Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет110/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143
ФОРМАЛЬДЕГИД ТОБЫ
Альдегидтер-дегеніміз құрамында карбонил тобы (С=О) бар, R-COH радикалымен байланысқан органикалық қосылыстар тобы. Табиғи альдигидтер көп бөлігі өсімдіктерге, әсіресе эфир майларының құрамында кездеседі.
Осы реакциялар альдегидтердің фармокологиялық әсерінің негізгі болып есептелінеді. тартып алады және митохондриядағы кейбір жүйелерді жойып жібереді. Мұндай өзгерістерге микроб торшалары өте сезімтал келеді, сонымен бірге насекомдар торшалары мен жануарлар торшаларының сезімталдығы да жоғары деңгейде болады. Сол себепті мұнда йәсері ар препараттарды дезинфекция мен дезинсекцияда қолдану жақсы нәтиже береді, алайда кейбір жағдайларда антисептикалық мақсаттар үшін де қолдануға болады. Резорбтивті әсер үшін күрелірек қосылыстар ( гексаметилентетрамин қолданылады).
Формальдегид- (Formaldehydum) құрырсқа қышқылының альдегиді (СН2О). Өзіне тән өткір иісі бар, түссіз газ. 210С-да сұйыққа айналады, ал 920С-да тоназинді су мен спиртте кез –келген арақатынасқа ериді. Формальдегид оңай полимерленеді де, полиформальдегидке және басқа полимерлерге айналады. Тотықтырғыштар мен фенол, камфора, ментол, тимол және резорцинмен кереғарлық қатынаста болады. Ол - формалин түрінде кездеседі және қолданылады.
Формалин дегеніміз құрамында метил спирті (4-12%) және құмырсқа қышқылы (0,02-0,04%) бар формальдегидтің сулы (36,5-37,5%) ерітіндісі. Метил спирті мен құмырсқа қышқылы формальдегидті полимеризациядан (лайланып, нараформальдегидтің тұнбаға түсуінен ) қорғайды. Түссіз, формальдегид тәрізді өткір иіс бар, сұйық зат. Қараңғыда 90С-тан жоғары температурада сақтайды (полимеризация болмауы үшін). Формальдегидтің микроптарқа қарсы әсері газ және сұйық күйінде өте күшті болады. Оның 1:6000-ға қатынасындай концентрациясынан топадан және шошқалардың тілме ауруларының қоздығыштары сияқты өте төзімді микроптар өсуін тоқтатады. Формальдегидтің 1:1000-ға қатынасындай концентрациясы топалаң ауруының спорасын 1 сағатта, ал 1:500-дей концентрациясы 15 минутта өлтіреді.
Формальдегид ылғалды ортада ғана белсенді. Бірақ температураның да дезинфекция кезінде ерекше маңызы бар. Ол 100С-тан төмен болмауы крек, температура жоғарылаған сайын, оның микропқа қарсы әсері де күшейе түседі. Төменгі температураларда формальдагид бактерияларды өлтірмей, олардың һсіп-өнуін тоқтатып қана әсер етеді. Сұйық күйінде де формальдагидтің бактерицидтік белсендігі өте жоғары болады. Оның 1% кнцентрациясы 0,1% сулеманың ерітіндісіне тең келеді, бірақ сулемаға қарағанда төзімді, әрі әсері де ұзақ келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет