Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет123/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   379
Ликер-арақ өнімдерін ректификат спиртін жартылай фабрикаттармен (спирттелген шырындар, спирттелген морстар, спирттелген тұндырмалар, мен ароматты спирттер) және қосымша материалдармен (тағамдық бояғыштар, ароматты заттар, қант сиробы, сірне, т.б.) араластыру (купаждау) арқылы алады. Ликер арақ өнімдері спиртті сусындардан ерекше дәм мен иіспен ерекшеленеді.

Ликер арақ өнімдері спирт пен қант мөлшеріне қарай тұндырма, құймалар, ликерлар, пунштар, десертті сусындар және аперитивтер болып бөленеді.



Тұндырмалардың ащы және бальзам, тәтті және жартылай тәтті түрлері шығарады.

Ащы тұндырмалар мен бальзамдар күшті алкогольді сусындар болып табылады. (36–60% спирт) Оларды спиртті тұндырмаларға және ароматты спирттерге бояғыш заттар мен эфир майларын, ал дәмін жұмсарту үшін 1% дейін қант қосу арқылы алады. Оларға Рижский бальзам, Зубровка, Зверобойный жатады.

Ащы төмен градусты тұндырмалар өзіндік өткір дәмімен ерекшеленеді, олардың күштілігі 25–28%. Оларға Полевая, Украинская, Степная, Имбирная жатады.

Жартылай тәтті тұндырмалар қышқыл-тәтті дәмімен ерекшеленеді, құрамы 30–40% спирттен және 9–10% қанттан тұрады. Ең кең тарағаны – Вишневая, Рябиновая, Янтарьная, Таежная.

Жартылай тәтті төмен градусты тұндырмалардың күштілігі 20-25% және экстактілігі төмен. Оларға Южная, Восточная, Рябинка жатады.

Тәтті тұндырмаларды жеміс-жидек морстарын ректификацияланған спиртпен купаждап, қант, сірне, қышқылдар, бояғыш заттар қосу арқылы алады. Тәтті тұндырмалар 16–25% спирттен, 8–30% қанттан тұрады. Тәтті тұндырмалардың аты қолданған жеміс-жидектермен анықталады: Вишневая, Абрикосовая, Клюквенная және т.б.



Джинағылшын алкогольді сусыны, тұндырманың бір түрі. Оны арпа спиртінен алады, арпа спиртін қажетті күштілікке дейін (45-50%) сұйылтып, екінші рет арша жидегімен дистилдейді. Джин таңқурай ароматымен және коньяк спиртімен ароматталады. Ассортименті: Старая леди, Гуламор, Гордон, Бифатер және т.б.

Құйманы спирттелген шырындар мен морстарды қант сиропымен, ректификацияланған спиртпен және сумен купаждау арқылы алады. Тәтті тұндырмаларға қарағанда құйма құрамында қант мөлшері көп (30–40%), ал спирт мөлшері (18–20%) аз. Ассортименті: Клубничная, Вишневая, Алычовая, Запеканка, Золотая осень.

Ликер – тәтті, хош иісті, күшті спиртті( 45е дейінгі көлемдік пайызды) ішімдік. Ликерға спирттелген жеміс-жидек шырындарын, хош иісті шөп тұнбаларын, тамырлар, дәмдеуіштер т.б. қосады. Ликерлар жоғары дәмдік және ароматты қасиеттерімен, жоғары қант мөлшерімен ерекшеленеді. Қолданылатын шикізат және спирт мөлшеріне байланысты күшті, дессертті ликерлар және кремдер болып бөлінеді.

Күшті ликерлар 35–45% спирттен және 32–50% қанттан тұрады. Оларды эфирмайлы өсімдіктердің спиртті тұнбалары мен татымдықтармен, спиртпен, қант сиропымен және бояғыштармен купаждау арқылы алады. Дәмі мен ароматы жақсарту үшін күшті ликерларды емен бөшкелерде 6 айдан 2 жылға дейін тұрғызады. Ассортименті: Кристалл, Шартрез, Бенедиктин, Прозрачный, т.б.

Десертті ликерларды эфирмайлы шикізаттың спирттік тұнбаларына немесе жеміс-жидек шырындары мен морстарға спирт, қант сиробын, қышқылдар мен су қосып алады. Олардың күштілігі төменірек (25–30%) және 35–50% қанттан тұрады. Десертті ликерларды емен бөшкелерде 6 айдан 1 жылға дейін тұрғызады. Ассортименті: Ванильный, Кофейный, Миндальный, Розовый, Шоколадный және т.б.

Кремдерде спирт мөлшері төменірек (20–30%), ал қант мөлшері жоғары (49–60%). Оларды жасау үшін жеміс-жидек спиртті шырындарын, ароматты спиртті, спирттік тұндырмалар мен әртүрлі қоспалар қолданады. Олардың консистенциясы созылмалы және жабысқақ болады. Ассортименті: Шоколадный, Вишневый, Малиновый, Рябиновый, Яблочный және т.б.

Пунштар – 15–20% спирт пен 33–40% қанттан тұратын алкогольді сусындар. Оларды жасау үшін спиртті жеміс-жидек морстар, шырындар мен тұндырмалар және шараптар мен коньяк қолданылады. Ассортименті: Алычовый, Кизиловый, Рябиновый, Сливовый.

Десертті сусындар – 12–16% спирт пен 14–30% қанттан тұрады; олар жеміс-жидек ароматымен ерекшеленеді. Ассортименті: Солнечный, Мечта, Освежающий және т.б.

Аперитивтер 15–35% спирт пен 4–19% қанттан тұрады. Аперитивтер – тәбет ашатын сусын. Оның құрамында спирттер, спиртті жеміс-жидек шырындары мен морстар, спиртті тұндырмалар, сонымен қатар ащы татымдықтар – қара бұрыш және т.б. бар. Ассортименті: Оригинальный, Утес, Степной және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет