Ф-об-001/033 Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі



бет12/18
Дата25.04.2023
өлшемі298,5 Kb.
#86735
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Бірінші топқа Олимпиада ойындарында да, әлем құрлық чемпионаттарын- да, сонымен бірге кубок үшін және коммерциялық жарыстарда да нәтиже көрсетуге ұмтылыс жасайтын спортшыларды жатқызуға болады.
Екінші топқа жоғары жетістіктері бар, бірақ ірі жарыстарға қатысып жоғары нәтижеге жетуге өзін дайындамайтын спортшылар жатады.
Үшінші топқа әсіресе, спорт ойындарындағы, жеке сайыстардағы, конькимен мәнерлеп сырғанаудағы спортшы-ардагерлерді жатқызуға болады. Бұл спортшылар орташа дене дайындығы және өте жоғарғы шеберлік қабілетінің деңгейін ұстаумен қатар жүретін жоғары өнерпаздық шеберлігімен көрермендерге еңбек ақы үшін жоғары спорттық шеберлікті көрсетеді. Жалпы көпшілік бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты арасындағы спорттық қозғалыстағы аралық жағдайдағы орынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, клубтарындағы, секцияларындағы шұғылданушы спортшылар алады.
Республика бойынша статистикалық мәліметтер бойынша көпжылдық жүйесінің әртүрлі сатыларында спорт мектептерінде шұғылданушылар саны келесі шамада болады:

  • алғашқы дайындық - 70-71% ;

  • бастапқы және тереңдетіп мамандану – 27-28% ;

  • спорттық жетілдіру – 1,5-2% ;

  • жоғарғы спорттық шеберлік – 0,45% .

Осылайша, жоғары жетістіктер спортына шұғылданушылардың небәрі 2% ғана өтеді, яғни 2 млиондай балалар мен жеткіншектердің жасөспірімдер мен қыздардың тек 35000 ғана жоғары дәрежелі спортшы болады екен. Сонымен, спорт мектептері мен клубтар жүйесі жоғарғы жетістіктер спортына да, сол сияқты жалпы көпшілік бұқаралық спортына да жұмыс істейді.

2.4 Спорттық жаттығудың негіздері, мазмұны,
міндеттері және құралдары

“Жаттығу” термині ағылшынның трейнин (traіnіnd) деген жаттығудың мазмұнын беретін сөзінен шыққан. Бұл мағынаны ұзақ уақыт бойы “спорттық жаттығу” ұғымына да қосымша теліп, бұл терминді барынша жоғары нәтижелерге жету мақсатында спорттық жаттығуларды қайталап орындау деп ұғып келген.


Біртіндеп “спорттық жаттығу” ұғымының мазмұны кеңейді және қазіргі кезде спортшыны спорттық әдіске және тәсілге оқытып, үйрету және оның дене сапаларын дамыту кіретін жоспарланған педагогикалық жүйе ретінде ұғылады.
Спортшыны дайындаудың мақсаты, міндеттері және негізгі жақтары. Спорттық жаттығудың негізгі мақсаты алдын-ала жоспарланған жарыстық іс-әрекетінің және спорттық жарыс нәтижелеріне жетуді қамтамасыз етуге кепілдік беретін белгілі бір спортшы үшін дайындық деңгейінің барынша жоғары мүмкіндігінше жетуге бағытталған спорттық сайыстарға дайындалу болып табылады.
Спорттық жаттығудың мазмұнына спортшыны дайындаудың мына төмендегі ілімдік, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық сияқты әртүрлі жақтары кіреді. Жаттығу және әсіресе жарыстық қызмет әрекетінде жоғарыдағы спортшыны дайындаудың жақтарының бірде-бірі бөлек, жекеленіп көрінбейді. Олар ең жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге, бағытталған күрделі кешенге бірігеді.
Спорттық жаттығу барысында негізгі мына міндеттер шешіледі:
1/ таңдап алған спорттық пәннің әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
2/ спорттық жаттығуларды табыспен орындау және жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және қозғалыс сапаларын жетілдіру;
3/ қажетті адамгершілік және ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу;
4/ қажетті арнайы психикалық дайындық деңгейін қамтамасыз ету.
5/ табысты жаттығу және жарыстық қызмет үшін қажетті практикалық тәжірибені және ілімдік білімді меңгеру.
Спорттық жаттығу міндеттерін іске асырудың кешенді нәтижесі мына ұғымдармен түсіндіріледі: “жаттыққандық”,“дайындалғандық”,“спорттық бап”.
Жаттыққандық жүйелі дене жаттығулары нәтижесінде пайда болатын және адамның дұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын ағзаның талап етілетін жаттығу жүктемелеріне қызметттік бейімделу дәрежесімен сипатталады. Жаттыққандық барлық уақытта спортшының нақтылы мамандық түрінде қозғалыс әрекетіне бағытталған және оның ағзасының қызметтік мүмкіндіктерінің арттырылған деңгейінде, ерекше және жалпы жұмыс қабілеттілінде спорттық біліктілік және дағдыларының жетілгендік деңгейіне жетуінде көрінеді.
Спортшының жаттыққандығы, тәртіп бойынша, жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы жаттыққандық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады. Жалпы жаттыққандық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.
Дайындалғандық- бұл дене дайындығының кешенді нәтижесі (дене сапаларының даму дәрежесі); әдістік дайындығы (қозғалыс дағдыларының жетілдірілу деңгейі); тәсілдік дайындық (тәсілдік ойлау қабілетін дамыту дәрежесі); психикалық дайындық (адамгершілік және ерік-жігер сапаларының жетілдірілу деңгейі). Дайындықтың жоғарыда атап көрсетілген дайындық түрлерінің әрқайсысына (дене, әдістік, тәсілдік және психикалық дайындалғандығы) бөлек қатынасы болуы мүмкін.
Дайындалғандықтың жақтарының әрбірі басқа жақтарының жетілу дәрежесіне тәуелді, соларымен анықталады, өз кезегінде, олардың дайындалғандық деңгейіне ықпал жасайды. Мысалы, спортшының әдістік жетілуі күш, шапшаңдық, иілгіштік, үйлесімділік қабілеттері сияқты әртүрлі қозғалыс сапаларының даму деңгейіне байланысты. Қоғалыс сапаларының көріну деңгейі, мысалы, төзімділік, күрделі жағдайдағы жарыстық тартыстың үйлесімді тәсілдік үлгісін іске асыра білуімен, шаршап, шалдығуды жеңудегі психикалық орнықтылық деңгейімен, әдістердің үнемділігімен тығыз байланысты. Сонымен бірге, тәсілдік дайындықтың тек қана ақпаратты қабылдай білу және жедел қайта өңдей білу қабілеттілігіне, тәсілдік жоспар құра білуімен және жинақталған жағдайға байланысты қозғалыс міндеттерін шешудің тиімді жолдарын табуымен, сонымен бірге әдістік шеберлігінің, дене дайындығының, батылдығының, шешімшілдігінің, мақсатқа ұмтылушылық және т.б. байланысты емес екенін атап өткен жөн.
Спорттық бап – жарыстық іс-әрекетте спорттық, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық дайындалғандықты оның бір уақытта іске асыру қабілетін сипаттайтын дайындалғандықтың жоғарғы дәрежесі.

Спорттық жаттығу құралдары. Белсенді қозғалыс қызметін сипаттайтын спорт түрлеріндегі спорттық жаттығулардың негізгі ерекше құралдары дене жаттығулары болып табылады. Бұл жаттығулардың құралы спорттық жетілдіру сабағы ретінде таңдап алған спорттық пәннің ерекшеліктеріне қолданыста белгілі шамада мамандандырылады.


Спорттық жаттығудың құралы мына үш жаттығу топтарына бөлінуі мүмкін: таңдаған жарыстық, арнайы дайындық, жалпы дайындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет