Естественнонаучного цикла методическое пособие


Өлшемдері   Жобалардың түрлері



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата03.03.2017
өлшемі2,27 Mb.
#5566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өлшемдері  
Жобалардың түрлері  
Мазмұны  
Экологиялық, 
физикалық-географиялық, 
әлеуметтік-
экономикалық, кешенді, өлкетанулық, тарихи, мәдени 
Кіріктірілу дәрежесі  
Бірпәндік (нақты бір пәннің материалында). 
Пәнаралық  (тақырыптары  байланысты  бірнеше  пәндердің 
мазмұнын есепке алатын). 
Пән мазмұнынан тыс (мектеп бағдарламасының мазмұнына 
кірмейтін деректер негізінде орындалатын). 
Жобаның орындалу мерзімі   Шағын жоба (бір сабақ көлемінде, бір апта немесе бірнеше 
апта көлемінде). 
Орта ұзақтықты (бір ай, бірнеше ай көлемінде). 
Ұзақ мерзімді (жыл бойы). 
Жобаға 
қатысушылардың 
саны  
Жеке, жұптық, топтық. 
Іс-әрекеттердің тәсілдері  
Танымдық,  шығармашылық,  тәжірибеге  бағытталған, 
зерттеушілік 
Оқыту құралдарын қолдану   Оқытудың  дәстүрлі  құралдары  (баспа  материалдар,  көрнекі 
және техникалық құралдар). 
Ақпараттық  және  коммуникативтік  (компьютерлік,  аудио 
және бейне құралдар). 
Жобалық  тапсырмалардың 
тақырыптық 
жоспарға 
енгізілуі  
Ағымдағы  (мазмұнның  бір  бөлігі  жобалық  іс-әрекеттің 
ішінде болады). 
Қорытынды  (жобаны  орындаудың  нәтижесі  бойынша 
оқушылардың нақты оқу материалын меңгеруі бағаланады). 
 
Жобалық әдіспен жұмыс істеу – бұл мұғалімнен жоғары біліктілікті талап 
ететін,  күрделілік  деңгейі  жоғары  педагогикалық  қызмет,  сонымен  қатар 
жобалық жұмыстарға қойылатын талаптар да ерекше болады, мысалы:  
– 
әлеуметтік  маңызы  бар  проблема  табуы  тиіс  –  бұл  ұйымдастыруы 
неғұрлым  қиын  және  мұғалім  мен  оқушылардың  бірігіп  шешімін  табуы  тиіс 
міндет;  
– 
әр жобалық жұмыс оқушыдан зерттеушілік іс-әрекетті талап етеді;  
– 
мұғалім  мен  оқушы  орындалатын  жобаның  түрін  нақты  анықтаулары 
тиіс;  
– 
жобаның  мақсатын,  нәтижесін,  істелетін  іс-әрекет  түрлерін  алдын-ала 
анықтап алулары тиіс.  
Жобалық  жұмыстарды  түрлеріне,  мақсаттарына,  жобаны  орындаудан 
күтілетін  нәтижеге,  жобалық  тапсырманы  орындау  барысында  оқушының 
орындайтын іс-әрекетіне байланысты келесідей жіктелуге болады (4-кесте).  
 
4-
кесте – Жобалық жұмыстардың түрлеріне байланысты жіктелуі  
Жобаның түрі 
Жобаның 
мақсаты 
Жобаның 
нәтижесі 
Оқушының іс-
әрекеті 
Қалыптасатын 
құзіреттілік 





Тәжірибеге 
бағытталған  
Жобаға 
тапсырыс 
берушінің  
Оқу 
құралдары, 
макеттер мен  
Нақты 
пән 
саласындағы 
практикалық  
Әрекеттік  
10 

4-
кестенің жалғасы  





 
тәжірибелік 
міндеттерін 
шешу  
үлгілер, 
ұсыныстар, 
жаднамалар  
іс-әрекет  
 
Зерттеушілік 
жоба  
Белгілі 
бір 
болжамды 
дәлелдеу  немесе 
теріске шығару  
Қабылданған 
тәсілмен 
зерттеу 
нәтижесін 
рәсімдеу 
Эксперимент 
жасаумен,  ойлау 
операцияларымен 
байланысты  іс-
әрекеттер 
Ойлау  
Ақпараттық 
жоба 
Нақты бір нысан 
немесе  құбылыс 
туралы  ақпарат 
жинақтау 
Қоғамның  ой-
пікірі  туралы 
сауалнаманың 
статистикалық 
деректерінің 
нәтижесі, 
нақты 
сұрақ 
бойынша 
әртүрлі 
авторлардың  
айтқан  пікірін 
қорытындылау  
Әр  түрлі  ақпарат 
көздерінен 
жинақталған 
ақпаратты 
жинақтауға, 
саралауға, 
тексеруге 
байланысты 
жұмыс;  ақпарат 
көзі 
ретінде 
әртүрлі 
мамандық 
иелерімен 
сұхбаттасу 
Ақпараттық 
Шығармашылық 
жоба 
Жобаның 
проблемасына 
көпшілік 
қызығушылығын 
туындату 
Әдеби 
шығармалар, 
бейнелеу  және 
сәндік-
қолданбалы 
өнердің 
шығармалары, 
бейнефильмдер 
Көпшіліктен  кері 
байланыс  алумен 
байланысты 
шығармашылық 
іс-әрекет 
Коммуникативтік 
Ойын 
немесе 
рөлдік жоба 
Жоба 
проблемасын 
шешу  бойынша 
тәжірибені 
көпшілікке 
көрсету  
 
Іс-шара 
(
ойын,  сайыс, 
викторина, 
экскурсия және 
т.б.)  
Топтық 
коммуникативтік 
дағдылармен 
байланысты  іс-
әрекеттер 
Коммуникативтік  
 
 
Жобалық  тапсырмалар  бойынша  орындалатын  жұмыстар  қандай  да  бір 
проблеманың  шешу  жолдарын,  тәсілдерін,  орындалатын  жұмыстың  нақты 
жоспарын құруды, кезеңдерін анықтауды, сол проблеманы шешу туралы пікір 
мен болжамның болуын, жобаға қатысушылардың арасында жұмыс түрлерінің 
бөлінуін,  яғни  топ  мүшелерінің  өзара  тығыз  байланыста  болуын  қажет  етеді. 
Жобалық  жұмыстың  кезеңдері,  сол  кезеңдерде  орындалауы  тиіс  жұмыстың 
мазмұны, оқушы және мұғалімнің іс-әрекетінің түрлерін келесі кестеден көруге 
болады (5-кесте).  
 
11 

5-
кесте – Жоба жұмысының орындалу реті  
 
Жобаның  
Кезеңдері  
Жұмыстың мазмұны  
Оқушылардың  
іс-әрекеті  
Мұғалімнің  
іс-әрекеті  




Дайындық 
Жобаның 
тақырыбын 
және 
мақсатын анықтау. 
Жұмыс тобын құру 
Жоба  тақырыбын 
мұғаліммен 
талқылайды. 
Қажетті 
ақпарат 
алады. 
Жобаның 
мақсатын 
анықтайды 
Жобалық 
әдістің 
мәнін таныстырады. 
Оқушылардың 
қызығушылығын 
оятады. 
Жобаның  мақсатын 
анықтауға 
көмектеседі. 
Оқушылардың 
жұмысын 
бақылайды  
Жоспарлау 
Қажетті 
ақпарат 
көздерін 
анықтау. 
Ақпаратты жинақтау және талдау 
тәсілдерін анықтау. 
Нәтижені  көрсету  тәсілдерін 
анықтау (жобаның формасы). 
Жоба  нәтижесін  бағалаудың 
тәртібін 
және 
өлшемдерін 
белгілеу. 
Топ  мүшелерінің  орындайтын 
жұмыстарын 
(міндеттерін) 
белгілеу  
 
Жобаның  мақсат-
міндеттерін 
құрастырады. 
Іс-әрекет 
жоспарын 
әзірлейді. 
Жобалық 
іс-
әрекеттің  жетістік 
өзіндік 
критерийлерін 
таңдайды 
және 
негіздейді 
Пікірлер ұсынады. 
Болжам жасайды. 
Оқушылардың 
жұмысын 
бақылайды 
Зерттеу 
Ақпарат 
жинақтау 
және 
нақтылау 
(негізгі 
құралдар: 
сұхбат,  сауалнама,  бақылау, 
эксперимент және т.б.). 
Анықтау  («ой  қозғау»  және 
жобаны  орындау  барысында 
пайда 
болған 
балама 
жағдайларды талқылау). 
Жоба 
барысының 
мүмкін 
нұсқаларын таңдау. 
Жобаның  зерттеу  мақсаттарын 
кезең-кезеңмен орындау  
 
Жобаның 
мақсаттарын 
кезең-кезеңмен 
орындайды 
Оқушылардың  іс-
әрекеттерін сырттай 
басқарады, 
кеңес 
береді, бақылайды 
Қорытын 
дылау 
Ақпаратты талдау. 
Қорытынды тұжырымдау 
Ақпараттарға 
талдау  жасайды. 
Жоба 
бойынша 
жұмыс жүргізеді. 
Зерттеу 
жұмыстарын 
орындайды. 
Жобаны 
рәсімдейді.  
 
Бақылайды. 
Кеңес 
береді 
(оқушылардың 
сұрауы бойынша) 
12 

5-
кестенің жалғасы  




Жобаны 
қорғау  және 
оның 
нәтижелерін 
бағалау 
Алынған  нәтижелерді  түсіндіре 
отырып, 
жобаның 
барысы 
туралы есеп әзірлеу. 
Жобаның 
орындалуын, 
нәтижесін 
(жетістіктер 
мен 
сәтсіздіктер)  және  себептерін 
талдау 
Жобаны ұсынады. 
Оның 
ұжымдық 
талдауына 
және 
баға 
беруіне 
қатысады 
Қатардағы 
қатысушы  ретінде 
мақсатқа 
сәйкес 
сұрақтар 
қояды, 
тыңдайды. 
Қажет 
болған 
жағдайда 
талдау 
үдерісін 
бағыттайды. 
Оқушылардың 
жұмысын,  есептің 
сапасын, 
креативтілігін, 
қолданылған 
дереккөздердің 
сапасын,  жобаның 
жалғастырылу 
әлеуетін бағалайды 
 
Оқушылардың  жобалық  жұмыстарының  нәтижесі  баяндама,  реферат, 
шығарма, плакат және т.б. түрде рәсімделуі мүмкін. Жобаны қорғау сатысында 
оқушылар  өз  жобаларын  көрсетіп,  тыңдаушылардың  сұрақтарына  жауап 
берулері  тиіс.  Оқушылар  пікірталас  жүргізуге,  жұмыстарын  қорғауға, 
жобаларының  басым  жақтарын  көрсетуге,  өз  көзқарастарын  сақтап  қалуға, 
басқа адамдардың пікірлерін тыңдауға және қорытынды шығаруға үйренеді. Өз 
жұмыстарын қорғау барысында оқушылар шығармашылық қабілеттерін жүзеге 
асыру, нақты мақсат бойынша жұмыс істей отырып білімдерін тереңдету, яғни 
мектеп бағдарламасында қамтылмаған тақырыптарды зерделеу мүмкіндігіне ие 
болады.  Жобалық  тапсырманы  қорытындылау  барысындағы  шығармашылық 
үдеріс  оқу  материалына  жаңаша  қарауға,  өз  білімін  жүйеге  келтіруге  жағдай 
жасайды.  Жобаны  қорғау  ойын,  дөңгелек  үстел,  пресс-конференция  т.б. 
түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін.  
Жобаны  қорғау  үдерісі  –  мектеп  оқушыларының  коммуникативтік 
біліктерін  дамытуға  қажетті  әдіс.  Соңғы  кездері  компьютердің  көмегімен 
презентация жасау жиі қолданылатын болып жүр. Презентация жасау арқылы 
оқушылар  заманауи  технологияларды  қолдану  дағдыларын  дамыта  отырып, 
жұмыс  барысында  қолданған  әдіс-тәсілдерді,  ақпарат  көздерін  сипаттайды, 
кездескен қиындықтар мен проблемалар туралы баяндайды. Өздіктерінен алған 
білімдерін, біліктерін, шығармашылық әлеуеттерін, іс-әрекеттерінің нәтижесін 
көрсетеді.  Жобаны  қорғау  барысындағы  оқушының  сөзі  қысқа  және  еркін 
болуы  тиіс.  Бұл  кезеңде  жобалық  жұмысты  одан  әрі  жалғастыру  келешегіне 
назар аударуды да ұмытпау қажет.  
Оқытудың  жобалық  әдісі  нысан,  құбылыс,  іс-әрекет  тәсілі  туралы  жаңа 
білім  «қалыптастыруға»  бағытталғандықтан,  мұғалімнің  сабақ  барысында 
атқаратын  рөлі  де  өзгеруі  тиіс.  Мұғалім  оқушылардың  іс-әрекетін  жобалау 
13 

технологиясын меңгеруі, «тәуелсіз кеңесші» рөлін атқаруы тиіс.  
Қорытындылай  келе  жаратылыстану  циклы  пәндерінде  жобалық  іс-
әрекетті қолданудың нәтижесінде:  
1.
 
 
«Мұғалім – оқушы» арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгереді:  
– 
оқушы өз іс-әрекетінің мақсатын анықтайды – мұғалім оған көмектеседі;  
– 
оқушы өзіне жаңа білім ашады – мұғалім білім көздерін ұсынады;  
– 
оқушы эксперимент жүргізеді – мұғалім эксперименттің мүмкін түрлерін 
және әдістерін ашады, танымдық-еңбек әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі;  
– 
оқушы  таңдайды  –  мұғалім  таңдаудың  нәтижелерін  болжауға 
көмектеседі;  
– 
оқушы  белсенді  –  мұғалім  оқушының  белсенділігін  арттыруға  жағдай 
жасайды;  
– 
оқушы оқыту субъектісі – мұғалім әріптес;  
– 
оқушы өз іс-әрекеттерінің нәтижесі үшін жауап береді – мұғалім алынған 
нәтижені  бағалауға  және  іс-әрекетті  жетілдіру  тәсілдерін  анықтауға 
көмектеседі.  
2.
 
Мұғалім әр түрлі дидактикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндігіне ие.  
3.
 
Жұмыстың  орындалу  шегіне  қарай  оқушының  пәнге  қызығушылығы 
артады.  
4.
 
Жобалық жұмыстар балалардың достығын нығайтады, тіл тапқыштық 
қабілеттерін,  топта  жұмыс  істеу  біліктерін  және  ортақ  жұмыс  үшін 
жауапкершіліктерін дамытады.  
5.
 
Жобалық  жұмыс  өз  және  достарының  тәжірибесі  арқылы  оқуға 
мүмкіндік береді.  
6.
 
Өз жұмысының нәтижесін көру оқушыларға үлкен қанағаттану және өз 
күшіне сену сезімін әкеледі, сондай-ақ өзін-өзі бағалауын жоғарылатады.  
7.
 
Көпшілік жағдайда іс-әрекет нәтижесі презентация түрінде ұсынылады, 
бұл  оқушылардың  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттіліктерін  арттыруға 
мүмкіндік береді [4].  
 
 
 
 
 
14 

2 Жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар  
 
Мектеп  оқушылары  жобалық  әдісті,  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  қолданумен  өткізілген  сабақтарды  қызығушылықпен, 
жаңалық  күтумен  қарсы  алады.  Педагогикалық  практикаға  жобалық  іс-әрекет 
әдісін  енгізу  барысында  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  көңіл  аудара  отырып, 
келесідей мақсаттарды көздеу қажет:  

 
 
оқу үдерісін белсендендіру;  

 
 
оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылықтарын қалыптастыру;  

 
 
көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;  

 
 
жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға бағыттау;  

 
 
дарынды оқушыларды анықтау;  

 
 
мектептің ғылыми және әдістемелік жұмысының деңгейін жоғарылату.  
 
Мұғалім  аталған  мақсаттарға  қол  жеткізу,  оны  шешу  шығармашылықты 
және  заманауи  әдістер  мен  технологияларды  қолдану  арқылы  ғана  қол 
жеткізуге  болатынын  ұмытпауы  тиіс.  Сол  тәсілдердің  бірі  жобалық 
тапсырмалар,  олардың  оқушылардың  бойында  келесідей  маңызды 
құзыреттіліктерді дамыту мүмкіндігі бар:  

 
 
жалпы ғылыми;  

 
 
ақпараттық;  

 
 
танымдық;  

 
 
коммуникативтік;  

 
 
бағалы-мағыналық;  

 
 
әлеуметтік.  
 
Оқушылардың  құзыреттіліктерін  дамытумен  қатар,  сабақты  қандай 
формада  өтсе  де,  сабақ  оқушылардың  денсаулығын  сақтау  бағытын  ұстануы 
қажет.  Денсаулық  сақтау  сабағы  әр  оқушының  тұлғалық  және  жеке 
ерекшеліктерін  ескерумен  жоспарлануы  тиіс.  Мұғалім  нерв  жүйесінің  түрін, 
ақпаратты  қабылдау  мүмкіндіктерін  есепке  алуға  міндетті.  Кез  келген  пәннен 
сабақты  жоспарлаудың  кешенді  тәсілі  ғана  мектеп  оқушыларының 
денсаулығын сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді.  
Жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  жобалық  тапсырмалар  жеке 
пәндік тақырыпта да, бірнеше пәнді қамтитын кіріктірілген болуы да мүмкін.  
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің бірі география – өзінің құрылымында: 
этнография,  биология,  экология,  тарих,  медицина,  экономика,  саясат, 
астрономия сияқты көптеген ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысып жатқан 
көпқырлы  ғылым.  Сондықтан  да  «География»  пәні  бойынша  жобалық 
тапсырмалар таңдау ауқымы өте кең болып табылады. Пән бойынша жобалық 
жұмыстардың  түрлерін  адам  қызметінің  саласына  байланысты  бөлуге  болады 
(6-
кесте).  
 
 
15 

6-
кесте  –  Адам  қызметінің  саласына  байланысты  «География»  пәні  бойынша 
жобалық жұмыстардың түрлері  
 
Адам қызметінің 
саласы  
География пәні бойынша 
жобалық жұмыстар  
Жоба атауларының үлгілері  
Ғылыми-
танымдық 
Географиялық 
проблемаларды 
зерделеу, 
географияның 
тарихи-
мәдени, 
әлеуметтік, 
экологиялық аспектілері 

 
Аймақтың 
экологиялық 
проблемалары. 

 
Аймақта  өмір  сүретін  ұлттардың 
салт-дәстүрлері. 

 
Аймақ  көлемінде  көліктің  даму 
тарихы. 

 
Аймақтың әлеуметтік жағдайы. 

 
Қазақстанның  қай  аймағында  өмір 
сүргің келер еді? 
Коммуникативтік  Компьютердің 
көмегімен 
ақпарат 
беру, 
байланыс 
жасау 
проблемаларын 
шешуге 
бағытталған 
оқушылардың 
коммуникативтік 
қажеттіліктерін 
қамтиды 
және  өзін-өзі  танытуына 
жағдай  жасайтын  тұлғалық-
коммуникативтік  біліктерін 
дамыту 

 
Қазақстанда 
болуы 
мүмкін 
мегалополистерді жобалау. 

 
Елді 
мекендер 
арасын 
жалғастыратын 
көліктік 
магистральдарды жобалау. 

 
«Болашақтың қаласы» жобасы. 

 
География 
сабақтарында 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  қолдану 
арқылы 
презентация әзірлеу 
Тәжірибелік-
қайтақұрушылық 
Картографиялық  модельдер, 
графикалық  сызбанұсқалар 
құрастыру, 
бақылаулар, 
жергілікті 
жерде 
эксперименттік 
өлшеу 
жұмыстарын жүргізу 

 
Жергілікті  жерде  көз  мөлшерімен 
кескіндеу. 

 
Полярлық кескіндеу. 

 
Төбенің  биіктігін  өлшеу  және 
жергілікті  жердің  горизонтальдарын 
құрастыру (төбенің). 

 
Жергілікті  жердің  планы  (мектеп 
орналасқан жердің). 

 
Табиғат кешендері – адамның өмір 
сүру көзі 
Құндылықты-
бағдарлы 
Өркениетті, өмірді сақтаумен 
байланысты 
рухани-
адамгершілік, 
адамзаттың 
маңызды 
құндылықтары 
мәселелерін 
қамтитын 
жобалар жасау 

 
Жер – біздің ортақ үйіміз. 

 
Табиғат және біз. 

 
Ғаламдық 
экологиялық 
проблемаларды 
зерделеудің 
адамгершілік аспектілері. 

 
Дүниежүзіндегі  және  еліміздегі 
мәдени мұра ескерткіштері. 
Көркемөнер-
эстетикалық  
География 
мәселелерін 
қамтитын  табиғи,  қоғамдық, 
тарихи 
және 
мәдени 
үдерістер  мен  құбылыстарды 
оқу  барысында  туындайтын 
пікірлерді, 
қызығушы-
лықтарды, 
сезімдерді, 
табиғаттың  ерекшеліктерін 
ашатын жобалар жасау  

 
Туристтік  жобалар:  «Менің  кіші 
Отаным», «Менің туған өлкем», «Туған 
өлке табиғатының алуантүрлілігі» т.б. 

 
Экскурсиялық  жобалар:  «Еуропа 
және  Азия  елдерінің  астаналарына 
саяхат».  «Туған  өлкенің  ғажайып 
жерлерін 
сипаттауға 
арналған 
саяхаттар».  «Қазақстан  жерін зерттеген 
саяхатшылардың жолымен» және т.б.  
16 

Тапсырма.  
Ғылыми-танымдық  сала  бойынша  «География»  пәні  сабағында 
«Қазақстанның  табиғат  зоналары»  тақырыбында  жобалық  тапсырмаларды 
қолдану.  
Сабақтың міндеттері:  
1.
 
Әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен өз беттерінше білім алу.  
2.
 
Шағын  топтарда  жұмыс  істеу  (ақпарат  іздеушілер,  суретшілер, 
бағдарлама  құрушылар,  бейнелеушілер  т.б.)  оқытудың  тұлғаға  бағытталған 
және коммуникативтік дағдыларды қалыптастырушы тәсілдерін қолдану.  
3.
 
Мектептің  бастауыш  сыныптарында  «Дүниетану»  пәні  және  6,  7-
сыныптарда  «География»  пәні  сабақтарында  қолдануға  болатын  «Табиғат 
зоналары» слайд-жобасын әзірлеу.  
Типтік  оқу  бағдарламада  «Қазақстанның  табиғат  зоналары»  тақырыбын 
оқуға  5  сағат  бөлінген.  Өте  қызықты  тақырып,  аталған  тақырып  бойынша  әр 
түрлі ақпарат көздерінде материал көп, алайда берілген уақытта толық зерделеп 
шығу  мүмкін  емес.  Осы  жағдайда  жобалық  іс-әрекет  арқылы  аталған 
тақырыпты толық және қызықты формада оқып шығуға мүмкіндік бар.  
Жобаны жүзеге асырудың кезеңдері:  
1.
 
Уәждемелік  –  оқушылардың  көңілін  қызықты  жұмысқа  бағыттау, 
мұғалім  оқушыларға  жоба  тапсырмасының  мақсатын  және  оның  аяқталу 
нәтижесін нақты түсіндіруі тиіс.  
2.
 
Жобалық тапсырманың орындалуын жоспарлау.  
3.
 
Жұмыс топтарын құру.  

 
 
сыныпты топтарға бөлу, топ мүшелерінің атқаратын қызметін белгілеу;  
– 
тапсырманы орындауға қажетті дидактикалық материалдарды (қосымша 
әдебиеттер, альбомдар, карталар т.б.) және техникалық құралдарды дайындау.  
4.
 
Жобалық тапсырманы орындау (зерттеушілік іс-әрекет):  
– 
ақпарат іздеу;  
– 
алынған ақпаратты өңдеу;  
– 
жинақталған ақпаратты топ мүшелеріне ұсыну, талқылау;  
– 
іріктелген ақпаратты жүйеге келтіру;  
– 
жобаның слайдтарын әзірлеу;  
– 
жобаны қорғау;  
– 
жоба  тапсырмалары  мақсатының  орындалу  дәрежесін  талқылау 
(пікірталас).  
5.
 
Аталған  тақырып  бойынша  жобалық  тапсырмалар  келесідей  болып 
бөлінуі мүмкін, мысалы:  
– 
табиғат зоналарының географиялық орны мен шекаралары;  
– 
Қазақстан  флорасы  мен  фаунасының  геологиялық  кезеңде  қалыптасу 
тарихы;  
– 
орманды дала зонасы;  
– 
дала зонасы;  
– 
шөлейт зонасы;  
– 
шөл зонасы;  
– 
табиғат зоналарының климаты;  
17 

– 
зоналардағы экологиялық проблемалар;  
– 
адамдардың іс-әрекеті және т.б.  
Әр  топ  өзіне  берілген  тақырып  бойынша  жұмыс  істеу  барысында 
оқулықтан,  қосымша  әдебиеттен,  интернеттен,  басқа  да  ақпарат  көздерінен 
деректер  жинастырады,  жинақталған  деректерді  жүйелейді,  компьютерде 
слайдтар (компьютер болмаған жағдайда реферат, баяндама, альбом) жасайды. 
Сыныпқа өз жұмыстарының нәтижесін көрсетеді, баяндайды.  
Әр топ өзіне-өзі, басқа топтарға істелген жұмыс бойынша баға береді.  
Төменде  берілген  жобалық  тапсырмалар  көлемі  және  күрделілік 
дәрежесіне  қарай  бір-бірінен  өзгешеленеді,  сонымен  қатар  география 
сабақтарының барысында және сабақтан тыс уақытта да орындалуы мүмкін.  
Тапсырма.  Картографиялық  декеркөздерді  талдау  арқылы  туған  өлкенің 
аумақтық құрылымын зерделеу (зерттеушілік жоба).  
Мақсаты: туған өлкенің аумақтық құрылымын зерделеу.  
Қаланың/ауылдың  жекелеген  бөліктері  атқаратын  шартты  қызметтерінің 
айырмашылығын, 
өзара 
қарым-қатынасын 
анықтау. 
Өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың,  ішкі  көліктің,  өлкенің  автомобиль  және  темір  жол 
торабының  орналасу  жүйесін  және  олардың  өлкенің  экономикасына  тигізетін 
әсерін  сипаттау.  Қаланың/ауылдың  орналасуының  жоспарлану  тиімділігі 
туралы, яғни өнеркәсіп, тұрғын, рекреациялық аймақтардың орналастырылуына 
(географиялық,  экономикалық,  экологиялық  тұрғыдан)  қорытынды  жасау. 
Экономикалық және экологиялық жағдайды ескере отырып, қаланың/ауылдың 
жоспарлануы бойынша өз жобасын ұсыну.  
Тапсырма. Тақырыбы: «Жер – біз өмір сүретін ғаламшар».  
Мақсаты: көппәндік іс-әрекет қабілеттерін қалыптастыру.  
Жоба  бір  сабақтың  көлемінде  орындалады.  Мұғалім  сабаққа  қажетті  оқу 
әдебиетін,  құрал-жабдықтарды  әзірлейді,  сынып  бөлмесін  бірнеше  жұмыс 
аймағына  бөледі:  жұмыс  зонасы  (оқушы  үстелінде  қалам-қарындаштар, 
сызғыштар,  түсті  қарындаштар  т.б.);  ақпарат  зонасы  (мұғалім  дайындаған 
әдебиеттер,  альбомдар  т.б.);  компьютерлік  зона;  жобаны  қорғау  зонасы 
(магниттік тақта, мультимедиалық проектор, тақта) және мұғалім оқушыларды 
аталған аймақтармен таныстырады.  
Тапсырма. Жер туралы хабарлама әзірлеу.  
Оқушылар Жердің ғажайып жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар туралы; 
Жер  халқы,  олардың  салт-дәстүрлері  туралы;  Жердегі  материктер,  мұхиттар, 
теңіздер  туралы,  климаты  туралы  немесе  өздері  таңдаған  тақырып  бойынша 
хабарлама  әзірлейді.  Жобаның  нәтижесін  плакат  немесе  компьютерде 
әзірленген презентация түрінде ұсынуға болады.  
Тапсырманы орындау бойынша кеңестер:  
-
 
топта тақырыпты таңдаңдар және жобаның қорытындысын ұсыну түрін 
талқылаңдар;  
-
 
жұмыстың орындалу жоспарын талқылаңдар және құрастырыңдар. Топ 
мүшелері арасында жұмыс бойынша міндеттерді бөліңдер;  
-
 
жұмысты 20 минутта орындайтындай жағдай жасаңдар;  
-
 
жинақталған материалды жүйеге келтіріңдер, қажеттілерін іріктеңдер;  
18 

-
 
нәтиже шығарыңдар;  
-
 
сыныптың алдында жобаны қорғағанда нақты, қысқа сөйлеңдер.  
Тапсырма. «Топырақтың қышқылдығын анықтау».  
Мақсаты: топырақтың қышқылдығын анықтау жолдарымен танысу.  
Практикалық жұмыс.  
1. 
Үлескінің  бірнеше  жерінен  топырақ  сынамасын  алу.  Сынаманы 
полиэтилен пленканың үстінде жақсылап араластыру. Қоспадан кішкене бөлігін 
алып, тазартылған сумен суландыру. Бұл қоспаға лакмус қағазды салу.  
Жұмыстың нәтижесі: егер қағаз қызыл түске боялса, онда топырақ жоғары 
қышқылды  болғаны,  ал  егер  қызғылт  түске  боялса  топырақ  орташа 
қышқылданған.  Төмен  (аз)  қышқылды  топырақ  сары  түс  береді.  Көк  түске 
боялса  бейтарап  (орташа)  қышқылды  топырақ  болғаны.  Көкшіл  жасыл  түске 
боялса орташа қышқылдыға жуық топырақ [5].  
2. 
Жергілікті жерде өсетін өсімдіктерге қарап топырақтың қышқылдығын 
анықтау. Өйткені табиғи ортада өсетін өсімдіктер өздеріне қажетті қышқылды 
топырақта жақсы өседі.  
Мысалы,  қышқыл  топырақта  келесі  өсімдіктер  өседі:  аршагүл,  қазанақ, 
қияқ,  аққылтан,  сарғалдақ,  бөденешөп,  дала  жалбызы,  қырықжапырақ, 
жолжелкен,  майдашөп,  ат  қымыздығы,  дала  қырықбуыны.  Төмен  (аз) 
қышқылды  топырақта:  бақша  сарықалуені,  дала  гүлкекіресі,  шалғын  бедесі, 
есекқұрт, қалақай, иіссіз түймедақ, алабота, қоңырбас, бидайық өседі. Бейтарап 
(орташа)  қышқылды  топырақта:  дала  шырмауығы,  көктемгі  жанаргүл,  ақ 
түйежоңышқа,  бақша  қалуені  кездеседі.  Сілтілі  топырақта:  дала  қышасы, 
тегеурінгүл, көкнәр өседі. Жұмыстың бұл түрі балаларды байқағыштыққа, өлке 
аумағында өсетін өсімдік түрлерін танып-білуге баулиды.  
Әр  түрлі  тәжірибелер  өткізу  арқылы  өлкенің  топырағымен  танысудың, 
зерттеудің  қорытынды  мақсаты  –  морфологиялық  белгілердің  негізінде 
топыраққа шаруашылық баға беру.  
Тапсырма. Амазонка аймағын игеру (рөлдік ойындар арқылы орындалатын 
жобалық тапсырма).  
Сыныпты топтарға бөлу:  
-
 
тропиктік  ормандар  мекемесінің  қызметкерлері  (бірнеше  топ  болуы 
мүмкін);  
-
 
халықаралық Гринпис ұйымының мүшелері;  
-
 
журналистер.  
Тропиктік  ормандар  мекемесі  қызметкерлерінің  міндеті  қосымша 
картографиялық  және  әдебиеттік  ақпарат  көздерінен  Амазонка  аймағын 
игерудің  жобасын  ұсыну.  Жоба  кесте,  жоспар,  сызбанұсқа  түрінде 
болуы мүмкін.  
Халықаралық  Гринпис  ұйымының  мүшелері  ұсынылған  жобалардың 
ішінен неғұрлым жақсыларын таңдап алулары тиіс.  
Журналистер жоба жасаушылармен сұхбаттасулары тиіс.  
Жоба: Амазонка аймағының физикалық-географиялық жағдайы, климаты, 
өсімдік  және  жануарлар  дүниесі  және  игеру  жоспары  бөлімдеріне  бөлінуі 
мүмкін [6].  
19 

Тапсырма.  Ла-Манш  бұғазының  астынан  тоннель  қазу  туралы  келісімге 
1986  жылы  қол  қойылды,  Еуротоннель  қолданысқа  1994  жылы  берілді. 
Параллель  салынған  екі  темір  жолдың  ұзындығы  51  км,  сонымен  қатар  бұл 
темір жолдың 39 км судың астында орналасқан. Қазіргі кезде жүрдек поездар 
Лондон мен Париждің арасын 2 сағат 15 минутта жүріп өтеді. Сонымен қатар 
Ла-Манштың (судың) астынан өту 30-35 минут уақытты алады.  
Берілген  деректерді  қолдана  отырып  Лондоннан  Парижге  саяхат  жасау 
жобасын жасаңдар.  
Тапсырма.  Ағаш  құрғақ  болған  жағдайда,  оның  орташа  тығыздық  мәні 
кг/м

есептеледі (7-кесте).  
 
7-
кесте – Ағаштардың тығыздығы  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет