Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-IX ғ). I тарау. МазмұНЫ


БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 ЖЫЛДАР)



бет3/12
Дата16.10.2022
өлшемі5,75 Mb.
#43504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 ЖЫЛДАР)
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 ЖЫЛДАР)

 
Саяси тарихы

Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды.

Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кіреді.

Қағандары

Шегу, Тон, Ешбар Елтеріс.

Астанасы

Орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты (Жамбыл облысының Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты).

Территориясы

Шығысы Алтайға дейін, батысы Тарым өзені мен Памир тауына дейін.

Шаруашылығы

Қағанаттағы негізгі шаруашылық - маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.

Этникалық құрамы

Он тайпа: бес нушеби (Шу өзенінен шығысқа қарай) және бес дулу (Шу өзенінен батысқа қарай) тайпаларына бөлінді.

Шығыс Түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет