Цукаттарқант сиропында қайнатылған, одан алынып сәл кептірілген жеміс жидектер болып табылады. Қант қабығымен жабылған цукаттар өндіреді. Саудаға әдетте қоспа түрінде, ал сапасы бойынша жоғары және 1-ші сұрыпты цукат түседі. Жабысқақ, ылғалданған, аса қанттанған, кеуіп кеткен, солып қалған, бұзылған иісті цукаттарды сатуға болмайды.
Конфитюрді таңдаулы балғын шикізатты қайнату кезінде желе түзуші заттар мен органикалық қышқылдар қосып алады. Конфитюр желе тәрізді консистенциялы, бірақ жемістер мен жидектер езілмеген, желе массасында біртекті таралған болады. Конфитюрдегі құрғақ зат мөлшері – 70-75%. Сапасы бойынша экстра және жоғары сұрыптары ажыратылады.