Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз



бет21/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Балада естің дамуы

Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады. Жүйке жүйесінің, біртіндеп дамуы негізінде тәрбие процесі, ойын, оқу, еңбек және тіл қатынастары жетіледі. Баланың есте қалдыруы өмірінің бірінші айларында қимыл байланыстарына, қозғалу ассоциациясына сүйенеді.
Көру, есту анализаторлары біртіндеп жұмыс істей бастайды, төртінші, бесінші айлардағы бала анасын көріп, оның даусын естіп қимылдайды. Тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз,
сондықтан есте қалдыру да механикалық болады. Бастауыш сыныптарда балалар механикалық есте калдыруды көп колданады. Мұғалімдер зейін аударып қадағаламаса, шәкірттіңесте мағыналы қалдыруы кешігіп дамиды. Жоғары сыныптарда балалар көбінесе мағыналы есте қалдырады. Алайда, механикалық есте қалдырудын да өз орны бар. Материал ұғынуға қиын болса, не сөзбе-сөз үйрену керек болса механикалық есте калдырады.
Мағынаны есте қалдыруды дамытатын негізгі күш - отбасы мен мектеп. Өз еркімен әдейілеп есте қалдыру қабілеті тәрбиенің нәтижесінде ғана дамып жетіледі. Бала өзіне ұнап, мүддесіне сай келіп зейінін түсірген нарсесін (кісілердің сөздерін, өлеңді, ертегіні, әнді) әдейілемей есінде калдыра алады, есінде калдырган сайын дағдысын байытады. Әдейілеп есте қалдыру мектеп жасындағы балалардың, оқу процесінде тез дамиды. Бала сабақты мұғалімге айтып беру үшін үйренуге тәсіл қолданады, күш жұмсайды.
Мектепке бару балалардың, логикалық есін дамытуда үлкен рөл атқарады. Оқушының есін тәрбиелеуге де мұғалім олардың жас дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жұмыс жүргізеді.

  1. Баланың дамуына әсер ететін факторлар

Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Баланың дамуына ықпал
ететін факторларға тұқымқуалаушылық,
әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
• Тұқымқуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың, биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне карап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың, шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқымқуалаушылық арқылы берілетін биологиялыұ ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жуйесінің функциялық, қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқымқуалау арқылы алады.
 
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік жағынан ықпал жасайтын құбылыс.
Табиғи орта - бұл түрлі жағдайының, адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылыгымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылыгымен айналысады. Табигат жагдайына байланысты олардың мінез-кұлықтарында да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамнын мінез-кұлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп кырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды касиеттері дамып қалыптасады. Адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
 
Тәрбие - жеке адамның дамуындағы басты фактор. Тәрбие балалардың жас жене дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. 
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланы түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына кажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жумыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет