Әр студент тапсырма нұсқасын оқытушының келісімімен (журналдағы тізім бойынша да болады) орындайды



бет1/7
Дата15.04.2022
өлшемі85,41 Kb.
#31118
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
хим-физ



Кіріспе

 

Қазіргі өмірде, әсіресе адамның өндірістік қызметінде химия тек қана маңызды қызмет атқарады. Химияны қолданусыз бірде бір өндіріс саласы жоқ. Бізге табиғат тек бастапқы өнімді – ағаш, руда, мұнай және т.б. береді.  Табиғи материалдарды химиялық өңдеуде пайдаланғанда ауыл- шаруашылығына, өнеркәсіптік бұйымдарын дайындауға, үй шаруашылығына арналған тыңайытқыштар, металдар, пластикалық массалар, дәрі-дәрмектер, жанармай материалдары т.б. қажетті әртүрлі заттар алады. Табиғи өнімді химиялық өңдеу үшін заттардың түрленуінің жалпы заңдарын білу қажет, ал мұндай білімді химия береді.



Осы тапсырмалар химияны 3 кредит көлемінде оқитын «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 1- курс студенттеріне арналған, яғни әр студент белгіленген мерзімде 3 ЕСЖ әрқайсысын жеке-жеке орындап, тапсырады. Жұмыстар ҚР 10352-1910-У-е-001-2002 ФС АЭжБУ «Оқу жұмыстары» фирмалық стандартының талаптарына сәйкес жасалады.

Тапсырмалар теорияның, заңдарының, процестерінің, қасиеттерінің, заттардың және химиялық реакцияның жүру шартының түсініктемелерін, сондай-ақ реакция теңдеулерін және химиялық формуланы құрастыра алуды қарастырады.

Әр студент тапсырма нұсқасын оқытушының келісімімен (журналдағы тізім бойынша да болады) орындайды.

Бірінші өзіндік жұмыстың (есеп-сызба жұмысының) тапсырмалары келесі тақырыптардан тұрады: «Химияның негізгі заңдары мен түсініктері», «Эквиваленттер заңы   бойынша   есептеулер»,    «Атомдар    құрылысы»,

«Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі», «Ядролық реакциялар. Радиоактивтілік».

Екінші өзіндік жұмыстың тапсырмалары келесі тақырыптардан тұрады: «Химиялық байланыс», «Термохимия. Термохимия заңдары», «Химиялық реакциялардың жылдамдығы», «Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы».

Үшінші өзіндік жұмыстың тапсырмалары келесі тақырыптардан тұрады: «Ерітінділердің физика-химиялық қасиеттері», «Судың иондық туындысы. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі», «Тотығу-тотықсыздану реакциялары», «Электродтық потенциалдар. Гальваникалық элемент», «Электролиз».

 

1 №1 есеп-сызба жұмысы. Негізгі заңдар және атом құрылысы



 

№1 ЕСЖ мақсаты атом, молекула, моль, эквивалент және т.б. сияқты фундаментальды түсініктерді қарастыру, қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттерін оқып үйрену, химиялық теңдеу бойынша, химияның негізгі түсініктері мен заңдары бойынша, сонымен қатар атомдық ядро мен атом құрылысы бойынша, химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша және молекула құрылысы бойынша есептеуді білу болып табылады. [Әдеб. – 1,3,6,9,10].



 

Химияның негізгі заңдары мен түсініктері



 

Мысал: массасы 6,4 г болатын бромдағы Br2 молекула санын есептеңдіз.

Шешуі: бромның молярлық массасы  екендігін ескере отырып, Br2- дегі заттың санын формула бойынша есептейді:

     

Заттағы молекула (құрылымдық бірлік) санын есептейді:





 

1. Келесі заттардың мольдік массасы қандай: HNO3, Al(OH)3, Cr2O3, K2CO3? Әрбір 200 г заттың құрамындағы моль санын анықтаңыз.



2. Келесі заттардың мольдік массасы қандай: FeSO4, K2SO4, Na3PO4, NaCl? Әрбір 200 г заттың құрамындағы моль санын анықтаңыз.

3. а)  6,02·1024   метан молекулаларын; б) 1,8·1028 хлор атомдарын;

в) 3,01·1023 көміртегі диоксидінің молекулаларын мольмен өрнектеңіз.

4. а) 30,1·1025 фосфин молекулаларын; б) 19,6 г күкірт қышқылын;

в) 1,5·1023 көміртегі диоксидінің молекулаларын мольмен өрнектеңіз.

5. Массасы 2 г аммиак пен көміртегі диоксидінің құрамындағы молекулалар санын салыстырыңыз.

6. Көлемі 2 см3 (қ. ж.) сутегіде қанша молекула бар?

7. Массасы 1,0 г сутегінің, метанның, көміртегі (ІІ) оксидінің, азот (ІІ) оксидінің және оттегінің (қ. ж.) көлемін анықтаңыз.

8. Көлемі 1 м3 (қ. ж.) кез келген газда қанша молекула бар?

9. Сәйкесінше, массалары 56, 640, 110, 70 г тең, азот, оттегі, көміртегі (IV) оксиді, көміртегі (IІ) оксиді газдары (қ. ж.) қанша көлемді құрайды?

10. Егер температурасы 91°С және қысымы 98642 Па кезінде газ көлемі 608 см3 болғандағы газдың (қ. ж.) көлемін есептеңіз.

11. Температурасы 25°С және қысымы 85312 Па кезінде газ көлемі

820 см3 тең. Газдың (қ. ж.) көлемін есептеңіз.

12. Егер температурасы 15°С және қысымы 95976 Па кезінде газ көлемі 912 см3 болғандағы газдың (қ. ж.) көлемін есептеңіз.

13. Температурасы 91°С және қысымы 98,7 кПа кезінде кейбір газ көлемі 0,4 дм3 тең. Газдың (қ. ж.) көлемін есептеңіз.

14. Температурасы 7°С кезінде жабық ыдыстағы газдың қысымы

96,0 кПа-ға тең. Егер ыдысты -33°С дейін салқындатса, қысымы қандай болады?

15. Егер температурасы 0°С және қысымы 93,3 кПа болғанда қ. ж. көлемі 773 см3 тең болса, ауаның көлемі қандай болады?

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет