Естественнонаучного цикла методическое пособие



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/10
Дата03.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
 
ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША 
ЖОБАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР  
 
Әдістемелік құрал  
 
 
ПРОЕКТНЫЕ ЗАДАНИЯ ПО ПРЕДМЕТАМ 
ЕСТЕСТВЕННОНАУЧНОГО ЦИКЛА  
 
Методическое пособие  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2015  
 
 


Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 8 хаттамасы)  
 
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 18 сентября 2015 года)  
 
 
Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар. – 
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80 б.  
 
Проектные  задания  по  предметам  естественнонаучного  цикла.  –  Астана: 
НАО имени И. Алтынсарина, 2014. – 80 с.  
 
 
 
Бұл әдістемелік құралда жаратылыстану циклі пәндері бойынша жобалық 
тапсырмалардың  әдістемелік  ерекшеліктері  қарастырылып,  география, 
биология,  физика  және  химия  пәндері  бойынша  жобалық  тапсырмалардың 
үлгілері  берілген.  Жобалық  тапсырмалары  бар  сабақтардың  моделдері 
келтіріліп,  жобалық  тапсырмалар  құрастыру  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар 
берілген.  
Құрал  жаратылыстану  циклі  пәндері  мұғалімдеріне,  мектеп  және  білім 
басқармалары  басшыларына,  педагогикалық  колледждер  мен  жоғары  оқу 
орындары студенттеріне ұсынылады.  
 
В  данном  пособии  рассмотрены  методические  особенности  проектных 
заданий  по  предметам  естественнонаучного  цикла,  даны  образцы  проектных 
заданий  по  географии,  биологии,  физике  и  химии,  приведены  разработки 
уроков с проектными заданиями, предложены  методические рекомендации по 
составлению проектных заданий.  
Пособие  рекомендовано  для  учителей  предметов  естественнонаучного 
цикла,  руководителям  школ  и  управлений  образования,  студентам 
педагогических колледжей и вузов.  
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ы.Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2015.  
© Национальная академия образования  
им. И. Алтынсарина, 2015.  


Кіріспе  
 
Қазіргі  кезде  білім  беру  саласындағы  көптеген  педагогикалық 
технологиялардың  ішінен  жобалау  әдісі  жиі  қолданылатын  болып  жүр. 
Жобалау  әдісін  қолдану  оқытудың  жақсы  ойластырылған,  негізделген  әдіс-
тәсілдері  мен  құралдарын  қамтиды.  Бұл  әдіс  тұлғаға  бағытталған,  яғни  әр 
оқушыны оқыту барысында оның тұлғалық ерекшеліктері ескеріледі, сонымен 
қатар сынып ұжымын ынтымақтастықта оқыту қатар жүреді. Жобалық жұмыс 
орындаушы  оқушылардың  бойында  жобалық  білік  қалыптасады,  алдына 
проблема қою, сол проблемаға қатысты мақсат қою, жоспарлау, зерттеушілік, 
коммуникативтік біліктері қалыптасыды.  
Мектепте  ғылыми-жаратылыстану  циклы  пәндерін  оқу  процесінде 
жобалық  тапсырмалар  орындау  арқылы  мектеп  оқушылары  әлемнің  жылдам 
өзгермелі  жағдайында,  яғни  қызмет  саласының  жаңа  түрлері  мен  беймәлім 
жағдайлар  туындап  жататын  жағдаяттар  барысында  ұтымды  шешімдер 
қабылдау  дағдыларын  меңгереді.  Жобалық  тапсырмалар  білім  алушының 
жоғары  технологиялы,  бәсекеге  қабілетті  әлемде  өмірге  дайын,  өзіндік 
азаматтық  ұстанымы  бар,  белсенді  азамат  болып  тәрбиеленуіне  ықпал  етеді. 
Балалар зерттеу тақырыптарын таңдауды және мақсатқа қол жеткізу жолдарын 
іздеуді,  жоспар  құруды,  ғылыми  болжамдарды  ұсынуды,  түрлі  мәліметтерді 
жинақтау  мен  іріктеуді,  нәтижелерді  іс  жүзінде  қолдануды  үйренеді.  Бірнеше 
пәнді  кіріктіре  отырып  күнделікті  өмірде  қолдануға  болатын  тапсырмаларды 
орындау  барысында  пәндер  бойынша  меңгерген  білімдерін  тереңдетеді,  білік 
пен дағдыларын дамыту мүмкіндігін алады [1].  
Оқу  құралын  әзірлеу  барысында  жалпы  білім  беретін  мектептер  пән 
мұғалімдерінің іс-тәжірибесі, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның білім 
берудің  кіріктірілген  бағдарламалары  бойынша  жұмыс  тәжірибелері 
пайдаланылды.  
Әдістемелік құралдың мақсаты жалпы білім беретін мектептерде ғылыми 
жаратылыстану  пәндерінде  жобалық  тапсырмаларды  қолдануға  қойылатын 
негізгі  талаптар  мен  заман  талабына  сай  сабақты  жобалаудың  құрылымын, 
сабақты  ұйымдастырудың  жаңа  технологиялары  және  оларды  қолдану 
жолдарын қарастыру, жобалық тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру және 
сабақ нәтижелерін бағалауына әдістемелік көмек көрсету болып табылады.  
Құралды әзірлеу бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі 
міндеттерді шешу қажет болды:  
1.
 
Жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  мектеп  оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамытуға 
бағытталған 
жобалық 
тапсырмалардың әдістемелік ерекшеліктерін анықтау.  
2.
 
Жаратылыстану  циклы  пәндері  (география,  биология,  химия,  физика) 
бойынша жобалық тапсырмалардың үлгілерін әзірлеу.  
3. 
Жобалық тапсырмалары бар сабақтардың үлгілерін әзірлеу.  
4. 
Жобалық  тапсырмаларды  құрастыру  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар 
әзірлеу.  
 



Жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  мектеп  оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  бағытталған  жобалық 
тапсырмалардың әдістемелік ерекшеліктері  
 
Еңбек  нарығына  бәсекелестік  заманында  әрбір  тұлғаның  білім  сапасын 
арттыру,  алған  білімін  күнделікті  өмірде  қолдана  білу  қабілетін  дамыту 
заманауи  мектеп  алдыда  тұрған  өзекті  мәселе  болып  отырғаны  сөзсіз.  Ғылым 
мен  техниканың  дамыған  уақытында  адамның  білімі  мен  біліктілігі  еліміздің 
бәсекеге  қабілеттілігінің  ең  басты  көрсеткішіне  айналып  отыр.  Қай  заманда 
болса  да  өркениеттің  дамуы  интеллектуалдық  шығармашылық  қабілеттің 
негізінде  іске  асатыны  белгілі.  Мектеп  оқушыларының  интеллектуалдық 
шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы  және  шыңдалуы  үшін  пәндік 
олимпиадалар,  интеллектуалдық  ойындар,  пікірталастар  (дебат),  семинарлар, 
конференциялар  және  жобалық  жұмыстар  жүргізу  тұлғаны  дамытудың 
заманауи  құралдары  болып  табылады.  Ғылыми  жаратылыстану  пәндері 
сабақтарында  жобалық  тапсырмаларды  қолдану  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны 
қалыптастырудың құралдарының бірі болып саналады.  
Жоба – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс 
түрі.  Қазіргі  кезде  мектеп  тәжірибесінде  қолданылып  жүрген  жобалау  әдісі 
пәндік  білімнің  мақсат,  міндеттеріне  сәйкес  табиғаттың,  қоршаған  ортаның, 
өмірдің  заңдылықтарын  зерделеуде  мәселені  өзінше  жоба  ретінде  жоспарлап 
шешімін  табу  жолдарын  іздестіреді.  Бұл  әдістің  оқу  үдерісі  барысындағы 
ерекшелігі оқушының өз жобасын құрып, шығармашылықпен айналысуында.  
Жобалау  әдісі  ең  алғаш  ХХ  ғасырдың  басында  АҚШ-ының 
ауылшаруашылық  мектептерінде  жүзеге  асырыла  бастаған.  Бұл  әдістің  негізі 
американдық  ғалымдар  Д.  Дьюи,  У.  Килпатрик,  Э.  Торндайк  идеяларынан 
алынған. Кейіннен әлемнің түрлі елдерінде кеңінен танымал болып, қолданысқа 
ие болды.  
Жобалау  –  «proicere»  деген  латын  сөзі.  Бұл  сөз  «жоспарлау,  дайындау, 
әзірлеу»  сияқты  мағынаны  немесе  жоспардың  жүзеге  асырылуын  білдіреді. 
«Жоба»  ұғымы  педагогика  саласында  ғана  емес  экономика,  басқару,  зерттеу 
салаларында  да  кеңінен  қолданылатыны  белгілі.  Мысалы:  құрылыс  жобасы, 
зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. [2].  
Жоба  дегеніміз  –  осы  уақытта  жоқ  бірақ  құрастырылуы,  жасалуы  тиіс 
заттың,  мазмұнның  нақты  болжамы,  сонымен  қатар  ол  жағдайды  немесе 
мазмұнды  міндетті  түрде  қажетті  бағытқа  қарай  өзгертеді.  Жоба  –  оңтайлы 
тәсілдердің  көмегімен  алдын-ала  жоспарланған  нәтижеге  жетуге,  нақты 
проблеманы  шешуге  бағытталған  жұмыс.  Жобаның  құрылымына  жоба 
нәтижесіне жетудің тәсілі ретінде баяндамалар, рефераттар, зерттеушілік және 
оқушылардың басқа да өздік шығармашылық жұмыстарының элементтері кіруі 
мүмкін.  Жобалық  жұмыс  –  нәтижесі  алдын-ала  белгісіз  шығармашылық, 
зерттеушілік  мәселелерді  шешумен  тығыз  байланысты  жұмыс.  Сабақ 
барысында және сабақтан тыс орындалатын жобалық жұмыстар оқушылардың 
өз беттерінше ізденулері арқылы зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын, ойлаудың 
зерттеушілік  түрін  меңгерулеріне,  сонымен  қатар  оқу  барысында  белсенділік 


ұстанымдарын  қалыптастыруға,  функционалдық  сауаттылықтарын  дамытуға 
жағдай жасайды.  
Жоба  әдісі  дегеніміз  –  оқытудың  жүйесі  немесе  технология.  Бұл 
технологияны  қолдану  барысында  мұғалім  өз  жұмысын  нақты  жоспарлайды, 
негізінен практикалық білім беретін жобалық тапсырмалар құрастырады және 
оларды  біртіндеп  қиындатып  отырады.  Оқушылар  мұғалімнің  басшылығымен 
және өздігінен іздену арқылы практикалық білім мен білікті меңгереді.  
Педагогикалық жобалау – бұл педагогикалық іс-әрекетті өзгерту бойынша 
құндылыққа  бағытталған,  жан-жақты  дәлелденген,  талаптарға  сай 
ұйымдастырылған, нақты мақсатты көздейтін кәсіби қызмет.  
Ғылыми-жаратылыстану  циклы  пәндері  сабақтарында  жобалық 
тапсырмаларды 
пайдаланудың 
мақсаты 
– 
оқушылардың 
оқудағы 
белсенділіктерін арттыру, оқу-танымдық білік және дағдыларын қалыптасуына 
көмектесу, оқу еңбегінің тиімді білік және дағдыларын меңгеру, сұрақтар мен 
тапсырмаларды орындау, табиғи нысандарды бақылау мен тәжірибелер жүргізу 
барысында өздерін үнемі шыңдау арқылы, беттерінше жаңа білім алады, пәндер 
бойынша  жобалық  тапсырмаларды  орындауға  арналған  әдебиеттерді  зерделеу 
барысында білімдерін толықтырады және тереңдетеді.  
Оқушыларды  жобалық  және  зерттеу  әрекетіне  үйрету  барысында 
қойылатын міндеттер төмендегідей болуы мүмкін:  
– 
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту;  
– 
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;  
– 
проблема қою және оны шешудің тәсілдері мен жолдарын табу біліктері 
мен дағдыларын дамыту;  
– 
оқуға және өздігінен ізденуге ынталандыруға жағдай жасау;  
– 
білім  алушылардың  өз  әрекеттеріне,  қабылдаған  шешімдеріне  жеке 
(тұлғалық) жауапкершілік сезімін, өзін-өзі бағалаудың негізін қалау;  
– 
тұлғаның  бойында  коммуникативтік  дағдылар  қалыптастыру  және 
дамыту;  
– 
білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптыстыру, яғни 
функционалдық сауаттылықтарын дамыту.  
Жобалау әдісі оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін 
жинауда,  презентация  және  қорытынды  жасауда  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 
жағдай жасайды. Жобалық жұмысты орындау барысында оқушының бойында 
өз бетінше жұмыс істеуге қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:  
– 
өзінің  қабілеті  мен  қызығушылығына  қарай  тақырыпты  еркін  таңдай 
алады;  
– 
таңдаған тақырыбына байланысты мақсат-міндеттер қояды;  
– 
мақсат-міндеттеріне қарай жұмыс жоспарын құрастырады;  
– 
алдына қойған мақсатты жүзеге асыру жолдарын іздестіреді;  
– 
тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтауға, жүйелеуге үйренеді;  
– 
мақсатқа  жетуге  қатысты  орындалатын  жұмыстардың  әдістерін  талдау, 
салыстыру арқылы, тиімді тәсілді таңдай алады;  
– 
өз ойын, көзқарасын жүйелі, дұрыс және дәлелді жеткізуге дағдыланады;  
– 
өзгелерді тыңдауға үйренеді, олардың айтқандарын ой елегінен өткізіп, 


сұрақ қоюға, қажет болған жағдайда өз сұрағына жауап беруге және жауабын 
дәлелдеуге,  өз  шешімінің  дұрыстығына  тыңдаушылардың  көзін  жеткізуге 
дағдыланады.  
Соңғы  жылдары  отандық  білім  беру  тәжірибесінде  болып  жатқан 
өзгерістер  мектеп  қызметінің  бір  де  бір  жағын  өзгеріссіз  қалдырмады.  Білім 
берудің  тұлғаға  бағытталған  қағидаларын  жүзеге  асыру  үшін  оқытудың  жаңа 
әдістері қажет болды. Қазіргі кезде көптеген тәсілдердің ішінен жобалау әдісіне 
ерекше көңіл бөлінеді. Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың оқу-танымдық 
іс-әрекеттерін  өздігінше  құруын,  қосымша  ақпарат  жинауын,  шығармашылық 
және сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жатады. Оқушы қажетті білімді өзі іздеп-
тауып, оларды талдап, сол деректердің негізінде қорытынды шығарып, нәтиже 
жасауды өз бетінше жүзеге асырады.  
Бұл  жұмыстарды  жұппен  немесе  топпен  орындауға  және  атқарылатын 
жұмыстарды  топ  мүшелері  арасында  бөлуге  болады.  Жұмыстардың  ара 
қатынастарын  реттейтін  келісімдер,  бағалау  критерийлері,  жоба  жасау 
әдістемесі,  білімдік  істер  көлемін  өзара  дұрыс  бөлу  және  олардың  атқаратын 
міндеттері белгіленеді. Жобалық тапсырмаларды негізінен оқушылардың өздері 
орындайды,  тапсырманы  орындаудың  уақыты  белгіленеді.  Алайда  жобадағы 
шешілуі  тиіс  мәселенің  күрделілігі  мен  ерекшелігіне  байланысты,  мұғалім 
бағыттаушы, басқарушы рөлін атқарады.  
Білім  беру  процесінің  негізі  –  сабақ,  сабақ  барысында  оқыту.  Білім  беру 
құрылымындағы оқыту дегеніміз мұғалімнің оқушымен тікелей немесе жанама 
байланыстағы іс-әрекеті. Бірақ бұл байланыс қай түрде болғанына қарамастан, 
оқыту процесі білім алудың белсенді болуын көздейді. Оқушылардың іс-әрекеті 
мұғалім  тарапынан  қамтамасыз  етілген,  ұйымдастырылған  және  бақылауға 
алынған жағдайда, сонымен қатар оқушылардың бойында өз бетінше білім алу 
дағдысы  қалыптасқанда  ғана  білім  алу  процесі  белсенді  бола  алады.  Жалпы 
білім беру процесі барысында:  
-
 
мұғалімнің  ақпаратты  іріктеуі,  жүйелеуі,  құрылымдауы  және  оны 
оқушыларға жеткізе алуы;  
-
 
бұл  ақпаратты  және  онымен  жұмыс  істеу  жолдарын  оқушылардың 
қабылдауы,  түсінуі,  меңгеруі  сабақ  және  сабақтан  тыс  өз  бетінше  білім  алуы 
барысында жүзеге асырылады [3].  
Сондықтан  да  оқушылардың  оқу  қызметін  ұйымдастырудағы  мұғалімнің 
басты  мақсаты  білімді  дайын  күйінде  беру  емес,  олардың  проблемалық 
жағдаяттарды  шешу,  іздеушілік,  зерттеушілік,  жобалық  тапсырмаларды 
орындау  арқылы  білімнің  басым  бөлігін  өздіктерінен  меңгеруін  қамтамасыз 
ету.  Жобалық  тапсырмаларды  орындау  балалардың  өзбеттерінше  әрекет 
жасауына, оқуға үйренуіне мүмкіндік береді. Жоба бойынша жұмыс барысында 
оқушылардың  жеке,  жұпта,  топта,  ұжымда  жұмыс  істеу  дағдылары 
қалыптасады, балалар ақпараттың түрлі көздерінен қажетті деректі таба білуге 
үйренеді.  
Ғылыми-жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  жобалық  іс-әрекет  оқу 
жылы бойы сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта да ұйымдастырылуы 
мүмкін. Білім беру үдерісінде жобалық іс-әрекетті қолдану сыныптық-сабақтық 


оқыту  жүйесіне  елеулі  өзгерістер  енгізеді,  сонымен  қатар  жобалық 
тапсырмалар  басқа  әдіс-тәсілдермен  және  технологиялармен  қатар 
қолданылады.  Бұл  жағдайда  оқушылар  жаңа  материалды  меңгеру  және 
күнделікті  өмірде  (тәжірибеде)  қолдану  үшін  шағын  жобалар  орындайды. 
Сонымен  бірге  сабақтан  тыс  уақытта  орындалатын  жобалық  іс-әрекетпен 
айналысқысы келетін оқушыларға арналған жобалық жұмыс сабақ барысында 
бастау  алады  және  басталған  жұмыс  сабақтан  тыс  уақытта  аяқталады.  Бұл 
жағдайда  жобамен  жұмыс  істеу  балалардың  нақты  білім  саласы  бойынша 
көзқарастарын кеңейтуге және тақырыпты тереңдетіп оқуына мүмкіндік береді.  
Жобалау  әдісінің  негізінде  оқушылардың  оқу-танымдық  әрекетінің 
нәтижеге бағытталу идеясы жатыр, практикалық немесе теориялық маңызы бар 
проблемелерды шешу барысында нәтиже пайда болады.  
 
Жобалық тапсырмаларды орындау алты бөлімнен тұрады:  
1) зерттеуді жоспарлау;  
2) 
дереккөздермен жұмыс;  
3) 
экспериментті өткізу;  
4) 
мәліметтерді өңдеп талдау;  
5) нәтижелерді ұсыну;  
6) жобаны басқару [1].  
Аталған  бөлімдер  тарауларға  бөлінген,  онда  келесі  нәтижелер  күтіледі: 
дағды  немесе  ептілік,  білу  немесе  түсіну  (1-кесте).  Әр  тарауда 
ұйымдастырылған  оқытудың  бұл  мақсаттары  мұғалімге  өз  жұмысын 
жоспарлауға  және  білім  алушының  жетістіктерін  бағалауға,  сондай-ақ 
оқытудың келесі кезеңдері туралы оларды ақпараттандыруға мүмкіндік береді.  
 
1-
кесте – Бөлімдер мен тараулар тізбегі  
 
№ 
Бөлімдері  
Тараулары  

Зерттеуді жоспарлау 

Дереккөздермен жұмыс 
Дереккөз түрлері 
Дереккөз жұмыс жасау алгоритмі  
Академиялық адалдық 

Экспериментті өткізу 
Зерттеуді өткізуге жағдай туғызу 
Деректерді анықтау, өлшеу, жазу  

Мәліметтерді өңдеп талдау 
Эксперимент мәліметтерін өңдеу әдістері 
Эксперимент мәліметтерін ресімдеу 
Нәтиже мен қорытындыны талқылау 

Нәтижені ұсыну 
Зерттеу нәтижелерін көрсету формалары 
Презентациялау техникасы 

Жобаны басқару  
 
Сабақты  жоспарлау  кезінде  бір  сабақтың  шеңберінде  қол  жеткізілетін 
мақсатты  ғана  жазып  отыру  маңызды.  Сондай-ақ  оларды  Б.  Блумның  оқу 
мақсаттары таксономиясына сәйкес ретке келтірген ыңғайлы болады (2-кесте). 
Мұғалімге  жобалық  тапсырмалардың  идеясын,  аталған  тәжірибенің  ықпалын 


есепке ала отырып өзінің тәжірибесіне енгізуіне мүмкіндік береді.  
Жобалық  тапсырмалар  сабақты  жоспарлау  мұғалімнің:  сабақ  кім  үшін 
жоспарлануда, ең алдымен нені үйрету қажет және бағалаудың қандай тәсілін 
пайдалану қажет? деген мәселерді түсінуіне ықпал етеді [1]:  
 
2-
кесте – Блум бойынша ойлау ептілігінің таксономиясы  
 
Деңгейі  
Мәні  
Мұғалім не 
істейді?  
Білім 
алушылар не 
істейді?  
Білім алушылардың 
қызметін 
айқындайтын 
етістіктер  





Білімі  
Ақпараттарды 
айқындау 
және іріктеу 
Әңгімелейді, 
көрсетеді, 
бағыттайды  
Зейін 
қояды, 
есте  сақтайды, 
айырады 
Тізбелеу,  есте  сақтау, 
атауларын 
білу, 
көрсету, 
тәмамдау, 
қайталау, еске түсіру 
Түсінуі  
Ұсынылған 
ақпараттарды 
түсіну; 
мәселені  өз 
сөзімен 
тұжырымдап 
айту  
Салыстырады, 
қарама-қарсы 
қояды, көпшілікке 
көрсетеді 
Түсіндіреді, 
түрлендіреді, 
көпшілікке 
көрсетеді 
Талқылау,  айқындау, 
әңгімелеу, 
сұрау, 
түсіндіру, 
тұжырымдау 
Қолдануы   Ұғымдарды 
жаңа 
жағдаяттарда 
қолдану  
Бақылайды, 
жәрдемдеседі, 
сынайды 
Мәселені 
шешеді,  білімін 
көпшілікке  паш 
етеді  
Қолдану, 
есептеу, 
өзгерту, 
таңдау, 
жіктеу, 
тәмамдау, 
көпшілікке 
көрсету, 
табу,  сахналау,  іске 
кірісу,  зерттеу,  байқау 
өткізу, нақтылы мысал 
келтіру, 
өзінше 
түсіндіру,  іске  көшу, 
машықтану, 
арақатынасын 
белгілеу,  жоспарлау, 
көрсету, 
нобайын 
жасау, 
шешу, 
пайдалану  
Талдау  
Ақпараттарды 
бір-бірімен 
байланысқан 
бөліктерге 
ажырату  
Бағыттайды, 
зерттейді, 
ақпараттандырады 
Ажыратады, 
талқылайды, 
мәнін ашады  
Талдау, 
топтау, 
есептеу, 
тиянақтау, 
жіктеу, 
салыстыру, 
байланыстыру, қарама-
қарсы  қою,  талқылау, 
саралау,  айыру,  өңдеу, 
зерттеу, 
байқаудан 
өткізу, 
түсіндіру, 
жария 
ету, 
ретке 
келтіру, 
күдіктену, 
арақатынасын 
белгілеу,  таңдау,  бөлу, 
тексеру 


2-
кестенің жалғасы  





Синтез 
жасау  
Ақпаратты 
құрастыру  
Қорытады, 
бағалайды,  пікір 
айтады  
Қорытады, 
тұжырымдайды, 
жоспарлайды 
Топтау,  жинау,  қосу, 
құру,  жасау,  әзірлеу, 
тұжырымдау,  қорыту, 
біріктіру,  ойлап  табу, 
түрлендіру, 
ұйымдастыру, 
жоспарлау,  дайындау, 
ұсыну, 
топтастыру, 
қайта  топтау,  қайта 
жазу, 
белгілеу, 
ауыстыру,  алдын  ала 
айқындау  
Бағалау  
Сын 
пікірлердің 
негізінде 
бағалау 
Нақтылайды,  жол 
сілтейді, 
үйлестіреді 
Талқылайды, 
бағалайды, 
таңдайды  
Дәлелдеу, 
таңдау, 
салыстыру, 
қорытынды  шығару, 
көз  жеткізу,  нақты 
дәлелдеу, 
шешу, 
негіздеу, 
түсіндіру, 
өлшеу,  алдын  ала 
болжау, 
саралау, 
ұсыну, бөлу, жинақтау, 
қолдау, 
тексеру, 
бағалау,  кеңес  беру, 
сараптау,  рецензиялау, 
зерттеу, 
дайындап 
шығару 
 
Жобалау  әдісі  –  пәндік  оқу  үдерісін  ерекшелендіретін  кешенді  оқыту 
тәсілдерінің  жиынтығы.  Бұл  әдіс  –  оқушылардың  әрекеттерін  өз  бетінше 
жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 
жобалық  тапсырмалар  зерттеушілік,  ақпарат  жинау,  шығармашылық 
жұмыстарды  атқарумен  қатар,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру 
тұрғысынан да  шешіледі.  Жобалық  тапсырмаларды адам қызметінің  саласына 
байланысты 
ғылыми-танымдық, 
коммуникативтік, 
тәжірибелік-
қайтақұрушылық, құндылықты-бағдарлы, көркемөнер-эстетикалық, әлеуметтік, 
шығармашылық және т.б. болып бөлінеді.  
География,  биология,  химия,  физика  пәндері  бойынша  орындалатын 
жобалық жұмыстардың бірнеше түрі бар:  
– 
зерттеушілік  (бұл  жобаның  нақты  құрылымы,  эксперименттер  жүргізу 
міндетті  болады,  жоба  ғылыми  зерттеуғе  ұқсас  болуы  тиіс)  –  реферат, 
баяндама, ғылыми мақала;  
– 
рефераттық-сипаттамалық  жобалар  негізінен  эксперименттік  тексеруі 
жоқ ақпаратты өңдеуге, проблеманы анықтауға бағытталған;  
– 
шығармашылық (шығармашылық іс-әрекетті сипаттау) және бұл қатарды 
әрі қарай өрбіте беруге болады.  
Жобалық  жұмыстарды  өлшемдері  және  түрлері  бойынша  келесідей 
жіктеуге болады (3-кесте).  


3-
кесте – Жобалық жұмыс түрлерінің жіктелуі  
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал