Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата31.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#10658
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Осло  басшылығы.  Инновациялар  бойынша  деректерді  жинау  және  зерттеу  бойынша 
ұсынымдар. 3-ші басылым, ОЭСР және Евростаттың бірлескен жарияланымы, 2005.  
2
 
Канарская О. В. Инновационное обучение. – СПб, 1997. 
3
 
Китайгородская Г. Интенсивная методика французского языка. – М., 1986. 
4
 
Новые коммуникативно-информационные технологии в обучении – М., 2010. 
5
 
Соосар Н., Замковая Н. Интерактивные методы преподавания и учения. – СПб, 2004. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Основное  содержание  исследования  составляет  анализ  инновационного  подхода  при 
изучении казахского языка, в котором значительное внимание уделяется целям и задачам, дается 
полное  описание  влияния  данного  подхода  на  качество  усвоения  материала.  В  данной  статье 
предпринята  попытка  раскрыть  методические  и  практические  способы,  влияющие  на  качество 
обучения.  
 
RESUME 
 
The analysis of an innovative approach in learning the Kazakh language with much attention to the 
goals and objectives, a full description of the impact of this approach on the quality of learning are the 
main research content. The authors of this article attempt to reveal the methodological and practical ways 
of influencing the quality of teaching. 
 
 

 
184 
ӘОЖ 81`366.5 (035.3)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ.А. Садықбеков 
Сүлейман Демирель атындағы 
университет,  
филол. ғыл. канд.,  
СДУ қауым. профессоры 
 
Мәмлүк қыпшақ 
тіліндегі келер шақ 
категориясының 
жасалу жолдары  
 
Аннотация 
Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  келер  шақ  -ғай,  -
гей  жұрнақтары  арқылы  жасалады.  -ғай,  -гей 
жұрнағын  қазіргі  түркі  тілдерін  зерттеуші 
ғалымдар  қалау  райы  жұрнағы  ретінде 
қарастырса, 
жазба 
ескерткіштер 
тілін 
зерттеушілер  келер  шақ  қосымшасы  деп 
көрсетеді.  Сондай-ақ  мәмлүк  қыпшақ  тілінде  -
ар,  -ер,  -ур,  -үр  қосымшалары  арқылы  да  келер 
шақ  жасалған.  Алайда  бұл  қосымшаның  негізгі 
қызметі  ауыспалы  осы  шақ  жасау  да,  келер 
шақтық мәні жанама қызметі болып табылады.  
Түйін  сөздер:  мәмлүк  қыпшақ  тілі,  келер 
шақ категориясы, ескерткіштер. 
 
 
Кез  келген  тіл  сол  тілде  сөйлейтін 
халықтың  тарихымен,  тұрмыс-тіршілігімен, 
салт-дәстүрімен,  наным-сенімімен,  мәдениеті-
мен,  қысқаша  сол  халықтың  өзімен  бірге 
дамитындығы  белгілі.  Қазіргі  түркі  тілдерінің, 
соның  ішінде  қазақ  тілінің  тарихында  орта 
түркі  кезеңі  маңызды  рөл  ойнайды.  Себебі  ол 
дәуір 
қазіргі 
түркі 
тілдерінің 
өзінше 
тұлғаланып,  қалыптаса  бастаған  кезеңі.  Сол 
дәуірден 
осы 
күнге 
келіп 
жеткен 
ескерткіштерді 
ғалымдар 
өз 
ішінде 
а) 
Қараханид  түркілерінің  тілінде  жазылған 
ескерткіштер,  ә)  Орта  Азия  түркілерінің 
тілінде  жазылған  ескерткіштер,  б)  Ескі 
қыпшақ  тілінде  жазылған  ескерткіштер,  в) 
Шағатай тілінде жазылған ескерткіштер деп 
төрт  топқа  бөліп  қарастырады  [1,  51].  Түркі 
тілдерінің  орта  дәуірінің  Қараханид  кезеңінде 
исі  мұсылман  түркі  халықтарының  барлығына 
ортақ  жазба  тіл  болған  және  ол  тіл  -  ұйғыр-
қарлұқ  тайпалары  тілі  негізінде  қалыптасты. 
Алайда моңғол шапқыншылығынан кейін түркі 
әлемінде 
орын 
алған 
саяси-әлеуметтік 
өзгерістер әдеби тілге де әсерін тигізді. Моңғол 
шапқыншылығынан бұрын да түркі халықтары 
мекендеген  аймақтарда  өте  ықпалды  күшке 
айналған  қыпшақ  тайпалары,  одан  кейін  де 
Алтын  орда  мемлекетінің  қозғаушы  күші 
болғанын  білеміз.  Нәтижеде  XIII  ғасырда 
қыпшақ  тілі  негізінде  жаңа  әдеби  тіл 
қалыптасады.  Қыпшақ  тілі  Сырдарияның 
төменгі ағысынан бастап, Алтын  орда,  Мысыр 

 
185 
және  Сирия  жеріне  дейін  жайылды.  Кезінде Э.Р.  Тенишев  те  бұл  ескерткіштердің қазіргі 
қазақ,  қарақалпақ,  ноғай  тілдеріне  жақын  екендігін,  олардың  ерте  кездегі  тарихын 
зерттеуде  тың  дереккөзі  болатынын,  оларды  жан-жақты  зерттеу  керектігін  айтып, 
ғалымдардың назарын аударған болатын [2, 80].  
Орта  ғасыр  қыпшақ  жазба  ескерткіштері  ішінде  әрі  сандық,  әрі  сапалық,  әрі  тілдік 
тұрғыдан мәмлүк қыпшақ ескерткіштерінің орны ерекше. Алайда қазіргі қазақ тілі тарихын 
зерделегенде  бұл  ескерткіштер  көбінесе  тыс  қалып  қойып  жатады.  Бүгінгі  мақаламызда 
мәмлүк қыпшақ тіліндегі келер шақ категориясының жасалу жолдары, келер шақ жасаушы 
қосымшалардың  тұлғалық,  функционалдық  ерекшеліктері,  қолдану  жиілігі  секілді 
мәселелерді қарастыратын боламыз. Зерттеу материалдары ретінде Муниетүл Гуззат (МГ), 
Сейфи Сарайдің Сүхейл уә Гүлдерсін өлеңдер топтамасы (СГ), Китаб Муқаддима Әбу-Ләйс 
әс-Самарқанди  (КМ),  Китаб  фил-фикһ  (КФ)  және  Китаб  фил-фикһ  бил-лисанит-түрки 
(КФТ) ескерткіштері негізге алынады. 
Етістіктің  ерекше  және  күрделі  категорияларының  бірі  шақ  категориясы  болып 
табылады. Қазақ тілі грамматикасында:  «Шақ іс-қимыл, жай-күйдің орындалу мезгілі мен 
сөйлеп  тұрған  уақыт  арасындағы  қарым  қатынастарды  білдіретін  грамматикалық 
категория» – десе [3, 198], С.Е. Малов: «Етістіктің шақ формалары сөйлеу кезінен бұрын
сөйлеу кезінен кейін және сөйлеу кезінде болатын қимылдың, уақиғаның уақытын жалпы 
түрде  көрсетеді»  –  деген  анықтама  берген  [4,  121].  Жалпы  түркі  тілдеріне  қатысты 
грамматикалық  еңбектерде  осыған  ұқсас  пікірлер  айтылвп  жүр.  М.  Оразов  бұл  айтылған 
пікірлердің  дұрыс  екендігін,  алайда  барлық  тілде  шақтық  ұғым  бұл  үш  өлшеммен 
өлшенбейтіндігін,  тіпті  көне  түркі  тілінің  өзінде  келер  шақ  пен  осы  шақтың  бір-бірінен 
айырылмағанын  айта  келіп:  «Шақ  категориясы  дегеніміз  –  амал-әрекеттің  объектив 
дүниедегі  уақытпен  байланысын  білдіретін  грамматикалық  категория»  –  дейді  [5,  284]. 
Яғни  шақ  категориясы  деп  айтылған  амал-әрекеттің  сөйлеп  тұрған  уақытқа  қатысын 
білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз. Алайда ешбір шақтық форма іс-әрекеттің 
өту  мезгілін  дәл  көрсетпейді.  Шақтық  мағына  абстракты  түрде  сөйлеу  кезіне  қатысты 
өлшенеді. 
Амал-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын немесе болу ықтималы бар 
екендігін  білдіретін  етістіктің  грамматикалық  категориясына  келер  шақ  категориясы 
дейміз.  Жалпы  түркі  тілдерінде  келер  шақ  қосымшаларының  саны  көп  емес  [5,  346]. 
Мәмлүк қыпшақ тілінде де келер шақтың тек өзіне ғана тиесілі, арнай формасы жоқ деуге 
болады. Келер шақ -ғай, -гей және –ар, -ер, -ур, -үр қосымшалары арқылы жасалғанымен, 
бұл формалардың басқа да жанама функциялары бар.  
Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  келер  шақ  жасаудың  ең  өнімді  тәсілі,  тарихи  түркі  жазба 
тілдерінің  көпшілігіндегідей  -ғай,  -гей  жұрнақтары  арқылы  жүзеге  асады.  -ғай,  -гей 
қосымшасын  қазіргі  түркі  тілдері  тұрғысынан  зерттеуші  ғалымдардың  көпшілігі  қалау 
райы жұрнағы ретінде қарастырса, тарихи түркі жазба әдеби тілін зерттеушілер келер шақ 
қосымшасы  деп  көрсетеді.  А.Н.  Кононов  көне  түркі  тілінде  Ырық  Бітіг  кітабында  ғана 
қолданылған және келер шақтық мағына береді десе [6, 190], С.Е. Малов да осыған жақын 
пікірде айтады [4, 83]. М. Қашғари да келер шақ туралы айта келе, «амал-әрекеттің келер 
шақта  орындалғанын  білдіру  үшін  етістік  түбірге  жуан  буынды  сөздерге  -ғай,  басқа 
сөздерге –гей формасы қосылады: ол йа қурғай (O yay kuracak)» дейді [7, 21]. Ескі қыпшақ 
жазба ескерткіштері тілін зерттеген Э. Нежип, Ә. Құрышжанов, Е. Қуанышбаев, М. Агар, 
С.  Дүйсен,  М.  Аргуншах  т.б.  ғалымдардың  барлығы  -ғай,  -гей  жұрнақтарын  келер  шақ 
жасаушы  жұрнақ  деп  көрсетеді.  Расында  да,  жұрнақтың  орта  ғасырларда  келер  шақ 
мағынасы басым болғанға ұқсайды. Мәмлүк қыпшақ тілінде де келер шақ жасаушы жұрнақ 
ретінде де актив қолданылған: КФТ: Oл дауы идген киши ишарәт идгей ол тауарға (1a, 67-
68) (шағымданған кісі сол затты ишара жасап көрсетеді); Oл дауы идгенүм тауарны мен 
истер  мен  дигей  (2a,  4)  (Ол  дауласқан  затымды  мен  қалаймын  дейді);  КФ:  Tәңрі  та’ала 
ачғай аңа жәннәт секіз қапусыны киргей аңа қайсы қапудан дилесе (93b, 2) (Тәңір тағала 

 
186 
оған  сегіз  жұмақтың есігін  ашады,  қайсысы  ескітен  қаласа  кіреді);  MГ:  Йүгенни  минер 
чақда сағ янындын бираз-гине қысқартғай-сен (10b, 7) (жүгенді мінер шақта оң жағынан 
шамалы  ғана  қысқартасың);  Ким  ерсе  ким  бу  фенлерни  яхшы  билип  хажет  уақтында 
‘амалға  китүрсе  жихан  ичинде  ла-назыр  болғай  (5b,  8-9)  (Кімде  кім  бұл  ілімді  жақсы 
үйреніп керек кезінде амалға етсе бұл дүниеде теңдессіз болады); KM: ким ки оқуса иннә 
әнзәлнәһу сүрәсин авдаз ардынжа бир  кез йазылғай садықлардан (37a, 2) (Кімде кім иннә 
әнзәлнаһү  сүресін  дәрет  алған  соң  бір  рет  оқыса  садықтар  қатарына  жазылады);  СГ: 
Битиген намени иллер уқығай, Сүһейлнің тарихыны таза билгей (Жазылған хатты жұрт 
оқитын болады, Сүһейлдің тарихын шынымен де білетін болады) т.б. 
Көріп  отырғанымыздай,  –ғай,  -гей  жұрнақтары  мәмлүк  қыпшақ  тілінде  іс-әрекеттің 
сөйлеп  тұрған  уақыттан  кейін  орындалатынын  білдіретін  таза  келер  шақ  мәнінде 
жұмсалған.  М.  Оразов  Китаб  межмуу  тәржүман  түрки  уә  ажами  уә  араби  сөздігінде 
келер  шақтың  III  жақ  болымды  түрінің  -ғай,  -гей,  болымсыз  түрінің  –мейе  (чиз-ме-й-е) 
арқылы жасалатынын,  яғни болымсыз етістіктерге  -йа, -йе  формаларының жалғанатынын 
айтады  [5,  278].  Алайда  біз  тілін  зерттеп  отырған  5  ескерткіштің  барлығында  болымсыз 
етістіктерге  де  -ғай,  -гей  формалары  жалғанған:  КФТ:  Дауы  идгени  сөзинде  мухалиф 
олмагай  (2b,  81)  (шағымданушының  сөзінде  қарама-қайшылық  болмайды);  KM:  аһд 
ейледүм  теңрийе  сөйлемегей  мен  су  евине  (32b,  1)  (ант  еттім  Тәңірге,  әжетханада 
сөйлемеймін);  МГ:  Eгер  сағ  илиң  арт  кашында  болса  хауф  турур  ким  ат  секрисе 
минебилмегей-сен (Егер оң қолың артқы қасында болса ат секіргенде міне алмайсың) т.б.  
Мәмлүк қыпшақ тілінде –ғай, гей жұрнақтары келер шақтық мағынамен қоса, қалау 
райы  мәнінде  де  жұмсалады.  Қалау  райы  бүгінгі  зерттеу  тақырыбымыз  болмағандықтан 
бұл жерде арнайы тоқталмаймыз. Алайда ескере кетерлік бір жәйт бар. Г. Гүлсевин 13-15 
ғасыр  түрік  тіліндегі  қалау  рай  категориясына  байланысты  мақаласында:  «Етістік 
формаларында  кезедесетін  қосымшалардың  қызметін  анықтау,  оларды  бір-бірінен 
ажырату  өте  қиын.  Екпін,  дикция,  ырғақ  кейбір  қосымшалардың  қызметін  айқындауда 
маңызды  рөл  ойнайды.  Әсіресе  көне  түрік  тілі  секілді  тек  қолжазбалар  арқылы  ғана 
қарастырылатын тілдердегі етістік категориясын жасаушы қосымшалардың қызметін 
айқындау  екпін,  дикция  және  ырғақты  пайдалана  алмағандықтан  өте  қиынға  соғады»  - 
дейді [8, 1]. Мәмлүк қыпшақ тілі де тек жазба ескерткіштер арқылы қарастырылатын, өлі 
тіл  болғандықтан  және  дикция,  екпін,  ырғақ  секілді  модальдық  мән  айыруда  үлкен  рөл 
ойнайтын элементтер болмағандықтан, түрлі модальдық мағыналық реңктерді бір-бірінен 
ажырату  контексте  болса  да  өте  қиын.  Тіпті  шақтық  мағына  мен  модальдық  мағынаның 
өзін айыру оңайға соқпайды. Мысалы: KFT: İyerde körklüg olturmaklık ol turur kim boyuŋnı 
tüz  tutup  tik  olturmak  hiç  egilmegey  (11b,  8)  (ат  егерінде  әдемі  отыру  дегеніміз  мынау, 
бойыңды  тік  ұстап,  еш  иілме  /иілмейсің/);  КФ:  Namâz  durguzgay  sen,  zekât  virgey  sen, 
Ramazân  ayını  oruç  dutgay  sen,  Allâha  hac  eylegey  sen  (39b,  5)  (Намазға  тұрғайсың 
/тұрасың/,  зекет  бергейсің  /бересің/,  рамазанда  ораза  тұтғайсың  /тұтасың/,  Аллаға 
қажылық  жасағайсың  /жасайсың/)  сөйлемдерінде  айтушының  дауыс  ырғағына,  екпініне 
қарамай, тек -ғай, -гей формалары арқылы келер шақта ма, бұйрық не қалау мәндерінде ме 
айтылып тұрғанын айыру өте қиын. Сондықтан да жоғарыда аттары аталған қыпшақ жазба 
ескерткіштерін  зерттеушілер  -ғай,  -гей  жұрнағын  тек  келер  шақ  жұрнағы  деп  ғана  өтеді. 
Алайда оның модальдық мәнде беретіндігі ескеріле бермейді. 
Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  -ар,  -ер,  -ур,  -үр  қосымшаларының  негізгі,  әрі  басты 
функциясы  етістік  түбірлерге  жалғанып,  амал-әрекеттің  үнемі,  дағдылы  түрде  жүзеге 
асатынын  білдіретін  ауыспалы  осы  шақ  жасау  болса  да,  келер  шақ  жасаушы  жұрнақ 
ретінде  де  жиі  қолданылады.  Алайда  келер  шақ  қызметі  ауыспалы  осы  шақ  мағынасы 
негізінде  қалыптасқан  жанама  қызметі  болып  табылады.  Сондықтан  да  -ар,  -ер,  -р 
қосымшасын зерттеуші ғалымдардың көпшілігі оның бірде келер шақ, бірде осы шақ енді 
бірде ауыспалы келер шақ мағыналарында қолданылатынын айтады. Бұл жөнінде Мәмлүк 
қыпшақ тіліндегі осы шақ категориясы атты мақаламызда кеңінен тоқталған болатынбыз. 

 
187 
Тілін  қарастырып  отырған  ескерткіштер  тілінде  -ар,  -ер,  -ур,  -үр  формалары  келер  шақ 
мәнінде  де  ұшырасады:  KФ:  шәфа’ат  идерлер,  андан  соңра  жәннәта  кирүрлер  (12a,  2) 
(шапағат етеді, одан соң жұмаққа кіреді); анлар қаулы биле ‘амал идер биз, чыкмаз биз 
анлар  қаулындан  (21b,  3)  (Олардың  қаулысымен  амал  жасаймыз,  олардың  қаулысынан 
шықпаймыз);  KM:  қабул  ейлемез  Аллаһ  та’ала  намазы  арысуз  дахы  садақайы  қабул 
ейлемез  ғулул  малындан  (12a,  5-6)  (Аллаһ  тағала  намазды  дәретсіз  қабылдамайды, 
садақаны  да  ұрлықы  малдан  қабылдамайды);  KФТ:  Қачан  мунларны  билдүрсе  дауысы 
тамам  олур  (1b,  97)  (Қашан  осыларды  білдірсе  оның  дауы  тәмамдалады);  Қачан  оғлан 
балиғ  олса  рәшид  олубан  ол  оғланын  малыны  вирүрлер  ол  оғлана  (164b,  46)  (Қашан 
бала)ер жетіп кәмілетке толса ол баланың дүниесін өзіне қайтарып береді); MГ: Eгер ол 
аны  аңласа  тақы  сүнгүсини  солына  нақл  қылмақ  тилесе  ол  нақлға  мәшгул  болур  сен  аңа 
фурсат  тапар-сен  (41b,  5-6)  (Егер  ол  оны  түсінсе  және  найзасын  сол  жағына 
ауыстырғысы келсе сол ауыстыруға алданасың, оған мүмкіндік беріп қоясың) т.б. 
Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  Хорезм,  Алтын  Орда  дәуірлерінде  жазылған 
ескерткіштердегі  секілді  келер  шақ  жасаудың  негізгі,  әр  өнімді  тәсілі  жоғарыда  да  атап 
өткеніміздей,  -гай,  -гей  жұрнақтары  арқылы  жүзеге  асады.  Егер  бір  категория  екі  түрлі 
форма  арқылы  жасалған  болса,  бұл  екеуінің  арасында  қандай  да  бір  мағыналық  жіктеліс 
болуға  тиісті.  Бұл  мән  екі  форма  арасындағы  білдіретін  уақыттарының  нақтылығында 
жатқан  секілді.  Яғни  мәмлүк  қыпшақ  тіліндегі  -ар,  -ер,  -ур,  -үр  арқылы  жасалған  келер 
шақты  етістік  –ғай,  -гей  жұрнақтары  секілді  сөйлеу  кезінен  кейін  амал-әрекеттің  жүзеге 
асып, аспайтындығын нақты, әрі сенімді түрде емес, болжайлай айтуын немесе орындалып, 
орындалмайтындығының  күмәнділеу  екендігін  білдіретін  сияқты.  Ы.  Маманов  да  қазақ 
тілінде -ар, -ер, -р жұрнақты етістіктерді болжалды келер шақ деп көрсетеді [9, 116].  
Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  келер  шақ  категориясын  зерделей  келе  мынадай 
тұжырымдар жасауға болады: 
-  Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  келер  шақ  категориясы  -ғай,  -гей  қосымшалары  арқылы 
жасалады.  Яғни  -ғай,  -гей  жұрнақтарының  негізгі  қызметі  іс-әрекеттің  сөйлеп  тұрған 
уақыттан  кейін  сенімді  түрде  жүзеге  асатынын  білдіру  болып  табылады.  Етістіктің  әрі 
болымды, әрі болымсыз формаларына талғамай жалғана береді.  
-  Сондай-ақ  -ғай,  -гей  жұрнақтары  шақтық  мағынамен  қатар  амал-әрекетке 
сөйлеушінің  түрлі  көзқарасын,  ниетін  білдіретін  көптеген  модальдық  мәнде  де 
қолданылады.  Алайда  мәмлүк  қыпшақ  тілі  қазіргі  күнде  тек  жазба  ескерткіштер  арқылы 
ғана зерттей алатын өлі тіл және ырғақ, екпін, сарын секілді мағына айырым элементтері 
болмағандықтан -ғай, -гей жұрнағы жалғанған етістіктердің шақтық не модальдық мағына 
беріп тұрғанын айыру қиын.  
-  Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  –ар,  -ер,  -ур,  -үр  қосымшалары  арқылы  да  келер  шақ 
жасалады. Алайда бұл  қосымшаның негізгі қызметі  ауыспалы осы шақ  жасау. Келер шақ 
мәні жанама функциясы болып табылады.  
-  Мәмлүк  қыпшақ  тілінде  –ғай,  -гей  қосымшалары  амал-әрекеттің  сөйлеп  тұрған 
уақыттан  кейін  жүзеге  асатындығын  нақты,  әрі  сенімді  түрде  білдірсе,  -ар,  -ер,  -ур,  -үр 
қосымшалары  келер  шақ  мәнінде  жұмсалғанда  амал-әрекеттің  болашақта  жүзеге  асып 
аспауын болжайлай айтуын, орындалатындығының күмәнділеу екендігін білдіреді. 
Қорыта  келгенде,  мәмлүк  қыпшақ  тілінде  келер  шақ  жасаушы,  мейлі,  -ғай,  -гей, 
мейлі,  -ар,  -ер,  -ур,  -үр  қосымшаларының  қай-қайсысы  болмасын,  қазіргі  қыпшақ-оғыз 
тобына  кіретін  тілдердің,  соның  ішінде  қазақ  тілінің  де  даму  және  қалыптасу  тарихы 
тұрғысынан  маңызы  зор.  Себебі  мәмлүк  қыпшақ  тілі  әрі  қыпшақ,  әрі  оғыз  тілінің  негізгі 
элементтерін  бойына  жинаған,  сондай-ақ  көне  түркі  тілі  мен  қазіргі  түркі  тілдерін 
жалғастырушы алтын көпір міндетін атқарады ғажап бір тіл десек, артық емес. Сондықтан 
да  мәмлүк  қыпшақ  ескерткіштерін  ғылыми  айналымға  енгізіп,  тілдік  материалдарын 
тіліміздің  қазіргі  күйімен  салыстыра  зерттеу  қазіргі  қазақ  тіл  білімінің,  жалпы 
түркітанудың маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек. 

 
188 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Құрышжанов Ә., Көмеков Б., Дүйсен С. Ескі Қыпшақ тілі. – Алматы, 2007. 
2
 
Тенишев E. Место  Кыпчакского (половецкого, кумаанского) и печенежсккого языков 
среди современных тюркских языков // Изв. АН КазССР. Сер.обществ.наук.  – 1970. - 
№ 5. – С. 78-81. 
3
 
Қазақ тілінің грамматикасы. I том. - Алматы, 1967. 
4
 
Малов  С.Е.  Памятники  древнетюрской  писменности  Монголии  и  Киргизии.  - 
Ленинград: Академия наука, 1959. 
5
 
Оразов М. Етістік. - Алматы, 2001. 
6
 
Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников. – Ленинград, 1980. 
7
 
Кашгари М. Девану лугатит-турк. Том I. - Ташкент, 1961. 
8
 
Gülsevin  G.  Eski  Türkiye  Türkçesinde  “İstek  Kipi”  Üzerine  //  İlmi  Araştırmalar  №  13.  – 
İstanbul, 2002. 
9
 
Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс баспасы, 2007. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Будущее  время  в  мамлюк-кипчакском  языке  образуется  с  помощью  суффиксов  -ғай,  -гей. 
Если  ученые,  исследующие  современные  тюркские  языки,  рассматривают  суффиксы  -ғай,  -гей 
суффиксами  желательного  наклонения,  то  ученые,  исследующие  язык  письменных  памятников, 
показывают данные суффиксы как приставки будущего времени. А также в мамлюк-кипчакском 
языке будущее время образуется с помощью суффиксов -ар, -ер, -ур, -үр. Тем не менее, основная 
задача  этих  суффиксов  -  в  создании  настоящего  времени,  а  косвенная  задача  -  в  обозначении 
будущего времени.  
 
RESUME 
 
The  future  tense  in  the  Mamluk  Kipchak  language  was  formed  as  in  ancient  written  Turkic 
languages  through  suffixes  -ğai,  -gei.  Scientists  of  modern  Turkic  languages  consider  -ğai,  -gei  as  the 
suffixes of the optative mood, while scientists of the written language on monuments consider them as the 
suffix of the future tense. Similarly, the future tense in the Mamluk Kipchak language is formed with the 
help  of  suffixes  -ar,  -er,  -ur,  -ür.  However,  the  main  function  of  these  suffixes  is  to  form  the  present 
simple tense, while formation of the future tense is an additional function. 

 
189 
ӘОЖ 8.48 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н.Қ. Тлебалдина 
Қазақ инновациялық 
гуманитарлық-заң университеті, 
пед. ғыл. канд., аға оқытушы 
 
Бұқар жыраудың 
арнау 
толғауларындағы 
заман келбеті мен 
өмір шындығы 
 
Аннотация 
Мақалада  Бұқар  жырау  толғаулары  жан-
жақты  қарастырылып,  жыраулар  поэзиясын 
зерттеуге 
үлестерін 
қосқан 
ғалымдардың 
еңбектері  басшылыққа  алынған.  Жыраулар 
тудыратын нақылды ойлардың бүгінгі ұрпақ үшін 
маңыздылығына  тоқталып,  талдаулар  жасалып, 
сараланған. 
Жыраулық  дәстүр,  қазақ  жырауларының 
тақырып  аясы,  жыраулар  поэзиясындағы  арнау 
толғаулардағы  еркіндік  тақырыбының  өзіндік 
ерекшелігі 
талданып, 
нақты 
мысалдармен 
дәлелденді. Сонымен қатар, қазақ поэзиясындағы 
жыраулық 
дәстүр 
мәселесі 
сараланып, 
қарастырылды. 
Түйін  сөздер:жырау,  жыраулар  поэзиясы, 
арнау,  толғау,  жыраулық  дәстүр,  импровизация, 
әділ баға, шығармашылық мұра, әдеби құндылық, 
негізгі тақырып, тарихи мұра. 
 
 
Қазақ  жырауларының  шығармашылығының 
тарихы көнеде, тереңде жатыр.  
Осы орайда Т. Сыдықов: «Адамзаттың өткен 
-  кеткенін,  бұрын  -  соңғысын  білмей  тұрып, 
қазіргінің  қалайда  қадіріне  жетпейсіз,  болашаққа 
еркін  жүзіп,  самғай  алмайсыз.  Кешегісіз,  әрине, 
бүгін жоқ, бүгінсіз, сірә, ертең болмақ емес» [1, 3 
б.], - деп зерделейді. 
Жыраулар  поэзиясы  хақында  аз  зерттелген 
жоқ.  Жыраулар  поэзиясын  қазақтың  көрнекті 
ғалымдары:  М.  Мағауин,  Н.  Әбішева,  Х.  Сүйін-
шәлиев,  С.  Негимов  басқа  да  көрнекті  ғалымдар 
зерттеп, үлестерін қосты. 
Жырау  -  поэзияның  талай  өнер  түрлерін  өз 
бойына  сіңіргені,  атап  айтсақ,  жырау  -  идеолог, 
абыз,  ақын  әрі  батыр,  би  болған.  Жыраудың 
бойында көптеген жақсы қасиеттер болуы қажет, 
шыншылдық пен әділеттілік, турашылдық сияқты 
қасиеттержырау 
бойынан 
табылуы 
керек. 
Жыраулар  тудыратын  нақылды  ойлар  бүгінгі 
ұрпақ үшін маңызды.  
«Дала  даналарында»  қазақ  жыраулары 
шығармаларының даму кезеңдерін бірнеше топқа 
бөлген:  «Бірінші  топқа  жыраулық  дәстүрдің 
негізін  салған  Қорқыт,  Кетбұға,  Сыпыра 
жыраулар  жатады.  Бұл  дәуір  ХІ-XIV  ғасырларды 
қамтиды.  Жыраулықтың  қалыптасу  кезеңдерін 
белгілейтін екінші  дәуірге  Асанқайғы,  Қазтуған, 

 
190 
Шәлгез  (Шалкиіз),  Доспамбет  шығармалары  кіреді.  Мұның  кезеңі  XV-XVI  ғасырлар. 
Үшінші кезеңді жыраулықтың әбден толысып, кемелденген тұсындағы өкілдері Үмбетей, 
Жиембет,  Тәтіқара,  Ақтамберді,  Бұқарлар  құрайды.  Бұған  XVII-XVIII  ғасырлар  жатады» 
[2, 157 б.] делінген.  
Жыраулық  дәстүрдің  қазақ  поэзиясында  өзіндік  орны  бар.  Жыраулық  поэзия 
қалыптасуының үш кезеңі бар. Әр кезең жырауларының өзіндік ерекшелігі болады. Олар 
өмір көріністерін көркем бейнелеудегі әдістер де өзгеріп отырып, өзіндік ерекшелігі мен 
стилі болды. 
Мұхамедрахым Жармұхамедұлының басшылығымен жарыққа шыққан «Бұқар жырау 
Қалқаманұлы» атты жинақта мынадай пікір келтірілген: 
«Бұқар  жырау-әдебиетімізде  аты  әйгілі,  ірі  тұлға.  Бұқар  жырау  шындықты  бетке 
айтатын  батылдығымен  де  дараланады.  Кейбір  тығырыққа  тығылған  саяси  мәселелерге 
орай хан алдында ешкім батып сөйлей алмағанда, жырау ғана қиядан қисын, қиыннан жол 
тауып  беретін  болған.  Сондай  сәттерде  де  жырау  қара  қылдық  қақ  жарып,  тек  қана 
шындықты бетке басып айтатын болған. Осы талаптарға сәйкес оның көптеген жырлары 
Абылайханға  арнау  түрінде  айтылып,  үлкен  саяси-әлеуметтік  мәселелерді  қозғайды. 
Жырау  бұл  толғауларында  азаттық  күрестің  жалында  басшысы  Абылайханның  асқақ 
тұлғасын жасауға да мол үлес қосты. Ел тағдыры таразыға түскен ауыр кездерде ханның 
әділдігімен  ақыл–парасатына,  көрегендігіне  ден  қойып,  оның  ерлігі  менен  бегін  жоғары 
бағалады («Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қарасудың 
бетінде Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің...»). 
Жыраудың  жұртты  татулық-бірлікке,  адамгершілікке  үндеген  үгіт–насихаттық 
жырлары да сан алуан. Бұл жырда Асанқайғы айтқан Жиделібайсынға қоныс аудару қажет 
деп тапты. Жырау туған халқының сол тұстағы ауыр халін бұлайша сипаттайды: 
Шүршітпенен құлақтас, 
Қырғызбенен жұбаптас, 
Ортасында ұйлығып, 
Кетпейін десе жері тар, 
Кетейін десе алды - артын 
Қоршап алған кәпір бар. 
Ұйлыққан қойдай қамалып, 
Бүйірінен шаншу қадалып, 
Сорлы қазақ, қалды ойла! [3] 
Бұқардың  көрегендігімен  кемеңгерлігі,  алдын  болжағыш  білгірлігі  оның  әйгілі 
«Ханға  жауап  айтпасам»  деген  толғауынан  анық  аңғарылады.  Мұнда  ол  Асанқайғының 
«Қилы-қилы  заман  болар,  Қарағай  басын  шортан  шалар»  деген  жұмбақ  сөзінің  мәнін 
ашуға  байланысты  болашақ  орыс  боданындағы  жұрттың,  әсіресе,  жастардың  жай–күйі 
қандай болады деген күрделі мәселені жан–жақты қамтып суреттейді. Жырау алдағы сол 
заманды  бейнелегенде,  адамның  рухани  күйреп,  азып  –  тозатынын,  аяусыз  қырылып 
зобалаңға ұшырайтынын тап басып сипаттайды. 
«Бұқар жыраудың өзіндік көрнек, мәнерін айтқанда, оның аз сөзге көп мағына сыйғы 
-затын  шеберлігін  бөліп  айтқан  жөн.  Мұндай  жолдардың  мақал–мәтел  іспеттес  болып 
құрылатынын  көреміз.  Бұқар  осы  сипаттарымен  үлкен  ойды  қорытып  жинақтау 
дәрежесіне көтерілді. 
Өмір көріністерін кеңінен қамтып бейнелеуі жағынан ол жазба әдебиетке бір табан 
жақын  тұрды,  өзінен  кейінгі  ұлы  Абайға  да  игі  әсер  етті.  Қазақ  өлеңдерінің  мазмұны 
жағынан  байып  көркеюіне  елеулі  үлес  қосқан  жырау  туған  халқының  болашақ 
тағдырының  қалыптасуына  да  өз  жырларымен  еңбек  етті»  [4,  3-5  бб.]  –  деген 
Мұхамедрахым Жармұхамедұлының пайымдауының құндылығының әрі салмағының зор 
екендігін атауға болады. 

 
191 
Бұқар  жырау  келер  заман  қиындығы  мен  адамгершіліктің  азайып,  адамгершілік 
қасиеттің жоғалу мүмкіндігі жайлы толғайды. 
Жырау  туындыларының  көбі  нақылға  ұқсас,  ондағы  ойлар  қазіргі  және  келешек 
ұрпақ үшін қажет және бұл туындылар әрбір оқырманға ой салады. 
Адам  баласының  пендешіліктерін,  барға  қанағат  етпей,  шүкіршілік  жасамай, 
тәубеден тайып кететін сәттерін «Үмітсіз шайтан» жырында өрнектеп берген.  
Әлемді түгел көрсе де
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де – 
Қызыққа тоймас адамзат! 
Ілімді түгел білсе де, 
Қызығын қолмен бөлсе де, 
Қызықты күні қырындап, 
Қисынсыз күйге түссе де – 
Өмірге тоймас адамзат! 
Жақындап ажал тұрса да, 
Қалжырап, көңілі қарайып
Қарауытып көзі тұрса да – 
Үмітін қоймас адамзат! [3] - дейді. 
Бұқар жыраудың насихат өлеңдері бір төбе және олардың маңызы зор. «Ханға жауап 
айтпасам»  толғауында  жырау  өз  көрегендігі  мен  парасатын  жатқан  жол-жоралғысымен 
салт-дәстүрін  негізге  ала  отырып,  мұсылман  дінінің  қағида  -  шарттарында  үлгі  етіп,  ел 
болашағы Абылай ханның көрегендігін, даналығын және ел болашағы татулық мәселелері 
жайлы, халық болашағы мен бейбітшілік сақтау жайлы жырлайды. 
Ханға жауап айтпасам, 
Ханның көңілі қайтады. 
Қандыра жауап қатпасам, 
Халқым не деп айтады? 
Хан Абылай, Абылай, 
Қайғылы мұндай хабарды 
Сұрамасаң не етеді? 
Сұраған соң айтпасам, 
Кісілігім кетеді.... 
Бұқар  жыраудың  айтуға  тыйым  салынып  келген  бірқыры:  орыс  отаршылдығына 
қарсы қажырлы күресі. Ол шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерді біртіндеп басып алып, сол 
мекендерге  бекіністер  сала  бастаған  отаршылдардың  бұзық  пиғылдарын  жұрттан  бұрын 
сезіп, содан сақтануға шақырды.  
Жыраудың  толғауларын  оқу  арқылы  оның  кесек,  нар  тұлғасын  көреміз. 
Адамгершілік қасиеттің азайып, қилы заман болатыны жайлы тереңнен қозғап жеткізеді  
Ғалым  Ш.Т.  Қуанғановтың  «Бұқар  жырау  және  оның  заманы»  атты  кітабында 
мынадай пікір келтірген: «Философиялық терең мағыналы, ойлы жырлары өмір сырының 
әр  қырлары:  бақтың,  тақтың,  дәулеттің,  тіршіліктің  өркендеп  өсу,  өшу  сияқты 
заңдылықтарының  тиегі  нағытып,  елдің  қайратының  қаншама  азып,  тозса  да,  тұтқасы 
халықта, оның бірлігінде екенін көрсетеді. 
Өмірдің  өркендеу,  өсу  заңын  ұғу,  бос  масаттанбау,  басыңдағы  болжаусыз  бағың, 
астыңдағы  тұрақсыз  тақ  үшін  тасымау  керектігін  халық  мәңгі  жасайтынын,  оны  естен 
шығармау керектігін айтады. Сөйтіп, қалың бұқараның күшін ханға, би-сұлтанға өлімсіз 
өмір етіп көрсетеді.  
Ханның жақсы болмағы, 
Қарашының елдігі. 

 
192 
Қарашыхалық сыйласа, 
Алтыннан болар белдігі. 
Жақсы жігіт, ұл туса, 
Патшадан болмас кемдігі. 
Айтсам сөзім таусылмас, 
Тоқтатайын сөзімді... 
Бұқар  жыраудың  осындай  мағыналы,  саналы  толғауларын,  жырларын  жадына 
сақтаған  халық,  оны  өзінің  күнделік  тіршілігіне  өзекті  арқау  етті»  [5,  30-31  бб.]  -  деп, 
ұрпаққа өнегелі өмірді насихаттайды. 
Бұқар жырау өз арнау толғауларында замана келбеті мен өмір шындығын арқау етті. 
Бұқар толғаулары асыл сөз бен философиялық мәнді сөздерге толы. Адамды жақсылыққа 
жетелеп,  ой  салатын  туындыларының  біз  үшін  маңызы  зор,  мәңгі  ұмытылмас  отты 
жырлар.  Бұқар  жыраулар  поэзиясынан  ойып  тұрып  орын  алады,  оның  шығармалары 
салиқалы  ой  мен  ақылға  толы.  Жыраудың  туындыларын  оқи  отырып,  әр  қазақ  азаматы 
өзіне көп саналы сөздер мен нақылдық пайымдаулар алады. 
Бұқарды  жырауды  халқы  әрдайым  әулиедей  сыйлаған.  Ол  өз  толғауларында  жан 
дүниесін ашып, турашылдықпен бар шындықты жұртқа жайып салып отырған. Жыраулар 
қоғамдық  мүддені  жоғары  ұстаған.  Жыраулар  өз  арнау  толғауларында  хандарға  ақыл 
айтып,  дұрыс  жолға  бағыттаушы  абыз  іспетті  болған.  Жыраулар  поэзиясының 
философиялық терең мағыналы ойлары әрбір адамға ой салады, олардың жырлары бақыт, 
байлық, өмір мен өлім секілді заңдылықтар жайлы ой қозғайды, бірлік арқылы ғана елдің 
тұтастығы болатыны туралы толғайды. 
Б.Кенжебаевтың  «Әдебиет  белестері»  атты  зерттеуінде  Бұқар  жырау  туралы 
мынадай пікір келтірілген: «Бұқар жырау шығармалары тақырыбы мен мазмұны жағынан 
болсын,  жалпы  өзінің  идеясы,  ұстаған  саяси  жолы  жөнінен  де,  Асан  қайғының  үлгілі 
шәкірті. Ол - өз дәуірінің Асанқайғысы, заманының бел баласы, халқының қамқоршысы, 
ұраншысы. Бұған мына жағдайлар дәлел бола алады: 
Бірінші  –  Бұқар  жырау  шығармаларының  тақырыбы  өз  тұсындағы  қазақ  халқының 
жай-күйі, мұң-тілегі, болашақ тағдыры, жалпы тұрмыс, заман жайы. Оның шығармалары 
ханға,  халыққа,  қазақ  тұрмысында  болған  саяси  мәні  зор  оқиғаларға  арналып,  толғау 
ретінде  айтылады.  Бұл  жағдайлар  Бұқар  жыраудың  жоғарыда  аталған  толғауларының 
тақырыптарынан да айқын аңғарылады.  
Екінші – Бұқар жырау қазақ халқының бірлігін, ынтымағын көксейді. Ол дәуірде бұл 
мәселе халық көкейін тескен аса мәнді мәселе еді. Себебі, қазақ халқы әр рудан құралған 
еді, онда халық намысынан гөрі, ру намысы күштірек келетін. Жесір дауы, жер дауы, мал 
дауы сияқты мәселелер жөнінде ру-ру болып ұрысып, таласып, бірде біріксе, бірде бөлініп 
кетіп жүретін. Сондықтан Бұқар жырау халық арасындағы, әсіресе халықты бастап жүрген 
ру басылар, билер, батырлар арасындағы дау - жанжалға, ру, ата, ауыл таластарына қарсы 
күреседі. Оларды сүттей ұйып отыруға, елді де ынтымақты, күшті ел етуге, сөйтіп, шетел 
басқыншыларынан  қорғануға,  шаруашылық  қамын  ойлауға  үгіттейді.  «Бірлік  болмай, 
тірлік болмайды» деген ұран көтереді. 
Бірінші тілек тілеңіз: 
Бір Алладан жазбасқа
Пиғылы пасық залымның 
Тіліне еріп азбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз: 
Алпыс басты ақ орда, 
Ардақтаған аяулың 
Өзіңнен басқа бір жанға 
Тегіннен олжа болмасқа 
Үшінші тілек тілеңіз: 

 
193 
Желкілдеген ту келіп, 
Жер қайысқан қол келіп, 
Сонан да сасып қалмасқа, - деп халқына, оны бастаған адамдарға ақыл айтады. 
Үшінші  –  Бұқар  жырау  халық  тыныштығын,  бейбіт  еңбек  етіп,  тұрмысын 
гүлдендіруін  көксейді.  Өйткені  ол  кезде  қазақ  халқының  көкейін  тескен  аса  мәнді 
мәселелерінің  бірі  –  осы  тыныштық,  бейбіт  өмір  мәселесі  еді.  Бірнеше  жылға  созылған 
сұрапыл соғыс халықты ығыр қылған, қажысқан, әбден жеріткен еді» [6, 68-69 бб.].  
Бұқар  жырау  қазақ  жырауларының  ішіндегі  ең  бір  қиын  да  маңызды  мәселелерді 
көтере  білген  бірден-бір  жырау.  Оның  туындыларында  еркіндік  мәселесі  де  қамтылған. 
Қазақ  халқы  сол  қиын-қыстау  заманда  жан-жағындағы  жаумен  айқасып,  аласапыран 
заманды басынан өткізді. 
Бұқар  төңіректегі  мемлекеттермен  соғысуына  қарсы  болады,  елдермен  татулықта 
тұруға  шақырады.  Асан  Қайғы  сықылды  Бұқар  жырау  ойланып,  жырымен  халқына  өз 
көзқарасын жеткізді. Қалмақ, сарт, орыс секілді елдермен жауласқаннан түк шықпайтыны 
жайлы,  тек  халықты  құртып,  елді  үдететінін  айтады.  Халық  қамын  ойлаған  жырау 
Абылайға  орыспен  соғыспауын  өтініп  сұрайды.  Қазақтың  қамын  ойлау  қажеттігі  мен 
қырғыз елімен жақсы қарым-қатынаста болудың маңыздылығын жырлайды. Бұқар секілді 
Асан да жұрт қамын ойлап өткен адам. Бұқар жырау халық тыныштығын шын ниетімен 
толғайды.  Бұқар  жырау  толғауларында  ханға  ақыл  айту  кездеседі.  Еркіндік  пен  елдікті 
сақтау  мақсатында  еңбек  сіңірді,  халық  намысын  жоғары  ұстаған.  Жыраулар  әрдайым 
ұлттың жағдайын тебірене жырлаған.  
Жыраудың  жұртты  татулық  -  бірлікке,  адамгершілікке  үндеген  үгіт  –  насихаттық 
жырлары  да  сан  алуан.  Бұларда  ол  халқымыздың  ертеден  келе  жатқан  жол  -  жоралғысы 
мен салт - дәстүрін негізге ала отырып, мұсылман дінінің қағида - шарттарын да үлгі ете 
білді»[7, 4 б.], - десе, ғалым С. Негимовтің «Әдебиет әлемі» атты зерттеуінде Бұқар жырау 
туралы мынадай пікір келтіріледі: 
«Бұқар жырау Қалқаманұлының өмір тарихы мен өнернамасы, шын мәнінде, Абылай 
дәуірінің  шарайнасы.  Ұлтының  тамаша  рухани  адамгершілік  қасиеттерін  бойына 
дарытқан  көкірегі  даңғыл,  алмас  тілді,  дуалы  ауыз  кемеңгер  ақылшы,  данагөй,  тілегі 
қабыл  болар  батагөй,  толқынды  топта  тілдің  майын  тамызып,  сөздің  балын  ағызып, 
сұңқардай  саңқылдайтын  суырылған  шешен,  «хан  шеше  алмаған  ауыр  түйін,  қиын 
жұмбақ,  көмескі  келешекті»  бұлжытпай  болжайтын,  қапияда  айрықша  сәулетті  ой-пікір 
өрбітетін  әулие  жырауды  Абылай  қасынан  бір  елі  қалдырмаған.  Ақыл-ойға  кемел 
«көмекей  әулие»  Абылай  ханның  дұрыс  шешім,  парасатты  пайым  қабылдауына,  қос 
бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстануына әсері, дипломатиялық 
қарым-қатынастарды  реттеу  барынша  танымды  ықпал  жасайды»  [8,  11  б.].  Бұдан  Бұқар 
жыраудың  өз  бойындағы  адамгершілік  қасиеттің  әрбір  адамның  бойынан  табылуы  үшін 
көп ізденіп, дипломат болуға тырысу керектігін байқаймыз.  
«Көмекей  әулие»  деп  аталып  кеткен  Бұқар  жыраудың  салиқалы  арнау 
толғауларының оқырманға берері мол. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет