раздел языкознания». -М.: Наука (ГРВЛ), 1976. С.62-65.
7. Нерознак В.П. О границах типологического анализа языков. –В
кн.: Литература – Язык – Культура. -М.: Наука, 1985.-387с.
8. Мельников Г.П. Системный анализ причин своебразия семитско-
го консонантизма (методические разработки) -М.: МГПИ, 1968. - 32с.
9. Мельников Г.П. Системная типология языков /принципы,
методы, модели/ -Москва.: «Наука», 2003. -290с.
10. Мельников Г.П. Детерминанта – ведущая грамматическая
тенденция языка.-В книге Фонетика. Фонология. Грамматика. /к 70-летию
А.А.Реформатского/. –Москва.: Наука, 1971. -367с.
11. Рысалды Қ.Т. Сын дәрежесі категориясы: функционалды
коммуникативтік табиғаты /Қазақ және неміс тілдері негізінде/. Филол.
ғыл. докт.диссертацияның авторефераты –Алматы: 2007. -52б.
12. Кубрякова Е.С.// Общее языкознание. Внутренняя структура
языка.-М.: «Наука», 1972.- 565с.
2.2. Тілдің жалпы және жеке типологиясы
Белгілі бір тілдің жүйесін оқып, үйренуді диалектикалық
қарама-қайшылықтарға байланысты құру керек. Себебі кез
келген нақты бір тілдің жүйесін сипаттау, жалпы алғанда, тілді
сипаттау болып табылады. Толығырақ айтқанда, кез келген
тілге сипаттама бергенде, ол тілдің аумағынан шығып, басқа
тілдерді де қамтитын кез болады.
Лингвистиканың өзекті мәселелері
94
Ғылыми тіл білімінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ
ғалымдар тілдерді салыстыра зерттей бастады. Кейінірек әлем
тілдерінің шеңбері кеңеюіне байланысты жеке тілдерді тек
қана салыстыру жеткіліксіз болды, күн тәртібінде ол тілдердің
ерекшеліктерін, айырмашылықтары мен сәйсестіктерін бір
жүйеге түсіру мәселесі тұрды. Осылайша тілдерді сипаттау,
ғылыми классификациялау жолындағы ізденіс базасы кейінірек
лингвистикада тілдердің типологиясы деп атала бастады.
Әрбір ғылымның, пәннің зерттейтін нысаны болатыны
сияқты жалпы типологияның да, жеке типологияның да өз
зерттеу обьектілері бар.
Дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ жалпы мәселелер
бар ма? Бар болса, олар қандай мәселелер? Дүние жүзі тілдерінің
бір-бірінен нендей айырмашылықтары бар? Бір тілді екінші
тілден айырып тұратын, сол тілге ғана тән айрықша, төл
ерекшелік бола ма? Міне, типологияның шешуге тиісті өзекті
мәселерінің бірі осылар.
Тілдерді типологиялық жағынан оқып, үйрену бірімен-
бірі байланысты екі аспектіден тұрады:
1.Тілдерді ерекше белгілеріне қарай бір-бірінен айыру.
2.Тілдерді ортақ жүйелілік сипатына қарай біріктіру.
Бірінші аспект тіл білімінде кең көлемде көрініс тапқан
деуге болады. Олай дейтін себебіміз, бұл мәселе оқулық ретінде,
белгілі бір тілдің грамматикасы ретінде жеткілікті зерттелген
нысан.
Екінші аспектінің жүгі ауырлау. Ол тек тілдің ерекшелігін
ғана көрсету емес, оның құрылымын және жүйесін ғылыми
тұрғыдан сипаттау ғана емес, сонымен қатар, сол тілдерге ортақ
ерекше жүйелік заңдылықтарды табу, белгілі бір тілдердің
тілдік механизміне ортақ ерекшеліктер мен сәйкестіктерге
қарай әлгі тілдерді біріктіру болып табылады.
Типологияның дамуының алғашқы сатысында белгілі бір
тілдер арасындағы туыстық қатыныстарды айыра білу талабы
тұрды. Бұл құрылымдық ұқсастықты бір негізден тараған
туыстас тілдердің яғни шығу тегі жағынан жақын тілдердің
95
Лингвистиканың өзекті мәселелері
арасындағы
фонологиялық,
морфологиялық
және
грамматикалық ерекшеліктерді зерттеумен айналысу кезеңі
болды. Тілдердің өзімізге белгілі генетикалық типологиясының
бастамасы осы болатын. Дегенмен, бір-біріне жақын, туыс
тілдерді лингвистикалық талдау тіл білімінің алдына басқа
мәселені қойды. Ол - ареалды типология туралы ұғым.
Ареалды типология тек кейбір мақсат пен міндеттерді
ғана орындады. Себебі жақын және алыс ерекшелігіне қарай,
ареалды типология тілдерді кейде аймақ бойынша, кейде
туыстық жақындығына қарай, кейде географиялық ұстанымға
сәйкес біріктірді.
Лингвистер тілдер арасынан терең ішкі категорияларды
іздей бастады; тілдердің жақындығын ескеріп, лингвистикалық
атлас жасағылары келді. Алайда, сипаттамалы типологияның
бұл кезеңінде тілдерді біріктіру әзірше мүмкін емес еді.
Тілдердің ерекше белгілері, шешілмеген мәселелері бұл
жағдайды көтермеді.
Қазіргі лингвистиканың алдында тілдерді салыстырмалы-
салғастырмалы зерттеу кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені
типология болашақта әртүрлі тілдерді (шамамен 4000 аса тіл
бар) біріктірудің үлкен, керемет картинасын жасап шығуы
керек. Бұл мақсаттың типологиялық лингвистикада бірінші
сапта тұрған себебі - әлем тілдерінің бәрін сипаттап, бір ізге
түсірудің, сондай-ақ, оларды айыру және біріктіру мәселелерінің
практикалық қажеттілігі пісіп жетілгендігі. Қазір тілдік
типология саясаты тіл білімінің басты міндетінің бірі болып
отыр. Тілдерді типологиялық зерттеудің негізгі бағыты - ең
алдымен, тілдік механизмнің ерекше жақтарын анықтау, әрбір
тілдің негізгі коммуникативтік қызметін көрсететін тілдік
бірліктердің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын ашып
көрсету, одан ары әртүрлі тілдердің коммуникативтік
құрылымының жалпы заңдылықтарын көрсету болып табылады.
Әртүрлі тілдердің тілдік материалына сүйенетін қандай
да бір салғастырмалы-типологиялық зерттеу жалпы
типологияның да, жеке типологияның да талаптарына сай келуі
Лингвистиканың өзекті мәселелері
96
ықтимал. Ол салғастырмалы-типологиялық зерттеудің алдына
қойған нақты ғылыми әдісіне және тілді типологиялық
талдаудағы мақсат, міндеттерге байланысты.
Типологияның бұл бағыты жалпы тілдің теориясымен
ұштасып жатады. Себебі екеуінің де мақсаты тілдердің ең
алдымен адамзат әрекетінің атрибуты ретінде қызмет ететіндігін
айқындау. Типологияның бұл бағыты тілдердің универсалды
ерекшеліктеріне сүйенеді, мақсаты белгілі бір тілді сипаттау,
дәлірек айтсақ, жеке ерекшеліктерден жалпы ортақ мәселелерге
қарай сипаттау болып табылады. Тілдердің әртүрлі
ерекшеліктерін біріктіру және тілдерге ортақ универсалийлерді
табу жалпы типологияға тән бірден бір әдіс. Лингвистикалық
типологияда тілдік универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен
салғастырғанда ғана анықтауға болады. Ол универсалийлер
лингвистикалық универсалийлер деп аталады.
Универсалийлер - тілдердің негізгі сипатын ашып бере
алатын көптеген тілдерге тән қасиеттер мен белгілер. Олар
дедуктивті және индуктивті, абсалютті және статистикалық,
синхронды және диахронды, жай және күрделі т.б. болып
бөлінеді. Тілдік универсалийлер: а) егер тілде рай категориясы
болса, онда ашық райдың болуы міндетті; б) тілдегі фонемалар
саны 10-80 фонемадан аспайды; в) егер тілде дауыссыздар
«жуан-жіңішке» болып бөлінсе, онда дауыстылар политонды
болмайды; г) егер тілдегі сөздер бір буынды болса, ондағы
морфемалар саны да біреу, яғни тілге музыкалды екпін тән; д)
егер тілде дауыстылар болса, онда бұл жүйеге тілдің жоғары
көтерілуін қарсы қоюға болады т.б. [1,398].
Сонымен лингвистикалық универсалийлер дегеніміз -
әлемдегі әртүрлі тілдердің барлығына ортақ тілдік ерекшеліктер.
Универсалийлердің мынадай негізгі типтерін көрсетуге болады:
фонологиялық,
грамматикалық,
семантикалық
және
символикалық.
Типология шартты түрде жалпы және жеке типология
болып екіге бөлінеді. Жалпы типология әлемдегі тілдер
арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды тілдің
97
Лингвистиканың өзекті мәселелері
жалпы мәселелеріне байланысты қарастырады.
Әртүрлі генетикалық топқа енетін тілдер арасындағы
жалпы ерекшеліктерді, жалпы өзгерістерді тілдердің деніне
ортақ процестерді осы жалпы типология зерттейді. Мұндай
зерттеу нысанына сондай-ақ, фонологиялық жүйедегі жалпы
мәселелер, фонемалар мен буындарды айрықша белгілеріне
байланысты топтастыру, сөз және сөз тіркесі құрылымындағы
ерекшеліктер, сөздің морфологиялық структурасындағы
типтерді айыру т.б.мәселелер енеді. И.А.Бодуэн де Куртенэнің
сөзімен айтар болсақ: «Тілдерді осылайша салыстыру олардың
фонетика, морфология, сонымен қатар семасиология
салаларындағы ауқымды талдауларға негіз болады» [2,376].
Тілдердің жалпы типологиясын құрғанда (мәселен, туыс
тілдерді типологиялық жағынан зерттегенде, айталық, славян,
роман, герман тілдерін) алдымен олардың жалпы, ортақ
ерекшелігіне баса назар аудара отырып, тілдің типін тұтас жүйе
түрінде суреттеп, оны тілдің барлық қабатында қатал іріктеп
алынған параметрлер бойынша жүйелеп баяндау қажет.
Ал жеке тілдердің типологиясы, керісінше, әр тілдің
өзіндік ерекшелігіне сүйенеді. Бұл жерде де сипаттау
құрылымдық талдау түрінде болады. Мұның өзі екі тілді
салғастырғанда (бинарлы салыстыруда) өте қажет. Зерттеуде әр
тілге әртүрлі жеке-жеке типологиялық сипаттама берілгені
дұрыс. Универсалды және жеке типологияның мәселелерін
шешуде зерттеуші-ғалымдар өз алдарына осындай міндеттер
қойды. (Е.Д.Поливанов, Н.С.Трубецкой, А.А.Реформатский,
Б.А.Серебренников).
А.А.Реформатский былай деп жазады: «Тип языка надо
определять исходя из его грамматического строя, наиболее
устойчивого и тем типизирующего. Необходимо включать в эту
характеристику и фонологическую структуру языка о чем писал
В.Гумбольдт, но не мог осуществить, так как не было фонологии»
[3,85].
Дүние жүзіндегі тілдер құрылысы жағынан алуан түрлі.
Солай бола тұрса да, олардың бәріне бірдей тән ортақ қасиеттері,
Лингвистиканың өзекті мәселелері
98
ортақ заңдылықтары болады. Мәселен, тіл атаулының бәрі
қатынас құралы қызметін атқарады. Бұл – дүние жүзіндегі
барлық тілдер атқаратын қызметі жағынан ұқсастығының
айғағы. Тілдердің бәрінде де дыбыс, сөз, грамматикалық форма,
сөйлем дегендер болады. Бұл – дүние жүзі тілдерінің тілдік
элементтері жағынан біркелкі болатындығының дәлелі.
Тіл атаулының бәрі заман өткен сайын өзгеріске ұшырап,
дамып отырады. Бұл да тілдердің барлығына тән, ортақ қасиет.
Айта берсек, барша тілдерге ортақ мұндай қасиет мол. Олай
болса, лингвистикалық типология тіл атаулының барлығына
тән осындай ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды тілдік
универсалийлерді сөз етіп, қарастырады. Лингвистикалық
типологияда тілдік универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен
салыстырғанда ғана анықтауға болады. Олай болса, ол
универсалийлерді лингвистикалық универсалийлер деп
атаймыз.
Бұдан жалпы типология өз зерттеу нысанын өзгертіп,
яғни тек туыс тілдерді ғана емес, сондай-ақ, құрылымы әртүрлі
тілдерді де қарастырып, зерттеу материалын кеңейте отырып,
жалпы тілдік мәселелерді шешуде ерекше рөл атқаратынын
көреміз.
Жеке типологияның қарастыратын мәселесі жалпы
типологияға қарағанда тарлау (шектеулі). Бұл бір тілді немесе
белгілі бір тілдер тобын ғана типологиялық жағынан зерттеу.
Генетикалық жағынан туыс тілдерді қарастыратын
салыстырмалы-тарихи тіл білімінен бұл зерттеудің
айырмашылығы жеке типология жалпы типология іспеттес бір
негізден тараған туыстас тілдерді ғана емес, сонымен бірге, әр
басқа негізден тараған тілдерді де қоса зерттейді. Бұл жерде
басты көңіл аударатын мәселе, туыс тілдерді салыстырғандағыдай
материалдық форманың ортақтығы емес, туыстығы алыс тілдер
арасындағы
семантикалық
жақындық,
белгілі
бір
морфемалардың функцияларының ортақтығы болып табылады.
Мысалы, құрылымы әртүрлі тілдердегі өздік есімдіктер жүйесі
немесе морфемалардың суффиксальдық жүйесі жеке
99
Лингвистиканың өзекті мәселелері
типологияның зерттеу нысаны болуы мүмкін.
Алдына қойған нақты мақсат-міндеттерге байланысты
жеке типология белгілі тілдер мен тілдік топтардың құрылымын,
сонымен қатар, жеке тілдер жағдайының тарихи өзгерістерін
оқып, зерттейтін тарихи, диахрондық типологияны біріктіреді.
Мысалы, жеке типология тілдердің синтетикалық типтен
аналитикалық типке өтуін де, тіл тарихындағы белгілі бір сөз
табының өткені мен бүгінгі сипатын көрсететін грамматикалық
категориялардың өзгерісін де қарастырады.
Лингвистикада салыстырылатын материал жөнінде
мынадай екі пікір бар: 1.бүкіл тіл жүйесі бойынша салыстыру.
2.аспект бойынша салыстыру. Аспект бойынша салыстыру тіл
жүйесінің (фонетика, грамматика, лексика сияқты) белгілі бір
жағын ғана қарастырады, мысалы, тек категориясы, септіктер
жүйесі, сөз таптарының жүйесі т.б. Бүкіл жүйе типологиясы
тілдерді салыстыра отырып, олардың типін басым белгілерінің
ортақтығына қарай белгілейді; тілдердің типін өзара
байланысты
тіл
бірліктері
мен
құбылыстарының
ерекшеліктерінің негізінде анықтайды. Мәселен, Ч.Е. Базел
тілдердің типін зерттеу тілдің белгілі бір аспектісіне бағытталуы
тиіс екендігін, сонан соң олардың негізінде екі не бірнеше тілді
салыстыруға болатынын айтады [4,12].
Ал бүкіл тіл жүйесі бойынша салыстыру тіл құрылымының
кейбір аспектілерінің (мысалы, сөз тіркесінің құрылысы, сөздің
морфологиялық және мағыналық жағындағы өзара байланысы)
бір-біріне тәуелділігінен шығады. Осындай жағдайларға
сүйеніп, тіл ғалымдары бір тілдің ерекшелігін ашуға тырысады.
Қандай да болмасын екі тілді (тегі басқа, тектес, т.б) салыстыруда
универсалды, жалпы, типті және дербес белгілерді табуға
болады.
Профессор Э.Д.Сүлейменова құрылымы әртүрлі тілдерді
лингвистикалық тұрғыдан сипаттағанда мына мәселелердің
ескерілуін айтады: а) екі тілге ортақ жалпы (универсалды)
терминдер мен ұғымдар және категориялардың болуы шарт; б)
әртүрлі тілдік фактілерді бағамдаған кезде ортақ әдістер мен
Лингвистиканың өзекті мәселелері
100
айырым белгілердің (критерийлер) пайдалануы шарт.
Контрастивті лингвистикада қолданылатын терминдер,
екі тілде бірдей қолданылуы міндетті. Әйтсе де, әрбір термин
тілдегі жалпы белгілерді біріктірумен қатар, әр тілдің өзіне ғана
тиесілі ерекшелікті білдіретін белгілерді қоса көрсетеді. Осы
шарттар орындалған кезде ғана тілдерді салғастыру мүмкіндігі
туады [5, 33].
З.Қ. Ахметжанова құрылымы әртүрлі тілдерді салғас-
тыруда алты ұстанымды негізге алуды ұсынады: 1) семантикаға
сүйену принципі; 2) тілдер функционалдық тұрғыдан
салғастырылуы тиіс; 3) салғастырмалы зерттеулерде тілдік
бірліктердің парадигматикалық және синтакматикалық
қатынастарының ара салмағы есепке алынуы қажет; 4) міндетті
түрде ұғым мен терминдерді сәйкестіру керек; 5) салғастырмалы
функционалды-семантикалық зерттеулерде тілдік тәсілдердің
семантикалық және құрылымдық функцияларын (қызметтерін)
анық айыра білу керек; 6) тілдің құрылымын анықтау үшін
қандай да бір ұғымдық концептке сүйенген және қандай да бір
семантикалық қызмет (функция) атқаратын грамматикалық
категорияларды да, тілдің механизмінің бөлшегі туралы хабар
беретін формалды класстарын да жақсы білген абзал [6,58].
У.К.Юсупов контрастивті зерттеудің он төрт ұстанымын
негіздейді. Ол салғастырудың жан-жақты болуына көңіл
аударады да, ұстанымдар ауқымын тым жіктеп жіберген.
Мысалы, жеңілдік ұстанымы (принцип простоты) -
«сопоставительное описание должно быть предельно простым
ипонятным как для преподавателей, так и для студентов»,
қысқарту ұстанымы (принцип сокращения) - «...
лингводидактических целях межязыковому сравнению
подвегаются языковые явления неродного языка, вкюченные в
программы и минимумы» [7,10]. Бұл ұстанымдар белгілі бір
жағдайда ғана қажет болуы мүмкін, ал негізінде олардың
ұстанылуы салғастырмалы типологияның бір жағынан
жадағайландырып, екінші жағынан тарылтып жібереді [8,86].
Универсалды типология жеке тілдер типологиясынан
101
Лингвистиканың өзекті мәселелері
бөлек тұрған нәрсе емес. Ол сол жеке тілдер типологиясының
тұжырымдарына негізделеді. Басқаша айтқанда, жеке тілдерді
зерттеуден туған қорытындылар жалпы типологияға материал
болады. Ал тіл білімінің жеке тілдерді зерттейтін саласы өз
зерттеулерінде универсалды типология жасаған тұжырымдарға
сүйенеді, соларды басшылыққа алады. Бұл - тілдің универсалды
типологиясы тілдің жеке типологиясымен тығыз байланысты
деген сөз.
М.Т.Сабитова өзінің «қазақ және неміс тілдерінің
салғастырмалы фразеологиясының қалыптасуы» деген
мақаласында
А.Д.Рахштейн
[9,96]
лингвистикалық
салғастырмалы талдаудың қиындығы мен аздығын көрсете
отырып, тілдердің түрлі топтарына және салғастырудың кез
келген деңгейінде қолдануға болатын кейбір ұстанымдарды
анықтады деп, оларды жіктеп көрсетеді [10,69].
1.Жеке тілдерді зерттеу салыстыра, тұтастай және
кезеңмен жүргізілуі тиіс, жеке тілді зерттеу тіларалық зерттеуден
бұрын басталады;
2.Ұқсастықтар мен айырмашылықтарға салғастырмалы
талдау – салғастыру бірліктері арасындағы обьективті
ұқсастыққа негізделеді;
3.Тілдегі бірліктерді салғастыру және тілдерді зерттеудің
біртұтас теориясы негізінде жүргізілуі тиіс. Біртұтас ұғым –
терминологиялық аппарат көмегі арқылы жүзеге асады;
4.Бір жақты немесе екі жақты салғастыру; оның
нәтижелерінің салғастыру барысы, мазмұны біржақты (А
тілінің ерекшелігін Б тілінің ерекшелігіне қатысты зерттеу
немесе керісінше), немесе екі жақты (А және Б тілдерін қатар
талдау) болуы мүмкін.
5.Салғастырмалы талдау тілдік формадан мазмұнға
(семассиологиялық жол) немесе мазмұнын оның айтылым
тәсіліне қарай (ономасиологиялық жол) бағытталады.
Салғастыра зерттеуде осы екі жол өзара үйлесіп тұрады.
6.Салғастыра зерттеу синхронды-салғастыру немесе
диахронды- салғастыру болуы мүмкін.
Лингвистиканың өзекті мәселелері
102
7.Салғастырмалы талдаудың көздері: салғастырылушы
тілдің түпнұсқа материалдары.
Құрылымы әртүрлі тілдерді типологиялық зерттеуде жеке
тілдің типологиясы болсын, жалпы типологияда болсын
жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тигізер пайдасы орасан.
Типология зерттеу нысанына қарай жеке және жалпы
типология сабақтастығына құрылғанын ескерсек, жалпы мен
жалқының байланысы қазіргі зерттеулердің өзегіне айналып
отыр. Жеке типология – бір тілдің құрылымдық ерекшеліктерін,
жүйелік нормаларын сипаттай отырып, бір немесе бірнеше
халықтар үшін маңыздылығын анықтауға бағытталса, жалпы
типология – барлық тілдерге ортақ болатын қалыптасу, даму
ұстанымдарын сұрыптауға негізделеді. Жеке типологияның
дамуы арқылы, салғастырмалы-типологиялық зерттеулер
негізінде қалыптасқан жалпы типологиялық мәселелер тілдерге
тән толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды
құбылыстардың табиғатын, себеп-салдарын ашуды мақсат
етеді. Соның нәтижесінде лингвистикалық әр деңгейдің өз даму
принциптерін сұрыптауға болатын ұстанымдар желісі
анықталып, жалпы ереже – «тіл атаулының барлығына ортақ
жалпы заң», жалқы ережелер - әрбір тілдің өзіндік даму
ерекшеліктерін сипаттайтын нормалар болып есептеледі. Екі
бағыттың да типологиялық тіл білімі үшін маңызы зор. Өйткені
кез келген тілдің «қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам
баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтармен» қатар
«нақтылы бір тілдің өзіне тән, оны басқа тілдерден бөліп қарауға
мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу қажеттігі» орын
алады. Сондықтан бүгінгі күні жеке тілдік фактілерді жалпы тіл
табиғаты негізінде талдау қажеттігі сол байланыстың уәжді
жалғасы болып табылады.
Сондықтан генетикалық жақтан бір-бірінен алыс тілдерді
типологиялық жағынан салғастырғанымызда, жоғарыда
көрсетілген ұстанымдардың барлығын дерлік пайдалан абзал.
Өз тарапымыздан құрылымы әртүрлі тілдерді
салғастырғанда мына ұстанымдарды назарда ұстағанды жөн
санаймыз:
103
Лингвистиканың өзекті мәселелері
1.
Достарыңызбен бөлісу: |