Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет244/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   379
Топ

Негізгі шығару бағыты

Аталуы

Сұрып

Бутербродты

Асханалық

Өндірістік

өңдеу үшін

Өндірістік

өңдеу үшін





Үйдегі жағдайда бутерброд ретінде пайдалануға және жалпы халықтың тұтыну үшін «Экстра» маргарині кондитер өнімінде кремге пайдаланады. «Жаңа» маргарині тұтынушырармен келісе отырып ұннан жасалған кондитер тағамдарына және нан пісіруге пайдаланады.

Үйдегі жағдайда бутерброд ретінде пайдалануға және жалпы халықтың тұтыну үшін; ұннан жасалған тағамдар үшін, нан өнімдері үшін үй жағдайында және жалпы халық тұтыну үшін: тұтынушылармен келісе отырып ұнды кондитер өндірісінде және нан өнімдерін жасау үшін қолданылады.

Нан өндірісіндегі тағамдар үшін арналған.

Ұнды кондитерлік өнім үшін арналған.

Өндірістік өңдеу үшін арналған


«Экстра»

«Әуесқойлық» «Шоколадты кілегейлі»

«Кілегейлі»

«Сүтт»


«Эра»

«Новый»


«Солнечный»

Сұйық, нан пісіру өндірісіне арналған.

Сүтті, сұйық

кондитер өндірісіне арналған. Сүтсіз



–––

–––


–––

Жоғары, І

Жоғары, І

Жоғары, І

Жоғары, І

Жоғары, І

-

-

Жоғары, І



Өндірістік өңдеуге арналған маргаринінде нан пісіру өндірісіне арналған сұйық маргарин жатады (нан өнім өндірісінің шаруашылығына арналған) және кондитер шаруашылығына арналған сұйық маргарин (ұнды кондитер өнім өндірісінің шаруашылығына арналған).

«Бутербродты» маргарин жақсартылған дәм қасиеттерімен және анық айқындалған жұмсақтылығымен ерекшеленеді. Дәмін жақсарту үшін оларға сүтті көп мөлшерде қосады (12.5-15%), ал жұмсақтық қасиетін арттыру үшін майдың негізіне кокостық немесе пальмалық майды енгізеді (10-25%).

Маргарин экстра рецептурасына өзіне тән дәмдік қасиетін беру үшін ашытылмаған жаңа сауылған сүтті, лимон қышқылын және қолдан жасалған ароматизаторды енгізеді. Кокос майының көп мөлшерде болғанының арқасында бұл маргарин өте жұмсақ консистенцияға ие болады. Бұл қасиет нанға жағу кезінде ерекшеленеді.

«Любительский» маргарині қуырылған тұздың көп мөлшерде болуымен (1.2%) және 10% сүт майының болуымен ерекшеленеді. Таза сүтті-қышқыл дәмімен және ароматымен қатар ол айқындалған қышқыл дәмге ие. Оны бутербродқа қолданады, әсіресе калбасамен немесе өткір ашты сырмен үйлеседі.

Бутербродты құйылмалы «Солнечный» маргарині рецептурасына, оның жұмсақтық қасиетін жақсарту үшін және биологиялық құндылығын арттыру үшін 30-38% сұйық өсімдік майын, 10% кокос майын, 0,2% фосфатидті концентрат және дәрумен А енгізіледі.

«Асханалық» маргариннің рецептурасына құрамында 82,5% май (өсімдік саломасы, кокос майы және рафинирленген өсімдік майы), 14,7% сүт, 0,5% қант және 0,5% тұз.

«Молочный» және «Кілегейлі» маргариндер ашытылған сүтпен майдың негізін эмульгирлеумен жасайды; кілегейлі маргариннің құрамында 10% сүттің майы. Кілегейлі және сүтті маргариндер жағымды сүтті ароматқа ие. Оларды ұн өнімдерін жасауда, етті қуыру үшін, балық, қартоп және басқа көкөністерде, етті, балықты және көкөністің фаршын езу үшін қолданады.

«Новый» маргарині барлық маргариндерден жақсы айқындалған сүтті дәмімен және ароматымен өзгешеленеді, және де құрылысымен, жиналған кілегейлі май құрылысымен айқындалады.

«Қалалық» және «Солнечный» маргариндерді асханалық «Молочный» маргаринге кеткен майдың негізінде жасайды, бірақ майдың кемітілген массалық үлесімен және ылғалдылықтың төменделу үлесімен жасайды.

Сүтті диеталық «Денсаулық» маргарині үлкен жасқа келген адамдарға арналған, өйткені онда 40-50% линол қышқылы, 0.4% фосфолипид, 30 мг токоферол бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет