Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет48/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152
"Терең сұхбат" әдісі пайдаланушылардың тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл ең көп еңбекті қажет ететін және жауапты кезеңдердің бірі, өйткені терең интервью кезінде сіз адамның өзі де түсініп, түйсіне алмайтын "көмескі білім" туралы сұрастырасыз.
Мақсаттары:

  • Сіз не үшін сұхбат аласыз?

  • Сіздің не туралы білгіңіз келеді?

  • Ақпарат әрі қарай қайда қолданылады?

  • Қандай маңызды ақпаратты анықтау қажет?

  • Қай мәселеге баса назар аудару керек?

Терең сұхбат 1 сағаттан бастап 2,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Пайдаланушының жағдайына терең бойлау сол адамның әлемі, оның ұмтылыстары, тілегі, проблемалары туралы жан-жақты түсінік береді. Осы кезеңде еліктіру маңызды.
Әдіс:

  • Біз адамды мұқият тыңдаймыз.

  • Оның қиындықтарына түсіністікпен қараймыз.

  • Біз туындаған қиындықтар мен қуаныштардың себептерін анықтауға тырысамыз.

  • Сонымен қатар, өз мақсаттарымыз мен міндеттерімізді жадымызда ұстап, өз әңгімеміздің тақырыбын ұстанамыз.

Дайындау және өткізу:

  1. Біріншіден, сізге сұрақтар тізімін жасау керек. Сұрақтардың тізімін тек құрастырып қана қоймай, олар жақсы зерделенуі және түсінікті болуы тиіс. Әңгімелесуді танысудан бастау керек. Сұрақ тізімі 20 сұрақтан бастап 50 сұраққа дейін болады.

  2. Сұхбатты диктофонға жазуып алған маңызды. Барлық қажетті материалдар алдын ала дайындалуға тиіс. Респондентке жазба туралы хабарлау қажет пе, жоқ па , ол жағы сіздің жеке таңдауыңызда.

  3. Қарым–қатынас барысында блоктар бірнешеу болуы мүмкін, олар бірнеше кезеңде өтуі керек. Біріншісі - таныстық, адам өзі туралы айта келе, әңгімеге іштей дайындала бастайды. Екінші блок - 15-20 минуттан кейін сіз маңызды сұрақтарға келгенде басталады. Бұл жерде әңгімені жеңілдетуге көмектесетін сұрақтарды ойластыру керек - өз өміріңіздегі оқиғалардан айтып беруге болады. Үшінші блок - соңғы сұрақтар қойылғаннан кейін сұхбатты аяқтау кезеңі. Сондықтан сұхбаттың қорытындысын шығаруға көмектесетін сұрақтарды ойластырыңыз. Дәл осы сұхбаттың аяғында қызықты әңгімелер айтылуы мүмкін.

  4. Сіз үлкен жұмыс атқардыңыз, адам көп эмоциясы мен күшін жұмсады - әңгімелесудің аяқталуына баса назар аударыңыз. Тақырыпқа жақын басқа саладан әңгіме айтып беріңіз. Респондентке жылы шырай танытып, алғыс айтыңыз.

Терең сұхбаттың динамикасы:

  • Танысу / Старт – респондентпен танысыңыз, оның қал-жағдайын сұраңыз, сізбен кездесетін жерге қалай жеткенін сұраймыз.

  • Қыздыру-респонденттің мамандығын (егер білмейтіндер) және жұмысында оған не ұнайтынын сұраймыз.

  • Фокустандыру - сұрақтар тізіміндегі бірінші базалық сұрақтарға көшеміз.

  • Жақындау - бұл кезеңде респонденттен сұхбат үшін дайындалған карточкалардың бірін толтыруды сұрай аласыз.

  • Тарих/шарықтау шегі - алғашқы өмірлік оқиғалар туралы сұрастырамыз, әңгімелесуде өзіңіз үшін аса маңызды сұрақтарды пайдаланамыз.

  • Мәселелер жиынтығы - "эмпатикалық тыңдау" деңгейіне шығамыз: адамның өміріндегі оқиғалар туралы мұқият тыңдаймыз және сұрақтарды тізім бойынша емес, респонденттен алынған ақпаратқа сүйене отырып қоямыз. Міндет - адамның тап болған қиындықтарының неге байланысты екенін анықтау.

  • Респонденттің сізбен бөліскен эмоциялық оқиғалары - ең маңыздысы, осыған баса назар аудару керек: олар қандай физикалық әрекеттермен бірге жүретінін бақылаңыз.

  • Проекция / идеялар-оқиғалардың болжалды даму жолдарын айтып, түсіндіріңіз.

  • Еркін ұстау - респондентпен бірге қалған карточкаларды толтыруға, жазуға, өз оқиғаларыңызбен бөлісуге болады.

  • Шығу-адамға шыдамдылығы және бізбен сөйлесуге дайын болғандығы үшін алғыс айтамыз; әңгімені қоршаған жағдайға ауыстырамыз, қандай да бір өзгерістерді атап көрсетеміз.

Сұхбаттың осы форматы респонденттен қолда бар проблеманы егжей-тегжейлі талдауға және зерттеуші мен тапсырыс берушінің зерделенетін құбылысы туралы түсінігін кеңейтуге мүмкіндік беретін "жеке" ақпарат алуға мүмкіндік береді деп саналады.
Сондай-ақ сұхбат респонденттің ішкі ниеттеріне, уәждеріне, бейімділігі мен сипаттарына қатысты, сұрақтарды қойған немесе еркін тұжырымдаған кезде интервьюермен әңгімелесу процесінде барынша толық ақпарат алуға бағытталған.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет