2. Бұл ауру зерттеу үшін тағы қандай диагностикалық әдістер қолданылады? Олардың біреуін сипаттаңыз.
Туберкулезге микробиологиялық диагноз қоюдың негізгі немесе міндетті әдістеріне бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеулер, биосынама және де туберкулинодиагно-стика жатады. Зерттеу үшін алынатын заттар: қақырық, бронхылардың және асқазанның шайынды сулары, плевралық және цереброспиналдық сұйықтықтар, несеп, менструалдық қан, асептикалық сұйықтық және операция барысында немесе биопсия кезінде зерттеуге алынған тін
және ағза бөлшектері. Көбінесе қақырықты зерттейді. Патологиялық материалдарда туберкулез қоздырғышын табу инфекциялық процестің белсенді екенін тура дәлелдеу болып табылады.
Бактериоскопиялық зерттеудің мәнісі — зерттеу заттарынан жағынды дайындап, Циль-Нильсен әдісімен бояп бірнеше рет микроскопта қарау.Егер де 1 мл қақырықта 100 000-нан кем емес бактериялық жасушалар болса, препаратта жекеленген (шашыраған) микроорганизмдерді көруге болады. Нәтиже теріс болған жағдайда материалды байыту әдістері(гомогенизациялық және флотациялық) қолданылады. Сезімталдығы жоғары люменисцентті микроскопиялау әдісі кең қолданысқа ие болды, микобактериялар липидтерінің люминисцентті бояғыштарды сіңіріп, УК-сәулемен әсер еткенде жарқырау қабілеттілігіне негізделген.Бактероскопиялық зерттеу, болжамдау әдісіне жатады, өйткені микобактериялардың түрін ажыратуға мүмкіндік бермейді, сондықтан диагноз қоюдың басқа әдістерімен бірге жүргізу керек.Бактериологиялық зерттеу бактероскопиялыққа қарағанда едәуір сезімтал әдіс. Бұл әдіс зерттелетін затта небәрі оншакты тірі микроорганизмдер болса, туберкулез қоздырғышын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлініп алынған микобактериялардың таза дақылының түрін анықтаумен қатар, міндетті түрде микобактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. Бұл әдістің кемшілігі — ұзақ уақытты(3-8 апта) кажет етеді.Бактериологиялық диагноз қоюдың жылдамдатылған әдістері ретінде микродақылдық әдіс (Прайс әдісі) және микробактериялардың көбеюі кезінде жинақталатын СО, немесе бактериялар пайдаланылатын О, азаюын радиометриялық немесе флюорометриялық анықтауға негізделген,толық автоматтандырылған әдістер қолданылады. Осындай тәсілдерді антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін де пайдаланады.
Биологиялық сынама (биопроба) зерттелетін затта 1-5 микроб жасушасын табуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс бір рет алынатын материалды (операция кезінде алынған тіндер мен ағзалар бөлшектері,биоскопиялық материал) зерттеу кезінде маңызды. Ол қоздырғыш түрін
және патогенді, шартты-патогенді микобактериялардың вируленттілігін анықтауда негізгі дифференциалды-диагностикалық тест болып табылады. Тері-аллергиялық сынаманың көмегімен, яғни, туберкулинмен диагноз қою туберкулез қоздырғышы жұққанда немесе БЦЖ еккенде макроорганизмнің жоғарғы сезімталдығын анықтауға негізделген.Осындай сынама негізінде жоғарғы сезімталдықтың IV типтік реакциясы болып табылады, ол организмнің инфекцияланғанын көрсетеді.Туберкулин — Туберкулез микобактериясы дақылдарының автоклавта өңделген фильтраты. Қазіргі кезде Ресейде туберкулиннің келесі түрлері шығарылады: ППД-Л (Линникованың тазартылған туберкулині), терібетіне, тері ішіне және тері астына енгізу үшін қолданылатын құрғақ тазартылған туберкулин (ұнтақ тәрізді препарат, ол арнайы еріткішпен сұйылтылады).ППД-Л-дің 2 туберкулиндік бірлігімен (ТБ) қойылатын теріішілік Манту сынамасымен балалар мен жасөспірімдерде туберкулездиагнозын қоюдың жетекші әдісі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің біріншілік инфекцияланғанын уақытылы анықтау мақсатында және де қайталап егуге (ревакцинаця) инфицирленбегенін іріктеп алу үшін тұрғындардың арасында жаппай тексеру кезінде пайдаланылады. Оң нәтижелі сынама ауырып тұрғанын емес, инфекция жұққанын көрсетеді.Туберкулиндік ракцияның интенсивтілігі организмнің спецификалық сенсибилизациялану дәрежесімен, оның реактивтілігімен анықталады.Туберкулез және микобактериоздар диагнозын қоюда молекулалықтермен ДНҚ гибридизациялау әдісі кең қолданыла бастады. генетикалық зерттеу әдістері, соның ішінде ПТР жәнее Микробтық чип-және ИФТ тест-жүйесімен туберкулез микобактерияларының антигендеріне тиісті антиденелерді анықтау жатады. Олар туберкулездік процесс белсенділігінің дәрежесін анықтауға, емдеу тиімділігін бағалауға және иммундыкоррекция жүргізуде мәселені шешуге мүмкіндік береді.Туберкулезге экспресс-диагноз қою ИФР қолдануға және де лазерлік флюоресценция әдісіне негізделген. Бактериоскопиялық әдісті және ПТР кешенді пайдалану жаңа бағыт болып табылады.
Бактериоскопиялық әдіспен және ПТР-менон нәтижелі жауап алутубер- кулез диагнозын қоюға және классикалық схемамен туберкулезге қарсы препараттармен жедел емді тағайындауға мүмкіндік береді. Жағындыда қышқылға төзімді микобактериялар табылса, бірақ ПТР теріс нәтижелі болса туберкулез қоздырғышын жоқ деуге мүмкіндік береді және туберкулездік емес микобактерияларға белсенді әсер ететін препараттарды тағайындауға болады. Басқа жағдайларда бактериоскопиялық зерттеудің нәтижесін күту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |