Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет81/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Қызыл шие (черешня) шиеге қарағанда жылу сүйгіш дақыл болып табылады. Қызыл шие жемістері шиеге қарағанда ірілеу және тәттірек. Жұмсағының құрылымы бойынша шие екі топқа бөлінеді: бигаро (шеміршекті) және гини (нәзік шырынды жұмсақ).

Шиенің кең тараған сұрыптары: Дрогана, Жабуле, Апрелька. Сапасы бойынша шие І және ІІ сұрыптарға бөлінеді.



Алхоры (слива). Бақшалық алхоры, алша, терн, тернослив жемістері жатады.

Бақшалық алхорының бірнеше топтары өсіріледі: Венгерки, ренклодты, жұмыртқалы алқоры.

Венгерки – қою көк түсті жұмыртқа формалы ірі немесе орташа жемістер. Жұмсағы тығыз шырынды, қышқыл-тәтті. Оларды балғын түрінде, кептіріп қара өрік (чернослив) алуда қолданады. Венгеркалардың кең тараған сұрыптары: итальяндық венгерка, үй венгеркасы және т.б.

Ренклодтар – жасыл немесе сары түсті, домалақ тәтті сүйегі алынбайтын жемістер. Оларды компот, маринад, джем және т.б. дайындауда қолданады. Ренклодтардың кең тараған сұрыптары: жасыл, Реформа, альтана.

Жұмыртқалы алхоры сары немесе қызыл сары түсті жұмыртқа формалы, қышқыл тәтті, шырынды жұмсағы бар ірі жемістер. Бұл сұрыпқа: Яичная желтая, золотая капля жатады.

Терносливтердің ішінде мирабели үлкен орын алады. Олардың жемістері майда, домалақ формалы сары түсті. Мирабели ауыз қуыратын қышқыл дәмге ие. Және тосап пен повидло жасауда қолданады.

Алша (алыча) жемістері жасылдан қара түске дейін майда немесе орташа формалы, құрамында қышқылдар мен пектин мөлшері көп. Алшаны кептіру үшін, тосап дайындау үшін, пастила, мармелад және желе жасау үшін қолданады.

Терн жемістері қою көк түсті, ауыз қуыратын дәмі бар. Балғын түрінде қолданбайды, тек повидло, тұндырма, тосап жасайды.

Сапасы бойынша алқоры пен алша І және ІІ тауарлық сұрыптарға бөлінеді. Майда жемісті жемісті сұрыпқа бөлмейді. І сұрып жемістерінің пішіні мен түсі помологиялық сұрыбына тән және жетілуі бойынша біртекті болу керек, ал ІІ сұрып – помологиялық сұрыпқа тән және тән емес, жетілі бойынша біртексіз, бірақ жасыл емес және өте пісіп кетпеген болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет