Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет140/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   379
Құмшекерді 16–18%, ал кейде 25% сахарозасы бар қант қызылшасынан алады. Сахароза пектиндермен, бояғыш, азотты заттармен минералды заттармен және басқа қант емес заттармен біре еріген күйде жасуша шырынында болады.

Рафинад қант кәдімгі құмшекермен салыстырған едәуір жоғары тазалық дәрежесімен сипатталады. Ондағы сахароза мөлшері 99,9% болу керек.

Барлық рафинад қанттар үшін шикізат ретінде стандартты сапалы құмшекер қолданады. Рафинад қантының әр түрлерін алудың ерекшелігі бар, бірақ алғашқы өңдеу кезеңдері бірдей. Ол құмшекерді еріту, тазалау, және алынған сиропты мөлдірлету, сиропты вакуум аппаратта сахароза кристалдары түзілгенше қайнату (рафинад утфелін алу) операцияларынан тұрады. Ары қарай рафинад утфелін шығарылатын қант түріне байланысты өңдейді.



Рафинадталған құмшекерді рафинад утфелінен сахароза кристалдарын бөлу, сумен жуу және кептіру арқылы алады. Оны кристалдардың өлшемі бойынша майды (0,2-0,8 мм), орташа (0,5-1,2мм), ірі (1,0-2,5 мм) және ерекше ірі (2,0-4,0 мм) түрлеріне іріктейді.

Кесек түріндегі рафинад қантын престеу және құю арқылы алады.

Престелген қантты рафинад утфилінен бөлінген және ерекше таза қант ерітіндісі (клерс) мен жуылған ылғалды қант кристалдарын престеу арқылы алады. Престелген бөлшектерді кептіреді және суытады. Кристалдардың ылғалдылығы мен престегенде қысылу дәрежесіне байланысты қанттың 3 түрін өндіреді: бөлшек түрінде престелген; құйылған қанттың қасиеті бар; тез еритін.

Құю арқылы рафинад алу көп еңбекті қажет етеді. Ыстық рафинад утфелін конус тәрізді және металл формаларға құяды да кристал аралық сироптан сахароза қосымша кристалдану мақсатында суытады. Кристалдар бірігу нәтжесінде утфель тығыздалады. Оны клерспен жуып кептіреді. Кептіру кезінде клерс қабаттарынан қосымша кристалдар түзіледі де қант құрылымы берік болады. Құйылған қанттарды массасы 5–60 г дейін дұрыс емес пішінді бөліктер күйінде өндіреді.



Рафинад ұнтағы рафинад қантының түйірлерін ұнтақ болғанша майдалап алады, бөлшектерінің өлшемі 0,1 мм.

Құмшекерді 25, 50 кг қаптарға немесе полиэтилен қаптарға буып-түйеді.

Қантты таза, құрғақ, желдетілетін бөлмелерде сақтау керек. Сақтау кезінде қант ылғалданудан бұзылады. Қантты сақтау кезінде қолайсыз өзгерістер болдырмау үшін қалыпты жағдайларды қадағалау керек. Құмшекерді сақтауда салыстармалы ауа ылғалдлығы 70% аспауы керек, рафинад қантты сақтағанда

80% аспауы керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет