысып жатқан заттардың:

N2(г) + 3H2(г) ↔ 2NH3(г),

бастапқы концентрациялары (моль/дм3): [N2] = 1,5; [H2] = 2,5; [NH3] = 0. Аммиактың концентрациясы 0,5 моль/дм3 тең болған кезеңде, азот пен сутегінің концентрациялары қандай болды?

75. Реакцияның жүруінің алғашқы кезеңінде:

CO(г) + H2O(г) ↔ CO2(г) + H2(г)

концентрациялар (моль/дм3): [CO] = 0,30; [H2O] = 0,40; [CO2] = 0,40; [H2] = 0,05 болды. 50% су әсер еткен кезеңдегі, барлық заттардың концентрацияларын табыңыз.

 

Сұрақтар:



1. Электрондық бұлттардың қайта жабылу аймағы нені білдіреді?

2. Валенттік бұрыш дегеніміз не?

3. Дипольдік момент дегеніміз не? Ол қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?

4. Қатты металдардың жылуөткізгіштігі мен электрлік өткізгіштігін немен түсіндіруге болады?

5. Термодинамиканың екінші басының теңдеуі қандай тәуелділікті өрнектейді?

6. Судың қатуы кезінде энтальпияның өзгеруінің белгісі қандай?

7. Қарапайым жағдайда көміртегінің – алмаз немесе графитке қандай түр өзгеруі көбіне тұрақты болып келеді?

8. Процестің энтальпиясының өзгеруі мен ішкі энергияның өзгеруінің арасында қандай айырмашылық бар?

9. Химиялық реакцияның жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

10. Активтендіру энергиясы деп нені айтады? Ол химиялық реакцияның жылдамдығына қандай фактордың әсерін сипаттайды?

 

3 №3 есеп-сызба жұмысы. Ерітінділер және электрохимия



 

№3 есеп-сызба жұмысының мақсаты: ерітінділердегі алмасу және тотығу-тотықсыздану реакцияларын қарастыру, сондай-ақ тотығу және тотықсызданудың (электрохимиялық процестер) бөлек жүруін оқып үйрену, себебі бұл процестер кеңінен тараған және ғылым мен техника үшін үлкен маңызы бар [әдеб. – 1-10].

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет