Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қЫСҚа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұЗАҚ мезімдік негізде



Pdf көрінісі
бет35/100
Дата05.12.2023
өлшемі1,39 Mb.
#134441
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100
2. 
Қызметтері 
Әлеуметтік педагогқа төмендегі қызметтер жүктеледі: 
2.1.
Оқушыларды табысты әлеуметтендіруге (бейімделмеу құбылысының 
алдын алу) көмектесетін, әлеуметтік білімді, икемділікті, дағдыларды, тұлғаның 
әлеуметтік маңызды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған шаралар 
кешенін жүзеге асыру. 
2.2.
Тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек шараларын жүзеге асыру, 
олардың БҰҰ баланың құқығы туралы конвенциясына сәйкес толық құнды 
даму мен білім алуға деген құқықтарын қорғау. 
2.3.
Оқушылардың әлеуметтік дамуындағы бұзылыстарды анықтау және 
оларға нақты өмірлік жағдайда дер кезінде әлеуметтік көмек көрсету 
мақсатында апробацияланған әдістемелерді практикада пайдалану. 
2.4.
Мемлекеттік басқару органдарымен,қоғамдық ұйымдармен, оқу 
орындарымен, әлеуметтік қорғау органдарымен, сонымен бірге оқушылардың 
мүдделерін білдіру, қорғау қажет болатын басқа да құрылымдармен серіктестік 
орнату. 
2.5.
Оқушылардың әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ата-аналарға 
(олардың орнындағы тұлғаларға), педагогтар мен мамандарға сабағаттық көмек 
көрсету. 
3. 
Лауазымдық міндеттері 
Әлеуметтік педагогтың міндеттері: 
3.1. 
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу, ППҚ 
қызметінің 
жұмысын 
жоспарлауға, 
психологиялық-медициналық-
педагогикалық коонсилиум, білім беру ұйымдарының профилактика кеңесінің 
жұмыстарына қатысу. 
56 


3.2. 
Оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға 
көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын 
сақтаумен қамтамасыз ету. 
3.3.
Оқушылардың әлеуметтік даму және олардың жақын әлеуметтік 
ортасының мәселелерін зерттеу; оларды жеңу үшін дер кезінде көмек көрсету.
3.4. 
Оқушыларды тексеру, тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама 
жасау, олардың негізінде – оқушының әлеуметтік-тұлғалық дамуындағы 
анықталған мәселелерді жеңу бойынша мамандарға, педагогтарға және ата-
аналарға арналған ұсынымдар әзірлеу. 
3.5. 
Әлеуметтік-пеадгогикалық жұмыстың міндеттері, түрі, тәсілдері, 
жеке тұлғалық және әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілдері, әлеуметтік қорғау 
және әлеуметтік көмек көрсету шараларын қабылдау, оқушылардың құқығы 
мен еркіндігін жүзеге асыру, оқушыларды қоғамда ары қарай да әлеуметтік 
бейімдеумен қамтамасыз ету. 
3.6.
Заманауи білім беру және оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
жобаларын жүзеге асыруда мектептің болашақтағы мүмкіндіктерін талдау.
3.7. 
Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 

оқушыларды әлеуметтік бейімдеу жобалары мен бағдарламаларын 
ресурстық қамсыздандыру; 

оқушыларды әлеуметтік бейімдеу бойынша педагогтардың және ата-
аналардың кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 

әлеуметтік бейімдеу бойынша мәселелері бар балалар туралы ақпаратты
жинау және қорландыру; 

оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бағдарламасын жүзеге 
асыруды бақылау жүйесін;
-
оқушыларды әлеуметтік бейімдеу саласынлда қабылданған 
шешімдерді орындау. 
3.10. 
Әзірлеу және пайдалану: 

оқушыларды әлеуметтік бейімдеудің жобалары мен бағдарламаларына 
қатысатын құрылымдарға арналған нормативтік құжаттарды;

оқушыларды әлеуметтік дамыту проблемалары жоюға және алдын алуға 
бағытталған бағдарламаларды (апробацияланған және авторлық), сабақтар 
циклын; 

әлеуметтік даму мәселелері бар балалармен жұмыс бойынша
педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар. 
3.11. 
Мектеп және жанұя жағдайындағы оқушылардың әлеуметтік 
тұлғалық даму ерекшеліктері және міндеттері бойынша педагогтармен
мамандармен, ата-аналармен сабағаттық жұмыс жүргізу. 
3.12. 
Қатысу: 

әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің 
әрекеттеріне; 

Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; 
57 



ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинар-
практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 
3.13. 
Оқушылардың әлеуметтік дамуы бойынша дамуын тексеруге және
дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 
3.14.
Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті 
қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, оқушыларды, педагогтар мен 
ата-аналарды тексеру мен психологиялық қолдау нәтижелерін білдіретін 
белгіленген схемедағы жылдық есепті құрастыру.
3.15. 
Өзінің кәсіптік жұмысын жүзеге асырғанда Жарғыны орындау,
еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, 
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі 
ережелерін орындау. 
3.16. 
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет