Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет121/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   379

4.5. Алколгольді сусындар


Алколгольді сусындар – құрамында этил сирті бар сусындар. Этил спиртінің мөлшеріне байланысты барлық алколгольді ішімдіктер келесідей топтарға бөлінеді: жоғары градусты (96%-ға дейінгі спирт) оған этил спирті жатады; күшті (31–65%) – бұл арақ, ром, виски, коньяк; орташа алкогольді (9– 30%) – бұл ликер бұйымдары, шараптар; және әлсіз алкогольді (1,5-8%) – оған сыра жатады.



Этил спирті – этил спирті түссіз, мөлдір, күйдіргі дәмді, өзіне тән иісі бар, тығыздығы 789,27 кг/м3 (200 °С), қайнау температурасы 78,35 °С. Этил спирті ауадан ылғалды өзәне жақсы қабылдайды, жақсы еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б. көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Этил спирті екі түрлі тәсілмен алады: ферментативтік немесе биохимиялық; химиялық немесе синтетикалық. Бірінші тәсілде ашытқы ферменттерінің әсерінен қанттың ашуынан алынады, екінші тәсілде этиленге катализатор көмегімен суды қосу арқылы алынады.

Ашыған тамақ шикізаттарынан спиртті айдау арқылы алады. Ашымалды (бражканы) айдау арқылы қоспалардан тазаланбаған шикі-спирт алынады. Шикі – спирттің құрамында этил спиртінің (күші) мөлшері 88%. Осыдан кейін ректификациялық қондырғыларда тазаланған спирт алынады (95–96%), бастапқы фракция (3,0–3,5%), ал сивуха майлары (0,35–0,4%), қалған мөлшерлері ректификацияда жоғалған шығындар. Бастапқы фракциядан арнаулы қондырғыларда тазаланған спирт айдалады, ал сивуха майларынан жоғары спирттер (изоамилді 60%, изобутилді 10–14%, пропилді 3–5%) алынады.

Спирт шикізаттарына – құрамында қант немесе крахмалы бар кез келген материалдар жарайды. Экономикалық көрсеткіштері бойынша қолайлы шикізаттарға картоп, астық, меласса (қант өндірісінің қалдықтары), қант қызылшасы жатады.

Тағамдық спиртті крахмалға бай өсімдіктерден (картоп, астық дақылдары, крахмал-сірне өнеркәсібінің қалдықтары) және қантқа бай шикізаттан (мелласса, қант қызылшасы, қант тростнигі т.б.) спирттік ашыту әдісімен алады.

Қоспа мөлшері мен күштілігіне байланысты ректификацияланған этил спиртінің экстра, жоғары тазалықты және І сұрыптарын шығарады.

Ректификацияланған этил сприті (С2Н5ОН) бөтен иіссіз мөлдір түссіз сұйықтық болып табылады.

Экстра сұрыпты спритті кондициялы дәннен алады, оның күштілігі 96,5%, жоғары тазалықты спирт күштілігі – 96,2, І сұрыпты – 96%.

Экстра және жоғары тазлықты ректификацияланған спиртті арақ және ликер-арақ өнімдерін алуда қолданады.



Арақ – тазаланған этил спиртінің (40–56%) сумен араласқан және активтендірілген көмірмен өңделінген қоспасы – спиртті ішімдік. Арақ зауыттарында құрамында қант бар қызылша қалдықтарынан, бидайдан ашытылып, айдалынып өндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет