Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз



бет1/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Гос ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКА


  1. Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз:

Этнопедагогикалық ойлардың тарихы 6ғ. бастау алған.Оның дәлелдері көне заманнан бері келе жатқан Орхон Енисей жазбалары.
Орхон Енисей жазбаларында жауынгер Күлтегіннің адами қасиеттерін жырлайды.Яғни,тас үстіндегі жазуларда ерлік пен ездік,соғыс пен бейбітшілік,тәлім тәрбие мәселесі қозғалған.
Халықтың тәрбие туралы ойларын ежелгі ескерткіштердің бірі,құнды шығарма «Кабуснама»дан оқуға болады.Кей-Кабус (1082-1183)деген ойшыл жазған.Шығарманы ұлына арнаған,43 бөлімнен тұрады:нәпсіні тыю,тамақтану әдебі,шарап ішу,күлкі,әзіл ережелері,шахмат,дойбы ойнау,махаббат этикасы жөнінде тақырып қозғаған.
Қорқыттың көзқарастары адамды адамгершілікке тәрбиелейтін қанатты,үлгілі сөздер,өсиет нақылдар жазған еңбегі «Қорқыт ата кітабында»орын алған.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз,ғұлама ойшыл Әбу Насыр Аль Фарабидың педагогикалық көзқарастары адамға бақытқа жету жолын қарастырған.Тән мен жан саулығының маңыздылығын айтқан.
Ибн Сина отбасылық тәрбиенің негіздерін баяндаған. «Әйелдің жақсы қасиеттері», «Әкенің бала тәрбиесіне қатынасы» деген еңбектері бар.

  1. Психика мен сананың дамуы айтыңыз:

Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты.Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының қоршаған ортасының маңызы зор.
Тірі организмдердің дамуы екі ұзақ кезеңнен тұрады:
1)Жануарлар-ң психологиясының дамуы:биологиялық заңдарына,тұқым қуалаушылық,табиғи сұрыптауы
2)Адам санасының дамуы:қоғамдың тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Адам психикасының айрықша өзгешілігі адамда сананың болуы.Жануарларда сана болмайды.Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан.
Сана деп-еңбек арқылы пайда болып,белгілі мақсатты түрде орын алатын психикалық әрекетті айтамыз.


3. Психология ғылымының зерттеу әдістері:
Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс.
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу,еңбек дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет