Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Хлор сутекті қышқыл (кислота хлористоводородлая) – Асіdum hydrochIoricum, НСІ



бет113/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   143
Хлор сутекті қышқыл (кислота хлористоводородлая) – Асіdum hydrochIoricum, НСІ. Тұз қышқылының күшті және араластырылған түрлері бар. Таза әрі күшті фармакопеялы тұз қышқылы (Асіdum hydrochIoricum) құрамында әрқашанда 37 % НСІ: болады.
Тығыздығы 1,125-1,128.Су мен спиртте кез келген арақатынаста араласа береді;ерітінділері тұрақты, реакциялары қышқылды, ұлпаларды қатты тітіркендіріп, күйдіріп әсер етеді.Емдік мақсаттар үшін араластырылған тұз қышқылы қолданылады.Оның құрамында 8,3% НСІ болады.
Тұз қышқылының ас қорытуда ерекше маңызы бар. Ол белоктардың қорытылуына септігін тигізіп микробтардың дамуын тоқтатады.Оның қарын сөліндегі мөлшері, қарындағы азықтық заттардың мөлшері ас қорыту кезінде 0,2-0,5% дейін болады.
Тұз қышқылы бактернолитикалық және бактериостатикалық әсер етеді.Қышқылдың бактериоцидтілігі оның ерітінділегі концентрациясы жоғары болған сайын, сонымен бірге температурасы жоғарылап, әсер ету уақыты ұзарған сайын арта түседі.Хлорды натрийдің қатысуымен тұз қышқылының диссоциациялануы әлсіреп бактерицидтік белсенділігі төмендейді.Қышқыл баяу болғанымен толық диссоциацияланып дезинфекциялық әсері де толық болады.Тұз қышқылы микробтардың споралы да, вегетативті де түрлерін өлтіреді.Сондықтан оны дезинфекциялық мақсаттар үшін қолдануға болады.Бірақ препарат бағасының қымбаттылығы және дезинфекцияланатын заттардың көп бүлінетінділігі оның қолданылуын едәуір шектейді.Тұз қышқылы аса бағалы дезинфекциялайтын зат ретінде терілерді дезинфекциялау үшін қолданылады.Толық залалсыздандыру үшін оның тұрақты концентрациясы, NaCI-дың болуы, оптималды температура және белгілі әсер ету уақыты болуы керек.Терілерді мұндай әдіспен дезинфекциялау терінің сапасын едәуір мөлшерде төмендетеді.
Тұз қышқылын 0,1-0,4% ерітнді түрінде асқазан сөлінің қышқылы азайып немесе мүлдем жоқ болған кезде ас қорытуды жақсарту үшін қолданады.Қышқылды көп мөлшерде қолдана беруге болмайды, өйткені ол кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп, жиі қолданған кезде тіпті қабындырады.Асқазан сөлінің қорыту қасиетін жақсарту мақсатымен қышқылды пепсинмен қосып береді.Ауру малдарға көп жағдайларда табиғи асқазан сөлін береді.
Тұз қышқылын күйіс қайыратын малдардың асқазанының қызметі нашарлағанда, қарындағы ашу құбылысы күшейгенде, малдардың, сілтілермен улануының алдын алуға және емдік мақсаттармен тауықтардың тырысқақ ауруы қезінде (0,5 % ерітіндісі) қолданылады. Араластырлыған тұз қышқылының мөлшері: жылқыларға 10,0-20,0; ірі қара малға 15,0-30,0: қойларға 2,5-5,0; шошқаларға1,0-2,0; иттерге 0,1-0,5 гр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет