Ф-0Б-001/035 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


І.ІІ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің



бет4/8
Дата06.12.2022
өлшемі133,5 Kb.
#55383
1   2   3   4   5   6   7   8
І.ІІ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің
міндеттері мен негізгі факторлары.

Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:



  • мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;

  • стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда баяндалған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;

  • оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың түрлері, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары);

  • оқушылардың танымдықмүмкіндіктері;

  • оқыту нәтижелерімен айқындалады.

1. Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты оқытуда көптеген объективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдержавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен, Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды./7/
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары төмендегіше айқындалған:

  • оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;

  • тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;

  • отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;

  • халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылықпен құрметін дамыту.

Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады:

  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;

  • оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім- тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;

  • қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;

  • тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;

  • әртүрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;

  • тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру.

Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегеніміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады. /8/
2. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңреді.
3. Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспа-қолжазбалық (мәтінмен жұмыс). Көрнекі, практикалық деген секілді. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының екі жақты әрекетін айқындайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенісмді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді. /9/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет