Картоп сапасына қойылатын талаптар. Азық-түліктік балғын картопты ерте және кеш пісетін болып бөлінеді. Ерте пісетін картоп сапасына қарай жай және іріктемелі; ал кеш пісетін картоп – жай, іріктемелі және жоғары құнды сұрыптары іріктелген болып бөлінеді. Картоп партиясы, әсіресе іріктелген бір ботаникалық сұрыпты болу керек, картоп түйнектері бүтін, таза, зақымданбаған, құрғақ, өніп кетпеген, солмаған, пішіні мен түсі бойынша біртекті, бөтен дәм мен иіссіз болу керек. Түйнектердің өлшемі өсіру ауданына, пішініне және тауарлық сұрыбына байланысты ең үлкен көлденең диаметрі арқылы анықталады және ол ерте сұрып үшін 35–40 мм, ал кеш сұрып үшін 4050 мм. Стандартпен түйнектердің ауруы, механикалық зақымдану, зианкетермен зақымдануы шектеледі. Картоп партиясында массасы бойынша 1%-дан аспайтын топырақтың болуы рұқсат етіледі. Езілген түйнектер, түйнектердің жартысы және бөліктері, кемірушілермен зақымданған, үсіп қалған картоптар рұқсат етілмейді.
Картопты жәшіктегі, қаптарға, торларға буып түйеді, сонымен қатар ыдыссыз– үйіп жинайды. Іріктелген жоғары құнды картоп жуылған және топырақтан тазартылған және өлшеп буып түйілген болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |