Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет111/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143
ХЛОР ПРЕПАРАТТАРЫ
Т абиғатта хло өте кең түрде таралған. Ол көптеген заттардың, оның ішінде, өте күшті уытты заттардың (скілордиэтиленсульфит), инсектицидтердің (хлорофос), жүйке жүйесінің қуаттандырғыштарының (хлорлы кальций), азықтфқ заттардың (ас тұзы) құрамына кіреді. Сонымен бірге фармакологиялық белсенділігі бос күйінде бөлінген хлорға байланысты көптеген препараттар да бар. өте құрғақ газ тәрізді хлор инертті келеді. Тіпті фосфор, темір сияқты реактивті заттармен де әсерлеспейді, бірақ ылғалды ортада оның белсенділігі өте жоғары. Сумен қоысылып хлосутекті жәнә хлосутекті тәрізді қышқылдар түзеді Cl2+H2O HCl+HCLO.
Хлосутекті қышқыл тұрақсыз болғандықтан хлосутекке және оттегіне ыдырайды (HCLO HCl+O). Бөлінген оттегінің өте күшті тотықтырғыш әсері болады, сондықтан миктобтарға қарсы әсері де осыған негізделген. Хлорды күкіртті сутек және аммиакпен әсері өте күшті болады да, оның дезодорациялық әсерінің негізін құрайды. Хлордың әер ету механизмі бөлінген оттегімен тотығуға негізделген. Қышқылды ортада көп реттерде тұзды қышқыл әсер етеді. Сонымен бірге хлор белоктармен реакцияға түсіп оның қасиетін жойып жібереді.
Хлордың белгілі бір ұрпаларға ерекше әсері болмайды, ол жануарлардың ұпаларымен де, микроорганизмдермен де, сол сияқты органикалық және бейоганикалық қосылыстармен де интенсивті түрде бірдей әсер етеді. Хлордың барлық реакциялары – ол ерітінділер құрамында көп болған сайын интенсивті түрде жүреді. Залалданған объектілерді дезинфекциялаған кезде ылғалы көптеу органикалық заттармен әсерлеседі.
Кальций гипохлориді (хлорлы әк, ақ инвесть) – Calcii hypochlorosum. Ақ немесе сұрғылт түсті хлордың иісі бар ұнтақ. Суда толық ерімейді. Сөндірілген әкті хлормен қанықтыру арқылы алады. Алыну және сақтау шарттарына қарай препарат кальций гипохлоридінен Са(ОCl)2 кальций гидратынан Са(ОН)2 және кальций хлоридінен СаОCL2 тұрады.


Бақылау сұрақтары:

1 Формальдегид тобы


2 Оттегі бөлетін заттар
3 Хлор препараттары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет