Бекітемін: Мектеп директоры: А.Жолмырзаева Келісемін: Бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары: Н.Жүсіпов №72 орта мектебінің 8 сыныбына арналған «Типтік есептерді шығару» тақырыбындағы қолданбалы курс б а ғ д а р л а м а с ы
2017-2018 оқу жылы №72 орта мектебінің оқу-әдістемелік кеңесінің 31.08.2017 оқу жылындағы № 1 қаулысымен бекітілген.
Құрастырған: Химия-биология пәнінің мұғалімі: Олжабаев Ә.
Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану- математикалық бағыты бойынша 8 сыныпқа химия пәнінен «Типтік есептерді шығару» тақырыбындағы қолданбалы курсты жүргізуге арналған.
Сараптамалық кеңестің 31.08.2017 жылдың № 1 кепілдемесі
Бағдарламаға түсінік хат Курстың негізгі мақсаты: Химия ғылымының негізін меңгерту; Теориялық білімді есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы пысықтау; Зертханалық тәжірибелер арқылы пәндік іскерліктерін дамыту; Курстың негізгі міндеттері: Оқушыларды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету; Оқушылардың білімдері мен дағдыларын берік етіп қалыптастыру; Оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру; Кәсіптік бағдарлау мәселелерін шешу; Күтілетін нәтиже: Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады; Еркін, әрі сыни ойлай білетін белсенді, білікті, өзін-өзі тани алатын, өзіне сене отырып, ілімге жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптасады; Есеп шығару, зертханалық жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру жолдары жүзеге асырылады; Түрлі мониторинг, диагностика жасау арқылы оқушылардың жіберген қателіктері үнемі талданып отырылады; Түпкі нәтиже – білім сапасын арттыру болып табылады;